Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстық жұмыс2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
252.42 Кб
Скачать

Қорытынды

Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері - шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алаптары   сиреп,   құрып   кетуге   айналған   жан-жануарлар   мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми-зерттеулер үшін генетикалық қор, «тірі лаборатория» іспеттес. Биологиялық және ландшафтық орасан мол алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш-қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді.   Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2,8%-ын алып жатыр. Барлық 10 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне ие және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда ерекше қорғауға алынған территория өсімдіктері мен жануарлар дүниесін тізімдеп, түгендеу жұмыстары аяқталды. Қазақстанда 835 түрлі омыртқалы жануарлар мекендейді, олардың 22-сі республиканың Қызыл кітабына енгізілген. Еліміздегі 500 түрлі құстың 346-сы қорықтарда ұя салып, тіршілік етеді. Қазақстан флорасында жоғары өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі бар. Олардың сирек кездесетін 400-дейі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Қорықтарда табиғаттың өзгеру, даму процестерін сипаттайтын ғылыми-зерттеу жұмысы тұрақты жүргізіледі, «Табиғат жылнамасы» бақылауы өткізіліп түрады.

Республикада табиғат қорғаудың алдыңғы қатарлы және қолайлы жүйесіне жол ашатын биосфералық резерваттар құру үшін арнайы 15 аймақ бөлінген. Бұл Қазақстанның көрікті де көркем табиғатын қорғап, көздің қара-шығындай сақтауға зор мүмкіндік туғызады. Ал олардың қызметінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық тиімділігі шаруашылық іс-шараларын тоқтату шығынынан жүздеген есе асып түседі. Табиғатқа қажеттілікті өтеу объектісі емес, жанды нәрсе атаулының біртұтас тіршілік ортасы ретінде қарайтын мезгіл жетті. Бұл жайында заманымыздың ғұлама ғалымы Жан Дорст былай деп жазған болатын: «Адам бойында жабайы табиғатты сақтау үшін ұмтылуға қажетті объективті себептер жетіп артылады. Алайда, түптеп келгенде, табиғатты тек сүйіспеншілік қана құтқара алады. Адам бұл дүниеде сұлулықсыз өмір сүре алмайтындықтан, қоршаған ортаны сәл де болса сүйіп, қастерлей білген жағдайда ғана, табиғат өзіне төнген қауіп-қатерден құтылады».

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Атамекен газеті 10 ақпан 2010 жыл 2- бет

2. Жетісу энциклопедиясы. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004ж.

3. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары « Алматыкітап »

4. Қазақстан қызыл кітабы беттерінен –Қызыл кітап және Қазақстан

5. Қазақстан қорықтары « Алматыкітап » 1996ж.

6. Қазақстан балалар энциклопедиясы

7. Қазақстан Ұлттық энцклопедиясы Ә. Нысанбаев – Алматы 1998ж.

8. "Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

9. Қазақстан Энциклопедиясы, 10 том

10.Қоршаған ортаны қорғау (нормативтік актілер жиынтығы)-Алматы 2004

11. "Қазақ энциклопедиясы,"5 том

12. Экология Бейсенов Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З., Алматы, 2001

13. Экология негіздері Г.Т.Сағымбаев. Алматы 1995 жыл 25-26 беттер

14. Экология және қоршаған ортаны қорғау Ұ.Б.Асқарова 2004ж.

15. «Экология негіздері» Ғ. Сағымбаев Алматы, 1995 жыл.

16. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008.

27