Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

36. Бірге қатысушылықтың түрлері жəне нысандары.

Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың суб.байланыстарының сипаты мен дәрежесіне,олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне,қатысушылардың өзара об.байланыстарының мәніне,қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі.Қылмысқа қатысушыларының әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне қарай қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қылмысқа қатысу және алдын ала келісп қылмысқа қатысу болып бөлінеді.Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан жекелеген қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге бөлінеді.Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындашылық деп атаймыз.Тар мағынадағы қатысшылықта орындауы қылмыс істеуге ұйымдастырушының:айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де мүмкін.Ал қоса оырндаушылықта қылмысқа қатысушылардың барлығының бір бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы және қатысушылардың қлмысты бірге тікелей істейтінін білуі қажет.

Қылмысқа қатысудың нысандары қатысушылардың об. Жағының белгілерін орындау сипатына байланысты:жжай қатысу, күрделі қатысу)..Жай қатысуға екі ерекшелік сай: 1.әркімге белгілі ролдің бөлінбеуі тек ұйымдастыру техникалық бөлу 2.қатысудың нақты орны мен уақыты.Қатысудың осы нысаны алдын ала келіскен кезде мүмкін болады және мүмкін болмаған кезде. Қылмыстылықпен жасалды деп егер де онда немесе одан да көп адам қатысса саналады. Күрделі қатысу заңды түрде ролдерде бөлумен негізделеді, яғни атқарушы, көмектесуші, ұйымдастырушы.Атқарушының әрекет жасаған қылмысқа сай сол баппен сараланады. ҚК тің қылмыстық қатысудың бірнеше нысаны:топ болып қылмыс жасау,бір топ адамның алдын ала келісу,алдын ала келіспей,ұйымдасқан топ және қылмысты бірлестік арқылы жасалуы мүмкін.Алдын ала келіспей қылмысқа қатысу.Мұндай ретте қылмыс топ арқылы алдын ала келіспей,қоса орындаушылық түрінде,қылмысқа қатысушылардың арасында келіспеушілік қылмыс істелгенге дейінгі уақытта орын алмаған жағдайда істеледі.Алдын ала келіспей қылмысқа топ болып қатысу өте қауіпті және бұл сот тәжірибесінде аз кездесетін қылмыс болып табылады.Қылмысқа қатысу нысанының ең қауіпті көп тараған түрі алдын ала сөз байласып,келісіп қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан түрі болады.Алдын ала келісу деп қылмыстың об.жағын құрайтын әрекеттерді орындағанға дейін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі көрсетілген баптардағы іс әрекеттерді істегенге дейін басқа бір адаммен болса да келісімге келуді айтамыз.Егер қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса,ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.Ұйымдасқан тұрақты топпен қылмыс істеу топқа қатысушылардың белгілі бір рөлдерді атқаруы арқылы да,сондай аө ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Тұрақты топ бір немесе бірнеше қасақана қылмыстар істеу үшін құрылған топ б.т.Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған бірігіп ұйымдасқан топ не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі жасаса,ол қылмыс сыбайластық қылмысты ұйым жасаған қылмыс д.т. Ұйымдасқан топпен және қылмыстық ұйыммен жасаған қылмысы ұйымдасқан қылмыс деп аталады. Бүгінгі күні ұйымдасқан қылмыстылық есірткі заттарды сатумен, заңсыз қару сатумен, т.б. тығыз байланысты. Криминологияда белгілердің жиынтығы көрсетілген, яғни осы белгілер ұйымдасқан қылмыстылықты былай мінездейді:

  • қылмыстық ұйымның әрекет ету үшін техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету

  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасырынуға, тығылып жасауға, яғни әлеуметтік бақылаудан жалтару шараларын қолдану

  • қаржыландыру: қылмыстық ұйымның заңсыз тапқан пайдасын бөлу және арнайы қажетті фондтарын құру

  • орталықтандырылған ақпаратты қамтамасыз ету

  • заңсыз тиісті емес үкімдердің жүзеге асуы, бұлар бұлтартпау шаралары сияқты мүліксіз қолданады

  • экономика мен құқық қорғау органдары мен заңсыз байланысты жүзеге асыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]