Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

24. Қылмыс субектісінің түсінігі.

Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады.Қылмыстық кодекстің 4 6 7 баптарының талаптарына сәйкес ҚР нің Қылмыстық кодексінің күші ҚР нің азаматтарына,Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға,сондай ақ шетелдіктерге қолданылады.Бұдан туатын қорытынды,қоғамға қауіпті іс әрекет үшн қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам азамат тартылады.Заттар,жануарлар дүниесі,табиғат күштері клетірілген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды,яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі блыр танылмайды.Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе,онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады.Сондай ақ заңы тұлғалар мекеме,ұйым,кәсіпорн басқа да заңды ұйымдар қылмыстың субъектісі болып танылмайды.Жоғарыда айтылғандардың еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауптылыққа,сол еңбек ққорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам,егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайда ұшыраса жауаптылыққа тартылады.ҚК те «есі дұрыс,Кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуыға тиіс» деп туралы айтылған.Осыған орай,яғни қылмыс субъектісі болып тек қана жеке тұлға адам саналады.Бұл субъектінің бірінші белгісі б.т.Қоғамға қауіпті іс әрекет істеген кезде есі дұұрыс емес күйде,өзінің іс әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын,өз әркетін басқара алмайтын адам қылмыс субъектісі болып кез келген адам ғана емес,тек есі дұрыс адам танылады. Бұл субъектінің екінші белгісі б.т.Он алты жасқа толған жасөспірімдер өздерінің қылмыстық заңға қайшы кез келген іс әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады,кейбір қылмыстарды істегені үшін мұндай жауаптылық одан ертерек жаста он төрт асқа толған уақыттан басталады.Яғни,қылмыстық заңда көрсетілген белгілі бір жасқа толу қылмыс субъектісінің қажетті белгісінің бірі болып табылады.Сонымен қылмыс субъектісі болып қылмыстық заңда көрсетілген жасқа толған,есі дұрыс жеке адам саналады.Қылмыстың субъектісі жалпы және арнаулы болып екі тұрге бөлінеді.Есі дұрыстық заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгілер барлқ қылмыстарға тән,ортақ белгілер.Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді.Жалпы субъектімен осы белгілермен қатар жекелеген қылмыстың құрамының ерекшелігіне қарай қосымша,арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.Мысалы,мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекеттік қызметшілер арқылы істеледі.Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнаулы субъект б.т,әскери қылмыстарды тек әскери қызметшілер істейді,сондықтан әскери қызметшілер де қылмыстың арнаулы субъектісі б.т.

25. Қылмыс субектісінің жас белгілері.

Қылмыстың субъектісі болып заңла көрсетілген жасқа толған,есі дұрыс адам саналады.Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып танылады.Өте жас балалар қылмыстың субъектісі бола алмайды.Өйткені,олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға істеген зияынды іс әрекетіне жауап бере алмайды.Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға тыйым салады. ҚР ҚК қылмыстық жауапкершіліктің 2 жас деңгейін белгілеген. Жалпы көп қылмыстар үшін жауапкершілік 16 жастан басталады. Ал кейбір қылмыстар қоғамға қауіптілігі құқыққа қарсылығын жасөспірімге де көрінетін қылмыстар үшін 14 жастан 14 жастан жауапккершілік белгіленген қылмыстар тізімі шектелген. Оларға жатады: адам өлтіру; (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; ауырлататын мән жайда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру; зорлау; нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану; (125 б) адам ұрлау; ұрлық; тонау, қарақшылық; қорқытып алушылық ; терроризм .Бұл тізбекте келтірілген қылмыстар тізбегі тұжырымды,оны кең мағынада талқылауға болмайды.Осы көрсетілген қылмыстардың қоғамға қауіптілігін 14 жасқа толған әрбір адам сезеді,өз әрекетіне есеп береді,сол себепті де за шығарушы көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылықты 14 жасқа толған уақыттан бастап белгілеп отыр. Алдын ала тергеу тергеу органдары, прокуратура, сот жауақа тертылатын кәмелетке толмағанның нақты жасын анықтауға міндетті. Жасы оның құжаттары арқылы анықталады. Адам жасы толды деп туылған күні емес келесі күннен бастап саналалады. Егер кәмелетке толмағандардың құжаттары болмаса тергеу органдары оның жасын анықтау үшін сот медициналық экспертиза тағайындауға міндетті. Бұл жағдайда айыпталушының туған күні сот медициналық экспертиза анықтап жылдың соңғы күні болып есептеледі.Айыпталушының минималды және максималды жас мөлшерін анықтау барысында оның максималды жас мөлшері алынады. Кейбір қылмыстардың субъектісі болып (әскери мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс) тек 18 жасқа толған адамдар бола алады. 15 б 3 б былай деленген: егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бәлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.

26. Есі дұрыстық. Есі дұрыс еместіктің түсінігі жəне критериилеріҚылмыстың субъектісі тек есі дұрыс тұлға болады.Есі дұрыстық деп жалпы айтқанда заң алдында өз әрекеті үшін жауап бере алатындығы. Есі дұрыстық - бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау барысында өз ісіне есеп бере алатын оларды басқара алатын психикалық жағдайы.ҚК 16 б сәйкес есі дұрыс еместік 2 критериймен белгіленеді: медициналық, заңды. Медициналық критерий - адамның созылмалы психикалық ауруын, психикалық қызметінің уақытша бұзылуын, басқа аурумен ауыратын жағдайын айтамыз. Олардың 4 түрі:1) созылмлы психикалық ауру 2) уақытша психикалық ауру 3) кем ақылдық және т.б. ұқсас аурулар.Созылмалы психикалық аурулар ұзақ ауру және қиын жазылатын немесе жазылмайтын аурулар. Кейде олар приступ арқылы көрінуі мүмкін, бірақ өзінен кейін дефект қалдырады. Бұл аурулар: мизефрения, эпилепция, паралич.Уақытша психикалық аурулар - бұл уақытша психикалық аурулар, яғни жазылатын аурулар. Бұлар: потологиялық, психикалық істен шығуы.Кем ақылдылық - психикалық іс-әрекеттің түсуі, адамның интеллектуалдық қабілетіне әсер етілуі. Бұл ауру адамның ми қабілетілігінің жоғалтуы немесе ол туылғаннан немесе психикалық ауру арқылы пайда болады. Кем ақылдық адамның ақыл ой қабілетінен төмендеуінен туындайтын аурулар.Кемақлдықлықтың 3 түрі бар: 1) жеңіл (дебильдік)2) орта(имбецильдік)3) ауыр(идиотия).Мұндай аурулар тұрақты туа біткен нерв ауруының (делбе,энцефалит,мидың зақымдануы)әсерінен пайда болады.Басқа да психикалық аурулар - бұл аурулар психикалық ауруларға жатпайды, бірақ соған қарамастан психиканың бұзылуымен бірге келеді. Мысалыға, гомоцинацияға әкелуі мүмкін және сол уақытта аурудың ақыл ойының немесе еркінің жұмыс істеуі бұзылуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайлар бас миының травмалануы немесе мидың ісігі ауруларында болады.Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін тек медициналық критерий жеткілікті емес.Тек құқықтық және медициналық критерилердің қосындысы ғана тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алады. Заңдылық(психологиялық) критерий адамның өзінің істеген әрекетіне есеп бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекет басқара алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады. Интеллектуалдық кезең мазмұнына адамның өзінің істеген іс әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін ,оның қоғамға қауіпті мәнін,яғни,қоғам басқалар үшін өз мінез құлқының зияындылығын сезбейтінін көрсететді.Ақыл ойдың бұзылуы еріктің бұзылуына себепкер болып,адамның өзінің іс әрекетін басқара алмайды.Адамды есі дұрыс деп тану үшін сот психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет.Есі дұрыс емес деп танылғанда медициналық белгінің нышандарының кем едегенде біреуін және заңдлық белгінің нышандарының интелектуалдық еріктілік белгілерінің екеуінде немесе аурулық жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет.Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі.ҚК тің 18бабында мас күйінде істеген қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған.Осы бапқа сәйкес қылмысты мас күйінде істеген адам (спирттік ішімдікті,есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдаланудың нәтижеснде)қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.Демек,мұндай адам қоғамға қауіпті іс әрекет үшін қылмыстық жауапқа тартылады.Мастықтың екі түр бар:физиологиялық және потологиялық мастық. Физиологиялық мастыққа күнделікті кездесетін мастық жатады.Мұндай жағдайда қылмыс істеген адамды есі дұрыс емес адамның қатарына жатқызуға болмайды Потологиялық мастыққа алкоголь ішімдігін,есірткі немесе басқа есеңгірететін заттарыд үнемі пайдаланудың салдарынан дертке ұшырап,соның әсерінен өзінің іс әрекеті туралы есеп беруден қалған,өзін өзі басқару қабілетін жоғалтқандар жатады.Сот психиатриялық сарапшының қорытындысына сәйкес,мұндай адамдар есі ауысқан деп танылуы мүмкін.Сондай адамдарға медициналық түрдегі ерксіз емдеу шаралары қолданылады.Ал айыққаннан соң өзінің істеген қылымысы үшін жалпы тәртіппен жазалануы мүмкін.Қайсбір жағдайларда сот адамның мас күйде қылмыс жасауын жауаптылықты ауырлататын мән жай деп тануы да,танымауы да мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]