Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФМ 2010 книга 2точный на издание2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

8 Тақырып Дивидендтік саясатты басқару

  1. Дивидендтік саясаттың түсінігі

  2. Дивидендтік саясаттың негізгі көрсеткіштері және оның кәсіпорынның нарықтық құнына әсері

  3. Дивидендтерді төлеу үшін шектеулер, формалары және қайнар көздері

  4. Дивидендтік төлемнің негізгі әдістемесінің сипаттамасы.

Дивидендтік саясат. Табысты басқарудағы жалпы саясаттың құрамдас бөлімдігі компанияның нарықтық құнын максимизациялау мақсатында оның тұтынатын және капиталданатын бөліктері арасындағы пропорцияларды оңтайландырудан тұрады.

Дивидендтік саясаттың рөлі:

Инвестормен қарым - қатынасына ықпал етеді. Сыртқы қаржыландыру мөлшерін анықтайды. Компанияның ақшалай қаражатының қозғалысына ықпал етеді.

Дивидендтік саясаттың әзірлемесінің негізгі мақсаты: компанияның нарықтық құнын максимизациялау мен оның ағымдағы тұтынылуы арасындағы қажетті пропорционалдықты орнату және оның стратегиялық дамуын қамтамасыз ету.

Дивидендтік саясаттың әзірлену теориясы:

Дивидендтерді қалаушылық теориясы

Дивидендтердің тәуелсіздік теориясы

Дивидендтердің минимализациялау теориясы

Дивидендтердің сигналдық теориясы

Клиентураның әсерінің теориясы

Дивидендтерді қалаушылық теориясы («қолдағы көк – құс» теориясы). Оның авторлары – Гордон мен Линтнер – капиталдың өсімінен кіріске қарағанда, дивидендтерде тәуелдіктің дәрежесі аз, сондықтан компания дивидендтерінің төлемінің жоғары коэффициенті белгілеуге және өз капиталының құнын азайту үшін акцияға дивидендтің жоғары коэффициетін ұсынуға тиіс деп тұжырымдайды.

Дивидендтердің тәуелсіздік теориясы

Оның авторлары – Модельяни мен Миллер – таңдаулы дивидендтік саясат компанияның нарықтық құнына да, меншік иелерінің ағымдағы және болашақтағы кезеңдеріндегі игіліктеріне де ешбір әсер етпейді, өйткені осы көрсеткіштер үлестірілетін емес, қалыптастырылатын табысқа байланысты.

Дивидендтердің минимизациялау теориясы (салықтық дифференсация теориясы)

Оның авторлары – Литценбергер мен Рамасвалли. Осы теорияға орай дивидендтік саясаттың тиімділігі меншік иелерінің ағымдағы және болашақтағы кірістері бойынша салық төлемдерін азайту критерийімен анықталады.

Дивидендтердің сигналдық теориясы (сигналдау теориясы)

Акцияның нарықтық құнының ағымдағы шынайы бағасы олар бойынша төленетін дивидендтердің мөлшері негізінде бағаланады және белгіленеді. Дивидендтік төлемдер деңгейінің өсуі акцияның нарықтық құнының автоматты өрлеуін анықтайды, бұл олардың іске асырылуы (сатылуы) барысында акционерлерге қосымша кіріс әкеледі.

Акционерлердің құрамына дивидендтік саясаттың сәйкес келушілік теориясы (клиентураның әсерінің теориясы) Осы теорияға сәйкес компания акционерлрінің көпшілігінің күтетін нәтижелеріне сәйкес келетін дивидендтік саясатты әзірлеуге тиіс.

Акционерлер мен басқарушылар арасында табыстарды үлестіру бойынша жиі келіспеушіліктер болып тұрады: «жоғары дивидендтер немесе өндірісті дамыту».

Келесідей категорияларды қолдану арқылы қаржылық менеджер бұл келіспеушіліктерді шеше алады:

  1. дивидендтерді үлестіру нормалары (ҮН).

  2. меншікті қаражаттарының өсуінің ішкі қарқыны (ӨІҚ).

ҮН- кәсіпорын өзінің табысының қандай бөлігін дивидендтерді төлеуге жұмсайтынын көрсетеді.

ӨІҚ - меншікті қаражатты өсіру туралы ақпаратты береді және өндірістің өсу қарқынын анықтауға мүмкіндік береді.

Дивидендтерді үлестіру нормалары және меншікті қаражаттарының өсуінің ішкі қарқыны арасында кері қатынас:

ВТР=меншікті қаражат рентабельділігі * (1-ҮН) (45)

Дивидендтік саясат (ДС) - ол кәсіпорынның қаржылық саясатының бір бөлігі, ол өзіне келесілерді қосады:

  1. таза табысты үлестіру және салымға байланысты меншік иесінің үлесін қалыптастыру концепциясын шығару;

  2. табыстың белгілі бір үлесі капитализациялау және тұтыну арасындағы оптималды қатынасты белгілеу;

  3. акцияның нарықтық құнын өсіру мақсатындағы нақты шараларды анықтау.

Өңделген депозиттік саясатты тарату формасы ретінде пайданы таратудың екі негізгі бағытының механизмі болып табылады:

-пайданы қайта инвестициялау;

- меншік иелеріне табыстарды төлеу.

Кәсіпорынның таза пайдасын тарату келесідей болады.

Акция иелеріне қол жеткізілетін таза табыс:

  1. капитализацияланатын табыс;

  2. дивидендтер (дивидендтік төлем қоры).

Кәсіпорынның ұзақ мерзімді кезеңде өндірістік дамуына арналған меншікті қаржылық ресурстарының нысаны болып табылатын, капиталдандырылған таза табыс- өндіріске оны қайта инвестициялауға арналған. Жаңа акциялар шығарумен салыстырғанда, табысты қайта инвестициялау - кәсіпорынды қаржыландырудың арзан формасы болып табылады. Таза табыстың бөлігі тұрақты кезең аралығында акция саны мен түріне байланысты акционерлер арасында үлестіріледі.

2. Дивидендтік саясаттың негізгі көрсеткіштері және оның кәсіпорынның нарықтық құнына әсер етуі

Дивиденд- бір акцияға келетін табыс үлесі, акционердің ағымдағы табысын көрсетеді.

«1 акцияға дивиденд» (DPS) - жай акцияға келетін дивидендтік төлемдер деңгейінің негізгі көрсеткіші болып табылады және ол мына формуламен анықталады:

(46)

Жалпы және айналыстағы жай акцияның табыстылығының көрсеткіштері

  1. 1акцияға табыс (EPS)

(47)

  1. Акциялардың ағымдағы табыстары (1акцияға дивиденд нормасы)

(48)

Жаңа акцияларды шығаруға қарағанда кәсіпорын үшін табысты қайта инвестициялау қаржыландырудың арзан формасы болып табылады.

3. Курстық құнды есепке алғандағы акцияның табыстылығы =

= Дивиденд +акцияның курстық құндылық кіріс(шығын)

Акцияны сатып алу бағасы (49)

Дивидендтік саясаттың негізгі аспектісі болып дивидендтік шығыс көрсеткіштері болып табылады, ол акционерлерге нақты төленетін (DPR) таза табыстың үлесін сипаттайды (пайызбен немесе салыстырмалы шамада)

Дивидендтік шығыс = дивидендтің массасы * 100%

(%) таза табыс (50)

Дивидендтік шығыс (бірлік үлесінде) = 1 акцияға дивиденд