Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

86.Адам өлтіру: түсінігі жəне түрлері, құрамын қылмыстық құқықтық талдау.

Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Адам өлтіру негізінен әрекет аркылы жүзеге асырылады. Адам өлтіру сондай-ак әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін.Мыс:Кінәлі адам біреуді өмірден айыру максатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жол береді. Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық болғанымен қылмыстык зардаптын — өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне оқталғандығы, адам өлтіруге оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінін әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік байланыстын болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті ушін ғана жауапты болады. Адам өлтіру — материалдык құрамға жататын кылмыс. Адам өлтірудің субъективті жағы — тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде касақаналык тікелей және сол сиякты жанама болуы да мүмкін. Тікелей касақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне кол сұғып отырғандығын сезеді, оның әрекеті іс.жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне- немесе тсалай да өлімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп Іс-әрекет жасайды. Жанама касақаналыкпен адам өлтіру кезінде  кінәлі өзінің әрекеті   арқылы  адам   өміріне қатер төңдіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірак оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық барлык жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: кымлыстың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақатын санын, сипаты мен окшаулауын (мысалы, адамнын өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәлінің кылмыстык әрекетгі тоқтату себебін, сондай-ақ кінәлінің кылмыс істеу ал-дындағы және одан кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), оның жәбірленушімен аракатынасын ескеруі тиіс. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болуына немкұрайды қарайды.

Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру — ҚК-тің 96-бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқык теориясын-да бұл жағдайларды топтарға бөлу калыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әртүрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе кылмыс құрамының элементгері пайдаланьілады. Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіруге жатады: а) екі немесе одан көп адамды өлтіру. Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. Мүндайда кінәлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай касакана ниетінің болғандығын аныктау керек. б) адамньщ кызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғам-дык борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын олтіру Мұндайда адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жакын туыстарын олардың қызметгік немесе коғамдык боры-шын орындауына кедергі келтіру мақсаттарында, немесе олар-дан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асы-рылады. кез-келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын кызметгік борышты орындау, ал коғамдык борышты орындау деп — ар-найы жүктелетін қоғамдык міндеттердін, орындалуын айтады.в) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сонымен бірдей адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштаскан адам олтіру г) жүкті екендігі кінәліге белгілі эйелді өлтіру Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрыкша жағдайы- орай көтеріңкі қоғамдық кауіптілікпен сипатталады. Осы кұрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез-келген ұзақтықтағы жүктілік жағдайы-нда болуы және ол туралы айыпкердің білуі керек. д) аса қатыгездікпен жасалган адам өлтіру. Адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрыкша корлау мен қинауға байланысты әдіспен жасалады: көптеген жаракат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты әсер ететін уды қолдану, үзақ уақытка судан, жылудан айыру және басқалар. Айрықша катыгездікпен адам өлтіруге, сондай-ак жәбірле-нушіні оған жақын адамдардын: балаларының, ата-аналарының, қалындығының және т-б. көзінше, кінәлінің өз әрекеті арқылы оларды ерекше күйзеліс пен кайғы-қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады. е) көптеген адамдардьщ өміріне кауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру ж) ұйымдаскан топ жасаган адам өлтіру. Егер адам өлтіруге екі немесе одан көп орындаушы күні бұрын бірлесіп катысқан болса, ұйымдаскан адамдар тобы жа-саған адам өлтіру болып танылады. Егер адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп кылмыс жасау туралы алдын ала сөз байласкан.болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобынын, адам өлтіргені белгілі.з) пайда табу мақсатымен немесе жалданып, сол сиякты каракшылык-пен, коркытып алу немесе бандитизммен үштасқан адам өлтіру Кінәлі немесе басқа адамдар үшін материалдык, пайда алу неме-се материалдык шығындардан қүтылу мақсатында жасалған касакана адам-өлтіруді саралайды. Материалдық пайда: ол акша, мүлік немесе мүлікке, тұрғын үй алаңына, үшінші адамнан сыйақы алуға кұкықты алу түрінде болуы мүмкін. Материал-дык шығыннан қүтылу, карызды өтеуден, мүлікті кайтарудан. көрсетілген қызметке ақы төлеуден, алимент төлеуден т.б. босану мақсатымен адам өлтіруде пайдакүнемдік максатты білдіреді. и) бүзакылык ниетпен адам өлтіру. Бұзакылык ниет — барынша күрделі түсінік. Оның өзге Әртүрлі түрлі ниеттері болады, солардың әсер етуімен кінәлінің адамдарды, коғамды сыйламайтындығын ашықтан-ашык көрсету ниетін тудырады, өзінің менмендігін көрсету, адамдарды корлау, өзінің ұятсыздығы мен қатыгездігін көрсету жолымен қоғамдык тәртіпке қарсы шығады. Осы сезімдердін әсер етуі-мен белгілі бір, кейде тіпті елеусіз себептерден кінәліде ашу, ыза, кек қайтарғысы келетін көңіл-күй пайда болады. к) басқа кылмысты жасыру немесе оны жасауды женілдету максатын-дагы, сол сияқты зорлау немесе жыныстык катынас сипатындағы күш колдану өрекеттерімен уштаскан адам олтіру. Негізінде кінәлі жасалып болған қылмысты жасыру үшін немесе оны жасауды жеңілдету үшін адам өлтіреді (оны жаса-ғанға дейін немесе жасау үстінде). Зорлаумен ұштаскан қасакана адам өлтіруді зорлау процесін-де немесе оны жасыру мақсатында, сондай-ак зорлау кезінде карсылык көрсеткені үшін кек қайтару үшін жасалған адам өлтіру деп түсіну керек. л) өлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, дінге байланысты жек кврушілік немесе араздық не канды кек себебі бойынша адам влтіру м) жөбірленушінін органдарын немесе тканьдерін пайдалану максатында жасалған адам өлтіру н) бірнеше рет қайталанған адам өлтіру. "Н" тармақшасына сәйкес бұрын касақана кісі өлтірген адам-ның алғашқы қылмысы бойынша сотталған сотталмағанына қарамастан касақана адам өлтіру (абайсызда, кажетті корғану Ідегінен асу жағдайында немесе катты жан күйзелісі үстінде ашумен өлтіруден баскасы) сараланады. Бұрын жасаған кыл-мысы үшін қудалау мерзімі өтіп кетсе немесе сотталғандығы жойылса, иә болмаса одан арылған болса, онда бүрын кісі өлтіргендігі есепке алынбайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]