
- •1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, оның пəні, əдістері жəне жүйесі.
- •2.Қылмыстық құқықтың міндеттері.
- •3. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •4. Қылмыстық құқықтың дереккөздері.
- •5. Қылмыстық құқық ғылымы.
- •6. Қылмыстық заңның түсінігі жəне мəні.
- •7. Қылмыстық заңның құрылымы.
- •8. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •9. Қылмыстық заңның уақыттағы күші.
- •10. Қылмыстық заңды түсіндіру.
- •11. Қылмыстың түсінігі жəне белгілері.
- •12. Қылмыс санаттары.
- •13. Қылмыс құрамының түсінігі жəне оның мəні.
- •14. Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері.
- •15. Қылмыс құрамының түрлері.
- •16. Қылмыс объектісінің түсінігі мен мəні.
- •17. Қылмыс объектілерінің түрлері.
- •18. Қылмыс заты жəне оның қылмыстық құқықтық мəні.
- •19. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі жəне мəні.
- •20. Қоғамға қауіпті іс-əрекет жəне оның нысандары.
- •21. Қоғамға қауіпті салдар жəне оларды сыныптау.
- •22. Əрекетпен (əрекетсіздікпен) қоғамға қауіпті салдардың арасындағы себепті байланыс.
- •23. Объективтік жақтың қосымша белгілері жəне олардың мəні.
- •24. Қылмыс субектісінің түсінігі.
- •25. Қылмыс субектісінің жас белгілері.
- •27. Қылмыстың арнайы субектісі.
- •29. Кінə түсінігі жəне нысандары.
- •30. Қасақаналық жəне оның түрлері.
- •31. Абайсыздық жəне оның түрлері.
- •32. Кінəнің екі нысан бар қылмыс.
- •33. Қылмыстың субъективтік жағының қосымша белгілері жəне олардың мəні.
- •34. Қылмысқа бірге қатысушылықтың түсінігі жəне белгілері.
- •35. Бірге қатысуылардың түрлері.
- •36. Бірге қатысушылықтың түрлері жəне нысандары.
- •37. Бірге қатысушылар жауаптылығының негіздері мен шектері.
- •38. Қылмысқа жанасушылық: түсінігі жəне түрлері.
- •39. Бір реттік қылмыстар түсінігі жəне түрлері.
- •40. Қр қылмыстық заңы бойынша көптік қылмыстардың нысандары.
- •41. Қылмыстық құқықтық нормалардың бəсекелестігі.
- •42. Қылмыстық іс-əрекетті жоққа шығаратын мəн-жайлардың түсінігі жəне түрлері.
- •43. Қажетті қорғаныс.
- •44. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру.
- •45. Аса қажеттілік.
- •46. Тəндік жəне психикалық мəжбүрлеу.
- •47. Орынды тəуекелділік.
- •48. Бұйрықты немесе өкімді орындау.
- •49. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру.
- •50. Жазаның түсінігі жəне белгілері.
- •51. Жазаның мақсаттары.
- •52. Жазаның жүйесі жəне оның мəні.
- •53. Бостандығын шектеумен немесе айырумен байланысты емес жазалар.
- •54. Бостандығын шектеумен немесе айырумен байланысты жазалар.
- •55. Өлім жазасы.
- •56. Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы.
- •57. Жазаны даралау.
- •58. Жаза тағайындаудың айрықша ережелері.
- •59. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі жəне түрлері.
- •60. Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі жəне түрлері.
- •61. Шартты соттау.
- •62. Жазаны өтеуден шартты мерзімінен бұрын босату.
- •63. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түсінігі жəне заңи табиғаты.
- •64. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының қолданудың негіздері.
- •65. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түрлері.
- •66. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданудың, ұзартудың, өзгертудің жəне тоқтатудың тəртібі.
- •67. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.
- •68. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру.
- •69. Қылмыстық жауаптылықтың өзгеде құқықтық жауаптылық түрлерінен айырмашылығы
- •70. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
- •71.Аяқталмаған қылмыстық іс-əрекет түсінігі жəне түрлері.
- •72. Дайындалудың объективтік жəне субъективтік алғы шарттары.
- •73.Дайындалу іс-əрекетінің түрлері.
- •74.Қылмысқа оқталудың объективтік жəне субъективтік алғы шарттары.
- •75.Қылмысқа оқталғандығы үшін жауаптылықтың түрлері жəне ерекшеліктері.
- •76.Аяқталмаған қылмыстық іс-əрекеттердің түрлерін ажырату.
- •77.Қылмыс жасаудан ерікті түрде бас тартудың түсінігі жəне белгілері.
- •78. Шын өкінудің қылмыстық құқықтық мəні.
- •79. Кəмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жəне жазалаудың жалпы мəселелері.
- •80. Кəмелет жасқа толмағандарға қатысты қолданылатын жазалар.
- •81. Тəрбиелік ықпалдың мəжбүрлеу шаралары
- •82. Кəмелет жасқа толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан жəне жазалаудан босатудың ерекшеліктері.
- •83.Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, мəні жəне жүйесі.
- •84.Қылмысты саралау жəне оның мəні.
- •85.Жеке адамға қарсы қылмыстар: түсінігі, түрлері жалпы сипаттамасы
- •86.Адам өлтіру: түсінігі жəне түрлері, құрамын қылмыстық құқықтық талдау.
- •87.Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендігі үшін жауаптылық.
- •89.Азаптау.
- •90.Қорқыту қылмысының қылмыстық құқықтық сипатттамсы
- •91.Адамның органдары мен тінін алуға мəжбүр ету немесе заңсыз алу.
- •92. Клиникалық сынақтар жүргізудің жəне профилактиканың,диагностиканың, емдеудің жəне медициналық оңалтудың жаңа əдістерімен құралдарын қолданудың тəртібін бұзу.
- •93. Соз ауруын жұқтыру.
- •94. Адамның иммун тапшылығы вирусын (вич/жқтб) жұқтыруы
- •95. Заңсыз аборт жасау.
- •96. Зорлау.
- •98. Адамды ұрлау.
- •99. Бас бостандығынан заңсыз айыру.
- •100. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру.
- •101. Адамды саудаға салу.
- •102. Жала жабу.
- •103. Қорлау.
- •104. Кəмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту.
- •105. Кəмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-əрекеттер жасауға тарту
- •106. Кəмелетке толмағандарды саудаға салу.
- •107. Баланы ауыстыру.
- •108. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден əдейі жалтару
- •109. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу.
- •110. Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу.
- •111. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұу
- •112. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын бұзу
- •126. Тонау.
- •163.Зансыз аншылык.
71.Аяқталмаған қылмыстық іс-əрекет түсінігі жəне түрлері.
Белгілі бір әрекеттен не әректсіздіктен тұратын күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде қылмыс белгілі бір уақыт кезеңімен қамтылып, өзінің дамуында бірнеше сатылардан өтеді. Осы сатылар қылмыстық құқық теориясында қылмысты жасау сатылары деп аталады. Бұл қасақана жасалатын қылмысқа тән. Қасақана қылмыс жасау сатылары дегеніміз қылмыстық заңмен қарастырылатын қасақана қылмыстарды жүзеге асырудың белгілі бір сатылары түсініледі. Олар: Қылмысқа дайындық сатысы; Оқталу сатысы; Қылмысты аяқтау сатысы. Қылмыс жасау сатылары терминiн заңшығарушы қылмыстық заңда «аяқталған» жəне «аяқталмаған» қылмыстар терминiмен сипаттайды. Аяқталған қылмыс деп – адамның жасаған əрекетiнде қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi болса танылады.Ал аяқталмаған қылмысқа қылмыстық əрекеттiң 2 түрiн жатқызамыз:
а) қылмысқа дайындалу
б). қылмысқа оқталу
Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын не қаруларын іздестіру, әзірлеу, бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмысты жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады.Ал қылмысқа оқталукезінде қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей қол сұғушылық орын алады, яғни зиян келтіру қаупі туады.Тұлғамен жоспарланған зардаптар нақты болады, бірақ оқталушы тұлғаның еркінен тыс туындаған мән жайларға байланысты қылмыс аяқталмай қалады.
72. Дайындалудың объективтік жəне субъективтік алғы шарттары.
Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын не қаруларын іздестіру, әзірлеу, бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмысты жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты емес мән жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады. Қылмысқа дайындалу - бұл қылмыс жасауға жағдайлар туғызатын қасақана əрекеттер. Ол қасақана қылмыс жасаудың бiрiншi сатысын құрайды. Дайындалу əрекеттерiне мына ерекшелiктер тəн:
а) Олар тек қылмыстың жасалуына жағдайлар туғызады, б)Қылмыстық-құқықтың қорғау обьектiсiне өздiгiнен тiкелей қауiп тудырмайды; в)Кiнəлiнiң еркiнен тыс себептермен мəжбүрлi түрде тоқтатылады.
Қылмысқа дайындалу мына əрекеттермен сипатталады:
а) қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, яғни кез келген тəсiлмен (заңды немесе заңсыз) аталған құралдарды иемдену əрекеттерi. Мысалы, қаруды заңға сəйкес сатып алу, сыйға алу, тауып алу,ұрлап алу ,ауыстыру жəне т.б.,
б). қылмыс құралдарын немесе қаруларын əзiрлеу немесе бейiмдеп жасау—оларды ойлаған қылмысты
табысты жүзеге асыру үшiн жарамды қалыпқа келтiру əрекеттерi. Мысалы, кiлттi өзгертiп жасау,қарудыңқасиетiн өзгерту жəне т.б.;
в). қылмысқа қатысушыларды iздестiру—басқа бiр немесе бiрнеше адамды, орындаушы, айдап салушы не көмектесушi ретiнде қылмыс жасауға тарту əрекеттерi. Ол кез келген тəсiлмен (сатып алу, қорқыту, бопсалау, алдау, ұсыныс айту) жүзеге асырылуы мүмкiн.
г). қылмыс жасауға сөз байласу—нақты қылмысты бiрiгiп жасауға алдын-ала уəделескен кемiнде екi адамнан тұратын топты ұйымдастыру;
д). қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау,яғни қылмыстық ниеттi жүзеге асыруға бағытталған жоғарыда аталған əрекеттерден өзге кез келген əрекеттердi жасау. Мысалы, қылмыс жасау жағдайын алдын-ала зерттеу, ойластырылған қылмысты жасыруға бағытталған əрекеттердi жасау, қылмыс жасау орнының жоспарын дайындау, т.б.
Субьективтiк жағынан қылмысқа дайындалу кiнəнiң тiкелей қасақаналығымен сипатталады, яғни дайындалушы адам өз iс-əрекеттерiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатының бар екендiгiн ұғынады, осы iс-əрекеттер қылмыстың жасалуына жағдай туғызатынын алдын-ала бiледi жəне соны тiлейдi.
Қылмысты жасауға дайындалудың белгілері:
а) Тұлғаның еркінен тыс мән-жайларға байланысты оның қылмыстық ниетінің аяқталмай қалуы; б) Уақыты және әрекеттері б/ша қылмысқа оқталуға қарағанда алшақ болады, сондықтан заңшығарушы ауыр және аса ауыр қылмыстарға дайындалғаны үшін жауаптылық белгіленген; в) ал онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстарға дайындық үшін олардың қоғамға қауіптілік дәрежесінің аздығына қарай жауаптылық белгіленбеген.