Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

4. Қылмыстық құқықтың дереккөздері.

Құқық теориясы құқықтың материалдық және формальдық көздерін бөліп алады. Қандайда бір құқықтық норма туындататын, оның негізін құрайтын құбылыстар норма туындататын, оның негізін құрайтын құбылыстар материалдық көздерге жатады. Ал құқықтың формальдық көздері дегеніміз, ол құқықтық норманың сыртқы сипаттамасы. Егер материалдық көздер қылмыстық құқықтық нормалардың мазмұнын сипаттаса,формальдық олардың формасын сипаттайды. Қылмыстық құқықтың бірден бір формальдық көзі қылмыстық заң, яғни Қылмыстық кодекс болып табылады. ҚР-ның қылмыстық заңнамасы тек осы Қылмыстық кодекстен тұрады. Қылмыстық жауапкершілік көзделген өзге заңдарды олар осы кодекске кіргеннен кейін ғана қолдануға болдаы. Ал батыстың көптеген елдерінде, АҚШ-та тікелей әрекет нормативтік акт ретінде конституция қылмыстық құқықтың көзі болып табылады, ол заң шығарушы қызметіне емес, құқық қолданудың да негізгі принциптеріне жатады. ҚР-ның Конституциясында да қылмыстық құқықтық сипаттағы бірқатар нормалар бар өлім жазасы, қорғанысқа қажетті құқық туралы, заңның кері күші жауап көтермейтін адамдар туралы, қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға болмайтындығы туралы және т.б ережелер қолданылады. Сонымен бірге Конституцияның көз құраушылық рөлін жекелеген қылмыстық құқықтық институтарымен шектеу қате болып табылады. Қылмыстық құқықтың келесі материалдық көзіне, бұрын аталып өткендей, халықаралық құқықтың көпшілік таныған принциптері мен нормалары жатады.

5. Қылмыстық құқық ғылымы.

ҚР-ның қылмыстық ғылымы да басқа ғылым салалары сияқты өзіне жүктелген зор, жауапты міндеттерді атқарады. Қылмыстық ғылымының негізгі зерттеу обьектісі қылмыстық заң және оның құқық қолдану органдары тәжірибесінде дұрыс қолдануын, жаза тағайындаудың, қылмыстылықпен қүрес жүргізудің ғылыми негіздерін белгіліп беру болып табылады. Осы күрделі мәселелерді зерттеуде қылмыстық құқық ғылымы қылмыстылықпен күрес жүргізетін криминология, құқықтық статистика,қылмыстық орындау, криминалистика, сот психологиясы, сот психиатриясы және басқа ғылым салаларымен тығыз байланыста болады. Осы ғылым салаларының ортақ міндеті – қылмыстылықпен күрес проблемаларын белгілеу, оны азайтудың, одан сақтандырудың жолдарын, әдістерін және тәсілдерін зерттеу болып табылады. Аталған ғылым салалары осы міндеттерді жүзеге асыруда әрқайсысы өзіне тән әдістерін қолданады. Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық заңдарды, қылмыстық институттары мен түсініктерді, нақты қылмыс құрамдарын, яғни қылмыстық – құқықтық нормаларын зерттейді. Сонымен бірге қылмыстық құқық ғылымы ҚР-дағы қылмыстық құқық ғылымының тарихын, даму кезеңдерін, шет мемлекеттердің де қылмыстық құқықтық ілімдерін терең талдайды. Дамыған, өркениетті елдердің қылмыстық заңдарының ғылыми жетістіктерінің пайдалы жақтарын елімізде кеңінен қолдануды ұсынатын да қылмыстық құқық ғылымы болып табылады. Қылмыстық құқық ғылымын дамытудың негізгі шарты – оның құқық қорғау, құқық қолдану органдары тәжірибесімен тығыз байланысында. Ішкі істер, тергеу, прокуратура, сот органдарының қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану тәжірибесінің қорытындысын зерттеуге, сондай қорытындыларды іріктеуге ғылымдардың тікелей қатысуы, ғылым мен тәжірибенің біртұтастығын көрсетеді. Осы салада еңбек ететін ғалымдар қылмыстық заңдардың жобаларын дайындау, заңдарды жетілдіру саласындағы ғылыми ұсыныстар енгізу. Республика Жоғарғы Сотының, Прокуратурасының ғылыми-консультативтік және методикалық кеңестері қызметіне қатысу арқылы да құқық қолдану органдары жұмысымен тікелей байланысты болады. Қазіргі заманда қылмыстық құқық ғылымының негізгі міндеттері болып, қолданылып жүрген заңдарға жүйелі түрде талдау жасап, оның пәрменділігін, тиімділігін жетілдіру, қылмыстық заңдарды, оның институттарын, жекелеген қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жасау, қылмыс қатарына жататын немесе қылмыс қатарынан алынып тасталатын әлеуметтік құбылыстарды дер кезінде анықтап отыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]