
3 Ірі қалалары мен астанасы тель-авив
ТЕЛЬ-АВИВ Израилдің біріккен қалалық мунициполитетінің Жеррорта теңізінің шығыс шығыс бөлігінде орналасқан. Саны жағынан Израильде екінші орын алады.(403,7 мың адам-желтоқсан 2009ж) елдің экономикалық, және мәдени орталығы. Алғашында ТЕЛЬ-АВИВ еврейлік «яффо» қаласы болып қаланды.Қала халқы шамамен 403700 адамды құрайды. Агломерацияға байланысты қала маңында 2млн адам қоныстанға,Оның 96,1%- еврейлер 3,0%- араб мұсылмандары және 0,9%-араб христиандары. Бұл агломерация «Гуш-Дан» мұнан басқа бірқатар қалаларды біріктіреді. Олар; Холон, Бат-ям,Раман-Ген, Бней,Брак,Гивитайм және бірқатар селолар. Қола 1909 жылы еврейлердің кварталы Яффо болып құралып-Ахузат байт деп аталады. ТЕЛЬ-АВИВ Қаласында еврейлердің ежелгі, қаласы қираған «Тель-Касил» ор-қан. Мамырдың айында 1910ж көпшілік халықтың дауысымен ТЕЛЬ-АВИВ болып өзгертілді. Тель-Авив сөзі танах жинағында кездеседі (Иез.3;15) иврит сөздігінде «қорғанның өрлеуі» немесе «көктем шатқалы» деп аударылады. Кейін қола кварталдан мегаполис болды. Еврейлерге пана болды. Тель-Авивте сол жылдары немістер көшіп келді. Себебі Германияда «Фашизм» өршіп тұрған бұл қала менталитетін өзгертті. Тіпті ХХ ғ 30-шы жылдары немістік стильмен уйлер салынды. ХХ ғ 30-жылдағы уйлер қазір архитектуралық ескеркіш болып саналады. Ол «Юнеско» тізіміне кірген. «Ақ қала» деген атақ берілген. Қала тез өсті, еврейлердің роталығы болып 1948 жылы уақытша Израйільдің астанасы болып, кейін соғыс біткеннен соң Иерусалиге өшірілді.
ТЕЛЬ-АВИВте бірінші рет Кнесат (изрейлдік парламент) жиналды. Бірінші отырыс ТЕЛЬ-АВИВ музейінде болды. Кейін қала әкімшілігінде отырыс болды. 1949жылдың 26-желтоқсанында Изрейль парламенті Иерусалимге көшті.
1949жылдың қазанында ТЕЛЬ-АВИВ және Яффо біріктіріліп жаңа администровтік орталық болып, ТЕЛЬ-АВИВ Яффо аталды. ТЕЛЬ-АВИВ экономикалық орталығы болды.
ТЕЛЬ-АВИВ эклектикалық қала болып саналды. Биік уйлер, Аалон трассасы, екі этажды уйлер кездеседі (Невек районында). ТЕЛЬ-АВИВ құрылысымен Манхэттенге қаласына ұқсайды. Отельдер және мейрамханалар жерорта теңізі маңында шоғырланған.
Климаты; Жерорта теңіздік қысықы жұмсақ, жаңбырылы. Қысының ең суық кезі Ақпан +13,3 жазы ең ыстық кезі 27,кей кезде 45 барады.
ХЕВРОН
Хеврон Израйльдің ең үлкен қаласы және ол Иордан өзенінің батыс жағалауында Полестина автономиясының Хеврон провинциясының астанасы. Иерусалиммен 30км алшақ жатыр және мұхит денгейнен 927м орналасқан. Халық саны 166000 палестиналық (2006ж)бойынша және 800израйлдік.
Хервон – Израйльдің ең ежелгі қалаларының бірі,тіпті дүние жүзінің.Хервон Иудейлердің ежелгі облысында орналасқан. Қасиеттілігі жағынан Иерусалимнен кейінгі орында. Ең танымал орны-бұл Патиорхтар үнгірі, бұған үш дін өкілдері бағынады. Мұсылмандар, Христиандар және Иудейлер. Библияда кираиф – Арба белгілі Бэд. 300жылға дейін Хонон мәдениетіне кірді.
Хеврон Бэд 950ж Давид патшаның астанасы болды. Одан кейін Римдік колонияға айналды.Бірінші ДЖ соғысқа дейін Османдықтардың қөлында болды, одан кейін Британдық мондоттың қолына көшті.
Англиялық үкіметшілер арабтық лидерлерге көңіл аудармады арабтар Хеврон қоғамын бұзуды көздеді. 1929ж еврейлер көтерілісі болды. 1948-67ж Хевронды Иордания жаулап алды. Алты апта соғыста 1967ж Израйлге қайта қосылды. 1997ж басында Хеврондық декларация бойынша қала 2-секторға болінді.Н1 және Н2 қазір мұнда 120мың полестиналық тұрады.
ХАМАТ-ГАДЕР
Хамат-Гадер (ивр ыстық- сулы Гадер) – Ярмук өзенінің сағасында Иордания мен Израйль шекарасында орналасқан. Атының мағынасы «бес ыстық бұлақ»пен байланысты (42с)және емдік қасиеті мол, себебі құрамы минералды тұзбен байытылған. Тадер қаласының маңында орналасқан.
Хамат-Гадер бұлақтары бұдан алдын ала белгілі болған. Римдік әскерлер Гадер маңында қалалар, колониялар соғылған. Бұдан көптеген елдер жаулап алды.Олар; Сирия,Иордания,т.б елдер. 1970ж 6 күндік соғыс кезінде Израйль құрамына енді.
Мұнан басқа қайта жабдықталған курорттың туристік көмплекс куббиц Мево-Хамма крокодил асыраумен шұғылданды. Иордан өзенінде крокодил кожасын әлемдік экспортқа шығарды.
Астанасы - Иерусалим
әл-Құдыс (ивр. יְרוּשָׁלַיִם — Йерушалаим (?·тыңдау); араб.: القُدس — әл-Құдс (?·тыңдау), «Киелі». Тәурат пен Інжілде араб.: أورشليم Ұршалим; Исраелде ресми: араб.: أورشليم القدس Ұршалим-әл-Құдс (ежелгі мен қазіргі арабша атауларының қоспасы) — Жерорта теңізі мен Өлі теңізі сушекарасында, 650-840 м биіктікте орналасқан ежелгі қала. Қала жасы — 3500 жылдан астам. Әл-Құдыс үш діннің — иудаизм, христиан және ислам діндерінің орталығы болып табылады, түрлі елдердің тарихи, мәдени ескерткіштері ерекше көп мекен.
Бұрын көне Иудей патшалығының орталығы болған, бүгін Израил мемлекетінің ресми астанасы болып табылады. Әйтсе де, Шығыс Әл-Құдысқа деген Израил егемендігін дүниежүзілік қауымдастықтың басым бөлігі мойындамайды.
Құдыс – Таяу Шығыстағы қала. Өлі теңіз алқабындағы шөлейт таулы үстіртте орналасқан. Темір жол стансасы, тас жол торабы. Өнеркәсіп, сауда, мәдени және діни орталық. Радиотехника, тамақ, тоқыма, тері илеу, аяқ киім тігу, металл өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Қолөнер кәсіпшілігі дамыған. Қаланың ескі шығыс бөлігінде Ежелгі Грекия, Рим империясы және ерте христиандық дәуірлерде салынған архитектуралық ескерткіштердің қалдықтары сақталған, Құббат ас-Сахра мешіті (687–691), 11 – 12 ғасырлар шіркеулері, көне қамал (14 – 16 ғасырлар) бар.
Иерусалим қаласы б.з.б. 2-мыңжылдықтың орта шеніндегі жазбаларда кездеседі. Иерусалим патшасы Абди-хибаның Мысыр перғауыны Аменхотеп ІV-ге жазған хаттары Тель әл-Амарн архивінде сақталған (б.з.б. 1400 ж. ш.), б.з.б. 1000 жылы шамасында Иерусалимді Дәуіт жаулап алды да, қала Израиль-Иудея патшалығының, ал б.з.б. 935 ж. шамасында Иудея патшалығының астанасына айналды. Дәуіттің мирасқор ұлы Сүлеймен қаланы әжептәуір кеңейтті: финикиялықтардың жәрдемімен Яхве ғибадатханасын (Сүлеймен әулеті ғибадатханасы) салды. Б.з.б. 586 жылы қаланы Вавилон патшасы Навуходоносор ІІ қиратты. Б.з.б. 6 ғасырдың соңғы ширегінде иудейлер қайта қоныстанды. Б.з.б. 3 ғасырда қала Птолемей әулеті мен Селевки әулеті арасындағы күрестің нысаны болды. Б.з.б. 140 жылдан Иерусалим Хасмонейлер (Маккавейлер) мемлекетінің астанасына айналды. Б.з.б. 63 жылы қаланы римдіктер басып алды. Иудея соғысы (66 – 67) кезінде Иерусалим римдіктерге қарсы қарсыласу орталығы болды. Б.з. 70 жылы римдіктер қаланы басып алып қиратты. 2 ғасырда Иерусалимнің орнында Рим қонысы – Элия Капитолина салынды. 4 ғасырда, Рим императоры ұлы Константин тұсында Иерусалим христиандардың қасиетті орталығына айналды. 638 жылы Омар халиф тұсында Иерусалимді Асаб халифаты жаулап алды да, ол мұсылмандардың Меккеден кейінгі қасиетті орталығына айналды. 1099 жылы Иерусалимді крестшілер, 1187 жылы Мысыр сұлтаны Салах әд-Дин басып алды. Қала 1517 – 1917 жылы Осман империясының құрамында болды. 1917 жылы желтоқсанда Иерусалимді ағылшын әскерлері басып алды. 1920 – 48 жылы қала ағылшындардың мандаттық жері – Палестинаның әкімшілік орталығы болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу туралы шешімі бойынша Иерусалим қаласы халықаралық аймаққа айналды. Бірақ араб-израиль соғысынан (1948 – 49) кейін Иерусалим екіге бөлінді, батыс бөлігі (қаланың дені) Израиль мемлекетіне, ал азғантай шығыс бөлігі Иорданияға өтті. 1950 жылы БҰҰ-ның Иерусалимді дербес әкімшілік бірлік етіп бөлу туралы шешіміне қарамастан оның батыс бөлігін Израиль өз астанасы деп жариялады. 1967 жылы Израиль Иерусалимнің шығыс бөлігін де басып алды. 1980 жылы шілдеде бүкіл Иерусалимді Израиль өз елінің “мәңгі және бөлінбейтін астанасы” деп жариялады