Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.02.2020
Размер:
1.19 Mб
Скачать

2.Операциялық рычаг тиімділігінің түсінігі

Мысалы:

Көрсеткіштер

10%-ға өсу

Өткізуден табыс

1000

1100

VC

700

770

FC

200

200

Табыс

100

130

Өткізуден түсімнің кез келген өзгерісі табыс көлемінің үлкен өзгерісіне әкеледі, операциялық рычаг тиімділігі осымен байланысты.

Өндірістік рычагтің әсер ету күші:

ӨРК = ӨТ – VС / табыс (18)

мұндағы: ӨТ - өткізуден табыс.

Нақты леверидж (рычаг) және бағалық леверидж бөліп қарастырылады. Яғни баға өсімінен немесе нақты көріністегі өндіріс көлемінің өсу себебінен табыс өсімінің өзгерісі.

Өндірістік рычагтың әсер ету күші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым осы кәсіпорынмен байланысты кәсіпкерлік тәуекел де өседі.

3.Операциялық анализ элементтері

Шығынсыздық нүктесі (рентабельділік табалдырығы) - бұл кәсіпорын не шығын, не пайда таппайтын өндіріс көлемі.

Табыс= өткізуден табыс – FC – VC = 0 (19)

Рентабельділік табалдырығы:

Рентабельділік табалдырығы = FC : (ӨТ – VCсалыстырмалы) =

Рентабельділік табалдырығы= FC : ӨТ – VC/ӨТ (20)

Шығынсыздық нүктесін есептеу сызбасы

Б ағалы және табыс

VC

FC

Шығын

ӨРК =1000 - 700=3; Табыс =200: 1000 - 700=666,67,

100 100

бұл нүктеде не пайда, не шығын жоқ.

Фирманың қаржылық беріктілік қоры нақты өндірістің рентабельділік табалдырығынан асуы (ЗФП):

ЗФП=табыс – ПР (21)

Мысал келтіріп көрейік, кәсіпкердің өзінің өндіріс бағдарламасын қалай әзірлеу керектігін қарастырайық:

Кәсіпкер 2 тауар түрін өндіреді, сонымен бәсекелестік нарықпен жұмыс істейміз, 2 тауар сұраныс икемділігіне ие және тұтынушылар үшін бірдей тартымды, яғни әдейі келесідей жағдай құрдық, фирманың өндіріс көлемі бойынша дұрыс шешім қабылдау нарықтығы сәттілікке ие болудың негізі.

І тауар

ІІ тауар

Барлығы

Табыс

600

400

1000

VC

400

300

700

FC (пропорционалды)

120

80

200

пайда

80

20

100

Рентабельділік табалдырығы – 666,67, қаржылық беріктілік қоры- 333,33

Тауардың әрқайсысына рентабельділік табалдырығын есептейік:

І тауар – ПР=120; ((600-400)/600) =360

ІІ тауар – ПР = 80; ((400-300) /400) = 320

Қаржылық беріктілік қорының І тауары – 600-360 =240 (67%). Сонымен қатар, І тауарды шығару кәсіпорын үшін тиімді. Бұл кәсіпорынға табыс әкеледі. Өндірістен үлесі – 60%, ал алатын пайдасы – 80%. Мүмкін, ІІ тауардан бас тартып көреміз. Енді кәсіпорын 1 ғана тауар шығарады. Бірінші тауардан бас тартып, кәсіпорынның өндірісі 20%-ға өсті (өте жоғары). Сонымен табыс – 720, өзгермелі шығындары – 480, тұрақты – 200 және пайда – 40, яғни өткен периодпен салыстырғанда 2,5 есе төмендеді. Біз бірінші тауармен қоса тұрақты шығындарды алу керек еді. Кәсіпкерге ең дұрысы бірінші тауардың рентабельділік табалдырығын ескере отырып, екінші тауардың өндіріс көлемін өсіру керек.

Бұдан не шығатынын көрейік. Бірінші тауарды өндірісін сол қалпында қалдырып, екінші тауарды – 15%-ға өсірейік. Сонда екінші тауарды өндіруден табыс – 460, өзгермелі шығындар – 345, тұрақты шығындар сол қалпында – 80, пайда – 35. Бірінші тауардың қорытындысына қоса мынаны көреміз. Барлық табыс – 1060 (+6%), барлық пайда – 115 (+15%)

Операциялық рычаг тиімділігі әсерінен 2 ереже құрастыруға болады:

  1. Табыс рентабельділік табалдырығынан және шынайы тауарды өндіру олардың табалдырықтан асатындай жағдайға қол жеткізуге тырысу керек. Бұл жағдайда фирма пайдасының өсімі болады.

  2. Өндіріс рентабельділік табалдырығына жақын болған сайын өндірістік рычагтың әсер ету күші үлкейетін және керісінше болатынын есте сақтаған жөн. Бұл тұрақты шығындардың көтерілуіне әкеп соғатын рентабельділік табалдырығының көтерілуінің шегі бар екенін білдіреді (жаңа еңбек құралдары, жаңа ғимараттар, кәсіпорынды басқаруға шығындардың өсуі). Өзіміздің мысалды қолдана отырып, кәсіпкерге өзінің өндірістік бағдарламасын қалай құру керек екенін көрсетіп көрейік.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның шығындарының жіктелуі

  2. «Операциялық рычаг тиімділігі» түсінігі

  3. Операциялық талдау элементтері: операциялық рычаг, рентабельділік табалдырығы, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық запасы

  4. Кәсіпкерлік (өндірістік) тәуекел. Қаржылық және операциялық рычагтардың тиімділігінің ымыраластық концепциялары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]