Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

84.Қылмысты саралау жəне оның мəні.

Қылмысты саралау д/з адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгілі бір бапқа дәлме-дәл жатқызу б.т.Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса,онда ол дұрыс сараланған.Қылмысты дұрыс саралау құқық қолдану органы қызметкерінің қызметтік борышы,негізгі міндеті.Дұрыс саралау-заңдылық принципін бұлжытпай жүзеге асырудың шарты б.т.Қылмысты дұрыс саралаудың мем-тің жаза мәселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғышарты б.т.Қылмысты дұрыс сараламаудың нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл н/се ауыр жаза қолданылуы мүмкін.Қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқ-ң алға қойған басты мақсаттарының бірі жасалған іс-әрекеттерге дұрыс,әділ жаза тағайындау принципіне қайшы келеді.Қылмысты дұрыс саралау қылмыстың жағдайын,деңгейін,құрылысын,қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.Қылмысты дұрыс саралау - жеке адамдардың ҚР-сы Конституциясында,басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын,бостандықтарын қорғаудың кепілі б.т.Қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған адамға тигізетін зардабы да зор.Кінәлінің іс-әрекетін дұрыс сараламау,оның заң қорғайтын мүддесіне келтірілген зор кесел б.т.Іс-әрекетті дұрыс сараламау салдарынан-адамға заңға негізделмеген жаза тағайындалып қана қоймайды,ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеліп соғады.Мысалы:қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда,оған көп н/се аз жаза тағайындалуы мүмкін.Қылмысты дұрыс сараламау оған белгіленген түзеу колониясының түріне де,сондай-ақ кінәліні мерзімінен бұрын шартты жазамен босату н/се босатпауға да әсер етеді.Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы ерекше.Бұл мәселеге ҚР-сы Жоғарғы сотының Пленумдарының нормативтік көптеген қаулылары арналған.

85.Жеке адамға қарсы қылмыстар: түсінігі, түрлері жалпы сипаттамасы

Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады.ҚР-ның Конституцисының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған.Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына-адам ж/е адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары»,-деп жарияланған.Осыған орай,ҚР-дағы барлық құқық салалары,оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінінің міндеті деп санайды.ҚР-ң Қылмыстық кодексінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан.ҚР-ң барлық заңдары жеке адамды қорғауға,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді. Сондықтан да ҚР-ң ҚК-ң Ерекше бөлімінің 1 тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған.Жеке адамға қарсы қылмыстар деп адамның өмірі мен денсаулығына, оның жыныстық еркіндігі мен жыныстың қол сұғылмаушылығына, жеке басының бостандығына, ар-намысына нұқсан келтіретін қоғамға қауіпті іс-әрекеттер танылады. Осы тектес іс-әрекеттердің жасалуы салдарынан адамға елеулі зиян келтіріледі немесе оның келірілу қаупі тудырылады. Жеке адамдарға қарсы қылмыстар тарауына кіретін барлық қылмыстардың топтық объектісі жеке адамның дұрыс іс-қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар б.т.Тікелей объектілерінің ерекшеліктеріне қарай жеке адамға қарсы қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:өмірге қарсы қылмыстар,адам өлтіру,жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі,жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру,қажетті қорғаныс шегінен шығу кезіндегі жасалған кісі өлтіру,қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру,абайсызда кісі өлтіру,өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу.Денсаулыққа қарсы қылмыстар:денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру;денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру;денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру;денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру;қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру;қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру;денсаулыққа абайсызда зиян келтіру;азаптау;қорқыту;адамдардың органдары мен тінін алуға мәжбүр ету н/се заңсыз алу;соз ауруларын жұқтыру;адамның иммун тапшылығын вирусын ВИЧ/ЖҚТБ жұқтыру;медицина ж/е фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы,клиникалық сынақтар жүргізудің ж/е профилактиканың,диагностиканың,емдеудің ж/е медициналық оналтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу;заңсыз аборт жасау;науқасқа көмек көрсетпеу;қауіпті жағдайда қалдыру.Жеке адамның бостандығына қарсы қылмыстар:адамды ұрлау;бас бостандығынан заңсыз айыру,психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру;адамды саудаға салу .Жеке адамның ар-намысына ж/е адамгершілігіне қарсы қылмыстар:жала жабу;қорлау.Жыныстық қылмыстар: зорлау; нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану; Жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу ж/е нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер;жыныстық қатынас жасауға,еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына,әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына н/се нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету;жас балаларды азғындатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]