
- •Курстық жұмыс
- •5В090200 «Туризм»
- •І бөлім. Қорықтар – биосфера эталоны
- •1.1. Қорықтар олардың табиғаттағы маңызы
- •1.2. Қорықтардың қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі
- •1.3. Қорықтар оларды ұйымдастыру мен қорғау негіздері
- •Іі бөлім. Қазақстан қорықтары олардың географиялық сипаттамасы
- •2.1. Қазақстан қорықтарына сипаттама
- •2.2. Қазақстандағы қорықтардың ерекшеліктері
- •III Бөлім. Қазақстандағы қорықтар және туризм
- •3.1. Қазақстандағы қорықтар және туризм
- •3.2. Қорықтағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2. Қорықтардың қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі
Қазақстан Республикасында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы – тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі – Жоңғар Алатауы. Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын негізгі обьектілер – марал, ақтырнақты аю, барыс, тас сусары, қызыл қасқыр, арқар, таутеке, ұлар, сабыншы құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдік түрлері. Ал сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын обьектілер өте көп – марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу құр, шұбар шіл, тырбақ қайың, жапырақты орман.
Ал Шыңғыстау, Тарбағатай бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар. Бұл жерде қорғалатын обьектілер – бадам, жабайы алма бағы, субальпі шабындығындағы өсімдіктердің кейбір түрлері.
Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болатын жерлердің бар екені дәлелденіп отыр. Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жерсіндіруге болатыны толығымен дәлелденіп отыр. Алакөл көліндегі «Реликті шағала» қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр.
Міне,осындай шараларды іске асырғанда ғана биосфера байлықтарын ғылыми тұрғыдан қорғауға болатыны анықталды.
Бірақ кейіннен аңшылық шаруашылығы онша табысты болмаған соң ол жабылып қалды. 1939 жылы осы шаруашылықтың негізінде Барсакелмес қорығы құрылды. Барсакелмес аралы қорық ұйымдастыруға өте ыңғайлы, тамаша табиғи лабороториялық орын болып саналады. Әрине, құрлықтың басқа түрлеріне қарағанда мұнда сирек кездесетін және бағалы жабайы жануарларды толық қорғауға мүмкіндік туатыны сөзсіз.
Бұл қорық алғашқысында саны азайып, құрып бара жатқан бағалы тұяқты аңдардың бірі-ақбөкенді қорғау мақсатында құрылды. Сонымен қатар қорық ұйымдастырылған кезде мұнда әбден жойылып кету қаупі төніп тұрған хайуанат құлан еді, оны басқа жерден әкеліп, өсіру жоспарланған болатын. Бірақ бұл жұмысты жүзеге асыруға Ұлы Отан соғысының басталып кетуі кедергі жасады. Содан қорыққа құланды әкеліп жерсіндіру жұмысы тек қана 1953 жылы басталды.
Қазір қорық қызметкерлері алдында ғылыми жұмыстармен қатар, осы шағын келген шөлді аралдың тамаша жануарлары мен өсімдіктер дүниесін бұрынғы қалпында сақтау міндеті тұр. Барсакелмес қорығының ең басты ғылыми міндеті осы аралдың комплексін қорғай отырып, қазіргі кезеңде тек Қазақстан көлемінде ғана емес, Одақ бойынша сирек және халықаралық табиғатты қорғаудың «Қызыл кітабына» жазылған құлан және қарақұйрық сияқты хайуанаттарды жан-жақты зерттеу болып табылады. Сондай-ақ Барсакелмес аралының азық қорын жайылымды, ұлғайту мүмкіндігін зерттеп білу алда тұрған міндеттердің бірі. Бөкен сияқты жануарларды қорғауға арналған бірден-бір табиғат лабороториясы болып табылады.
1.3. Қорықтар оларды ұйымдастыру мен қорғау негіздері
Салыстырмалы түрде ғылыми-техникалық процесс қоршаған ортаны бұзып, ластаған сайын қорықтар мен табиғи саябақтар маңызы арта түсуде. Туризм индустриясын құрудағы басты мәселелердің бірі, туристік қызығушылықты арттыратын ұлттық саябақтар қорын ұйымдастыру. Оның мақсаты - бұл территориялардағы табиғатты қорғау, бұзылған ландшафты қалпына келтіру және нәтижесінде бұл территорияларды табыс табу көзі болатын, ұйымдастырылған кіру территориясына айналдыру.
1998 жылы республикада 887 мың гектар жерді алып жатқан 9 қорық, 580 мың гектар көлемдегі 4 табиғи ұлттық саябақтар еспке алынған. Ал, қазақстандағы ерекше қорғаудағы территориялар саны ел территотиясының 0,5 пайызын құрайды. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда әрине, аз. Аталған ерекше табиғи территориялардың ішіне Шығыс Қазақстан облысының еншісіне кіретіндері мыналар: қорықтар - Батыс Алтай, Марқакөл, Алакөл; ұлттық парктер - Катон-Қарағай; мемлекеттік табиғи резерв - Семей орманы; қорықшалар - Төменгі Тургусински, Тарбағатай, Қаратан құмы, Алет, Солдат шатқалы, Үржар және тағы басқалары.
Айта кететін жайт, 10 қорықтың бірі - екі реликті шағала және "Тоқты" қорықшалары базасы негізінде 1998 жылы Алакөл қорығы ұйымдастырылды. Бұғанға дейінгі аумағы 12,5 мың гектар болатын "Тоқты" және алма ағаштарынан тұратын 32 мың гектар "Лепсі" қорықшалары болған. Алакөл табиғи қорығы - 1998 жылы 21сәуірде Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары территориясында (Үржар ауданы) 20 мың гектар жерде орын алған. Бүгінгі күні жұмыс атқарып отырған 10 қорықтың ең кішісі. Барлық қорық көлемі сегіз аймаққа бөлінген. Қорық территориясында 270 өсімдік түрі есептелген. Алакөл көлінде 156 балдыр түрі болса, жануарлар әлемінің 290 түрі бар: 315 құс, 21 сүтқоректілер - жәндіктер,жыртқыштар, кеміргіштер кездеседі. Осылардың ішінде сүткоректілердің түрлері кең тарған. Қорықтың ашылу мақсаты - Тентек өзені суайрығын және Алакөл көлі аралдары - Үлкен, Орта, және Тастыны қорғау болды.