
- •1.Шенген келісімі
- •2. Шенген визасы қалай рәсімделеді?
- •3.Қр азаматтары шенген визасын қалай ала алады?
- •4. Шенген визасын алудың талаптары
- •5. Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?
- •6. Шенген аймағына кіретін елдер
- •7.Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары
- •8. Турфирманы құрудағы ұйым- құқықтық негізін таңдау
- •9. Қатысушылардың мүдделерінің (мақсатының) хаттамасы
- •10. Құрушы құжаттарының жобасын жасау
- •12. Тіркеуге арналған құрушылар құжаттарының дайындалуы
- •13. Фирманы заңды тіркеу
- •14. Кәсіпорынды есепке алу
- •15. Ұйымдық процедуралар
- •16. Туристік фирманың жабылу тәртібі
- •17. Тур қызметтің лицензиялануы және тур өнім сертификациясы
- •18 Кәсіпорынды есепке тұрғызу.
- •19Туристік фирманы лицензиялау.
- •21. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау.
- •22. Туроператор және турагент қызметтері және олардың келісім шарт қатынастары
- •23. Туристік фирманың бизнес-жоспарының жасалу үлгісі.
- •24. Туристік бағдарламаларды дайындау және оның түрлері
- •25. Кіру туризмі дегеніміз?
- •27. Круиз дегеніміз?
- •28. Қысқы турлар
- •29. Іскерлік туризм дегеніміз?
- •30. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру,
- •31. Туристік қызметті лицензиялау
- •32. Лицензия алуға қажетті құжаттар
- •33. Лицензияны қайта жасау
- •34. Лицензияны тоқтату, бас тарту, қызметін тоқтату
- •35. Қр туризмнің дамуы.
- •36. Туристік кәсіорындар.
- •40. Қазақстандық виза және төлқұжат туралы ақпарат
- •41. Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар
- •42. Қр визаларын алмастыратын құжаттар
- •43 . Визалардың қолданыс мерзімі
- •44. Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері
- •45. Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер
- •46. Туристік өнімдерді шығаратын және тарататын туристік фирмалар
- •47. Туристік жүйе
- •48. Туристік шаруашылықтың түсінігі
- •49. Тамақтану объектілері.
- •50. Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топ
- •51. Туристік өнім
- •53. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •54. Туризм және интернет
- •55. Интернет арқылы жиі қойылытын сұрақтардың бірі – туристік өнім
- •56. Қр туризмнің дамуы
- •57. Туристік кәсіорындар
- •58. Транспорттық қызмет көрсету
- •59. Тараптардың жауапкершілік деңгейі
- •60. Нормативті құжаттар
- •61. Кедендік құжаттардың нұсқаулары
- •62. Туризм классификациясы
- •63.Халықаралық туризм түсінігі
- •64.Туризм түрлері
- •65.Экологиялық туризм
- •66. Туризмдегі сақтандырудың негізгі түрлері
- •67. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні
- •68. Кеден бақылауының ұғымы, әдістері және түрлері
- •69. Кеден бақылауың жүргізу және оның нысандары
- •70. Кеден бакылауының белгілі бір нысандарынан босату
- •71. Тауарлар шыққан елін айкындау мақсаты
- •72. Тауарлардың шыққан елін растау
- •73. Тарифтік женілдіктер
- •74. Тарифтік артықшылықтар
- •75. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жай-күйі
- •76. Қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi
- •77. Туризмдi дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары
- •78. Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету
- •79. Тасымалдау түсінігі
- •80. Туристерді тасмымалдау саласының дамуы
- •81. Халықаралық туристік тасымалдаулар
- •82. Туристік кәсіпорындар түсініктемесі
- •83. Алғашқы қызметтегі туристік мекемелер
- •84. Туристік кәсіпорын іс-әрекетінің басты және жанама түрлері
- •85. Кәсіпорынды есепке тұрғызу
- •86. Туристік фирманы лицензиялау
- •87. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау
- •88. Қызметкерлерді басқару ұғымы
- •89. Кадр саясаты: принциптері, бағыттары, жұмыс жасау және іске асыру
- •90. Жұмысты бағалау
- •91. Туристік кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеттері
- •92. Туристік кәсіпорынның құрылуы және оның құрылымы
- •93. Транспорттық қызмет көрсету
- •94. Турларды жобалау
- •96. Транспорттық саяхаттарды жіктеу және жобалау
- •97. Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудағы негізгі құқықтар
- •98. Қазақстанда автокөлікпен қызмет көрсету
- •99. Автосаяхатты жоспарлау және талдау
- •100. Туристік су маршрутын ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •101. Су туризмі және өзендегі круиз
- •102. Туристік ұйымның сыртқы имиджі
1.Шенген келісімі
«Еуропа Одағының бірқатар елдері арасында төлқұжаттық және кедендік бақылауды алып тастау туралы келісімі» (Шенген келісімі деген атпен мәлім) — құжатқа 1985 ж. маусымда Лүксембордың Шенгендеген жерде Еуропаның жеті мемлекеті: Белгия, Голландия, Лүксембор, Франция, Алмания, Португалия және Испания қол қойған болатын. Ол 1995 ж. наурызда күшіне енді.
Қазіргі уақытта Шенген визасы аумағына Еуроодақтың 13 елі — Аустрия (1995 ж.), Белгия, Алмания, Грекия, Дания (1996 ж.), Испания (1991 ж.), Италия (1990 ж.), Люксембург, Голландия, Португалия, Швеция (1996 ж.),Финландия (1996ж), Франция және Еуроодаққа қосылмаған 3 мемлекет — Швейцария, Исландия (1996 ж.) және Норуегия (1996 ж.) кіреді.
2. Шенген визасы қалай рәсімделеді?
1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Германия Федеративті Республикасы «Ортақ шекарадағы бақылаудың кезеңмен жойылуы туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты ортақ шекара арқылы тауар мен қызметтердің өтуін жеңілдету болып табылады.
Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония.
3.Қр азаматтары шенген визасын қалай ала алады?
Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі.
4. Шенген визасын алудың талаптары
Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;
Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;
Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);
Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;
Сауалнама толтырылуы тиіс.
Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:
Шетелдік құжат;
Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;
Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;
Валюталық шотыңыз туралы анықтама;
Әуебилет;
3,5х4,5 фотосурет (2 дана);
Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.
5. Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?
Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.
Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.
Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.
Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.
Консулдық қызмет рұқсат беріп, ал шекарашылар сапар барысында мемлекетке кіруге жол бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарашылардың рұқсат бермеуге толық құқығы бар. Мысалы, сіз төлқұжатта көрсетілмеген мемлекетке бас сұға алмайсыз. Ең әуелі, сіз төлқұжатта көрсетілген мемлекетке аяқ басуыңыз керек. Бес күн ішінде басқа аймақтарға бара аласыз. Сондай-ақ, Шенген аймағындағы кез келген мемлекеттік ішкі шекаралық бақылау тәртібін енгізуі мүмкін.