Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

2. Қаржылық менеджменттің функциялары және принциптері

Қаржылық менеджмент өзінің негізгі мақсаты мен міндетін белгілі функцияларды жүзеге асыру арқылы іске асырады. Бұл функциялар қаржылық менеджменттің кешенді мазмұнымен анықталатын екі негізгі топқа бөлінеді:

  1. Жүйені басқарушы ретіндегі қаржылық менеджмент функциясы;

  2. Кәсіпорынды басқарудың арнайы облысы ретіндегі қаржылық менеджмент функциялары.

Қаржылық менеджменттің мазмұны мен принциптеріне сүйене отырып, оның мақсаты мен міндеті қалыптасады.

Қаржылық менеджменттің негізгі мақсаты - ағымдағы және перспективалық кезеңдерде кәсіпорынның меншік иелерінің жағдайларын максимизациялауды қамтамасыз ету. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтық құнын максимизациялауды қамтамасыз етуде нақты сипатқа ие болады, ол оның басшысының соңғы қаржылық қызығушылығын іске асырады.

Өзінің негізгі мақсатын жүзеге асыру процесінде қаржылық менеджмент келесі міндеттерді орындауға бағытталады.

  1. Болашақта кәсіпорынды дамыту мақсаттарына сәйкес, қаржылық ресурстардың қажетті көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

  2. Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша қалыптасқан қаржылық ресурстар көлемін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

  3. Ақша айналымын оптимизациялау

  4. Қарастырылып отырған тәуекелділік деңгейінде кәсіпорын табысының максималды болуын қамтамасыз ету

  5. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын, оның дамуы барысында активтердің үнемі өсіп отыруын қамтамасыз ету

Қаржыларды басқарушының функциялары:

  1. Мынадай сипаттағы қаржылық шешімдер: фирманың айналым активтерін басқару (ақша қаражаттары, дебиторлар, қорлар)

  2. Қаржылық есептілік көрсеткіштері негізінде жалпы қаржылық талдау мен жоспарлау

  3. Компанияның инвестициялық шешімдері: ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау; активтердің барынша тиімді құрылымын анықтау; бағалы қағаздар портелін басқару.

  4. Қаржыландыруға қатысты компания шешімдері: компанияның капитал құрылымын қалыптастыру және қаржыландыру көздерін таңдау арқылы ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау. Бұл жерде дивидендтік саясатты таңдау мәселесі тұрады.

  5. Активтерді сақтау, салық салу, кеңес беру, ішкі бақылау жүйесін және ақпараттық қамсыздандыруды қалыптастыру, компанияны қайта құрумен байланысты басқа да функцияларды орындау.

Қаржылық басқару түсінігінің детерминанттары

қаржылық мақсаттар

Қаржылық категориялармен өлшенетін, қаржылық сипатқа ие болатын мақсаттар мен критериилерге қол жеткізу, яғни, олардың орындалуының нәтижесін ақшамен сипаттауға болатын барлық мақсаттар: пайда максимизациясы, ақша ағыны максимизациясы, шығындарды қысқарту, өзіндік құнды қысқарту, компания құнының жоғарлауы, төмен пайыздық қатынастарды жақсарту мүмкіндігі, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды қысқарту. Көрініп тұрғандай, бұл мақсаттардың көбісі синтетикалық болып табылады, яғни оларға қол жеткізу үшін қаржылық менеджердің компетенциясына тікелей енгізілмейтін, демек, қаржылық басқарудың міндеттеріне енбейтін бірнеше қосымша міндеттерді шешу керек. Мысалы, өзіндік құнды төмендету мәселесі маңыздылық деңгейіне қарай қаржылық басқарудың ғана емес, технологиялық басқару, инновацияны басқарудың да пәні бола алады. Онымен қоса, өзіндік құнның төмендеуі компанияның басқа мақсаттарына залал ретінде болуы мүмкін. Мысалы, материалдар өндірісте барынша төмен бағамен есептен шығарылады, ал олар көтерме саудамен, тіпті алдын ала төлем арқылы төмен бағамен үлкен партиясы алынған болуы мүмкін. Бір жағынан қойма тауарға толады, үлкен ақша қаражаттар кетеді, кредиторлық қарыз өседі. Осы сияқты көптеген параметрлерге қаржылық басқару әдістері жеткіліксіз, мұнда кәсіпорынның кешенді менеджменті қажет. Осылайша, қаржылық басқарудың мақсаты – барынша кешенді жұмыстар. Оларға қол жеткізу үшін шешу қажет міндеттер, көп жағдайда қаржылық басқарудың шегінен асып кетеді, бұл ақпараттық қамтамасыз ету қызметі бойынша емес, операциялық қызметімен байланысты болады.

Қаржылық басқарудың объектілері

Қаржылық басқарудың субъектісі өзінің әсерін неге бағыттайды? Әрине, қаржылық басқарудың мақсаттарына қол жеткізу үшін. Мысалы, пайда түсу жағдайында (мысалы, мақсаты пайданы өткен жылға қарағанда бір жарым есе үлкейту) басқарушылық әсер сәйкес, пайданың барлық детерминанттарына бағытталуы керек. Бірақ бұл әсер спецификалық болады, егер бұл жерда жалпы менеджмент туралы емес, қаржылық басқару туралы айтылып отырса. Бұл туралы алда, қаржылық басқарудың әдістері туралы айтылғанда толығырақ тоқталамыз. Ал қазір, субъектінің объектіге әсер етуінің жалпы концепциясын талқылаймыз. Түсімнің барлық детерминанттары басқа басқару жүйелерінің жауапкершілігінде болады, мысалы, сатуды, маркетингті, жабдықтауды, логистиканы және т.б. басқару, ал қаржылық басқару үлкен ұжым атқарған жұмыстың нәтижесіне жауап береді және оған қоса оны басқарады. Бұл әрине дәстүрлі басқару түсінігімен келіспейді, өйткені өткізу жүйесіне әсер ету сәйкес басқару субъектілерінің функциясын көрсетеді немесе жай ғана компетентсіз болады. Сондықтан, қаржылық басқару субъектілерінің сәйкес объектіге негізгі әсер ету тәсілі жалпы қаржылық нәтижеге әсері туралы сапалы ақпарат беру, ал енді осы ақпаратты қалай пайдалану ол басқа басқару салаларының жұмысы, бірақ қаржылық емес екені белгілі, демек, негізгі ретінде қаржылық менеджменттің ақпараттық функциясы қалыптасады.

Қаржылық басқару субъектілері

Яғни бұл, сәйкес басқару объектілеріне басқарушылық әсер ете алатын міндетті тұлғалар немесе құрылымдық бөлімшелер. Сұрақ барынша күрделі, ол мынаған байланысты, біріншіден, маңыздылығына қарай көп нұсқалы болып келетін, ұйымның ұйымдастырушылық құрылымына, екіншіден, ұйымдағы жалпы құзыреттілік пен жауапкершілікті жүктеуге байланысты, ол да өз кезегінде көп нұсқалы болуы мүмкін.

Қаржылық басқару әдістері

Алғашқы ақпарат алу, талдау жүргізу және қай жерде тиімді жасалған, қай жерде тиімсіз екенін көрсету, кім жауапты, алдағы тиімсіздіктің алдын алу бойынша кеңес беру. Демек, жабдықтаушыларда, өндірушілер мен өткізушілерде сияқты операциялық қызмет емес, керісінше, тиімділікке бағыттайтын, бірақ орындалуын қамтамасыз етпейтін ақпараттық жұмыстар.

Қаржылық менеджмент функциялары:

  1. Ұдайы өндірістік - ол кәсіпорынның қысқа және ұзақ мерзімді активтеріне қаржылық салымдар.

  2. Өндірістік - кәсіпорын қызметінің қаржылануы және ақша қорларының пайда болуына кәсіпорынның өндірістік коммерциялық қызметінің бақылануы болып келеді.

  3. Бақылау - ол қаржылық ресурстардың қолдануындағы ақша қорларының бақылануы.

Қаржылық менеджменттің негізгі принциптері:

  1. Жоспарлық және жүйелік

  2. Мақсатты бағытталу

  3. Әртараптану (диверсификациялану)

  4. Стратегиялық өркенделу

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржылық менеджменттің негізгі міндетттері мен мақсаттары қандай?

  2. Корпорацияларда қаржылық қызметті қалай ұйымдастыруға болады және олар қалай ажыратылады?

  3. Қаржыларды ұйымдастырғанда корпорациялар қандай принциптерге негізделеді?

  4. Қаржылық менеджменттің эволюциясы