Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать
  1. Ақша ағымдарының түрлері және оларды бағалау

1. Қозғалыс бағытына байланысты ақша ағымы:

- түсімдер

- шығындар

- таза ақша ағымдары +,-

2. Атқаратын қызметке байланысты:

- операциялық қызметтен, негізгі қызметтен

- қаржылық қызметтен

- Инвестициялық қызмет бойынша

3. Кезеңдік төлеумен байланысты:

- пренумерандо ақша ағымы.

- постнумерандо ақша ағымы.

Пренумерандо ақша ағымы — ол кезеңнің басына келетін ағым.

Постнумерандо ақша ағымы - кезеңнің соңына келетін ағым.

Практикада көбінесе постнумерандо ағымы қолданылады.

Постнумерандо ағымы аналитикалық мақсатта қолданылады.

Пренумерандо ағымы жинақтық мақсаттарға қолданылады.

Ақша ағымдарының бағалауы 2 әдіспен жүзеге асырылады.

1. тікелей (Ғ = Р (1 + r) п формулаға байланысты болады). (88)

2. керісінше (89)

Егер ағымдағы құн және пайыздық ставка арқылы болашақ құн анықталса, процесс компаундинг немесе өсу процесі деп аталады.

Егер болашақ құн (ҒV) және пайыздық ставка (r) арқылы ағымдық құн (РV) анықталса, процесс дисконттау деп аталады.

(90)

Ақша ағымының постунемерандо бағалауы:

1. Тікелей әдіс бойынша постнумерандо ағымын анықтау.

(91)

2. Керісінше әдіс бойынша болашақ ағым арқылы ағымды құнды aнықтау.

(92)

Пренумерандо ақша ағымын бағалау.

1. FVPre=FPst(1+r) (93)

2. PVPre=FPst(1+r) (94)

F=P(1+r) (1+r)п – ҒМ1 (r, п) (95)

(1+r)п – ҒМ1 (r, п) - мультипликациялық көбейткіш.

Оның мөлшері - пайыз және кезеңге байланысты кестеленген.

Мультипликациялық көбейткіштің экономикалық мәні- ол 1 ақшалай бірлік анықталған (r) % ставка бойынша (n) кезеңнен кейін қаншаға тең болуын көрсетеді.

Ғ = Р*ҒМ1 (r,n) (96)

(97)

1/(1+r)k = ҒМ2 (r, n) - дисконттау көбейткіші.

Оның мөлшері де кестеленген.

Р=Ғ/(1+r)n = Ғ*ҒМ2(r, n) (98)

Р= Ғ*ҒМ2 (r, n) (99)

3 Рента түсінігі және түрлері

Рента - ол кезең сайын тең мөлшерде төленетін төлемдер. Ренталық төлемдер ақша ағымының бір түрі болып келеді. Сондықтан оның бағалауы да 2 әдіспен жүзеге асырылады:

- тікелей

- керісінше.

Ренталар:

- мерзімдік

-мерзімсіз болып бөлінеді.

Мерзімдік рента бойынша алғашқы және ақырғы төлемдер уақыты алдын-ала анықталады.

Мерзімсіз ренталар бойынша ақырғы төлем уақыты рента басына белгісіз болады.

Ренталар:

-жай

- келтірілген болып бөлінеді

Жай ренталар - немесе постнумерандо кезең аяғында төлемдер төленеді. Келтірілген аванстық, пренумерандо рентасы төлемдер кезеңінің басында жүзеге асырылады. Ренталық төлемдердің бір түрі аннуитет болып табылады. Кезеңдік төлемдер, бірақ табыспен байланысты болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Дисконттау деген не?

  2. Компаундинг деген не?

  3. Аннуитет деген не?

  4. Жай пайыздар схемасы қалай қолданылады?

  5. Күрделі пайыздар схемасы қалай қолданылады?

  6. Дисконт деген не?

  7. Баға индекстері қалай қолданылады?

  8. Индекс-көрсеткіштері не үшін қажет?

11 Тақырып. Қаржылық менеджмент тактикасы. Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару

  1. Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымы

  2. Кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық қажеттілік ұғымы (ҚЭҚ). Оларды төмендету тәсілдері.

  3. Ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтерді басқару.

  4. Кәсіпорынның тауарлы-материалды қорларын басқару

  5. Дебиторлық берешекті басқару

  6. Ақшалай активтерді басқару

  1. Кәсіпорынның айналым капиталы ұғымы. Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрылымы.

Капитал кәсіпорынға кәсіпкерлік идеяларды іске асыруға көмек береді.

Натуралды-заттай формада негізгі және айналым капиталын бөледі, құндық формада негізгі және ағымдағы активтер.

Айналым активтері (айналым капиталы)- кәсіпорын капиталының ағымдық активтер салынған бөлігі. Өндірістік процесте айналым активтерінің функционалды ролі негізгі капиталдан ерекшеленеді.

Айналым капиталының негізгі мақсаты - өндірістің үздіксіздігі мен жеделдігін қамтамасыз ету.

Айналым капиталының заттық элементтері әр өндірістік циклде қолданылады. Олар өздерінің натуралды формасын жоғалтады, сондықтан дайындалған өнімнің құнына толығымен қосылады.

Айналым капиталының айналым стадиялары:

А-Т-...Ө...Т11

А –ақша қаражаттары, авансталған инвестициялар

Т -тауар (өндіріс құралы, жұмыс күші және т.б.)

Ө - өндіріс

Т1-дайын өнім

А1- өнімді сатудан түскен ақша қаражаттары

Айналым капиталына айналған ақша қаражаттары тауар ретінде сатуға арналған дайын өнімді жасауға бағытталған материалдарға, шикізатқа, отынға және т.б. жұмсалады және де осының барлығы кейін ақша қаражаттарына айналады. Осыған орай, айналым капиталы өзінің заттық түрін өзгертіп, өз құнын толығымен өнімнің өзіндік құнына ауыстыра отырып, өндірістік циклға қатысады.

Негізгі капитал айналым капиталына қарағанда өндірістік процеске бірнеше рет қатысады және өзінің құнын тозу мөлшерінде, амортизациялық аударымдар түрінде өнімнің өзіндік құнына біртіндеп ауыстырады.

Кесте Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрамы

1. Активтер

Негізгі немесе тұрақты (АЙНАЛЫМНАН ТЫС)

-Материалды емес активтер

-Негізгі құралдар

-Аяқталмаған құрылыс

-Басқа да айналымнан тыс активтер

Айналым немесе ағымдық (АЙНАЛЫМ)

Баяу сатылатын -

ҚОРЛАР:

-Шикізат, материалдар

-Дайын өнім

-Басқа да баяу сатылатындар

тез сатылатындар-

ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК:

-Есепті мерзімнен кейінгі 12 айдан кейін күтілетін төлемдер

-Есепті мерзімнен кейінгі 12 айдың ішінде күтілетін төлемдер

Жылдам өтімді-

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

Ақша қаражаттары

2.ПАССИВТЕР

ТҰРАҚТЫ:

Меншікті

МЕНШІКТІ ҚҰРАЛДАР (капитал және резервтер)

-Жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтік капитал

-Басқа да меншікті пассивтер

Тартылған

Ұзақ мерзімділер (ұзақ мерзімді пассивтер):

-Есепті мерзімнен кейінгі 12 айдан кейін өтелетін кредиттер мен займдар

-Басқа да ұзақ мерзімді пассивтер

Қысқа мерзімді пассивтер (ағымдық)

Кредиттер мен займдар:

-Есепті мерзімнен кейінгі 12 ай ішінде өтелетін

Кредиторлық берешек

Басқа да пассивтер