
- •Асқазаннан қан кету, этиологиясы, клиникалық белгілері. Асқазаннан қан кеткенде жедел жәрдем көрсету.
- •Жиі себептері
- •Аз кездесетін себептер
- •Сирек себептер
- •Қан аралас құсық, мелена
- •Ауруханаға жатқызу және алғашқы көмек
- •Қан аралас нәжіс
- •Ауруханаға жатқызу көрсеткіші
- •Гипергликемиялық кома, себептері, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.
- •Негізгі әрекет ететін факторлар:
- •Өт шаншуы (өт тас ауруы)
- •Алғашқы жәрдем
- •Наркотикалық емес анальгетиктер
- •Комбинирленген спазмоанальгетик
- •Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы, естен тану мен және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.
- •Талудың ауруханаға дейінгі сатысында келесі варианттарын ажыратамыз:
- •Вазовагальды талу (жай талу)
- •Диагностикалық маңызы:
- •Тырысумен байқалатын талу
- •Симптоматикалық талу
- •Дроп шабуыл
- •Аритмиялық талу
- •Коллапс
- •Ауруханаға көрсеткіш
- •Этил спритімен улану Жіктемесі
Комбинирленген спазмоанальгетик
Зат |
топ |
Құрамы амп |
Құрамы таб |
Метамизол натрий (анальгин) |
Наркотикалық анальгетик |
2,5 г |
500 мг |
Питофен гидрохлорид |
Миотропты спазмолитик |
10 мг |
5 мг |
Фенпиферин бромид |
М-холинолитик |
100 мг |
100 мг |
Метамизол натрий ауырсынуды, ыстықты түсіреді, қабынуға қарсы әсері бар. Питофен гидрохлорид ішкі мүшелердің тегіс б/етіне миотропты әсер етеді.
Фенпиферин бромид холиноблокаторлық әсері бар, ол тегіс бұлшық еттерді толығымен босаңсытады сондықтан да дәрілік препаратты енгізгеннен кейін ауырсыну басылады, бұлшық еттер босаңсиды, дене қызуы төмендейді.
Шаншу кезінде 5 мл баралгин ерітіндісін 5-8 минут аралығынды к/тамырға енгізу керек, қажет жағдайда қайталап6-8 сағаттан кейін салуға болады. Дәріні бұлшық етке де енгізуге болады, бірақ әсері 20- 30 минуттан кейін басталады.
Жағымсыз әсері: агранулацитоз, к/тамырға енгізгенде гипотензия байқалуы мүмкін.
Спазмолитикалық және ауырсынуды басатын әсері бар әртүрлі топтың дәрілері. Спазмолитикалық әсері бар аминофиллин (эуфиллин), новокаин, нейролептиктер.
Эуфиллин 2,4 % - 10 мл +10 мл физиологиялық ерітіндіге қосып к/тамырға енгізуі;
Новокаин 0,25 % - 10 мл + 5 % глюкоза 100 мл ерітіндісін тамшылатып к/тамырдан енгізу керек. 0,25 % - 10 мл – 15 мл- 10 мл физиологиялық ерітіндімен тамшылатып к/тамырға енгізуге болады.
Дроперидол 0,25 % 2-4 мл + 5 % глюкоза 200 – 300 мл ерітіндісін к/тамырдан енгізу.
Дәрілерді комбинирлеп енгізудің мақсаты:
Ауруханаға дейінгі сатыда бұлшық етке және к/тамырға дәрілерді енгізумен шектеледі. Инфузия түрінде енгізу тек ауруханада басқа әдістердің көмегі болмаған жағдайда жүргізіледі.
Қатты ауырсыну кезінде дәрілік затты тек к/тамырдан енгізу керек.
Бір топтың дәрілерін енгізу дұрыс емес. Мысалы біруақытта баралгин және анальгин немесе атропин, платифиллин немесе но шпа және папаверин.
Бір шприцке анальгин және но шпаны/ папаверин және платифиллинді араластыруға болады. Эуфиллинді басқа дәрілермен араластыруға болмайды. Оны тек физиологиялық ерітіндімен араластырып салуға болады.
М холиноблокаторларды және дәрілерін сақтықпен баяу түрде к/тамырдан енгізу керек, себебі АҚҚ төмендеуі, тахикардия пайда болуы мүмкін.
Шыдатпайтын ауырсыну сезімі болған жайдайда хирургиялық бөлімшеге жатқызылады.
Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы, естен тану мен және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.
Талу немесе синкопе жалпы бұлшық ет әлсіздігімен, постуралды тонус төмендеуімен, жүрек қан тамыр жүйесінің жедел бұзылысымен (АҚҚ төмендеуі, жіп тәрізді тамыр соғысы, аритмиямен) сипатталатын уақытша естен тану жағдайы.
Синкопе жағдайының дамуында бас ми қанайналымының ретикулярлы формациясын белсендіретін қан ағымының транзиторлы жеткіліксіздігі негізгі себеп болып табылады. Бас ми қанайналымының метоболикалық процессі церебральды қанағымына және перфузиясына тікелей байланысты. Церебральды қан ағымының төмендеуі 10 сек кейін естің бұзылуына алып келеді. Синкопе жағдайының себептері көп: тамырлық, кардиалдық, неврологиялық, метаболикалық. Көбінесе синкопе ортастатикалық гипотензиядан, жүрек ырғағы (тахиаритмия, блокадалар) және кардиодепрессивті висцеро висцералды рефлекс бұзылуынан дамиды. Синкопе жағдайындағы науқастардың АҚҚ горизантальды және вертикальды жадайда өлшеу, тамыр соғысын есептеу, ЭКГ тіркеу қажет.