
- •ЗТақырып 1 Туризмдегі кіру және шығу технологиясының түсінігі; субъектілері, маркетинг түсінігі және қазіргі жағдайы.
- •1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде
- •2. Туроперейтингтегі маркетингтің рөлі мен түсінігі.
- •Аутгоинг туризмнің түсінігі, ерекшеліктері және туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
- •2. Туризмдегі флайтер түсінігі және оның жұмысы
- •3. Аутгоинг-туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері
- •2. Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары
- •4. Туристік нарықты талдаудың әдістері мен белгілері
- •4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі
- •Шығу туризмді ұйымдастыру технологиясы
- •1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
- •2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
- •3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы
- •4. Туроператорлардың және шетел қонақүй кәсіпорындарының ынтымақтастық формасы
- •Туроператордың қонақүйлерді жалға алу жұмысының түсініг; комитмент шарты және элотмент шарты
- •3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.
- •3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.
- •1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер
- •2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар
- •3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері.
- •2.Халықаралық туризм георафиясы саласындағы әлемдік байланыс
- •3. Халықаралық туризмнің георафиясына «белсенді» жобаларды іске асыру инвестициялары
- •1. Туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері
- •2.Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру
- •3. Туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау
- •4. Туристік өнімдерді өндірудің экономикалық ерекшеліктері
- •2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •1. Туристерді тасымалдау түрлері
- •2. Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен сақтандыру
- •3. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері
- •3. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.
- •4. Шенген визасының типі мен спецификасы
- •Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы
Аутгоинг туризмнің түсінігі, ерекшеліктері және туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
Дәріс 3
1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
2. Туризмдегі флайтер түсінігі және оның жұмысы
Дәріс 4
3. Аутгоинг-туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.
Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.
Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.
Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36
Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.
Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.
Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.
Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.
Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.
1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
Аутгоингті туроператор халықаралық шығу турларын жасауға, жылжытуға, іске асыруға мамандардырылады, яғни өз елінің азаматтарының басқа елге саяхат жасауы. Бұл күрделі, көптеген күштер мен капитал салымдарын қажет ететін туроперейтинг түрі.
Аутгоингтің күрделілігі алдымен, сатылатын бағытты ізерлеп зерттеуге деген қажеттілігінде. Оператор олармен сатылатын қонақүйлер, экскурсиялық бағдарламалар, ұйымдастырылатын трансферлер, елге кіруді рәсімдеу тәртібі туралы ақпаратты игерумен қатар, жергілікті үкіметтің саясатын, мекендеу еліндегі заңдарды, дәстүрлерді, тәртіп нормаларын, туристтің және оның мүлкінің қауіпсіздік шараларын, жергілікті асхананың ерекшеліктері, тынығу және көрнекілік мекемелердің жұмыс тәртібі және т.б. білуі тиіс. Агенттерге де, туристтерге де толық ақпаратты ұсыну үшін қажетті бағыттарды максималды білуге туроператор жұмыскерлерінің курортты және туристтік орталықтарға іс-сапарға шығуларының, екінші ақпарат көздерін мұқият зерттеу және осы бағыттағы туроператордың немесе оның бәсекелестерінің жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде жетуге болады.
Аутгоингтің туроперейтингтің басқа түрлерімен салыстырғанда қиыншылығының екінші себебі- шетел серіктестерімен (meet-компаниялар, хотелъерлер, экскурсиялық бюролар, көлік ұйымдары) іскер түйісулерге деген қажеттілігінде, ол персоналдар шетел тілін меңгерумен қатар бірқатар факторларды ескеру дағдысын талап етеді, олар:
- сағат белдеулері- бұл жағдайда Жердің жартылай шарының (Еуропа және АҚШ, Оңтүстік Америка және Азия) арасындағы аутгоингтің ұйымдастыру қиыншылықтар тудырады; - реципиент- ел тұрғындарының жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері (үзілік ұзақтығы, жұмыс күнінің басталу және аяқталу уақыты, ұлттық мейрам және демалыс күндері);
- реципиент-елдегі байланыс құралдарының даму деңгейі (Интернерт- факс- деңгейлерде жұмыс істеу мүмкіндігі);
- шетел серіктес-фирмалары жұмыскерлерінің психикалық және әлеуметтік ерекшеліктері (олардың жауапкершілік, кәсіпқойлық деңгейі);
- серіктестердің географиялық қашықтығы (қымбат іс-сапарлар, ақпараттық және фам-турлар операторларға серіктестерге сенуге мүмкіндік береді);
- торығушылық алғышарттар және шығындардың жоғары құны, туроператордың шетел серіктестерімен соттық тексерулері, әсіресе, егер келісім-шарт бойынша барлық жанжалды жағдайлар реципиент-елдерінің соттарымен қарастырылса.
Ірі туроператорлардың жұмыскерлері аутгоингті ұйымдастырудың жоғарыда келтірілген факторларын ескере отырып әрдайым жеке жұмыс күндерін тиімді жоспарлай алмайды. Ресей жән еуропа туроператорларының пікірінше, оңтсүтікеуропалық (Италия, Испания, Португалия), түркі, египеттін, туниисстік бағыттарда жаппай аутгонигті ұйымдастыру өте күрделі дейді. Сонымен қатар, аутгоингтің күрделігін халықаралық есептердің қажеттігімен және туристтік нарыққа жанама әсер ететін факторлардың (реципиент-елдің және донор-елдің экономикалық, саяси, экологиялық жағдайлары) байланысымен түсіндіруге болады.
Алайда, аутгоингті туроперейтингтің басқа да түрлерімен салыстырғанда күрделендірілетін аталмыш факторларына қарамастан, шығу туризімі саласында операторлар арасында қатаң бәсекелі күрес пайда болады, бұл бүкіл әлемдегі халықаралық туризмнің осу қарқынын растайды. Жаңа туроператорларды инкаминг және инсайдингпен салыстырғанда көбірек пайда әкелетін аутгоинг өрісіндегі күреске итермелейтін коммерциялық қызығушылықтармен қатар, олармен жеке нарық тауашасын алу, нақты туристтік бағыттарды ашу және онда монополия болу алғышарттары ынталандырады; өсіп келе жатқан туристтік ағымдардың арқасында реципиент- елдердегі туристтік кәсіпорындардың беделін жаулап алу және жат елде ары қарай туроператорлық лоббиді жалғастыру мүмкіндігін алу.
Аутгоингті туристтік оператор мен әуекомпанияларының (себебі әуекомпаниялары нарықтағы туристтік қызметтерді жетекші жеткізушілер болып табылады) белсенді ынтымақтастығына байланысты халықаралық туроператорларды флайтерлер мен нонфлайтерлерге жіктеуге болады.