Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

89.Азаптау.

Азаптау қылмысының қылмыс құрамын ашайық:

Объективтік жағынан алғанда қылмыс азаптау арқылы ұдайы ұрып соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен ж.а. Ұдайы ұрып соғуға жыл ішінде кемінде үш реттен артық сабау жатады. Тән зардабын шектіруге адамды астан, жылудан, сусыннан айыру немесе оны өте ыстық, не болмаса суық жерге жауып қою, шулы, ауасы ластанған жерде ұстау, т.с.с. жатады. Психикалық зардап шектіруге ұрып соғу мен мен бірге адамды қорлау оған бұзақылық әрекеттер жасау әр түрлі жолмен адамды қорқыту сайқымазақ етулер жатады. Күш қолдану арқылы зардап шектіруге үнемі өткір немесе қатты затпен, құралмен денені ауырту, күйдіретін, қыздыратын немесе басқа да нәрселермен денені болмашы жарақаттау т.с.с. әрекеттер жатады. Егер азаптаудың әсерінен денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті істің нақты жағдайларына байланысты Қылмыстың кодекстің басқа баптарымен сараланады.Қылмыс күш қолдану немесе психикалық зардап шеккізу әрекеттері басталған сәттен бастап аяқталған деп есептеледі. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі он алтыға толған адам.Осы қылмыстың ауырлататын түрлері; а. а) көрiнеу кәмелетке толмаған немесе кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi белгiлi не кiнәлiге материалдық немесе өзге тәуелдiлiктегi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрген адамға қатысты;

б) екi немесе одан да көп адамға қатысты; кінәлі екі немесе одан да көп адамды азаптаған жағдайда болады.

в) кiнәлiге жүктілік жағдайында екендiгi белгiлi әйелге қатысты; Азаптаудың бұл түрі жәбнің айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады.Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндет болуы керек. Жәбірленуші кез келегн ұзақтықтағы жүкьілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек.

г) азаптап;

д) жалдау бойынша;

е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында жасалған әрекет үшін жауаптылық көзделген.

Қылмыс құрамы материалдық.

90.Қорқыту қылмысының қылмыстық құқықтық сипатттамсы

Қорқыту қылмысының қылмыс құрамын ашайық:

Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы. Қылмыс объективтілік жағынан өлтіремін немесе денсаулыққа аур зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіптітәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі арқылы сипатталады. Заңда қорқытудың нақты түрлері(өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамның жеке басына күш көрсету, мүлікті өртеу, жарылыс жасау, жалпыға қауіпті тәсілді қолдану)нақты көрсетілген. Қорқытуды білдіру тәсілі сан алуан болуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты жоғарыда көрсетілген қорқыту тәсілдерінің іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі б.т. Мұндай негіздер әртүрлі факторларды есепке ала отырып нақты жағдайларға байл. Шешіледі:кінәлінің қорыту әрекеттерін жасау тәсілдері, оның қару жарағының болуы, жеке тұлғасының ерекшеліктері.Қылмыс формальдық құрамға жатады және ондай қорқытулар жәбірленушіге мәлім болған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер өлтіремін деген қорқыту қару жарақ сатып алумен ұштасса, онда кінәлінің әрекеті кісі өлтіруге даярданғандық б.т.Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындалған есепке алынады. Қылмыстың субъектісі он алтыға толған адам.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]