Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

87.Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендігі үшін жауаптылық.

Бұл қылмыстың объектісі бөгде адамның қалыпты денсаулығы б.т. Ал объективті жағы түрлі әрекеттер арқылы: адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек-қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру арқылы ж.а. Енді осы әрекеттерді ашатын болсам: Адамның өміріне қауіпті зиянға миға зақым келтірместен бас сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерінің ашық не жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан құйылуы; беломыртқаны ауыр зақымдау; адамның іш құрылысын жарақаттау; ауыр дәрежеде күйдіру, т.б.жатады.Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айырылу адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болуы, оның көре алмау емделусіз болуы керек. Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу мүлде айықпайтын, кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, құлағынан 3-6см қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай жағдайда қалуы. Қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға – аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін, сезім мүшелерінің зақымдануын, бет пішінінің қалпына келтірмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту мұнда жалпы еңбек қабілеті, яғни мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек қабілетінің жоғалуы тұрақты болуы керек. Егер келтірілген зақым салдарынан түсік болса, арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс. Жарақат алуға байланысты іш құса болу (психикасының бұзылуы): бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Есірткімен не уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуы осындай есірткі не уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақатын келтіру б.т.

Бұл қылмыстың субъектісі он төрт жасқа толған, есі дұрыс кез келген тұлға. Ал субъективті жағын атап өтсем, тікелей қасақаналықпен жасалады: бір адамның екінші бір адамға ауыр дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде жасауы. Осы қылмыстың ауырлататын түрі де ҚКте көрсетілген. Олар: жоғарыда атап өткен әрекеттер: а) екi немесе одан да көп адамға қатысты; б) адамның қызметтiк жұмысын немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты; в) кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi, сонымен бiрдей адамды ұрлауға немесе кепiлге алуға ұштасқан адамға қатысты; г) аса қатыгездiкпен; д) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;е) жалдау бойынша; ж) бұзақылық ниетпен; з) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық тұрғысында; и) жәбiрленушiнiң мүшелерiн немесе тінiн пайдалану мақсатында; к) бірнеше рет жасалса, л) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса. Бірақ та осы әрекеттер абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір құрамдағы екі нысаны ретінде көрініс табады: а) қасақана ауыр дене жарақатын келтіру; б) абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру. Кінәлі өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп не саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады.

88. (87-surakty birge al, kerek bolady) Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргендігі үшін жауаптылық.

Адамның өмiрiне қауiптi емес, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға немесе жалпы еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру деп танылады. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің объективтік жағы мынадай әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: Адамның өміріне қауіпті емес; Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек-қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған зардаптарға әкеп соқпаған; бірақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға; жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады.

3 аптадан артық уақытқа еңбек қабілетін жоғалту денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы,ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін жоғалту тұрақты жоғалту деп танылады. Объектісі бөгде адамның қалыпты денсаулығы. Субъектісі он алтыға толған, есі дұрыс азамат. Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей н/се жанама қасақаналықпен істеледі. Келесідей қылмыстар үшін: а) екi немесе одан да көп адамға қатысты; б) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруға не кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты; в) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi адамға қатысты; г) ұйымдасқан топпен; д) бұзақылық ниетпен; е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни жеккөру немесе араздық тұрғысында; ж) бiрнеше рет жасалса;з) көрiнеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалса, қылмыстың ауырлататын түрі белгіленген. Осы ауырлататын түрінің субъектісі 14-ке толған, есі дұрыс адам болады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]