
3.2 Ерекшелігі және символдары
Давид жұлдызы
Давид жұлдызы (ивр – маген давид, «Давид қақпасы» немесе шогендовид) – ежелгі белгі, алтыұшты жұлдыз тәрізді (гексограмма) бір бірімен қайысып өрнектелген жұлдыз болып табылады.
«Давид жұлдызы» сөзінің мағынасы аңыз бойынша Давид патшаның әскерінің қалқандарында бейнеленген. Ал екінші нұсқа бойынша бес ұшты пентограмма «Соломонның мөрі» атымен белгілі. Давид жұлдызы Израиль елінің туында белгіленген және ең негізгі символ болып табылады.
3.3 Елде кездесетін кедергілер
Антисемитизм - [Ӏнжілдегі Сим - Нүқ пайғамбардың ұлдарының бірінің атымен байланысты] - еврейлерге қатысты жауласқан өшпенділіктің, ұлттық санаспаушылықтың түрі. Антисемитизм түп-тамыры Таяу Шығыстағы мемлекеттер мен халықтардың өзара жауыққан сонау ежелгі Ӏнжіл заманынан бастау алады. Кейіннен Еуропаға және басқа елдерге тараған еврейлер ұлттық және діни кемсітушілікке ұрынды. Антисемитизм күрт қарқынды дамуы XX ғасырдағы реакциялық әлеуметтік-саяси күштердің ұлтшылдықтың бұл түрін бейбітшілікпен, демократиямен және дамумен күрес үшін қолдануында. Антисемитизм жабайы, тұрпайы, бұқаралық түрлері (геноцид, қырып-жою) "бүкіләлемдік еврейлердің сыбайластығы" желеуімен фашистік Германия 6 млн, II дүниежүзілік соғыс кезінде кеңестік 3 млн-дай еврейлердің қырғынға ұшырағаны белгілі. Антисемитизм түрлері соғыстан кейінгі жылдарда көптеген ел¬дерде жалғасын тапты (Франциядағы лепеневшілер, АҚШ-тағы жекелеген фа-шистік ұйымдардың іс-әрекеттері, КСРО-дағы қолдан жасалған "кісі өлтіруші дәрігерлер ісі", қазіргі Ресейдегі "Память" ұйымы және т.б.). Антисемитизм сионизмнің отына май құйып, сырттай ұлттық санаспаушылықтың қарама-қарсы бағытын дамытып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі еврейлердің Израильге жаппай көшуіне түрткі болады.
«Холокост» деген сөз грек тілінен аударғанда оттың көмегімен құрбандыққа шалу деген мағынаны білдіреді. Негізінде бұл сөз 1933-1945 жылдар арасында Гитлердің билік басына келуімен фашистердің 6 миллион жебірейдің (Еуропа жебірейлерінің 60 пайызы) көзін жойғанымен байланысты айтылады. Тұңғыш рет «холокост» термині АҚШ баспасөзінде 1960 жылдары Освенцим крематорийіне байланысты қолданылған.
Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті (ИМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 10 сәуірде орнатылды. Израильдің Қазақстандағы Елшілігі 1992 жылдың тамызынан бері жұмыс атқарады. Қазақстанның Израильдегі Елшілігі 1996 жылғы мамырда ашылды. Қазақстанның Израильдегі Елшісі Б.Нұрғалиев (2012 жыл, сәуір). Израильдің Қазақстандағы Елшісі Исраэль Мей Ами (2008 жыл, қазан). Өткен кезеңде екі ел арасында әртүрлі деңгейде бірқатар сапарлар жүзеге асырылды. ҚР Президенті Н.Назарбаев Израильге екі рет ресми сапармен барып қайтты (1995 ж. желтоқсан, 2000 ж. сәуір). Қазақ тарапынан Израильге сонымен қатар келесі тұлғалар сапар жасады: Премьер-Министр (1992 ж.), Премьер-Министрдің орынбасарлары мен бірқатар министрліктер мен облысәкімдіктерінің басшылары (1992 ж.), Жоғарғы соттың төрағасы (1995 ж.), Білім және ғылым министрі (2007, ақпан), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2007, маусым),Парламент Сенатының Төрағасы (2008, мамыр), Парламент Мәжілісі Төрағасның орынбасары (2008, желтоқсан). |
Қазақстанда сапармен Израиль Ғылым және экономика министрі (1993 ж.), Энергетика министрі (1993 ж.), Қорғаныс министрлігі Бас директорының басшылығымен әскериделегация (1995 ж.), Сыртқы істер министрі (1995 ж. тамыз-қыркүйек), Премьер-министрінің орынбасары-Құрылыс және тұрғын үй министрі (2002 ж. маусым, АӨСШК саммиті),Премьер-министрінің орынбасары-Негев және Галилейді дамыту министрі (2006 ж. маусым, АӨСШК екінші саммиті), Мәдениет, ғылым және спорт министрі (2008 ж,. қаңтар), Кнессет(Парламент) Вице-спикері (2008 ж,. мамыр) болды. Израильдің ұлттық инфрақұрылым министрі Б.Бен-Элиезер Қазақстанда үш мәрте сапармен болды (2007 ж. желтоқсан, 2008 ж. қыркүйек, 2010 ж. сәуір), Ғылым министрі Д.Гершкович және экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының Лауреаты Р.Ауман (2010 ж. шільде және 2011 ж. мамырда Астана қаласында III-IV Астана Экономикалық Форумы). Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль үкіметаралық комиссиясының 5 отырысы өтті – 1993 ж. наурызда, 1998 ж. маусымда Алматыда, 1994 ж.қарашада, 2004 ж. қарашада Иерусалимде, 2010 ж. сәуірде Астанада. 2009 жылғы 30 маусым – 1 шілдеде Израиль Мемлекетінің Президенті Шимон Перестің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары болды. Сапар шеңберінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының үшінші Съезі мен Қазақстан-Израиль бизнес-форумына қатысты. Аталған бизнес-форумда 6 келісімге қол қойылды. |
2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитіне (Астана) израиль тарапынан Премьер-министрдің орынбасары, Стратегия істері жөніндегі министрі М.Яалон қатысты. 2010 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан-Израиль сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. 2011 жылы ҚР мен ИМ арасындағы тауар айналымы 1,544 млрд. долл. жетті (экспорт – 1,418 млрд., импорт – 126 млн.долл). Қазақстан-Израиль шарт-құқық базасы 35 келісімнен тұрады. |
Қорытынды
Қорыта келе Израиль туризмнінің негізгі атрибуты – діни туризмі мен емдік сауықтыру туризмінің қарыштап дамуын айқын көре аламыз. Бұл елдің діни туризм системасын Қазақстан еліне ендіруге болатынын, және толеранттық идеологиялық тұрғыдан Қазақстан еліне қолдануға болатынын көре аламыз. Бізде діни туризмді дамытуда бірден – бір өлке бұл Оңтүстік Қазақстан облысы болып табылады. Себебі Оңтсүтікте екінші мекее атынған Иүркістан, Отырар, Тараз, Сайрам сынды діни жерлердің болуы Израилдің діни туризмдік системаны қолдануға болар іс.