Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

82. Кəмелет жасқа толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан жəне жазалаудан босатудың ерекшеліктері.

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасап бас бостандығынан айыруға немесе түзету жұмыстарына соттаған адамдарға: а) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін; б) ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін; в) адам өміріне қол сұғумен ұштаспаған аса ауыр қылмысы үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде жартысын; г) адам өміріне қол сұғумен ұштасқан аса ауыр қылмысы үшін сотта тағайындаған жазаның кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе бірінші рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай ақ түзетуге болады деп белгіленсе, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Ал кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін бірінші рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзетуге тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны жазадан босатуы мүмкін. Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік әсері бар мынадай мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін: 1.ескерту кәмелетке толмағанға оның іс-әрекетімен келтірілген залалды және ҚК-пен көзделген қылмысты қайтып жасаудың зардабын түсіндіруде тұрады. 2.қадағалауға беру ата-аналарына немесе орындағы адамдардың мамандырылған мемлекеттік органға кәмелетке толмағанға тәрбиелік әсер ету мен оның мінез-құлқына бақылау бойынша міндетті жүктеуден тұрады. 3.келтірілген залалды өтеу міндетті кәмелетке толмағаннның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек әдеттерінің бар болуы есебімен жүктелген 4.бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу белгілі орындарда болуға, бос уақытын белгі нысандарын пайдалану, соның ішінде механикалық көлік құралын жүргізуге байланысты тыйым салуы, тәуліктің белгіллі уақытынан кейін үйден тыс жүруге, мамандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерге шығуын шектеу қоюын көздей алады. Заңда кәмелетке толмағандардың арнаулы тәрбие немесе емдеу тәрбиелеу мекемесінде болуы көзделген (алты айдан екі жылға дейін). Осы мерзім біткеннен кейін ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке толғанға дейінгіден аспауы керек.

83.Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, мəні жəне жүйесі.

Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін,сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы б.т.Қылмыстық құқ-ң Жалпы бөлімінде қылмыс туралы ұғым,жаза түрлернінің тізбегі,қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың жалпы принциптері туралы айтылған,ал Ерекше бөлімде нақты қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттің қауіпті қылмыс болатыны жасалған қылмысқа қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларымен белгіленген нақты бір жаза түрін тағайындау мәселелері қарастырылады.Қылм-қ құқ-ң Ерекше бөлімінде көрсетілген Қылм-қ құқықтың нақты белгілі бір бабы б-ша қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Жалпы бөлімде көрсетілген нормаларға соқпай өтуге болмайды.Мысалы кінәнің нысандары ж/е олардың мазмұны,қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жас мөлшері,қылмысқа қатысудың ұғымы,қылмысқа қатысу нысандары және қатысушылардың түрлері,қылмысқа даярланғандық н/се оқталғандық сияқты түсініктер тек қана Жалпы бөлімде айқындалған.Қылм-қ құқ-ң Ерекше бөлімі-ң мәні д/з қылм-ң жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық белгілеу ж/е осы қылмыстың құрамының белгілерін,оларға тиісті жазаны анықтайтын нормалардың мазмұнын ашу б.т.Қылмқ-қ құқ-ң ерекше бөлімінің нақты мазмұнын ашудың түпкі мәні олардың әлеуметтік-саяси бағытын анықтау б.т.Мұндай бағыттарды анықтау үшін ең алдымен қылм-қ заң нормаларын қабылдаудың қажеттіліктері мен себептерін,қылмысқа қарсы күресте осы қабылданған заңдар-ң атқаратын қызметі,қылмыстық іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау,қылмыстық құбылыстың дәрежесін анықтау,қылмыстық құбылыстың себептері мен оған жол беретін жағдайларды зерттеу қажет. Қылм-қ құқ-ң Ерекше бөліміндегі нормалар белгілі бір тәртіппен,жүйеге бөлініп орналасады.Ерекше бөлімнің жүйелері д/з-қылм-қ жауаптылықты белгілейтін жеке қылмыстық нормалардың топтық объектілік белгісі б/ша белгілі бір жекелеген топтарға бөлініп,қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай рет-ретімен орналасу тәртібі.Қылм-қ құқ-ң ерекше бөлім-ң жүйесін дұрыс құру қылмысты дұрыс саралауға ғана емес,сонымен бірге онымен белсенді күрес жүргізуге,оның алдын алуға,әділ жаза тағайындауға толық мүмкіндік береді.Қылм-қ құқ-ң Ерекше бөлімі нормаларын бөлудің негізі болып-қылмыс объектісі,атап айтқанда қылмыстың топтық объектісі негіз бола алады.Топтық объект қоғамға қауіптілігі бірдей едәуір қылмыс топтарының объектісі,яғни ол өзара ұқсас қылмыстардың бір тарауға топтастырылуының негізі.Кейбір қылмыстарды топқа бөлу –топтық объект ғана емес,қылмыс субъектісінің ерекшеліктері де ескеріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]