Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОҚО презент.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.86 Кб
Скачать

Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ҚР Үкіметінің 2006 жылдың 26 қаңтарындағы № 52 қаулысы бойынша Өгем, Төлеби, Түлкібас мемлекеттік орман және жануарларды қорғау орындарының бірігуі арқылы құрылды. Жалпы ауданы – 149 053 га. Сайрам Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалдары:

1 – Өгем

2 – Төлеби

3 – Түлкібас

Қорғалатын аймақ ауданы – 27 000 га

Функционалды аймақ: Қорғалатын аймақ – 74970 га (50,4 %) ; Туристік және рекреациялық аймақ – 33882 га (22,7 %) ; Шектеулі шаруашылық аймақ – 40207 га (26,9 %).

САЙРАМ-ӨГЕМ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚТАБИҒИ ПАРКІ

Экотуризм Белсенді туризм

Тау туризмі, тік ұшақты тур, атты тур, жаяу тур, рафтинг, аңшылық туризмі.

Аңшылық туризмі. Әлемдік туристік компаниялардың көбі біздің елдегі сафариді кеңінен жарнамалауда. Қосымша ақыға туристке «Қызыл кітапқа» енген тянь – шань аюын атуға да мүмкіндік беріледі. Ресей агентігінің директоры Евгений Жестковтың айтуы бойынша «Қазақстандағы сафари әлемдік нарыққа ұсынатын бірден - бір сапалы ұсыныс» - дейді. Бұл көбінесе Оңтүстік Африка елдеріндегі табиғи аймақтарды қатаң қатаң қорғаумен байланысты.Сафари турдың тізімі сан алуан. Ең үнемдісі фазанды аулау болып табылады. Оның құны күнделікті 100 евромен әрбір атылған құс үшін қосымша 30 евро. «Туристерге» жәрдем ретінде көлік, ыстық тағам, палатка, аңшылық ит беріледі. Алматыда мұндай турлар «Ішкі қолданыс үшін сафари» деп аталады.

Қыс мезгілінде тік ұшақпен қасқырларды ату кең танымал. Оңтүстік астанадан 400 км жерде ауланады. Ал тік ұшақтың 1 сағаттық жалға алу құны 1000 евро. Өлтірілген қасқыр үшін қосымша ақы төленбейді.

  • Орта есеппен алғанда Қазақстанда сафари 7, 5 мың ерводан басталады - дейді Евгений Жестков.

  • Баға ішіне тасымалдау, тамақтану, монша мен басқа да аңшылық қызметтер кіреді.

Ең қымбаты тянь - шань аюы болып есептеледі. 2, 5мың евроға сирек кездесетін аңды атуға кепілдік беріледі. Жарнамада заңсыз аң аулау деп ескерілмейді.

Табиғи кешендерді қорғау бөлімі. Табиғи кешендерді қорғау; Табиғи кешендердің биологиялық алуан түрлілігін қамтамасыз ету және Табиғи Аумақты Қорғау Бөлімі (ТАҚБ); ТАҚБ облысындағы заңды тексеру және браконерлікпен күресті жүзеге асыру

Экология және туризмді дамыту бөлімі.

  • Экологияны дамыту

  • Туризмді дамыту

  • Рекреациялық

  • аймақты тиімді орналастыру

  • Табиғатты пайдалану

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға қоғам, үкімет, БАҚ және бизнес өкілдерінің назарын аудару мақсатында экологиялық «Қызыл алаңды» келер ұрпақтар үшін сақтайық!; Таза көлге-таза жағалау! деген ұрандармен «Парк шеруі» акциялары жылда өткізіледі.

Рекреациялық орналастыру орындары

  • Туризм инфраструктурасын, қызмет көрсету сферасын құру

  • Орналастыру орындарының жоспарын, схемасын мен жолбағытын жасау

Парктің аумағында өсімдік дүниесінің 1635түрі бар. Қызыл кітапқа енгені – 62, Сирек кездесетіні – 67, Индикаторлы – 27. Паркте сүтқоректілердің 59,құстың 300 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа енген құстар -30, сүтқоректілер- 10.

2007 жылғы ақылы қызметтен түскен пайда: Жабдықталған алаңқайлар ментуристік бағыттарда, уақытша демалыс орындарында көрсетілген қызмет : 444 400 тенге; Автотүрақ қызметі: 97 000 тенге;Аңшылар үйінде орналасу : 15 000 тенге; Монша - сауна қызметі: 30 000 тенге. Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы демалыс үйлеріндегі қызмет: 1 224 000.

2007жылдың ақылы қызметтері: 4 797,2 мың. теңге (жылдық жоспар бойынша)

Қорытынды

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Дегенмен, сыртқы елдерге шығатын туристер саны елiмiздiң iшiндегi демалушылардан басым түсiп отыр. Мұның себебiн олар бiздiң елдегi қонақ үй, туристiк қызмет бағасы шетелдегi туристiк қызмет бағасынан артық болмаса, кем еместiгiмен түсiндiредi. Сондай-ақ отандық туристiк қызмет қөрсету түрi де европалық стандарттан төмен дегендi естуге болады. Ал, табиғат аясында демалғысы келетiндер жолдардың жөндеуден өтпегендiгiнен ел iшiндегi Алакөл, Қапшағай, Балқаштан гөрi Ыстық көлге баруды жөн көретiндiгiн тiлге тиек етедi. Бүгінде әлемдегі Испания, Түркия, АҚШ, Грекия, Таиланд сынды елдердегі ішкі жалпы өнімнің бестен бірі, кейбірінде тіпті 30 пайызы туризм саласына тиесілі екен. Өзінің сан алуан табиғи кешендері мен тарихи орындары бар Қазақстан сынды елге туризм саласының кірісі қара алтын мен металдан әлдеқайда табысы қомақты екені даусыз. 2004 жылдың шілде айында елімізде бәсекеге қабілеттілік пен кластерлік даму бағдарламасын жүзеге асыру үрдісі басталғаны белгілі. Қазақстанның Статистика агенттігінің деректері бойынша, жыл сайын елдегі туризм индустриясының қарқынды дамып келеді және сырттан келетін туристердің саны да едәуір көрсеткіште. Дегенмен, межелі көрсеткішке тоқмейілсуге тағы болмайды, керісінше, туризм саласын жандандыруға бағытталған бағдарламаларды жан-жақты іске асыру жолында табанды тірлік етуіміз қажет. Қазақстандағы туристік бизнестің негізгі табысын бүгінгі күнге дейін сыртқы туризм құрап келді. Бүгінде елімізде 876 туристік компания тіркеліп, әлемнің 90 елімен байланысын орнатқан. Осылардың тек 25 пайыздайы ғана елге тікелей туристер тартумен айналысатынын ескерсек, сырттан келетін саяхатшылардың үлесін өзіңіз топшылай беріңіз. Мұны ескерген ел үкіметі сырттан келетін туристердің санын арттыру үшін осы мақсатта жұмыс істейтін туроператорларды салықтан босатқан-ды. Бірақ, бұл амалдың да нәтижесі көңілден шықпай тұр. Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.

Қорыта келгенде Қазақстанда туризмді халықаралық деңгейде дамытудағы мүмкіншіліктің бірі - ол экологиялық және белсенді туризм болып табылады. Ғылыми эко туризм – саяхат жүріп жатқан объектіде қандайда бір ғылыми ақпараттарды жинау мақсатында іске асады. Мысалға студенттік ғылыми экспедицияларды жатқызуға болады. Қазіргі уақытта эко туризмнің дамуын анықтайтын маңызды белгі-ол адамдардың қоршаған ортаны қорғауға деген ынталығы. Көптеген адамдар қоршаған ортаны тамашалап қана қоймай; ол байлық қолда бар болған уақытта оны қорғауға үлестерін қосқысы келеді.

Қазіргі уақытта эко туризм бойынша әлемде қызықтыда танымалы, ол көптеген қызық пен саяхатқа толы Алтай тауы. Бұл жерлерде қазіргі уақыттың өзінде нағыз бақсылар өмір сүреді. Бұл жайында жергілікті тұрғындар туристерге қызықты аңыздар айтуға дайын. Алтайда эко туристерді тартатын көрікті жерлерді санап біту оңай емес.

Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан обылысындағы таулы аудандарында белсенді туризмді дамыту. Осы аудандардың ішінде Сайрам-Өгем Мемлекеттік табиғи ұлттық паркі. Мысалыға Сайрам-Өгемдегі 3 тау өзендері белсенді туризмнің бір түрі рафтингті әлемдік деңгейде дамыту. Белсенді туризмді таңдау себебім, менің көзқарасым бойынша және де жоғарыда келтірілген фактілерге сүйене отырып туризмнің әлі де әлемдік деңгейде жетілмей отырғандығы, оған зерттеу жұмысымда аталып көрсетілгендей көптеген факторлар кедергі келтіріп отыр. Мысалыға, туризм инфрақұрылымының толық дамымауы, әсіресе туристік аудандарда, туристік обьектілердің бір-бірінен алыс орналасуы (қонақ үй мен туристік обьектінің арасы шамамен орташа алғанда 100-150 шақырым), мамандардың кәсіби деңгейінің төмен дәрежесі т.с.с. Ғылыми зерттеу барысында алынған талдаулар мен нәтижелер ұсынылған ұсыныстар, әдістемелік нұсқаулар келесі бағыттарда қолданылуы мүмкін:

- Белсенді туристік саяхаттарды Республика және аймақтық деңгейінде ұйымдастыру мен жоспарлауда.

- Белсенді туризм үшін қажетті туристік ресурстарды тиімді пайдалану барысында.

- Белсенді туризмде және оны ұйымдастырушы кәсіп орындардың іс -әрекетінде.

- Белсенді туризм пәндері бойынша.

Ал белсенді туризмді дамытуға табиғи ресуртарымыз жеткілікті. Сонымен қатар жергілікті халықтың арасындада белсенді туризмнің мамандары жетерлік (жол сілтеушілер, ат бегілері, жүкшілер т.с.с.). Кез келген туризм саласын негізінен, барлық мүмкіншілікті пайдалана отырып, мемлекет қазынасына пайда түсіретін, өндірілмейтін сала екендігін ескерсек белсенді тау туризімін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар бұл өңірмен жақсы үйлесімділік таба білген эко туризмді, танымдық туризмді және белсенді туризмнің басқа түрлерін жүзеге асыруға зор мүмкіндіктері бар. Болашақ Халықаралық туризм маманы ретінде осы қолға алынбаған немесе жай дамып келе жатқан туризм түрлерін дамытуға осы зерттеу жұмыстарымның орасан зор пайдасы тиетініне нақ сенімдімін.