
- •1 Тақырып. Қаржылық менеджменттің мазмұны
- •Қаржылық менеджмент пәні, түсінігі
- •Қаржылық менеджменттің функциялары және принциптері
- •Қаржылық менеджмент пәні, түсінігі
- •2. Қаржылық менеджменттің функциялары және принциптері
- •Қаржылық басқару түсінігінің детерминанттары
- •2 Тақырып Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары және көрсеткіштері
- •Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
- •Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
- •1. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары
- •2. Қаржылық менеджменттің базалық көрсеткіштері
- •3 Тақырып Тәуекел және табыстылық
- •2.Портфель теориясы
- •3. Тәуекелдерді бағалау әдістері
- •4. Инвестициялық портфельдің табыстылығы және тәуекелі
- •4 Тақырып Активтер портфелін басқару
- •Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі .
- •Альтернативті (Баламалық) теориялар.
- •Қаржылық активтердің табыстылығын бағалау үлгісі.
- •2. Альтернативті (Баламалық) теориялар
- •2.Операциялық рычаг тиімділігінің түсінігі
- •3.Операциялық анализ элементтері
- •6 Тақырып Қаржылық рычаг (тетік) тиімділігі
- •2. Капиталдың орта өлшенген құны
- •Капиталдың негізгі көздерінің құны
- •Капиталдың шекті құны
- •5.Капитал құрылымының негізгі теориялары
- •8 Тақырып Дивидендтік саясатты басқару
- •1 Акцияға таза табыс (51)
- •Дивидендтік төлемнің негізгі әдістемесінің сипаттамасы
- •9 Тақырып Инвестициялық жобаны талдау әдістері
- •Инвестиция түсінігі, түрлері
- •Инвестициялық жобаны таңдау әдістері және критерийлері
- •2.Дисконттаудың әдістері
- •Инвестициялық жобалардың тәуекелін бағалау
- •4. Капиталды салымдар бюджетінің құрылуы мен оптимизациясы
- •Тақырып. Ақша ағымдарын бағалау
- •Ақшаның уақытқа байланысты өзгеруі
- •Ақша ағымдарының түрлері және оларды бағалау
- •Рента түсінігі және түрлері
- •Жай пайыздар
- •Күрделі пайыздар
- •Ақша ағымдарының түрлері және оларды бағалау
- •3 Рента түсінігі және түрлері
- •2. Кәсіпорынның қаржылық эксплуатациялық қажеттілік ұғымы (қэқ). Оларды төмендету тәсілдері
- •3. Ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтерді басқару
- •5. Дебиторлық қарызды басқару
- •Ақшалай активтерді басқару
- •Банкроттықтың түсінігі және белгілері
- •Банкрот жағдайында борышқорға қолданатын шаралар
- •Ұйымды қайта ұйымдастыру
- •Банкрот жағдайында борышқорға қолданатын шаралар
- •Ұйымды қайта ұйымдастыру
- •Бақылау сұрақтары:
- •«Қаржылық менеджмент» пәні бойынша глоссарий
- •5 Есеп
- •8 Есеп
- •10 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •14 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •18 Есеп
- •19 Есеп
- •20 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •30 Есеп
- •31 Есеп
- •32 Есеп
- •33 Есеп
- •34 Есеп
- •35 Есеп
- •36 Есеп
- •41 Есеп
- •42 Есеп
- •43 Есеп
- •44 Есеп
- •50 Есеп
- •51 Есеп
- •64 Есеп
- •65 Есеп
- •Әдебиеттер:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Д.Т. Жұманова., Г.М. Мұқашева
Қаржылық менеджмент
Оқу құралы
Астана 2010
УДК: 658.15(075.8)
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Д.Т.Жұманова., Мұқашева Г.М. Қаржылық менеджмент.- Астана, 2010-81 б
«Қаржылық менеджмент» оқу құралы курс бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Курс тақырыптары бойынша лекциялық материал және глоссарий бар.
Оқу құралы экономикалық мамандықтардың жоғары оқу орындарының магистранттарына арналған.
Сын пікір берушілер:
Экономика, қаржы және халықаралық сауда Қазақ Университетінің «Қаржы» кафедрасының доцент м.а., э.ғ.к. А.Т.Исаева.
С.Сейфуллин атындағы экономика факультетінің деканы э.ғ.к. доцент А.С.Ысмаилова.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ әдістемелік кеңес отырысында баспаға ұсынылды
Хаттама № «____»________2010ж
C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, 2010ж
Мазмұны
Алғы сөз...........................................................................................................4
Тақырып 1. Қаржылық менеджменттің мазмұны.......................................5
Тақырып 2. Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары және көрсеткіштері.................................................................................................10
Тақырып 3. Тәуекел және табыстылық.......................................................14
Тақырып 4. Активтер портфелін басқару...................................................19
Тақырып 5. Операциялық рычаг(тетік) тиімділігі.....................................22
Тақырып 6. Қаржылық рычаг(тетік) тиімділігі.........................................25
Тақырып 7. Капитал құрылымының теориясы: Модельяни-Миллер үлгісі, компромистік үлгі..............................................................................27
Тақырып 8. Дивидендтік саясатты басқару...............................................33
Тақырып 9: Инвестициялық жобаны талдау әдістері................................40
Тақырып 10. Ақша ағымдарын бағалау......................................................48
Тақырып 11. Қаржылық менеджмент тактикасы. Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару....................................................58
Тақырып 12.Ұйымды қайта ұйымдастыру:қосылу, сатып алу, бөлшек, тығырыққа отыру және жою........................................................................71
«Қаржылық менеджмент» пәнінен глоссарий............................................80
«Қаржылық менеджмент» пәнінен есептер................................................83
Қолданылған әдебиеттер............................................................................103
Алғы сөз
«Қаржылық менеджмент» пәнін оқудың мазмұны - Қазақстан Республикасының қаржылық есептемені жаппай халықаралық стандартқа өтуі, оның негізгі ұстанымдарының бірі маңыздылықтың нысандардан басымдылығын көрсетеді; қаржыда сандық, әсіресе, сандық әдістерді кеңінен қолдану, бұрынғы бар бағдарламаларға сын көзбен қарап, қайтадан жетілдіруді талап етті.
«Қаржылық менеджмент» курсының мақсаты мемлекеттік білім беру стандартына және жұмыс берушілердің талабына сәйкес келетін, қаржы менеджменті саласында кәсіптік қызметті орындауға жеткілікті деңгейде білімге, іскерлікке, машықтануға мамандарды дайындауды талап етеді.
1 Тақырып. Қаржылық менеджменттің мазмұны
Қаржылық менеджмент пәні, түсінігі
Қаржылық менеджменттің функциялары және принциптері
Қаржылық менеджмент пәні, түсінігі
Қаржылық менеджмент кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құру, бөлу және пайдаланумен және оның ақша қаражаттарының айналысын ұйымдастырумен байланысты, басқарушылық шешімдерді өңдеу және жүзеге асырудың принциптері мен әдістері жүйесін білдіреді.
Қаржы - бұл ақша қаражаттарының қорын құру процесінде қалыптасатын экономикалық қатынас (орталықтандырылған - мемлекеттік қаржы, орталықтандырылмаған - халықтың, кәсіпорынның қаржысы).
Қаржылық менеджмент - бұл шаруашылық субъектілердің қаржылық құралдарының қозғалыс процесінде туындайтын, қаржылық қатынастардың қозғалысын бақылау.
Қаржылық менеджмент - бұл ақша ағымдарын басқаруға және тиімді қаржылық шешімдерді табуға мүмкіндік беретін, кәсіпкерлікті қамтамасыз ететін қаржылық стратегия және тактика.
Кәсіпорынның қаржылық шешімдерін 2 топқа бөледі:
Инвестициялық шешім - ақша қаражаттарын салу бағыттары
Қаржыландыру шешімі - ақша қаражаттарын қайдан алу керек
Қаржылық менеджмент - бұл қаржылық кәсіпкерлік жұмыс және инвестициялау процестерін басқару түрі.
Курстың құралы қаржылық шешімдердің көптүрлілігі, оларды жүйелендіру, үлгілеу, жоспарлау болып табылады.
Қаржылық менеджментте кәсіпорын қаржысы басқару объектісі ретінде қарастырылады. Қаржылық менеджмент курсының негізгі мақсаты ол - тәжірибелік капиталдың жалпы құндылығының және ақшалай қаражаттарының байланыс заңдылықтарын анықтау болып келеді. Қаржылық менеджмент - қаржылық ресурстармен капиталдың айналымы мен және сәйкес қаржылық қатынастарды ұйымдастыруды жүзеге асыратын басқару жүйесі. Қаржылық менеджментті әртүрлі көзқараспен анықтауға болады:
1. Функционалдық көзқарас бойынша қаржылық менеджмент жалпы қаржылық механизмнің бөлігі болып табылатын экономикалық басқару жүйесі.
2. Институционалды көзқарас бойынша қаржылық менеджмент басқару органы ретінде қарастырылады.
З. Ұйымдастырушылық -құқықтық көзқарас бойынша қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызмет түрінде де қарастырылады.
Басқару жүйесі ретінде қаржылық менеджмент екі жүйеден тұрады:
Басқаратын кіші жүйе (субъект)
Басқарылатын кіші жүйе (объект)
Қаржылық менеджмент ол басқарушылық жүйеге бағынбайтын қызмет, яғни кәсіпорынның нарықтық жағдайында қаржылық қызметін атқару үшін қаржылық менеджер өз қызметін ішкі және сыртқы факторлармен байланысты және жаңа ғылыми әзірлемелерге сәйкес жүзеге асыруы керек. Бұл жағдайда менеджерлердің қызметтеріне байланысты кәсіпорынның тұрақтылығы және оның өсуі қамтамасыз етіледі.
Менеджмент келесідей функциялар атқарады:
Жоспарлау, яғни өз қызметін алдын-ала анықталған жоспарлық көрсеткіштерге бағындыру.
Болжау, яғни қаржылық объект келешекте қандай жағдайда болуы мүмкін екендігін анықтау. Жоспарлау негізінде болжамдау көрсеткіштеріне сүйеніп жүзеге асырылады.
Ұйымдастырушылық, яғни ол басқару объектіге байланысты қаржылық қызметпен байланысты мамандарды біріктіру.
Координация, ол кәсіпорынның әр жүйедегі звеноларының бірыңғай принциптеріне негізделу, әдістерінің қолданылуын қамтамасыз ету.
Тарату, егер басқа функциялар адамдармен байланысты болса, бұл функция қаржылық ресурстарды рационалды пайдалану, кәсіпорын капиталының тұрақты құрылымын анықтау және қамтамасыз ету болады.
Қайта өңдеу. Ол өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде жеткілікті материалдық және қаржылық ресуртармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бақылау. Қаржылық нәтижелердің жоспарлылық көрсеткіштермен сәйкестігін тексеру, қаржылық құжаттарды дұрыс жүргізу, мемлекет алдында, басқа кәсіпорындар алдында және т.б. міндеттемелерін уақытында өтеуін қадағалау.
Қаржылық менеджмент стратегиясы - ол ұзақ мерзімді қаржылық қызметке бағытталатын әдістер мен басқару нысандары. Стратегия жалпы жоспарлық түрде болады. Кәсіпорынның қызметіне және қажеттілігіне байланысты қаржылық стратегия өзгеріп отыруы мүмкін.
Қаржылық менеджмент тактикасы - ол стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға және ағымдағы қызметті қамтамасыз етумен байланысты қызмет. Қаржылық тактиканың негізгі мақсаты - ағымдағы активтермен және ағымдағы пассивтермен басқару.
Қаржылық тактика өз қызметінде ішкі қаржыландыру қайнар көздеріне бағытталады. Оның негізгі міндеттері шығындарды төмендету, табыстың көлемін жоғарылату, кәсіпорынның ағымдағы бәсекелестігін қамтамасыз ету. Қаржылық стратегия сыртқы қайнар көздеріне бағытталып, тұрақты капиталдың жиналуын қамтамасыз етеді. Стратегияның негізгі мақсаты -кәсіпорынның өсуін қамтамасыз ету. Кәсіпорынның өсуі екі жолмен жүзеге асырылады: ішкі стратегия және сыртқы стратегия.