Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

38. Қылмысқа жанасушылық: түсінігі жəне түрлері.

Қылмыстық жанасушылық дегеніміз қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анық қылмысты хабарламау туралы қасақана іс әрекеттері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті органдарға хабарламауы я болмаса сол әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері.Қылмысқа жанасушылық қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру,істелгелі жатқан немесе істелгені,анық қылмысты хабарламау туралы қасақана іс әрекеттері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге мндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті орындарға хабарламауы,я болмаса,сол ірекеттерге кдергі келтірмейтін әрекетсізіктері деп белгіленеді.Қылмысқа жанасушылықтың қауіптілігі сол,мұндай іс әрекеттер дайындалып жатқан қылмыстарға тойтарыс беруге сондай ақ істелген қылмыстарды ашуға,кінәлі адамдарды әшкерелеуге мүмкіндік бермейді.Қылмысқа жанасушылыққа кінәлі адамдардың зияныдылығы қылмысқа бірге қатысушыларға қарағанда онда көп емес,сондықтан да қлмысқа жанасушылық үшін Кодекстің ЕЕрекше бқлімінде арнайы көрсетілген реттерде ғана қылмыстық жауапқа тартылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа жанасушылықтың үш түрлі нысандары бар: күні бұрын уәде бермей жасырушылық, хабарламау, жол берушілік. Қылмысты жасыру үшін жауаптылық кез келген қылмысты жасырғаны үшін емес, тек қана ауыр немесе аса ауыр қылмысты алдын ала уәде бермей жасырғанда ғана жүзеге асырылады. Дайындалып жатқан немесе жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламау қылмысты хабарламау б.т. Қылмыс туралы хабарламау қылмысқа бірге қатысушылыққа жатпайды. Өйткені қылмысты хабарламаған адамның қылмысқа бірге қатысушылармен бірлесіп аса ауыр қылмыс жасауға ешқандай қатысы болмайды. Қылмысқа жол берушілік деп, істегелі жатқан қылмысқа бөгет жасауға міндетті адамның мүмкіндігі бола тұра бөгет жасамаушылығын айтамыз. Қылмыстық заң бойынша мұндай мідет заңның тікелей сол міндетті орындау туралы нұсқауымен немесе қызмет бабын атқарумен байланысты міндеттілігінен туындайды.

39. Бір реттік қылмыстар түсінігі жəне түрлері.

Бір адам бір немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп, заңда көрсетілген бір әрекеттен , зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және Ерекше бөлімнің бір бабымен сараланатын қылмысты айтамыз. Жеке қылмыстар жай, күрделі құрамға, созылмалы, жаслғасқан қылмыстар болып және басқа түрлерге бөлінеді. Жай құрамда бір обьектіге бір әрекет арқылы кінәнің бер нысанымен зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы,бқтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау.Бұл жерде бір объектіге (біреудің меншігіне) бір әрекет (жасырын ұрлау) арқылы бір кінә нысанымен (қасақаналықпен) жәбірленушіге зиян келтірілп отыр. мүлкін Күрделі құрам деп екі немесе одан көп іс әрекеттен құралатын оның әрқайсысын бір бірінен бөліп қарағанда жай түрдегі қылмы құрамына жататын бірақ ішкі бірлігі бойынша бір қылмысты құрайтын қылмыстардың жиынтығын айтамыз.Мсыалы,қарақшылықтың құрамын алайық.Мұнда бөтен біреудің мүлкіне иелік ету жәбірленушінің өмірі мен денсаулығынақауіпті күш жұмсау арқылы жүзеге асырылады.Бұл жағдайда жәнеәр түрлі қылмыстық әрекеттер өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету және мүлікті иемдену немесе иемденуге (иемденуге оқталу)бір күрделі қылмыс құрамын бір түрі балама әрекетті қылмыс б.т. Оның ерекшелігі сол қылмыстық заңда көрсетілген,әрбір әрекет немесе әрекетсізік біткен қылмыс құрамын көрсетеді.Созылмалы қылмыс кінәлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып жүктеген міндеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай, әрекет немесе әрекетсіздік арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асыруы б.т. Мұндай созылмалы қылмыстың қатарына блімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кеті,балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата анасын бағуға арналған қаражатты төлеуден әдейі бұлтару,қаруды,оқ дәріні және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру,сақтау,алу,жасау және өткізу;қылмыс туралы хабарламау және басқалары жатады.Жалғасқан қылмыс деп, ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ұқсас қылмысты әрекеттерден құралатын, жиынтығанда бір қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз.Мұндай қылмыстарға мысалы,тұтынушыларды алдау,үнемі ұрып соғу немесе басқа да әркеттермен азаптау сияқты қылмыс құрамдары,сондай ақ мемлекет мүлкін өзара ұқсас әр түрлі қылмысты әрекеттер арқылы тегін,заңсыз иелік ету мақсатымен жасалған,нәтижесінде бір қылмыс болып табылатын талан тараждар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]