Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

63. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түсінігі жəне заңи табиғаты.

Қылмыстық заң есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс әрекет жасаған немесе мұндай іс әрекеттерді есі дұрыс күйде жасаған бірақ сот үкімі шыққанға дейін немесе жазасын өтеген кезде өз әрекеттері жөнінде өзіне есеп беру немесе өзі әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен ауырған, сондай ақ дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шеккен адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды белгілейді. Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасаудан сақтандыруды, ондай азаматтардың жеке басын қорғауды және дұрыс емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалық ауруға душар болған адамдарға жаза тағайындау ізгілік және әлеуметтік әділеттілік принциптеріне қайшы келеді. Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыс істесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауысқан аурумен ауыруына байланысты айналада болып жатқан құбылысты қабылдай алмайды, сондықтан да оған тағайындалған жаза өз мақсатына жетпейді. Егер мұндай адамдар дертінен айықса, оларды қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтпесе және қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босататын басқа да негіздер болмаса сот оларға жаза тағайындауы мүмкін. Қылмысты маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдар жасаған ретте сот дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша ондай адамдарға жазамен қатар еріксіз емдеу шараларын қолдана алады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік шара ретінде тағайындалады. Мұндай шараны жаза деп санауға болмайды, өйткені мұнда жазаға тән белгі – түзеу белгісі жоқ. Керісінше, мұндай емдеу шараларын қолдану құқық бұзушының мүддесіне сай келеді. Бұл шарт сот үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады. Сондықтан да мұндай шара тағайындалған адамдар сотталған адам қатарына жатқызылмайды, оған қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапынан қоғамға қауіпті іс – әрекеттердің қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың құқық қорғайтын мүддесін қорғау болып табылады. Сонымен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жазадан оны қолданудың негізі мен мақсаты, мазмұны және заңдылық зардабы бойынша ажыратылады.

64. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының қолданудың негіздері.

Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын 1. Есі дұрыс емес жағдайда әрекеттер жасаған. 2. Қылмыс жасағаннан кеиін психикасы жазаны тағайындай немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған. 3. Қылмыс жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін . 4. Қылмыс жасаған және алкогализмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындалуы мүмкін.

Қылмыстық заң есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған немесе мұндай іс-әрекеттерді есі дұрыс күйде жасаған, бірақ сот үкімі шыққанға дейін немесе жазасын өтеген кезде өз әрекеттері жөнінде өзіне есеп беру немесе өзі әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен ауырған, сондай-ақ дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шеккен адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды белгілейді. Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасаудан сақтандыруды, ондай азаматтардың жеке басын қорғауды және дұрыс емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалық ауруға душар болған адамдарға жаза тағайындау ізгілік және әлеуметтік әділеттілік принциптеріне қайшы келеді. Сондықтан да есі дұрыс емес адамдар қылмыс істесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Медициналық сипаттағы шаралар қылмыстық немесе басқа арнаулы заңдар негізінде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]