Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

29. Кінə түсінігі жəне нысандары.

Заңда кінәлінің жалпы түсінігі берілмеген. Заңшығарушы кінәнің психологиялық, әлеуметтік, қылмыстық құқықтық түсінігін оның формалары арқылы береді. Кінәнің формалары айырмашылығы тұлғаның жасап жатқан іс әрекетіне түсіну деңгейі және зардаптарды көре білуден және кінәлінің еркінен тұрады.ҚК 19 б 3 б кінгәнің 2 формасы көрсетілген: қасақана және абайсыздық. Кінәнің әр формасы психиканың қызметінің интеллектуалдық және еріктік элементтерден тұрады.Кінәнің мәні:

  1. Ол қылмыстық жауапкершіліктің субъективті негізі болады

  2. Оның формалары ниет және мақсат объективтік белгілерімен ұқсас қылмыстарды ажыратуға жол ашады.

  3. Оның формалары, ниет және мақсаты қылмыстың және қылмыскердің қоғамға қауіптілік деңгейін және сипатын, қылмысты жіктеуге және жауапкершіліктің деңгейіне әсер ету туралы анықтауға әсер етеді.

Объективті айыптау іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке кінәсіз де тартуға жол береді. ҚК 19 б 2 б бойынша объективті айыптауға яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.Жанама қасақаналық адам зардаптың болуын тілегенмен оның болуына саналы немесе немқұрайлы түрде жол беру дегеніміз кінәлінің есінде жетуге тырысқан басқа мақсаттар тұрады. Сол мақсаттарға жету процесінде сол зардаптар келеді. (Мысалы банкті тонаудан кейін қылмыскерлер сол жерді кедергісіз тастап кету үшін қоршағандарға оқ жаудырады, яғни қылмыскерлер біреуді жарақаттау мүмкіндігін немесе өлтіруіне саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды. Жанама қасақаналы іс-әрекеттер келтірілген зардаптарына байланысты, мысалы, егер тура жақын жерден оқ ату барысында қару мүлт кетсе онда оның іс-әрекетін адам өлтіруге оқталу деп қаралу керек. Ал егер кінәлі бір топ адамға атса оның әрекетін келтірілген зардапқа байланысты саралау керек. Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы объективті ақиқат.Қылмыстың субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымда сот іс бойынша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды.

Сонымен ,кінә дегеніміз бұл адамның өзінің қасақаналқпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс әрекетіне және оның қоғамға зияныда зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші б.т.Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы объективті ақиқат.Интеллектуалдық және еріктілік кзеңдерінің әр түрлі өзара қатынасы кінәнің нсандарын,түрлерін анықтауға мүмкіндік туғызады..Қылмыстық кодексте кінәнің нысандарының екі түрі қасақаналық және абацсыздық түрі көрсетілген.

30. Қасақаналық жəне оның түрлері.

Қылмыстық заңда және сот тергеу практикасында ең көп кездесетін кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады.Кінәнің қасақаналық нысанын ділме діл анқтаудың заңдылық маңызы ерекше. Кодекстің 20 бабында қасақаналықтың 2 түрі белгіленген (тікелей және жанама) және оларды құрайтын белгілері анықталған. Қай саланың сипатталған белгілеріне байланысты олар 2 топқа бөлінген. Тікелей және жанама қасақаналықтың 1-ші тобын адамның интеллектуалдық элементтері құрады, ал екінші тобын еріктілік элементтері құрады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптіт мәнін сезіну және сана сезім арқылы өтетін оның қоғамға зыяинды зардабын болжау қасақаналықтың интеллектуалдық(сезім)кезеңін құрайды.Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына санала түрде жол беру еріктілік кезеңідеп аталады.Тікелей және жанама қасақаналықтың екеуінің жалпы белгісі болып тек адамның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезіну болып табылады.Өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезіну деп адамның өз әрекетімен қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зардап келтіретіндігін түсіну. Мысалыға ұрлық жасау барысында адам біреудің жеке меншігіндегі затты алу арқылы жеке меншік құқығы бұзып отырғандығын біледі және ол заттың егесі бұдан былай ол затпен өз еркі бойынша қолдана алмайды, өйткені ол зат одан алынды. Бұл белгі 14 жастан жауапкершілік белгіленген қылмыстардың шеңберін заңды анықтауда негізгі критерисі болып табылады. 14 жастағы жас өспірімнің психофизиялық дамуы әлеуметтік тәжірибесі. Бір әрекет жасау барысында кейбір әрекеттен бас тарту арқылы ол адам болатын зардап нәтижелерін болжамдайды. Тікелей қасақанада қоғамға зиянды зардапты болжау сөзсіз болатын түрде емес болуы мүмкін ретінде алдын ала болжанады. Зардаптардың болу мүмкіндігі тікелей қасақаналықты жанама қасақаналыққа қарағанда үлкен. Қоғамға қауіпті зардаптың мүмкіндігі немесе болмай қоймайтындығы қасақаналықтың еркіне байланысты. Тікелей қасақаналықта зардаптың болуын тілейді, жанама қасақаналықта зардаптың болуына біле тұра жол беру.Қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына санала түрде жол беру тікелей қасақаналықтың еріктілік элементін құрайды.Тілеу бұл белгілі біп мақсатқа ,нәтижеге жету деген ерік білдірушілік болып табылады.Тікелей қасақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу,әр түрлі нысанда көрінуі мүмкін:қоғамға зиянды зардап келтіру кінәлінің түпкі мақсаты немесе қоғамға зияыны зардап түпкі мақсатқа жетудің қажетті құралы болса я болмаса;қоғамға зяиныд зардап кінәлә адам үшін түркі мақсатқа жетудің белгілі бір сатысы болуы мүмкін.Қылмыстық заңда қасақаналықтң аықтамасы материялдық құрамдағы қылмыстарға арналып берілген.Формальдық құрамдағы қылмыс үшін қасақаналықтың мазмұны осы тұрғыда қылмыстардың объективтік жағының белгісі болып табылатын істелген қоғамға қауіпті әрекет немесе ірекетсіздік қоғамға зяиындылығын сезу ғана жеткілікті б.т.Жанма қақаналықтың ерктілік белгісі қоғамға зияныд зардаптың болуына немқрайды қарап санала түрде жол беру арқылы көрінеді.Жанама қасақаналық тікелей қасақаналықтан негізінен осы еріктілік белгі бойынша ерекшеленеді.Жанама қасақаналықта,тікелей қасақаналыққа қарағанда кәнілі адам зардаптың болуын тілемегенімен,бірақ оның болуына саналаы немесе немқұрайды түрде жол береді.Жанама қасақаналықтың ерекшелігі,ол формальды қылмыс құрамында болмайды.Ойткені формальды қылмыс құрамының об.жағы тек қана қоғамға зиянды іс әрекеттен ғана құралады.Жанама қасақаналықпен қылмысқа даярлану,қылмысқа оқталу,құрамында арнаулы мақсатты көрсеткен қылмыстарды істеу,сондай ақ қылмысты ұйымдастыруды,азғыруды және көмектесуді жүзеге асыру мүмкін емес.Бұл тұрғыдағы қылмыстар тек қана тікелей қасақаналықпен ж.а.Кінәлінің өзінің істелетін іс әр. Келетеін қоғамға зияныда зардаптарын дәл болжауына байланысты қасақаналық нқтыланған және нақтыланбаған болып екіге бөлінеді.Нақтыланған:кінәлі нақтылы дәл анықталған қоғамға зиынды зрдаптың болуын болжайды.Нақтыланбаған:кінәлі адам қоғамға зиынды зардаптың нақты қайсысының орын алатынын және оны ққандай болатынын ділме діл елестете алмайды.Зардартың болуы тікелей қасақаналықта үлкен өйткені оны тілейді және оған жетуге талпынады (мысалы, адамды өлтіремін деп оған жақын жерден оқ

ату немесе жүрегіне пышық салу, бұл адамның өз нәтижелеріне жетуге талпынуын көрсетеді, яғни адамды өлтіруге тырысады.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]