Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

1. Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері

Нарық – тауарларды сатып алу-сату формасындағы өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жанама, тікелей екі жақты байланыс: тауар-ақша қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге құралдардың, әдістердің, жабдықтардың, ұйымдық-құқықтардың нормалардың, құрылымдардың және т.б. сондай қатынастардың орнығуын қамтамасыз ететін барша жиынтық.

Экономикалық әдебиеттерде нарықтың табиғатын анықтауда әртүрлі әдістер бар. Тар мағынада нарық – ол қызмет пен тауарға ұсыныс пен сұраныстың кезігуі және олардың бағасының қалыптасу орны немесе – нақты территория мен экономиканың нақты ортасында орындалатын келісім (сделка) жиынтығы .

Туристік нарық (туристік қызмет нарығы) – ол нақты орын мен нақты уақыттағы ерекше туристікистік тауар мен қызметті сатып алу-сату процесімен қамтамасыз ету үшін сұраныс пен ұсынысты біріктіруші қоғамдық экономикалық құбылыс.

Туристікистік нарық - ол туристікистік қызмет көрсетулерді сатып алушылар мен сатушылармен бірге жүретін институт немесе механизм б.т. Туристік нарық жай тауар нарығына карағанда тауарды тұтынушы алдына жеткізуі карастырылады. Керісінше, сатып алушының өздері резервтелген қызмет көрсетулерді алу үшін белгіленген орынға орналастырылады.

Нарық – бұл алмасу саласы. Туристік нарықтағы алмасу заты саяхатшыларға әр түрлі қызмет көрсетулермен қажеттілігін қанағаттандыру бойынша туристікистік индустрияның (қонақ үй, ресторан, тасымалдаушы, бос уақыт кәсіпорыны, саяхыатты ұйымдастырушылар және т.б.) әртүрлі кәсіпорынның қызметін ұсынатын туристікистік қызмет көрсетулер болып табылады.

Туристік нарықты мынандай белгілері бойынша жіктеуге болады:

  1. География бойынша - әлемдік, аймақтық, жекелеген елдің, ішкі ел, қала аудандарының нарықтар және т.б.;

  2. Ұлттық аймаққа қарым қатынасының белгілері бойынша халықаралық туристікизм нарығы (кіру және шығу), ішкі туристікизм нарығы;

  3. Туристтердің толассыз келуін реттейтін және туристтерді қабылдайтын нарықтар;

  4. өндіріс пен өтімнің шоғырлану деңгейі бойынша – монополиялық, олигополитикалық нарықтар және еркін бәсекелестік нарығы;

  5. сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс деңгейі бойынша сатушы нарығы (жоғары сұраныс және ұсыныстың шектеулілігімен және сатып алушы нарығы ұсыныстың сұраныстан асып түсуімен сипатталады).

  6. Туристік терминологияда “аймақ” деген түсінік бар, және ол аймақтың үш типі бар:

1) географиялық аймақтар, мысалы, Батыс Еуропа немесе Солтүстік Африка;

2) әкімшілік аймақтар, мысалы, Ярославль облысы;

3) табиғи – климаттық аймақтар, мысалы, теңіз курорттары, Тынық мұхит бассейн.

Туристердің аймақтар ішінде үздіксіз ағылып келу қозғалысын – интрааймақтық және аймақтар арасындағы - интераймақтық деп бөледі. Соған сәйкес туристік сапарларға шығатын адамдардың саны үнемі өседі, және туризм әлемдік экономикаға сияқты, жекелеген елдердің әлеуметтік – экономикалық дамуына көбірек әсер етеді. Халықаралық туризмнің әлемдік экономикаға әсер етуін зерттеудің маңызды бағытының бірі – туристік нарық көлемін анықтау. Нарық сиымдылығын (көлемін) анықтау үшін табиғи және ақша түріндегі шындыққа негізделген нәтиже маңызды. Бір жыл ішінде саяхат жасаған және жекелеген бір елге туристік мақсатында келушілер есебінде тіркелгендердің санын анықтау “келушілер саны” деп аталатын халықаралық туризм нарығы көлемінің маңызды көрсеткішін анықтауға қызмет етеді. Шетелден келетін келушілер санымен қатар туристікистік нарық сиымдылығының көрсеткіші халықаралық туристікизмнен түскен ақша болып табылады.

Шетел қонақтарының келу санын белгілеу әр елде ДТҰ жасаған әдістеме бойынша жүзеге асырылады, ол есептеу тәсіліндегі біркелкілікті және мемлекеттік деңгейге сәйкес елдер бойынша статистикалық есеп жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді .

Туристік нарық пен жекелеген елдердің әлемдік туризмінің дамуына қосқан үлесін бағалау мүддесімен туристік нарықты шығу туристікизм нарығы мен келу туристікизмі нарығына бөлу қабылданған. Шығу нарығының көлемі елден шығу санымен, келу туризмі – келу санымен анықталады. Келу және шығудың жалпы саны реципиент елдер мен халықаралық туризмнің генератор елдері бойынша бөлінеді. Туристтердің үздіксіз келуін генерациялау туристік қызмет көрсетудің импортын білдіреді, ал шетел туристін өз елінде қабылдау мен қызмет көрсету – халықаралық туристік қызмет көрсетудің экспортын білдіреді .

Келушілер санының көрсеткішінен басқа, халықаралық келу туристікизмі нарығының көлемі халықаралық туризмнен түскен түсім көлемімен анықталады, оның қайнар көзі шетел қонақтарының туристік қызмет көрсетулерге кеткен шығындары болып табылады. Халықаралық шығу туризмі нарығының көлемі резиденттердің елден шетелдерге саяхат жасауға шығу санымен және олардың шетелдерде болған кезіндегі кеткен ақша сомасының шығындарымен анықталады.

Туристік қызмет көрсетулерді нақты өндірушілер үшін мақсатты туристік нарықтың сыйымдылығы (қызмет көрсетуді) сату санымен анықталады. Стратегиялық маркетингтік шешімді өндіру, мақсатты сегментті, өтім каналдарын таңдау, баға саясатын талдау және көптеген басқа міндеттерді талдау үшін нарықты үнемі зерттеу жүргізу қажет.

Туристік нарықты зертеу мақсаттары мынандай:

  1. жалпы сипаттама беру және нарықтағы өзгеріс тенденцияларын анықтау;

  2. нарықтаға бәсекелестік жағдайды бағалау;

  3. негізгі тұтынушыларға сипаттама беру;

  4. өнім мен осы нарықта қызмет көрсетудің қозғалыс жүйесін анықтау;

  5. туристік ұйымның қызметіне әсер ететін ішкі орта дамуының тенденцияларын айқындау және т.б.

Мұндай зертеулер нәтижесінде нарық конъюнктурасын, яғни оның белгілі бір уақыт кезеңіндегі экономикалық, әлеуметтік – экономикалық, табиғи және басқа факторлардың әсерімен байланысты жағдайын анықтайды. Нарық конъюнктурасын туристік қызмет көрсетудің сұранысы мен ұсынысының ара қатысы, баға мен кірістің деңгейі, мемлекеттік реттеу деңгейі, сұраныстың маусымдық тербелісте болуы сияқты параметрлер сипаттайды .

Сыртқы факторларға нарықты макроқоршауды сипаттайтын STEP – факторлар жатады (STEP – “sociology”, “technology”, “economics”, “and politics” деген ағылшын сөзінің қысқармасы). STEP – факторларды талдау кезінде халықаралық туристікизмде макроқоршау, экономика, ғылыми – техникалық прогресс, саяси орта, демография, мәдени және табиғи орта сияқты элементтер қарастырылады .

Экономика. Туристік нарықтың конъюнктурасын талдау кезінде экономика жағдайы мен қалыптасушы тенденцияларына көңіл аудару қажет (ВВП динамикасы, төлем баланысының жағдайы, инфляциялық процесстер, аймақ динамикасы және кіріс деңгейі бойынша жұмыссыздар деңгейі). Экономикалық факторлар сатып алу мүмкіндігіне де әсер етеді, демек сұранысқа да әсер етеді. Жалпы сатып алу мүмкіндігі ағымдағы кірістермен, жинағының болуымен, баға деңгейімен және несиеленудің деңгейімен анықталады.

Ғылыми – техникалық прогресс. Бұл саладағы өзгеріс болжауға қиын беріледі; қандай саланың дамуына мемлекет және ірі корпарациялар бірінші кезекте қаражат салатынын солармен бақылауға болады. Өнімдеріне технологиялық өзгерістер әсер етуі мүмкін кәсіпкерге, өз мүдделерін сақтау үшін техникалық жаңалықтардың пайда болуын бақылау қажет.

Саяси орта. Әңгіме туризм индустриясы мекемелерінің жұмысын, мемлекетаралық қарым – қатынастарды, қоғамдық институттың әсер етуін (мысалы, адам құқығы) реттейтін саяси тұрақтылық, заң актілері, үкімет органдарының қызметі туристік болыпа табылады.

Демография. Бұл жағдайда бәсекелестікті құрушы факторлар демографиялық тренділер, еңбекке қабілетті жастағы халық санының динамикасы, халықтың жасына сай құрлымы, жасы, жынысы, ұлты және т.б. статистикалық белгілері бойынша топтарға бөлінуі болып табылады.

Мәдени орта. Жүйеге құндылықтардың, білім деңгейінің өсуі, мінез – құлық ережесінің өзгеруі, мысалы, барлығына отандық сән үлгісі немесе керісінше импортқа, салауатты өмір салтына, ұтымды тамақтануға, әсер етуі ескеріледі.

Табиғи орта. Бұл туристік ресурстар мен экология жағдайы. ХХІ ғасырдың басында адамдар табиғи ресурстар толықтырылмайды деп мазасызданған болатын. Туризм үлкен деңгейде осы факторға тәуелді болады.