Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі

Халықаралық шығу туризмінің экономикалық тиімділігі туралы көріністер донорлық аумақтың экономикалық жүйесі үшін кері әсер ететін сипаттамаларының салдарына жүктеледі, яғни азаматтардың шетелге капитал мен валюта жинақтарын шығары, елдің төлем балансының нашарлауы және т.б. Алайда, шығу туризмі- кері әсер етені құбылыс және мемлекет өзінің алдымен кіру және ішкі туризмін дамыту керек деген қолдаушылық саясатымен дауласуға болады.

Алдымен, донорлық аумақтағы шығу туризмі инфрақұрылымының болуының өзі оңтайлы жағдай. Шығу туризмін дамыту туристтік белсенділікті жоғалтуға қарағанда тиімдірек (жергілікті тұрғындар мен донорлық аумақтың бюджеті үшін) болып табылады. Шығатын азаматтар донорлық туристтік аумақтың бюджеттік молшылығы мен жұмыспен қамтылуын жоғарылата отырып туристтік индустрия объектілерінің (олардың санына алдымен туроператорлар, турагенттер, тасымалдаушылар, сақтандыру және қаржылық компаниялар кіреді) жұмысын қамтамасыз етеді.

Шығу туризмі аумақтағы еңбек ресурстарының сапасын жақсартудың жанама факторы болып табылады, себебі шетел сапарларының салдарынан жұмысшылар- донорлық аумақтың тұрғындары өзінің эмоционалды жағдайын жақсартады, оңтайлы эмоциялар алады, денсаулығын жақсартады (мысалы, шетелде санаториялы-курортты емделуді ұйымдастыру кезінде). Шетел сапарларының нәтижесінде өздерінің физикалық және эмоционалды денсаулығын түзеткен тұрғындар өзінің жұмысберушілері үшін пайдалырақ болады.

Шығу туризмінің мұратты моделінің пайда болуы мына жағдайларда ғанан мүмкін:

- донор-ел және реципиент-ел- экспортты-импорттық операцияларды ұйымдастыруда тәжірибесі мол ескі сауда серіктестері;

- донор елдің реципиент-ел үшін қажетті нақты бір тауар немесе қызмет өндірісіндегі артықшылықтары бар, және бәсекелес өндірушінің немесе қызметтің - әлемдік нарықтағы орнын басушының пайда болуы мүмкін емес;

- донор-ел және реципиент-ел- бір біріне географиялық жақын (олардың жалпы шекарасы болғаны тіпті жақсы), бұл олардың сыртқыэкономикалық байланыстарында көлік шығындарының төмен деңгейімен анықталады. Сонымен қатар, донор-елдің қандай-да бір қызмет немесе тауар өндірісіндегі бәсекелік артықтышықтары неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олармен тұтынушы-елдің арасындағы арақашықтықтар жоғары болалы;

- донор-ел өзінің экспортын кеңейтуге қызығушылық танытады және осы қызығушылықты кедендік және сыртқыэкономикалық рәсімдерді жеңілдетумен растайды.

Шығу туризмінің жоғарыда көрсетілген мұратты үлгісін құрудың мысалы болып индустриалды дамыған елдердің тәжірибесі табылады, олардың тұрғындары шетел саяхаттарын жасауға икемдірек болады. Мысалы, Жапония үкіметі (қымбатшылық пен дәстүрлілігі жоғары болғандықтан шығу туризмін дамытудағы жетістіктері жоғары емес) 15 жыл бойы жапон импорты үшін жоғары қызығушылықты білдіретін елдерге қарай (Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Алыс Шығыс, Ресей) шығу туристтік ағымдарын бағыттайды.

Шығу туризмін дамытудың мұратты үлгісі өзінің мәні бойынша әлемдік сауданың классикалық теорияларының қазіргі көрінісі болып табылады, онда туристтік өнім халықаралық айырбастың бір тауары ретінде көрінеді.

Ауқымдану процесімен сипатталатын әлемдік экономиканың дамуының қазіргі сатысы ел үшін басқа тиімдірек әрекеттің - туристтік донор үлгісінің алғышарттарын бағалауға мүмкіндік береді, оны шартты түрде эгоисттік деп те атауға болады (реципиент-елдің экономикалық қызығушылықтарының тұтынушылық қатынасы бойынша).

Шығу туризміндегі эгоисттік үлгінің мәні донор-елдің шетелдің туристтік индустриясының қызмет етуіне оған капитал салымдарын салуды іске асыру арқылы қатысуымен сипатталады. Қазіргі жағдайларда шетел өнеркәсібіне немесе қызметтер саласына инвестициялар салу қиын емес, техникалық өте қарапайым және кеңінен таралған коммерциялық әрекет түрі. Донор елдің инвесторлары шетел туристтік орталығының алғышарттарын бағалай отырып (өздерінің азаматтары арасындағы өсіп келе жатқан танымалдылығынан) көлемдерді жоғарылатып және өзінің капитал салымдарын әртараптандыру арқылы туристтік индустрия әрекетіне қатыса отырып6 оны басқару дәрежесін оңай өсіре алады. Қазіргі экономикалық қатынастардың ауқымды сипаты донор-елдің инвесторларына шетелдің туристтік индустриясындағы кадр саясатын іске асыруға мүмкіндік береді, ол үшін алынған бизнесінің негізгі басқарушылық орындарына коммерциялық қарым-қатынастарды жаңарту және қызмет ету сапасын жақсарту мақсатында жергілікті тұрғындарды емес, өзінің азаматтарын қояды. Шығу туризмнінің эгоисттік үлгісінің қызмет етуінің нәтижесі болып реципиент-елде туристтік индустрияны құру табылады, онда донор-елдің капиталының үлесі мен шетелден келген жұмыскерлерінің үлесі ұлғаяды. Осыдан шығу туризмнінің эгоисттік үлгісі соңғысын донор беруші ел үшін абсолютты пайдалы етеді, себебі оның пайдасы туристтерді демалу орнына жеткізетін ұлттық тасымалдаушылардың жұмысымен шетел инвесторларының иелігіндегі қонақүйлер, мейрамханалар, экскурсиялық фирмалардың жұмысымен, сонымен қатар шетел курортындағы тұрғындардың табысымен қамтамасыз етіледі. Шығу туризмінің пайдасы асыра жоғарылайды, егер реципиент-елде туристтік тұтыну тауарлары (азық-түлік, сусындар, фототауарлар, туристтік жабдықтар, кәдесыйлар және т.б.) өндірісі болмаса және осындай тауарлар донор-елде өндірілсе. Бұл жағдайда демалыс кезіндегі туристтердің шығыны (мысалы, шетел курортының дүкендер немесе базарлары) туристтік тұтыну тауарларын экспорттайтын донор-елге пайда әкелуге қабілетті.

- шетел инвестициялардың да, реципиент-елдегі жұмыс күшінің миграциясының да қатал шектеулерінің болмауы. Ұлттық туристтік индустриясында шетел капиталдары мен жұмыскерлерінің келуіне шектеу жасауға бағытталған жергілікті үкіметтің ұстанымдары эгоисттік үлгіні құруға жол бермейді;

- реципиент-елдің экономикалық дамуы донор-елге қарағанда қалып қойған, оның нарықтық механизмдері жетілмеген, туристтік тұтыну тауарлары өндірісінде (мысалы, білікті мамандар немесе қазіргі инфрақұрылым) қандай-да бір артықшылықтар жоқ.

Донор-ел үшін шығу туризмнінің эгоистік үлгісінің тиімділігіне қарамастан, ол рецептивті туристтік елдердегі тұрғындардың ұлттық қызығушылықтарына жауап бермейді, себебі олар бұл үлгідегі туристтік айырбастың нәтижесінде өзінің туристтік ресурстарын ғана ұсынады.

Келтірілген үлгілердің екеуі де жіберуші аумақ үкіметінің жоспарлы саясатының арқасында шығу туризмі өте пайдалы және жергілікті өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласының дамуын ынталандырушы екенін көрсетеді және ол саясат келесіге бағытталған: біріншіден, белсенді сауда серіктестегі елге бағытталған шығу туристтік ағымын реттеуге; екіншіден, рецептивті елдер мен аумақтардың туристтік индустриясының инвестициясын дамытуға; үшіншіден, ұлттық туристтік индустрияға (мысалы, әуетасымалдаулар немесе туроперейтинг саласына) рецептивті аумақтардың туристтік бизнес өкілдерінің кіруіне жол бермеуге.

Осыдан, күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып табылатын халықаралық туризмнің (шығу және кіру) кез-келген түрлері аумақтың экономикалық жүйесіне кері де, оңтайлы да әсер етеді. Шығу туризмінің алғышарттарына негізделген біржақты протекционды ықпал басынан қате болып, қазіргі экономикалық дамудың нақты жағдайларына жауап бермейді.Ұлттық туристтік өнім өндірісіндегі артықшылықтары жоқ бірқатар мемлекеттер үшін дәл осы шығу туризмі жергілікті қауымдастықтың өмір деңгейінің жоғарылауын және өнеркәсіптік өндірістің өсуі мен елдің әлемдік сауда процестеріне қатысу дәрежесін ынталандыратын маңызды құралы болады, бұл кезде елдің ұлттық туристтік өнім өндірісіндегі күштерінің шоғырлануы тиімсіз болып қалады. Кез-келген жағдайда халықаралық туризмнің позитивті экономикалық тиімділігіне жету мақсатында оның мемлекеттік реттелуінің жүйеленген механизмдері қажет.

Тақырып 4