Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

73.Дайындалу іс-əрекетінің түрлері.

Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын не қаруларын іздестіру, әзірлеу, бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмысты жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады. Қылмысқа дайындалу - бұл қылмыс жасауға жағдайлар туғызатын қасақана əрекеттер. Ол қасақана қылмыс жасаудың бiрiншi сатысын құрайды. Дайындалу əрекеттерiнің мынадай түрлері бар:

а) қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, яғни кез келген тəсiлмен (заңды немесе заңсыз) аталған құралдарды иемдену əрекеттерi. Мысалы, қаруды заңға сəйкес сатып алу, сыйға алу, тауып алу,ұрлап алу ,ауыстыру жəне т.б.,

б). қылмыс құралдарын немесе қаруларын əзiрлеу немесе бейiмдеп жасау—оларды ойлаған қылмысты табысты жүзеге асыру үшiн жарамды қалыпқа келтiру əрекеттерi. Мысалы, кiлттi өзгертiп жасау,қарудыңқасиетiн өзгерту жəне т.б.;

в). қылмысқа қатысушыларды iздестiру—басқа бiр немесе бiрнеше адамды, орындаушы, айдап салушы не көмектесушi ретiнде қылмыс жасауға тарту əрекеттерi. Ол кез келген тəсiлмен (сатып алу, қорқыту, бопсалау, алдау, ұсыныс айту) жүзеге асырылуы мүмкiн.

г). қылмыс жасауға сөз байласу—нақты қылмысты бiрiгiп жасауға алдын-ала уəделескен кемiнде екi адамнан тұратын топты ұйымдастыру;

д). қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау,яғни қылмыстық ниеттi жүзеге асыруға бағытталған жоғарыда аталған əрекеттерден өзге кез келген əрекеттердi жасау. Мысалы, қылмыс жасау жағдайын алдын-ала зерттеу, ойластырылған қылмысты жасыруға бағытталған əрекеттердi жасау, қылмыс жасау орнының жоспарын дайындау, т.б.

74.Қылмысқа оқталудың объективтік жəне субъективтік алғы шарттары.

Қылмысқа оқталу кезінде қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей қол сұғушылық орын алады, яғни зиян келтіру қаупі туады.Тұлғамен жоспарланған зардаптар нақты болады, бірақ оқталушы тұлғаның еркінен тыс туындаған мән жайларға байланысты қылмыс аяқталмай қалады. Қылмыс істеуге оқталғандық үшін жаза тағайындағанда сот кінәлінің істеген әрекетінің дәрежесі мен сипатын, қылмыстық ниетті ж.а.дәрежесін және қылмыстың ақырына дейін жеткізілуіне кедергі болған себептерді еске алады. Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады. Қылмыс істеуге оқталудың төрт белгісі бар: а) іс-әрекеттің қылмыс істеуге тікелей бағытталуы қылмыс істеуге оқталғанда, қылмыс субъектісі қылмыс құрамын орындауға тікелей кіріседі және қылмыстық құқылық норма диспозициясының объективті жағында көрсетілген элементтерін орындайды; б) субъективті белгісі-қылмыс істеуге оқталғандық тек тікелей қасақаналықпен ж.а. в) істеуге бағытталған қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі; г) кінәлінің ырқына байланысты емес себептерден қылмыстың ақырына дейін жеткізілмеуі

Оқталудың объективті жағының белгілері:

а) іс әрекет қылмысты жасауға тікелей бағытталған – кінәлә тұлға қылмыстың объективті жағына кіретін іс-әрекеттерді жасайды, бірақ тұлғаның ниеті оның еркінен тәуелсіз мән-жайлар бойынша жүзеге аспай қалады;

б) Қылмыс аяғына дейін жеткізілген жоқ – оқталуды аяқталған қылмыстан ажырататын маңызды белгі – оның аяқталмағандығы;

в) Тұлғаның еркінен тыс туындаған мән-жайларға байланысты қылмыс аяқталмай қалады – кінәлі тұлғаға тәуелсіз объективті себептер бойынша (басқа біреулердің араласуы, табиғи күштер, т.б.), сондықтан оқталу үшін қылмыстық жауаптылық белгіленеді.

Қылмысты істеуге оқталғандықтың да қылмысты ниетті жүзеге асыру дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты қылмысты оқталудың өзі аяқталған және аяқталмаған деп екіге бөлінеді. Аяқталған оқталу деп, кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс әрекеттерін толық істеуі, бірақ осыған қарамастан , адамның ырқынан тыс жағдайда қылмыс аяқталмайды. Аяқталған оқталу қылмысқа дайындалуға қарағанда өте қауіпті, ол өзінің белгілері бойынша аяқталған қылмысқа ұқсас болып келеді, бірақ қоғамға қауіпті зардаптың жоқтығымен ерекшеленеді. Аяқталмаған оқталу деп, кінәлінің қылмысты аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс әрекеттерін толық емес, жарым жартылай орындау б.т. Қылмыс істеуге оқталу жарамсыз обьектіге, затқа немесе жарамсыз құралмен оқталу деп екі түрге бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]