Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

45. Аса қажеттілік.

Аса қажеттілік жағдайында, яғни аталған тұлғаның және басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына және заңды мүдделеріне, қоғам немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнетін қауіпті жою үшін, егер бұл қауіптің басқа құралдармен жойылуы мүмкін болмаса және аса қажеттіліктің шектерінен асып кетуге жол берілмесе, Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды.Аса қажеттіліктің заңға сәйкестігі төніп тұрған қауіпке қатысты және оны жоюға бағытталған болып бөлінеді. Төніп тұрған қауіпке қатысты аса қажеттіліктің заңға сәйкестігінің шарттары келесі белгілермен сипатталады: 1. Қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі мүмкін кез келген күш (стихиялы табиғат күштері: жер сілкінісі, су тасқыны, қарлы боран және т.с.с.), адам ағзасындағы физикалық процестер (ауру, аштық және т.с.с.), механизмдердің жұмысы (ұшақты сынау кезіндегі мотордағы ақаулықтар және т.б.) қауіп көзі бола алады.2. Қауіп орын алған, яғни ол көз алдында, өтіп кетпеген, іле-шала пайда болуы мүмкін болуы керек.3. Қауіп адам қиялының нәтижесі емес, шынайы, яғни нақты, объективті бар болуы керек. Егер істің жағдайлары бойынша тұлға қауіп іс жүзінде жоқ екенідігін түсіне алмаса және түсінуге міндетті болмаса және қылмыс белгілеріне жататын жорамал қауіпті жоюға бағытталған қандай да бір әрекеттер жүзеге асырылса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Төніп тұрған қауіпті жоюға бағытталған шараларға қатысты шарттар мынаны талап етеді:1. Аса қажеттілік жағдайында жеке, қоғамдық, мемлекеттік мүдделер қорғалуы мүмкін.2. Бұл жағдайдағы төніп тұрған қауіп зиян келтіруден басқа ешбір жолмен жойыла алмайды. Егер зиян басқа адамдарға зиян келтірусіз басқа жолмен тоқтатылса, аса қажеттілік болмайды.

3. Егер алдын алған зияннан аз зиян келтірілсе қорғау әрекеттері заңға сәйкес болады.Аса қажеттілік шектерінен асып кету деп төніп тұрған қауіптің сипаты мен дәрежесіне анық сәйкес келмейтін зиян келтіру және қауіп құқықпен қорғалатын мүдделерге алдын алған зиянға тең немесе одан айтарлықтай елеулі зиян келтірілген кезде жойылған жағдай танылады. Мұндай шектен асу тек қасақана зиян келтіру жағдайларында ғана жауапкершілікке әкеледі.

Іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында болуы үшін бірнеше шарттардың жиынтығының болуы қажет:

  1. Нақтылы қауіп қылмыстық заң қорғайтын мүддеге тікелей төнеді. Бұл қылмыстық заңның өзінде тап осы адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына және заңмен қорғалатын мүдделеріне қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін істелетін әрекет деп көрсетіліп отыр.

  2. Заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ондай зиян залал келтірмей оны тойтару ешбір мүмкін емес.заң қорғайтын басқа мүддеге зиян келтірмей-ақ қауіпті тойтаруға болатын жағдайлараса қажеттілікке жатпайды.

  3. Аса қажеттілік болуы үшін келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиянның мөлшерінен кем болуға тиіс. Келтірілген зиян тойтарылған зиянмен бірдей болса да, іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында істеледі деуге болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]