Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

4. Туристік нарықты талдаудың әдістері мен белгілері

Туристік зерттеулердегі қызмет көрсету сапасын бағалау туристік сұранысты болжауға және болашақта туризмге қатысты оқиғаның даму мүмкіндігін суреттеу үшін қажет. Көп жағдайларда сапалы сипаттамалар сандық көрсеткіштің талдау нәтижелеріне маңызды толықтыруға қызмет етеді. Сандық көрсеткіштерді зерттеу мен есептеу кезінде зерттеушілер тренділерді обьективті бағалауға тырысады, сапалы көрсеткіштерді қолдану кезінде экспертердің құбылыстарды өздерінің қабылдау мен тәжрибесі негізінде бағалаудағы субьективті пікірлер шешуші рөл атқарады.

Сапалы модельдер жаңа туристік орталық немесе аудан салу кезінде ерекше талап етілуі мүмкін.Мұндай жағдайда аналитиктерде туристердің келу саны, сұраныстың маусымдылығы немесе сол болған жерге кететін орташа туристік шығындар туристік жинақталған мәліметтерді пайдалану мүмкіндігі жоқ. Сапалы үлгілер туристік бизнестің сыртқы ортадағы, туризм жағдайына шешуші әсер ете алатын саяси немесе әлеуметтік өмірде түбегейлі өзгерістер болған кезде пайдалы бола алады.Мұндай жағдайда талдаудың сандық әдістері тиімсіз немесе туризмді бағалау мен болжау үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.Сандық талдау нәтижесінде алынған мәліметтер, тұтынушы мінез – құлқындағы күтілген өзгерістер, үкімет саясаты, сыртқы саяси факторлар, ерекше оқиғалар сияқты сапалы сипаттамалар бойынша түзеледі. Соңғы болжамдар барлық факторларды есептегендегі неғұрлым мүмкін көрсеткіштер болып саналады.Туристік нарықты зерттеу кезінде шынайы және потенциалды саяхатшыдан маркетингтік сұрақ алу әдістері қолданылады. Бірақ тұтынушылардан сұрақ – жауап алу көп уақыт пен құралды алатын болғандықтан, кейде тұтынушылардың орнына туристікистік қызмет көрсетулерді ұсынатын өнеркәсіптерден сұрақ алады. Дельфи әдісін көрнекті мамандар сол сияқты туристік зертеулерде қолданылады. Ол беделді ғалымдар мен зертеушілердің нақты жағдайлары немесе туризмдегі болжамдары туристік пікірлерінің консенсусының жетістіктеріне негізделген. Бұл әдіске сәйкес бастапқы кезеңде сұрақтар енгізілген анкета жасалады, жауаптары қалаған нәтижелерін беруі тиіс. Анкеталарды белгілі эксперт топтарына жібереді және олардың әрқайсысы тәуелсіз жауаптар береді. Сөйтіп мамандарға қысым жасаудан құтылуға болады. Жауап алғаннан кейінгі алғашқы талдаудан кейін сұраудың екінші немесе үшінші кезеңдері болуы мүмкін, консенсусқа жеткенше немесе жақындау нүктесі табылғанша.

Уйсал мен Кромптон өздерінің туристік зерттеу моделдері – эксперт семинарын ұсынады. Уйсал мен Кромптон жасаған сценарийге эксперт топтарын белгілі бір тақырыпқа арналған семинарға шақырады. Эксперттер баяндамалар жасайды, бөліп берілген тақырып және регламент шеңберінде әртүрлі мәселелерді терең және жан жақты қарастырады, мыналарға сәйкес дебадтарға қатысады: ағымдағы жағдай, мүмкін болатын болашақтағы жағдай, ағымдағы жағдайдың дамуын болжау. Ғалымдардың пікірінше, осыған ұқсас семинарлар жылына кемі бір рет өткізіліп тұруы қажет. Семинар материалдары жұмыспен қамтуды қалыптастыруға, жаңа обьектілер салуға, қызмет көрсету салаларын кеңейтуге және тағы басқа маңызды үлес қоса алады .

Туристік қызмет көрсетулерге сұранысты сегментациялау әдістері. Туристік сұранысты зерттеудің неғұрлым кең тараған тәсілдерінің бір сегментация болып табылады.

Туристік турлар мен қызмет көрсетулерді жеке қолдануы үшін дағдыға айналдырады, сондықтан оларға қатысы бойынша, кез-келген тұтынушы қатысы бойынша, толық шамада, сатып алу туралы шешім қабылдауға әсер ететін факторлар бар: әлеуметтік – экономикалық, жынысы, жас шамасы, айналысатын ісі, өмірлік сипаты, құндылық жүйесі, ұлттық ерекшеліктері мен мәдениеті, географиялық психологиялық факторлар.

Халықарлық туризмде адамға ол үшін бөтен орта ерекше әсер ете алады. Мұндай әсер дағдылы әдеттерден қол үзген әлеуметтік өзара әрекеттің басқа ережелерінің әсер ету салдарынан пайда болатын мазасыздық сияқты жағдайды анықтайтын мәдени естен тану деген атқа ие болды.

Шығыс Африкада демалып жатқан американдықтар арасында өткізілген зерттеу африкалықтардың, үйренбеген өзіндік мәдениеті қажетсіз салдарға алып келгендігін көрсетті. Бірақ мұндай жағдайда бөгденің өмір сүру сипаты мен дәстүрлерін күшпен алу жергілікті тұрғындарға теріс қарым қатынастан көрінеді.

Туристердің басқа ортаны қабылдау ерекшеліктері олардың ұлттық, әлеуметтік – экономикалық, жасқа сай, жыныстық, тілдік білім беру және т.б. ерекшеліктерімен, сол сияқты туристік тәжрибесімен түсіндіріледі. Жаңа мәдениетке бейімделу мәдениеттің айырмасы кері пропорционал және жеке туристік сұранысқа тура пропорционал.

Туристік нарық сегментацияның негізгі нарықтық сегменттерді тұтыну белгілері бойынша бөлу болып табылады. Негізгі тұтыну белгілеріне әлеуметтік – экономикалық, демографиялық және географиялық белгілер, қосымша белгісіне сегменттің психогеографиялық және мінез – құлықтық белгілері жатады. Халықаралық туристік сұранысты зерттеудің неғұрлым кең тараған, сегментацияның мынандай белгілері болып табылады:

Әлеуметтік – экономикалық, географиялық және демографиялық белгілері – бұл көрсеткіштердің айтарлықтай үлкен шеңбері, кіріс деңгейі, білімі, мамандығы, жанұя құрамы, климат, миграция және тағы басқа. Тәжрибе, неғұрлым кең тараған, туристік нарықтың сегментациясы бір белгінің негізіндегі емес, бірнеше белгінің негізінде құрылған сегментация екендігін көрсетеді. Сегментацияның әдістерінің бірі тұтынушылардың жекелеген топтарын қызықтыратын пайдасын анықтау болып табылады. Бұл мақсат үшін пайда бойынша тұтынушы сегментін анықтауға көмектесетін көрсеткіштер тобын анықтау қажет.

Халықтың туристік сапарларға қарым қатынасын сипаттайтын факторлар тобын: халықтың мобильділігі туристікалы 1000 адамға шетелге шығудың жиілігі туралы және тағы басқа мәліметтерді жеке қарастыру керек. Халықтың қозғалыс динамикасы ұзаққа созылған тарихи процессінің нәтижесінде қалыптасады, туристік ағымның (келіп - кетушінің) географиялық бағыттылығы дәстүрлі тұрақты. Испан мамандары Х.Монтанера Монтеханоның зерттеулеріне сәйкес әртүрлі елден келген туристерді ұнату ерекше қалыптасады. Мысалы, француздарға өздеріне мәдениеті жағынан жақын елдердегі жанұялық туризм ұнайды, оларды күн астында демалу, қыздырыну қызықтырады, олар алысқа саяхатқа шықпауға тырысады.

Жас шамасы. Қазіргі уақытта америка халқының 25%-дан астамы 50-ден жоғары жаста. Бұл сандар болжауға сәйкес алдағы 50 жылда 30%-ға дейін өседі. Үлкен жас шамасындағы сегмент жас саяхатшылар сегментіне қарағанда саяхатқа көп ақша жұмсаудың үлкен мүмкіндігімен сипатталады. Жас шамасы бойынша сегменттің ішінен сол сияқты жасы 30-дан кіші, ұзақ айлар бойы әлемді тану үшін саяхаттайтын туристерді бөліп алуға болады.

Білім. Білім деңгейі саяхатқа бейімділікке әсер ететін факторлардың деңгейінен кейінгі, екінші болып табылады.бұл әсіресе білім алу бағдарламасы шеңберінде жиі сапарларға шығатын жас саяхатшыларға қатысты.

Психографикалық белгілері. Бұл белгілер (өмір сүру сипаты, құндылық бағдарлары, мотивациясы, әуесқойлылығы және т.б.) сегментацияның әлеуметтік – экономикалық, демографиялық және географиялық белгілеріне қатысы бойынша қосымша болып табылады. Демографияның тұтынушылар мінез – құлқына әсерін зерттей отырып, мамандар, тұтынушылар мінез – құлқының кейбір ерекшеліктерінің әдеттегі демографиялық белгілері шеңберінен шығып кеткендігіне көңіл бөледі, оларды адам психологиясы көзқарасы тұрғысынан түсіндіруге болады. Психографика термині ХХ ғ. 60 жылдардың ортасында пайда болды. Психографика сатып алушының мүдделерін, оның өмір сүру сипатын, хоббиін, өзі туристікалы түсінігін, өмірлік құндылықтарға қарым – қатынасын зерттейді .