Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.02.2020
Размер:
1.19 Mб
Скачать

9 Тақырып Инвестициялық жобаны талдау әдістері

  1. Инвестиция түсінігі, түрлері

  2. Инвестициялық жобаны таңдау әдістері және критерийлері

  3. Инвестициялық жоба тәуекелінің бағасы

  4. Капиталсалым бюджетінің оптимизациясы және қалыптасуы

  1. Инвестиция түсінігі, түрлері

Инвестициялау шаруашылық субъектілерінің жарғылық капиталының қаражаттарын бағалы қағаздарға, инвестициялық жобаларға салуды білдіреді.

2 Сурет Инвестиция жіктелуі

Тәуекелді инвестициялар (венчурлі капитал) үлкен тәуекелмен байланысты жаңа салаларға жүргізілетін инвестицияларды білдіреді. Бұл- жаңа технологиялар саласында ұсақ иннрвациялық жобаларды қаржыландыру.

Тікелей инвестициялар - ол табыс алу және кәсіпорынның қызметінде қатысуға құқық алу мақсатымен жарғылық қорға салымдар.

Аннуитет - уақыт аралығында салымшыға жиі белгілі бір табыс әкелетін инвестиция. Негізінен бұл негізгі және зейнетақы қорына салынған құралдар.

Кәсіпорынның портфельдік стратегиясы ол капиталды таратумен кәсіпорынның қызметін кеңейтумен, синергизм тиімділігін пайдалану, басқа кәсіпорындарды сатып алумен байланысты қызметте болады.

Қызмет ететін кәсіпорындарға портфельдік стратегия сыртқы фактор ретінде болады, яғни портфельдік стратегия кәсіпорының сыртқы стратегиясына жатады.

Ішкі стратегиямен бірге ол кәсіпорынның жалпы қаржылық стратегиясын құрайды.

Егер кәсіпорының ішкі стратегиясы өнімнің бәсекелестігін жоғарылатуға бағытталса, портфельдік стратегия сыртқы салу объектілері арқылы капиталдың өсуін қамтамасыз етеді.

Портфельдік стратегияны жүзеге асырған жағдайда инвестор, яғни кәсіпорын келесідей параметрлерге негізделеді:

1. Портфельдің түрін анықтау, яғни табысты алумен байланысты портфельді таңдау.

Табысты алумен байланысты портфель 2 түрге бөлінеді:

А) Дебиторлар және пайыздар ретінде табыстарға бағытталатын портфель.

Б) Курстың айырмашылық ретінде табысқа бағытталатын портфель.

  1. Өзіне сәйкес инвестициялық бағалықтардың тәуекелі мен табыстылығының қатынасын анықтайды.

  1. Портфельдің алғашқы құрамын анықтау.

Тәуекелге байланысты инвесторлар сәйкесінше инвестициялық портфельде келесідей түрлерге бөлінеді:

  1. агрессивтік (тәуекелді таңдайтын инвестор)

  1. консервативтік (тәуекелді қаламайтын)

  1. орташа: бұл инвестор жоғарғы және төменгі тәуекелді бағалы қағаздарға салымдар, тәуекелі әртүрлі бағалы қағаздардан тұратын портфель.

4.Портфельді басқару саясатын әзірлеу.

Салу объектісіне байланысты портфель 2 түрге бөлінеді:

1. Диверсификациялық портфель.

2.Синергетикалық портфель.

Диверсификациялық портфельде әртүрлі эмитенттерден және әр түрлі бағалы қағаздардан құрылады (бір-бірімен байланысты емес объектілерге салу).

Синергетикалық портфель, бірнеше кәсіпорын бірігіп, инвесторлық бағалықтарды пайдаланылады (1 ғана объектіге салады).

  1. Инвестициялық жобаны таңдау әдістері және критерийлері

Инвестиция критерийлері:

  1. салымдардың таза табысы альтернативті салымдардың таза табысынан артық болуы керек (мысалы, банктік пайыз);

  2. инвестициялардың рентабельділігі инфляция деңгейінен артық болуы керек;

  3. ақшаның уақытша құндылығын есепке алғандағы жоба рентабельділігі альтернативті жобаға қарағанда жоғары болуы керек;

  4. инвестициялық жобаларды жүзеге асырғаннан кейінгі активтердің экономикалық рентабельділігі ең болмағанда төмендемеуі қажет.

  5. баланс пассивінің құрылымы жетілдірілуі керек. Меншікті қаражат үлесі артады, ал қаржылық рычаг плегосы қызыл сызықтан аспауы керек.

  6. жай акцияның нарықтық курсына және жай акцияға таза табыс өседі.

Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері 2 үлкен сыныпқа бөлінеді: жай әдіс және дисконттау әдісі.

  1. Жай (статистикалық) әдіс экономикалық тиімділікті жетерліктей тез және жай есептеу негізінде бағалауды жүргізуге мүмкіндік береді. Жай әдістің көрсеткіші ретінде қолданылады:

  1. үлестік капитал салымы өндірістік қуаттылық бірліктерінің пайда болуына немесе өнім шығарылымының бірлігіне;

  2. жоба пайдасының жай нормасы (пайызда) – таза пайданың инвестициялық жалпы көлеміне немесе инвестицияланатын акционерлік капиталға қатынасы;

  3. қайтып алудың қарапайым уақыты (инвестицияны қайтару мерзімі), инвестицияның жалпы көлемінің таза пайда сомасына және амортизация шегеріміне қатынасы ретінде.

Әртүрлі мерзім уақытына, бір деңгейлі сома түсімі және төлемін келтірген көрсеткіштер есепке алмайтын қиын критерийді пайдалану қажеттілігіне әкеледі.

  1. Дисконттау әдісі. Нарықтық экономикада қолданылатын инвестиция әсерінің бағасы келесі қағидаға негізделед:

  • төлем өндірістік және инвестициялық қызмет ақша ағымының көрсеткіштеріне негізделеді;

  • ағымдық (дисконтталған) құн көрсеткіштеріне міндетті түрде жорамалдануы, келтірілуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]