
- •1. Қылмыстық құқықтың түсінігі, оның пəні, əдістері жəне жүйесі.
- •2.Қылмыстық құқықтың міндеттері.
- •3. Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •4. Қылмыстық құқықтың дереккөздері.
- •5. Қылмыстық құқық ғылымы.
- •6. Қылмыстық заңның түсінігі жəне мəні.
- •7. Қылмыстық заңның құрылымы.
- •8. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •9. Қылмыстық заңның уақыттағы күші.
- •10. Қылмыстық заңды түсіндіру.
- •11. Қылмыстың түсінігі жəне белгілері.
- •12. Қылмыс санаттары.
- •13. Қылмыс құрамының түсінігі жəне оның мəні.
- •14. Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері.
- •15. Қылмыс құрамының түрлері.
- •16. Қылмыс объектісінің түсінігі мен мəні.
- •17. Қылмыс объектілерінің түрлері.
- •18. Қылмыс заты жəне оның қылмыстық құқықтық мəні.
- •19. Қылмыстың объективтік жағының түсінігі жəне мəні.
- •20. Қоғамға қауіпті іс-əрекет жəне оның нысандары.
- •21. Қоғамға қауіпті салдар жəне оларды сыныптау.
- •22. Əрекетпен (əрекетсіздікпен) қоғамға қауіпті салдардың арасындағы себепті байланыс.
- •23. Объективтік жақтың қосымша белгілері жəне олардың мəні.
- •24. Қылмыс субектісінің түсінігі.
- •25. Қылмыс субектісінің жас белгілері.
- •27. Қылмыстың арнайы субектісі.
- •29. Кінə түсінігі жəне нысандары.
- •30. Қасақаналық жəне оның түрлері.
- •31. Абайсыздық жəне оның түрлері.
- •32. Кінəнің екі нысан бар қылмыс.
- •33. Қылмыстың субъективтік жағының қосымша белгілері жəне олардың мəні.
- •34. Қылмысқа бірге қатысушылықтың түсінігі жəне белгілері.
- •35. Бірге қатысуылардың түрлері.
- •36. Бірге қатысушылықтың түрлері жəне нысандары.
- •37. Бірге қатысушылар жауаптылығының негіздері мен шектері.
- •38. Қылмысқа жанасушылық: түсінігі жəне түрлері.
- •39. Бір реттік қылмыстар түсінігі жəне түрлері.
- •40. Қр қылмыстық заңы бойынша көптік қылмыстардың нысандары.
- •41. Қылмыстық құқықтық нормалардың бəсекелестігі.
- •42. Қылмыстық іс-əрекетті жоққа шығаратын мəн-жайлардың түсінігі жəне түрлері.
- •43. Қажетті қорғаныс.
- •44. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру.
- •45. Аса қажеттілік.
- •46. Тəндік жəне психикалық мəжбүрлеу.
- •47. Орынды тəуекелділік.
- •48. Бұйрықты немесе өкімді орындау.
- •49. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру.
- •50. Жазаның түсінігі жəне белгілері.
- •51. Жазаның мақсаттары.
- •52. Жазаның жүйесі жəне оның мəні.
- •53. Бостандығын шектеумен немесе айырумен байланысты емес жазалар.
- •54. Бостандығын шектеумен немесе айырумен байланысты жазалар.
- •55. Өлім жазасы.
- •56. Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы.
- •57. Жазаны даралау.
- •58. Жаза тағайындаудың айрықша ережелері.
- •59. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі жəне түрлері.
- •60. Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі жəне түрлері.
- •61. Шартты соттау.
- •62. Жазаны өтеуден шартты мерзімінен бұрын босату.
- •63. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түсінігі жəне заңи табиғаты.
- •64. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының қолданудың негіздері.
- •65. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларының түрлері.
- •66. Медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолданудың, ұзартудың, өзгертудің жəне тоқтатудың тəртібі.
- •67. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі.
- •68. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру.
- •69. Қылмыстық жауаптылықтың өзгеде құқықтық жауаптылық түрлерінен айырмашылығы
- •70. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
- •71.Аяқталмаған қылмыстық іс-əрекет түсінігі жəне түрлері.
- •72. Дайындалудың объективтік жəне субъективтік алғы шарттары.
- •73.Дайындалу іс-əрекетінің түрлері.
- •74.Қылмысқа оқталудың объективтік жəне субъективтік алғы шарттары.
- •75.Қылмысқа оқталғандығы үшін жауаптылықтың түрлері жəне ерекшеліктері.
- •76.Аяқталмаған қылмыстық іс-əрекеттердің түрлерін ажырату.
- •77.Қылмыс жасаудан ерікті түрде бас тартудың түсінігі жəне белгілері.
- •78. Шын өкінудің қылмыстық құқықтық мəні.
- •79. Кəмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жəне жазалаудың жалпы мəселелері.
- •80. Кəмелет жасқа толмағандарға қатысты қолданылатын жазалар.
- •81. Тəрбиелік ықпалдың мəжбүрлеу шаралары
- •82. Кəмелет жасқа толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан жəне жазалаудан босатудың ерекшеліктері.
- •83.Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі, мəні жəне жүйесі.
- •84.Қылмысты саралау жəне оның мəні.
- •85.Жеке адамға қарсы қылмыстар: түсінігі, түрлері жалпы сипаттамасы
- •86.Адам өлтіру: түсінігі жəне түрлері, құрамын қылмыстық құқықтық талдау.
- •87.Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргендігі үшін жауаптылық.
- •89.Азаптау.
- •90.Қорқыту қылмысының қылмыстық құқықтық сипатттамсы
- •91.Адамның органдары мен тінін алуға мəжбүр ету немесе заңсыз алу.
- •92. Клиникалық сынақтар жүргізудің жəне профилактиканың,диагностиканың, емдеудің жəне медициналық оңалтудың жаңа əдістерімен құралдарын қолданудың тəртібін бұзу.
- •93. Соз ауруын жұқтыру.
- •94. Адамның иммун тапшылығы вирусын (вич/жқтб) жұқтыруы
- •95. Заңсыз аборт жасау.
- •96. Зорлау.
- •98. Адамды ұрлау.
- •99. Бас бостандығынан заңсыз айыру.
- •100. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру.
- •101. Адамды саудаға салу.
- •102. Жала жабу.
- •103. Қорлау.
- •104. Кəмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту.
- •105. Кəмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-əрекеттер жасауға тарту
- •106. Кəмелетке толмағандарды саудаға салу.
- •107. Баланы ауыстыру.
- •108. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден əдейі жалтару
- •109. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу.
- •110. Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу.
- •111. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұу
- •112. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын бұзу
- •126. Тонау.
- •163.Зансыз аншылык.
50. Жазаның түсінігі жəне белгілері.
Қылмыстық жаза – заңмен белгіленген және қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қолданылатын мемлекеттік күштеу шарасы. Жаза қылмыстық әрекетке сәйкестей отырып қолданылады және оның қоғамдық қауіптілігіне және ауырлығына сәйкес болуы керек. Қылмыстық жаза қылмыстың қылмыстық-құқықтық салы болып табылады және қылмыспен күресудегі қажетті құқықтық құралдардың бірі ретінде танылады. Қылмыстық жаза адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ұйымдардың меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын және аумақтық тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің басқа да заңмен қорғалатын мүдделерін түрлі қылмыстық озбырлықтардан қорғау үшін қызмет етеді.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 38-бабында жазаның келесі түсінігін береді: «Жаза дегеніміз - соттың үкімімен тағайындалатын мемлекеттік күштеудің шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған тұлғаға қатысты қолданылады және осы Кодексте көзделген осы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын айыру немесе шектеуге саяды».Жаза, мемлекеттік күштеудің шарасы болып табыла келе, қылмыс жасаған адамға тек сотпен үкімнің негізінде ғана қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.Заңды күшіне енген соттың үкімі барлық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, сондай-ақ азаматтар үшін міндетті және Қазақстан аумағында орындалуы тиіс. Сонымен қатар, жазаны орындау мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі. Үкімде тағайындалған жаза қатаң жеке сипатқа ие, яғни қылмыс жасаған тұлғаға нақты қатысты қолданылады және басқа тұлғаларға тарала алмайды. Мемлекет жазаны қолдану жолымен қылмыскерді қоғам алдындағы кінәсін жууға күштейді және қылмыс жасаған тұлғаны белгілі бір заңды мойынсұнған тәртіпке мәжбүрлейді. Жаза қылмыскерге белгілі құқынан айыруды, қасіретті әкеледі. Олар физикалық, моральдық және материалдық сипатта болуы мүмкін. Осылайша, бас бостандығынан айырылған кезде сотталған адам тұтастай алғанда жеке құқықтарында шектеледі. Мүлікті тәркілеу, айып төлеу кезінде сотталған адамның материалдық жағдайы жамандайды. Белгілі бір қызметте болу немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру секілді жазалау шарасы қызмет, кәсіп таңдаудағы құқықтың шектелуімен байланысты. Мұндай шектеулер кез келген демократиялық қоғамда қажетті. Бір де бір қоғам адамға шексіз бостандықты ұсына алмайды, себебі бұл қоғамның басқа мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына, бетімен кетуге және дау-жанжалдарға әкелетін еді. Жазаның мәжбүрлеу, күштеу жағы, яғни сотталған адамның заңмен көзделген құқықтары мен бостандықтарын айыру немесе шектеу қылмыстық құқықта саза деп аталады. Жазалаудың сазалық элементтері жазаның қорқыту секілді қасиетін сипаттайды. Саза жазаның ауырлығының дәрежесін көрсетеді. Жазалаудың сазалық, күштеулік жақтары неғұрлым интенсивті болса, жаза соғұрлым ауыр болады. Өз кезегінде, тағайындалатын жазаның ауырлығы жасалған қалмыстың сипатына және ауырлық дәрежесіне, қылмыскердің жеке тұлғасына және істің басқа жағдайларына тәуелді болады.Осылайша, жазаның міндетті қасиеті болып саза табылады, оны жазаның күштеу жағы деп, яғни заңмен көзделген құқықтарынан айыру мен сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қолдану деп қарастыру қажет. Сонымен бірге, қылмыстық жазаның физикалық қасіреттер қолдану мен адамның қадір-қасиетін төмендету мақсатына ие болмайды. Жазалау үшін жағымсыз құқықтық және моральдық салдарға әкелетін соттылық секілді қасиет тән болады. Осылайша, егер тұлға жаңа қылмыс жасаса, бірінші қылмыс үшін сотталғандықтың болуы қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде бағаланады.Жазаның оны мемлекеттік күштеуден ерекшелендіретін белгісі деп жазалауда сотпен қылмыскерді және ол жасаған әрекетті тек құқықтық емес, моральдық та жағымсыз бағалау берілетіндігін есептеуге болады. Сол себепті жаза қылмыс жасаған тұлғаға мемлекттің атынан берілген жағымсыз баға болып табылады. Сонымен қатар, жазаны орындау сондай-ақ мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен реттемеленген жаза түсінігі адам құқықтары мен сотталғандарға қатынас туралы халықаралық-құқықтық актілерге сәйкес келеді. Атап айтсақ, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 29-бабына сәйкес қоғамның әрбір мүшесіне басқалардың құқықтары мен бостандықтарын тиісінше мойындау және құрметтеуді және мораль, қоғамдық тәртіп пен демократиялық қоғамдағы жалпы әл-ауқаттың әділ талаптарын қамтамасыз ету мақсатымен заңмен белгіленген шектеулер ғана қолданылуы тиіс.Осылайша, қылмыстық жаза дегеніміз – қылмыстық заңмен белгіленген қылмыс жасауда кінәлі тұлғаға сотпен қолданылатын, саза қасиетіне ие және қылмыс жасаған адамға мемлекеттің көзқарасын сипаттайтын мемлекеттік күштеу шарасы.