Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

40. Қр қылмыстық заңы бойынша көптік қылмыстардың нысандары.

Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі қоғамға қауіптілігі жоғары екенін көрсетеді. Жасағанның қоғамға қауіптілік деңгейі құқық қорғау мүдделеріне аса мәнді залал келтіруі бір қылмысқа қарағанда басқа жағдайларда бірнеше рет жасауы әлеуметтікке қарсы бағытталған қарсы әрекеттерден тұрады. Қылмыстардың көптігі - жалпыланған қылмыстық құқықтық түсінік және ол ҚР-ң қылмыстық заңнамасында тұрмайды, бірақ ол қылмыстық құқық ғылымымен зерттелген. Ол көбінесе құқық қолдану тәжірибесінде тиімді қолданады. Қылмыстардың көптігін заңды белгілері:

  1. бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы

  2. бірінен соң бірі ретімен жасаған қылмыстар

  3. әр қылмыстан кейін қылмыстық құқық зардабының қалуы.

Бірінші белгі - көптіктің ең жалын белгісі. Оны сандық жағынан қарайды.Қылмыстардың көптігі болмайдыегер де бүкіл (екі) әрекеттің біреуі кінәлі жасаған кезде қылмыс болып саналмаса.Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы, яғни олардың әр қайсысы жеке, бірлікті қылмыс болуы керек. Осылар біркелкі нысанда болуы мүмкін, бірақ бір қылмыстың белгілері болуы тиіс.Бірнеше қылмысты жасауды біз көптілік деп санаймыз. Мысалы, кінәлі екі жай қылмыс жасауы мүмкін. Біркелкі қылмыстар өзінің мінездемесі бойынша заңды түрде бірдей немесе бірдей емес болады. Заңды түрде бірдей деп өзінің объективтік және субъективтік белгілері қылмыстық норманың біреуіне сәйкес келсе (жеке санкциясы болса).Ал заңды түрде біртоптық қылмыстарды көбінесе ерекше белгілері бойынша ажыратады, бірақ олар қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетіледі (бап, пункт, бөлік). Орнатылған бір топтылығын басқа қылмыстық қол сұғушылыққа жатқызуға тиісті, оның заңды белгілерінің ұқсастығына байланысты: негізгі объект, кінәнің нысаны, тәртіп ниеті, қылмыс жасау тәсілдері және т.б.Заңды бір топтық емес деп мына қылмыстарды айтуға болады. Олар өзара ұқсас, белгілері жақын және қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетілгендей (бап, бөлік, пункт).Осы қылмыстардың сәйкес келуі көптіліктің нысанын байқауға мүмкіндік береді және соған байланысты қылмыстық заң әр түрлі қылмыстық құқықтық мән береді. Қылмыстардың көптіліктің екінші белгісі - рет-ретімен екі немесе одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Ретімен жасау бұл қылмыстың бірі-бірімен бөлек жүретінін көрсетеді. Яғни әр қылмыс арасында белгілі уақыттың болуы. Уақыттың үзілуі созылмалы болмауы керек, бірақ бұл кезде бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратылуы керек. Көптіліктің үшінші белгісі - әр қылмыстан кейін келтірген зардаптың сақталуы. Осының мәні, яғни көптілікті құрайтын тек қылмыстар немесе кінәлінің әрекетіне нақты жаза қолданған кезін жатқызамыз.Көптілікке қатысты жағдайлар бұл бір немесе бірнеше ретімен жасалған кінәлінің әрекетін айтуға болады. Көптіліктің нысанына жатады:қылмыстың жиынтығы;қылмыстың қайталануы;қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы .ҚК тің белгілі бір бабында немесе ерекше бөлім бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті істеу қылмыстардың бірнеше реет жасалуы деп танылады.Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді.Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың жалпы қайталануы деп істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне қарамастан кез келген басқа бір қылмысты қайталап жасаушлықты айтамыз.Бірнеше реет мәрте жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы адамның ұқсас немесе біртектес қылмысты іс әрекетті тағы да жасауы болып табылады.Бұл жердегі сөз болып отырған ұқсас қылмысқа бір қылмыстың құрамына жататын қылмыстың қайталанып істелуі жатады.Мысалы,бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі.ҚК тің түрлі баптарында немесе баптрының бөліктерінде көзделген,адам солардың бірде біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстқ жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.Заң әдебиетінде қылмыстың жиынтылығы идеалдық және нақты болып екі түрге бөлінеді.Қыл.идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары,бір баптың әр түрлі бөліктері,тармақшалары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз.Қылмыстың нқты жиынтығы деп адамның ір түрлі іс әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына (баптың бөлімдеріне,баптың тармақшаларына) жататын қылмыс жасауын айтамыз.Қылмыстың жиынтығын идеалдық және нақты деп бөлудің теориялық та,практикалық та маңызы зор.Қылмыстың нақты жиынтығының зияындылылығы идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады,сол үшін де оған қатаңырақ жаза мөлшері белгіленеді. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғындығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.Қылмыстығ қайталануын білу үшін бұрын міндетті түрде сотталғандығы,бұрынғы істеген қылмысы үшін жазаны толық немесе ішінара өтеуі,соңғы қасақана қылмысты істегенде сотталғандық атағының болуы шарт.Қылмыстың қайталануы,көптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрінің бірі.Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың қайталануы фактілік және ресми болып бөлінеді.Адамның бірініші ітелген қылмысы үшін сотталғандық атағының бар жоғына қарамастан тағы да жаңа қылмыс істеуі фактілі қылмыстық қайталау деп саналады.Сотталғандық атағының жойылмаған немесе одан арылмаған адамның жаңа қылмыс істеуі ресми қылмыстық қайталау болып табылады.Ресми қайталану жалпы,арнаулы,жай,күрделі,пенитенциарлық,қауіпті,аса қауіпті болып бірнеше түрге бөлінеді.