
- •1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, оның пəні, əдістері жəне жүйесі.
- •2.Қылмыстық құқықтың міндеттері.
- •3. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •4. Қылмыстық құқықтың дереккөздері.
- •5. Қылмыстық құқық ғылымы.
- •6. Қылмыстық заңның түсінігі жəне мəні.
- •7. Қылмыстық заңның құрылымы.
- •8. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •9. Қылмыстық заңның уақыттағы күші.
- •10. Қылмыстық заңды түсіндіру.
- •11. Қылмыстың түсінігі жəне белгілері.
- •12. Қылмыс санаттары.
- •13. Қылмыс құрамының түсінігі жəне оның мəні.
- •14. Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері.
- •15. Қылмыс құрамының түрлері.
- •16. Қылмыс объектісінің түсінігі мен мəні.
- •17. Қылмыс объектілерінің түрлері.
- •18. Қылмыс заты жəне оның қылмыстық құқықтық мəні.
- •19. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі жəне мəні.
- •20. Қоғамға қауіпті іс-əрекет жəне оның нысандары.
- •21. Қоғамға қауіпті салдар жəне оларды сыныптау.
- •22. Əрекетпен (əрекетсіздікпен) қоғамға қауіпті салдардың арасындағы себепті байланыс.
- •23. Объективтік жақтың қосымша белгілері жəне олардың мəні.
- •24. Қылмыс субектісінің түсінігі.
- •25. Қылмыс субектісінің жас белгілері.
- •27. Қылмыстың арнайы субектісі.
- •29. Кінə түсінігі жəне нысандары.
- •30. Қасақаналық жəне оның түрлері.
- •31. Абайсыздық жəне оның түрлері.
- •32. Кінəнің екі нысан бар қылмыс.
- •33. Қылмыстың субъективтік жағының қосымша белгілері жəне олардың мəні.
- •34. Қылмысқа бірге қатысушылықтың түсінігі жəне белгілері.
- •35. Бірге қатысуылардың түрлері.
- •36. Бірге қатысушылықтың түрлері жəне нысандары.
- •37. Бірге қатысушылар жауаптылығының негіздері мен шектері.
- •38. Қылмысқа жанасушылық: түсінігі жəне түрлері.
- •39. Бір реттік қылмыстар түсінігі жəне түрлері.
- •40. Қр қылмыстық заңы бойынша көптік қылмыстардың нысандары.
- •41. Қылмыстық құқықтық нормалардың бəсекелестігі.
- •42. Қылмыстық іс-əрекетті жоққа шығаратын мəн-жайлардың түсінігі жəне түрлері.
- •43. Қажетті қорғаныс.
- •44. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру.
- •45. Аса қажеттілік.
- •46. Тəндік жəне психикалық мəжбүрлеу.
- •47. Орынды тəуекелділік.
- •48. Бұйрықты немесе өкімді орындау.
- •49. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру.
- •50. Жазаның түсінігі жəне белгілері.
- •51. Жазаның мақсаттары.
- •52. Жазаның жүйесі жəне оның мəні.
- •53. Бостандығын шектеумен немесе айырумен байланысты емес жазалар.
- •54. Бостандығын шектеумен немесе айырумен байланысты жазалар.
- •55. Өлім жазасы.
- •56. Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы.
- •57. Жазаны даралау.
- •58. Жаза тағайындаудың айрықша ережелері.
- •59. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі жəне түрлері.
- •60. Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі жəне түрлері.
- •61. Шартты соттау.
- •62. Жазаны өтеуден шартты мерзімінен бұрын босату.
- •63. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түсінігі жəне заңи табиғаты.
- •64. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының қолданудың негіздері.
- •65. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түрлері.
- •66. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданудың, ұзартудың, өзгертудің жəне тоқтатудың тəртібі.
- •67. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.
- •68. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру.
- •69. Қылмыстық жауаптылықтың өзгеде құқықтық жауаптылық түрлерінен айырмашылығы
- •70. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
- •71.Аяқталмаған қылмыстық іс-əрекет түсінігі жəне түрлері.
- •72. Дайындалудың объективтік жəне субъективтік алғы шарттары.
- •73.Дайындалу іс-əрекетінің түрлері.
- •74.Қылмысқа оқталудың объективтік жəне субъективтік алғы шарттары.
- •75.Қылмысқа оқталғандығы үшін жауаптылықтың түрлері жəне ерекшеліктері.
- •76.Аяқталмаған қылмыстық іс-əрекеттердің түрлерін ажырату.
- •77.Қылмыс жасаудан ерікті түрде бас тартудың түсінігі жəне белгілері.
- •78. Шын өкінудің қылмыстық құқықтық мəні.
- •79. Кəмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жəне жазалаудың жалпы мəселелері.
- •80. Кəмелет жасқа толмағандарға қатысты қолданылатын жазалар.
- •81. Тəрбиелік ықпалдың мəжбүрлеу шаралары
- •82. Кəмелет жасқа толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан жəне жазалаудан босатудың ерекшеліктері.
- •83.Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, мəні жəне жүйесі.
- •84.Қылмысты саралау жəне оның мəні.
- •85.Жеке адамға қарсы қылмыстар: түсінігі, түрлері жалпы сипаттамасы
- •86.Адам өлтіру: түсінігі жəне түрлері, құрамын қылмыстық құқықтық талдау.
- •87.Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендігі үшін жауаптылық.
- •89.Азаптау.
- •90.Қорқыту қылмысының қылмыстық құқықтық сипатттамсы
- •91.Адамның органдары мен тінін алуға мəжбүр ету немесе заңсыз алу.
- •92. Клиникалық сынақтар жүргізудің жəне профилактиканың,диагностиканың, емдеудің жəне медициналық оңалтудың жаңа əдістерімен құралдарын қолданудың тəртібін бұзу.
- •93. Соз ауруын жұқтыру.
- •94. Адамның иммун тапшылығы вирусын (вич/жқтб) жұқтыруы
- •95. Заңсыз аборт жасау.
- •96. Зорлау.
- •98. Адамды ұрлау.
- •99. Бас бостандығынан заңсыз айыру.
- •100. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру.
- •101. Адамды саудаға салу.
- •102. Жала жабу.
- •103. Қорлау.
- •104. Кəмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту.
- •105. Кəмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-əрекеттер жасауға тарту
- •106. Кəмелетке толмағандарды саудаға салу.
- •107. Баланы ауыстыру.
- •108. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден əдейі жалтару
- •109. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу.
- •110. Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу.
- •111. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұу
- •112. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын бұзу
- •126. Тонау.
- •163.Зансыз аншылык.
6. Қылмыстық заңның түсінігі жəне мəні.
Қылмыстық заң қылмыстық құқық қағидаларымен жалпы ережелерін қандай қоғамға қауіпті әрекеттер қылмыс болып табылатыны және қылмыс жасағаны заң нормалардан тұратын ҚР-ның Парламенті қабылдаған заң шығарушылық акт. Заң – бұл а) ерекше тәртіпте қолданылатын биліктің жалпы мемлекеттік өкілетті органның б) ҚР-сы халқының еркін тікелей және тура білдіру в) аса мәнді және маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші г) жоғары заң күшін иеленуші акт. Қылмыстық заңды тұлғаны қорғау оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау меншігін табиғи ортаны, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, бүкіл құқықтық тәртіпті қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар адамзат қауіпсіздігі мен тәрбиелілігін қорғауға көмек көрсетеді. Қылмыстық заң қылмыстың алдын алу азаматтарды республика заңдарын және Конституцияны сақтау рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді. Қылмыстық заң қылмыс болып табылатын қоғамдық қауіпті әрекеттерді жазалау қаупімен тыяды. Сонымен қатар ол сәйкес органдар лауазымды тұлғаларға әрекетте қылмыс белгілерінің бар болуын және кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе заңды негіздердің басуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуды ұйғарады. Қылмыстық құқықтық нормалардың ескертушілік қызметі онда санкцияның белгіленуінде негізделеді – жасаған әрекет үшін жазалану мүмкіндігі. Осыған байланысты қылмыс жасай алатын тұлғаларға ескертушілік тәрбиелік әсер ету. Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау. Тәрбиелеу қылмыс жасаған адамдарға шыдамаушылық жағдайын қалыптастырған. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың жалғыз қайнар көзі.Адаммен жасаған әрекетті қылмыс деп тану және осы тұлғаға қылмыстық жаза қолдануды тек заңмен анықталған жағдайда жүзеге асырылады. Ал қандай да болмасын басқа нормативтік актілер соттық прециденттер негізінде немесе соттың қарауына байланысты шешілмеуі керек. Әрекеттік қылмыс қатарына жатқызу және жаза тағайындау сияқты мәселелерде заңдылық қағидаларын бұлжытпай сақтау қажет. Бұл тек егер қылмыстық заң қылмыстықпен қоғамға қауіпті әрекеттермен жазалануы, жаза қолдану және одан босату шарттары анықталса ғана мүмкін.ҚР қылмыстық заң шығарушылығы ҚР-ның 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1 қаңтарда қолдану енген ҚК-тен тұрады.
7. Қылмыстық заңның құрылымы.
ҚР қылмыстық заң шығарушылық толық кодификациясын ескере отырып қылмыстық заң құрылымын ҚК және оның баптарының құрама ретінде қарастырады. Қылмыстық кодекс – қандай қоғамдық әрекеттер қылмыс болып табылмайтындығы және осы қылмысты жасаған тұлғаларға қандай жаза қолдану қажет екенін анықтайтын өзара байланысты нормалар жүйесін көрсететін ішкі бірлігімен ерекшеленетін заң шығарушылық акт. ҚР ҚК 2 бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше. Жалпы бөлімде жалпы қағидаларымен қылмыстық құқық ережелерімен баяндалған қылмыстық жауапкершіліктің негізі мен шарттары ескерілген, жаза мақсаттары қалыптастырылған. Ерекше бөлімде қылмыстардың нақтылы бөлек түрлері және әрбір жасаған қылмыс түріне қолданылатын жаза көрсетілген. ҚК Жалпы және Ерекше бөлімдер өзара байланыста және бірі екіншісіз қолданылмайды. Қылмыс жасалды немесе басқа қоғамдық қауіпті әрекет жасалды ма деген сұрақты шешкен кезде ҚК Жалпы және Ерекше бөлімінің нормалары қолданылады.ҚР ҚК жалпы бөлімі 7 бөлімнен тұрады: 1. Қылмыстың заң; 2. Қылмыс; 3. Жаза; 4. Жаза тағайындау; 5. Қылмыстың жазадан босату; 6. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі; 7. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.ҚР ҚК ерекше бөлімі нақты қылмыстар үшін жауапкершілік анықталған 16 тараудан тұрады. ҚР ҚК-нің тарауы тектік объектісі өзара байланысты (туысты) болатын бірқатар баптарды қарастырады.Қолдануға ынғайлы болу үшін ҚК-нің барлық баптардың реттік санын (нөмері) болады. ҚР ҚК-да 1 ден 393-ке дейін баптар бар.ҚР ҚК-нің баптарының көбі өзіндін мәні бөлімшелерден және пунктерден тұрады.Бап бөлімі (сандық) санмен белгіленген, бөлік абзацқа бөлінеді, ал пункте бөлінетін баптар әріптік белгімен белгіленеді (96 б 2 т)Тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тартқанда міндетті түрде қылмыстық кодекстің нақты бабын, ал қажетті жағдайларда оның бөлімі мен пунктен де көрсету керек. Қылмыстық кодекс баптарына сілтеме тек заң мазмұны жағынан ғана емес, сонымен қатар оның нөмірі де нақты көрсетілген болды қажет. Бап нөмірінің және бөлімінің дұрыс қолданылуы заңсыз үкім шығаруға және оның күшін жоюға әкеледі.ҚК-тің ерекше бөлімінің баптары диспозициядан және санкциядан тұрады. Диспозиция деп нақтыны жаза (көрсетілген) көзделген әрекетті сипаттайтын, нусқайтын және атайтын қылмыстық заң бабының бөлімі.Диспозиция түрлерінің маңызды белгілері: жай, сипаттамалы, сілтеме, бланкетті.Жай диспозиция қылмысты жалпыға мәлім терминмен атын ғана айтып қалды, оның нақты белгілерін аынп көрсетпейді және сипаттамасын бермейді. (Мыс, ҚР ҚК 125 б). Жалпыға мәлім «адам » деген түсініктен басқа заң шығарушы диспозицияға бұл терминді түсіндіретін ешқандай белгілер енгізбеген. Мұндай диспозиция түрін заңшығарушының қолдану себебі, қылмыс та, оның атауы да жалпыға мәлім және оны дәлірек сипаттаудың қажетті жоқ деп есептеуге негізінің болғанында.Сипаттамалы деп заңшығарушы термінді атап қана қоймай, сонымен қатар оны түсіндіретін және осы қылмысты сипаттайтын негізгі белгілер келтірілген диспозицияны айтамыз. Сол сияқты ҚК 257 б. бұзақылық, яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бұлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық – деп анықтайды. Сілтемелі диспозиция деп қылмыс белгілерін анықтау үшін, қайталауды болдырмау үшін, қайталауды болдырмау үшін ҚК-тің басқа бабына немесе баптың бөлігіне сілтеме жасайтын диспозицияны айтамыз. Содан ҚК 165 бапта мемлекетке опасыздық нысанының бір түрі ретінде шпионаж ескерілген, ал оның белгілерін (анықтау) нақтылау үшін 166 бапты қарау керек. Сол сияқты, 103 және 104 баптарды мысалыға келтіруге болады.Бланкетті деп ерекше бөлім баптарын, яғни қылмыстық әрекет белгілерін тікелей заңның өзінде анықтамай, оны басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге –үкімет қаулылары мен жарлықтарына, министрліктердің бұйрықтары мен ережелері, жүпілікті билік органдарының нұсқаулары және т.б. Бланкетті диспозицияға мысал болып ҚР ҚК –нің 296 б.табылады – көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы; 245 баптау – кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу; 246 – бап –жарылыс қауіпті бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу және т.б. Қылмыстың заңда бланкетті диспозициялар немесе оның бөлімдері болмағанда, кейбір әрекеттердің белгілерін сипаттағанда баптардын көлемі, тым ұлғайып, оны пайдалану мүмкін емес болар еді. Санкция деп – берілген қылмыс жаза түрі мен мөлшерін анықтайтын қылмыстық заң бабының бөлімі.Санкция абсолютті – айқындалған және салыстырмалы- айқындалған болады.Абсолютті-айқындалған санкция бір ғана жазалау шарасын орнықтырады, сонымен қатар оның түрін, және жаза мөлшерін де көрсетеді. Мұндай санкциялар сотқа әрбір қылмыс ерекшелігін ескеруге мүмкіндік бермейді және негізінен қылмыскер тұлғасын, сондықтан олар өте сирек қолданылады. Абсолютті-айқындалған санкция өлім жазасы түрінде милиция қызметкерінің немесе халық жасақшылар өміріне ауырлататын мән-жайларда 173-1 бабында көрсетілген. Сонымен қатар 10 жылға бас бостандығынан айыру сияқты минималды (ең аз) шектерін белгілейтін санкциялық баптар бар. Мысал ретінде 160 (геноцид) және 161 (экоцид) баптарын айтуға болады.Салыстырмалы-айқындалған санкция, деп ең төменгі және ең жоғарғы жаза шектерін белгілейтін санкцияны айтады.Салыстырмалы-айқындалған санкциялардың 2 түрі бар: 1) жазаның минимумы мен максимумы көрсетілген – бұл жағдайда заңда жазаның төменгі және жоғарғы шектері белгіленеді, жазаның түрі мен мөлшері көрсетіледі. (Мыс, 3-тен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру); 2) жазаның максимумыныңкөрсетілуімен («дейін» мерзімімен – мыс, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру). Көптеген санкциялар балама түрде көрсетілген, сондықтан сотқа екі немесе одан көп жазадан таңдау мүмкіндік береді.Кәзіргі әрекет етіп жатқан қылмыстық заңда балама (альтернатив) санкциялар жиі қолданылады және оны дұрыс деп табамыз, себебі ол бір түрі көлемінде сотқа тек жаза көлемін ғана емес, сонымен қатар (орынды) мақсатқа сәйкес жаза түрін таңдауға мүмкіндік береді.