Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстық жұмыс2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
252.42 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІ

Мамандығы: 5В090200 «Туризм»

Курс: II

Пәні: Халықаралық туризм тарихы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан қорықтары және олардың қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі

Орындаған: Құрманбайқызы Г.

Тексерген: Сергалиева Р.А

Ақтөбе-2013 жыл

С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

5В090200 «Туризм»

мамандығының 201 топ оқушысы

___________________________________________

___________________________________________

СЫН-ПІКІР

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Cын-пікір беруші: __________ Сергалиева Р.А

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I БӨЛІМ. ҚОРЫҚТАР – БИОСФЕРА ЭТАЛОНЫ

1.1. Қорықтар олардың табиғаттағы маңызы .......................................................6

1.2. Қорықтардың қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі ....................................9

1.3. Қорықтар оларды ұйымдастыру мен қорғау негіздері...............................11

II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫ ОЛАРДЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Қазақстан қорықтарына сипаттама...............................................................13

2.2. Қазақстандағы қорықтардың ерекшеліктері................................................18

III Бөлім. Қазақстандағы қорықтар және туризм

3.1. Қазақстандағы қорықтар және туризм.........................................................22

3.2. Қорықтағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау.................................23

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан қорықтары және олардың қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі». Курстық жұмысымда Қазақстан қорықтарының табиғаттағы маңызы, қоршаған ортаны жақсартудағы рөлі, қорғау негіздері, ерекшеліктері және қорықтағы өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау туралы мәселелерін қарастырдым.

Қоғам байлығы ол қашанда жер бетіндегі тіршіліктің нәр бұлағы. Қазақ жерінде тәуелсіз мемлекет орнату оңай шаруа емес екендігін халық сезеді. Мемлекет тәуелсіздігі табиғи ресурстарға тікелей байланысты екенін қазақ елі жақсы біледі. Табиғи ресурстардың тиімді пайдалану ісі мемлекетіміздің дамуының бірінші жағы. Ал атмосфера компонентгерін қорғау тәуелсіз мемлекетіміздің дамуының бірінші жағы. Осы екі міндетті комплексті түрде шешу нөтижесінде еліміздің бай табиғаты бұрынғыдан да гүлденіп, ол өнеркәсібі мен мал шаруашылығы дамыған алдыңғы қатарлы тәуелсіз мемлекетке айналдырып жібереді. Осы кезде жер қойнауынан алуан түрлі қазба байлығы, мұнай, газ өндіріліп сан мыңдаған кәсіпорындағы қайтадан өрлеу үстінде.

Биосфера қазынасы сарқылмайтын дүние емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім пайдалану үшін өсіп – өнуі үшін адамның қамқорлығын керек етеді. Айналаны қоршаған орта тазалығы, орман-тоғай, қазба байлықтар, су байлығы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер көлемі ғалым биологтар назарында тұрған басты мақсаттың бірі. Табиғи ресурстарды рационалды түрде пайдалану, оны қорғау - өте күрделі мәселе. Ол үшін ең алдымен адам мен биосфера арасындағы өзара қатынасты дұрыс шешу, биосфера байлығын ысырапсыз пайдалануға ат салысу, оның байлығын арттыра түсу ісіне қатынасу, күтіп – баптау шараларының дұрыс жолға койылуын керек етеді. Бір сөзбен айтқанда биосферадағы экологиялық – биологиялы тепе-теңдік бұзылмауға тиіс. Олардың табиғи заңдылықтарын терең білуіміз керек. Бұл міндетті ойдағыдай шешуде табиғи лаборатория – қорықтардың рөлі өте зор. Қорықтарда көп жылдар бойы биосферада өтіп жататын өзгерістерге бақылау жүргізіліп, оның даму зандылықтары үрдістердің дамуына келешегіне болжам жасалады (зкологиялық мониторинг).

Онда болатын өзгерістерді зерттеу нәтижелеріне қарай алдын шамалауға болады. Сондықтан да қорықтар нағыз күрделі табиғи лаборатория болып табылады. Биосфераның қорғауға алынған бұл аймағы ауа-райы (климаты), топырағы өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі арасында бірнеше мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық – химиялық байланыстарды сақтайды.

Орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң – құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл – шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай – ақ, Барса – келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары –солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден-бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттік табиғи қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.

Курстық жұмыстың мақсаты: табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;

- қорықтардың маңыздылығын көрсету;

- қорықтарды қорғау шараларын ұйымдастыру;