
- •ЗТақырып 1 Туризмдегі кіру және шығу технологиясының түсінігі; субъектілері, маркетинг түсінігі және қазіргі жағдайы.
- •1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде
- •2. Туроперейтингтегі маркетингтің рөлі мен түсінігі.
- •Аутгоинг туризмнің түсінігі, ерекшеліктері және туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
- •2. Туризмдегі флайтер түсінігі және оның жұмысы
- •3. Аутгоинг-туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері
- •2. Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары
- •4. Туристік нарықты талдаудың әдістері мен белгілері
- •4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі
- •Шығу туризмді ұйымдастыру технологиясы
- •1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
- •2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
- •3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы
- •4. Туроператорлардың және шетел қонақүй кәсіпорындарының ынтымақтастық формасы
- •Туроператордың қонақүйлерді жалға алу жұмысының түсініг; комитмент шарты және элотмент шарты
- •3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.
- •3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.
- •1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер
- •2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар
- •3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері.
- •2.Халықаралық туризм георафиясы саласындағы әлемдік байланыс
- •3. Халықаралық туризмнің георафиясына «белсенді» жобаларды іске асыру инвестициялары
- •1. Туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері
- •2.Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру
- •3. Туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау
- •4. Туристік өнімдерді өндірудің экономикалық ерекшеліктері
- •2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •1. Туристерді тасымалдау түрлері
- •2. Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен сақтандыру
- •3. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері
- •3. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.
- •4. Шенген визасының типі мен спецификасы
- •Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы
4. Шенген визасының типі мен спецификасы
Шенген визасы қалай рәсімделеді?
1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Германия Федеративті Республикасы «Ортақ шекарадағы бақылаудың кезеңмен жойылуы туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты ортақ шекара арқылы тауар мен қызметтердің өтуін жеңілдету болып табылады.
Шенген визасы Шенген аймағы елдері үшін виза болып табылады. Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония.
ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады?
Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі.
Шенген визасын алудың талаптары:
•Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;
•Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;
•Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);
•Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;
•Сауалнама толтырылуы тиіс.
Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:
•Шетелдік құжат;
•Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;
•Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;
•Валюталық шотыңыз туралы анықтама;
•Әуебилет;
•3,5х4,5 фотосурет (2 дана);
•Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.
Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?
•Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.
•Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.
•Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.
•Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.
•Консулдық қызмет рұқсат беріп, ал шекарашылар сапар барысында мемлекетке кіруге жол бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарашылардың рұқсат бермеуге толық құқығы бар. Мысалы, сіз төлқұжатта көрсетілмеген мемлекетке бас сұға алмайсыз. Ең әуелі, сіз төлқұжатта көрсетілген мемлекетке аяқ басуыңыз керек. Бес күн ішінде басқа аймақтарға бара аласыз. Сондай-ақ, Шенген аймағындағы кез келген мемлекеттік ішкі шекаралық бақылау тәртібін енгізуі мүмкін.
Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары
• Егер Сіз Шенген аймағының тек ғана бір мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекет Франция болған жағдайда, виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
• Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттердің бірінде болатын мерзіміңіз басқаларына қарағанда ұзағырақ болса, аталмыш мемлекеттің Елшілігі немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
• Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттерде болатын мерзіміңіз бірдей болған жағдайда, Сіз сапарыңыз басталатын мемлекет Елшілігіне немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
• Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз, бірақ Сіздің негізгі баратын мемлекетіңіз Франция болған жағдайда виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.
Шенген визасының жаңа түрі
Еуропа Парламентінің және Еуропа Одағы Кеңесінің 2010 жылдың 5- сәуіріндегі жаңа қаулысына сай Шенген визасын алуға талапкерлер сауалнаманың жаңа түрін толтыруы тиіс. Үлгі виза алуға өтініш тапсырушымен ағылшын және француз тілдерінде талап етілген ретте толтырылуы тиіс екендігіне назар аударыңыз.
Ұлыбританияға виза алу үшін құжаттар тапсыру кезінде қажетті құжаттар:
1.Төлқұжат
2. төлқұжаттық үлгідегі 2 фотосурет (4/5-ке 3/5 ақ фонда)
3. он-лайн сауалнамасының және аппедикс № 8 қосымшасының қағазға басылған түрі
4.шетелдің жоғары оқу орны берген ‘Visa Letter' хатының түпнұсқасы
5.Орталықтың кепіл хатының түпнұсқасы
6.Орта білім туралы аттестаттың (бакалаврлар) және дипломның (магистрлер) нотариалды куәландырылған көшірмесі.
7.Консулдық жинақ (сома құжаттарды тапсыратын күні төленеді)
Британдық виза дайындау ұзақтығы 5-тен 10-ға дейінгі жұмыс күнін алады.
Ұлыбританияға виза ресімдеу жүйесінің ерекшеліктері: визаға құжаттарды Алматы қаласындағы Виза Орталығында, биометриялық деректерін тапсыруға байланысты жеке өзі келген кезде тапсыруға болады.
Британдық виза орталығында құжаттар ресімдеу процесі
Өтініш Британдық Виза Орталығында өтініш берушінің жеке өз қолынан қабылданады. Сауалнаманы өтініш иесі атынан оның өкілінің немесе агенттің толтыруына рұқсат беріледі, алайда өтініш иесінің өзі сауалнамада көрсетілген ақпарат үшін толық жауапкершілікте болады және міндетті түрде өз қолымен қол қоюы тиіс. Осы ережелерді сақтамау виза беруден бас тартуға әкеп соғуы мүмкін. Британдық Виза Орталығына құжаттар тапсыру кезінде барлық қажетті құжаттардың болуы, қол қойылған сауалнама мен тиісті фотосуреттің болуы тексеріледі. Сонымен қатар, өтініш тапсыру кезінде өтініш иесі бар екендігін растайтын құжаттар тізімі құрылады және оған қол қойылады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін Британдық Виза Орталығы өтініш беруші туралы ақпаратты компьютерге енгізеді, сондан кейін сауалнама мен барлық қосымша құжаттарды Елшілікке тапсыру үшін буып жинақтайды. Алматыдағы Британдық Виза Орталығында 1 күні тапсырылған визаға кез келген өтініш Алматыдағы Ұлыбритания Елшілігі Өкілдігінің Визалық бөліміне 2 күні жеткізілетін болады. Визалық Офицер өтінішті Виза бөліміне қабылданғаннан кейін бірден қарайды. Виза процесінің бұл бөлігі Аутосорсинг жүйесін енгізгенде өзгермейді. Осы өтініш бойынша шешім қабылданысымен құжаттар қайтадан Виза Орталығына жіберіледі. Құжаттарды қарау нәтижесі қатаң құпияда және Виза Орталығының қызметкерлері ол туралы білмейтін болады.
Студенттік визаға құжаттар тапсыру кезінде
Ұлыбританиядағы университеттен, колледждан немесе мектептен оқу курсына тіркелуі туралы хаттың түпнұсқасы. Хатта оқу курсы, оның ұзақтығы мен құны туралы толық ақпарат қамтылуы тиіс. Басқа құжаттармен бірге оқу орнынан хат көшірмесін ұсыну қажет. Хаттың түпнұсқасы елге келгеннен кейін Құрама Корольдіктің иммиграциялық билігіне көрсету үшін қайтарылады;
Оқу курсына тіркелуі туралы хаттың түпнұсқасы Елшілікке тікелей жіберілмеуі керек. Ұлыбританияда оқығысы келген адамдар университеттермен, колледждармен немесе мектептермен визаға құжаттар келіп түскенге дейін, осындай хатты алуы туралы өз еріктерімен келісулері тиіс;Қазақстанда тиісті білім және оқудан өтуі туралы кез келген қолда бар дипломдар мен сертификаттар (мысалы, студенттік билет, университеттен, колледждан немесе мектептен хат);
Орталықтың кепіл хатының түпнұсқасы.
Германияға виза алу үшін құжаттар тапсыру кезінде қажетті құжаттар:
1. 3 толық толтырылған және қол қойылған сауалнама (барлығы да неміс тілінде)
2. 3,5 х 4,5 см. көлеміндегі 4 актуалды фотосурет (3-еуі сауалнамаға желімделген, 1 бос)
3. қолданыстағы шетелдік төлқұжаттың 2 көшірмесі
4. оқуға рұқсат алған студенттерде: оқуға үміткерлерге германдық жоғары оқу орнының немесе арнаулы жоғары оқу орнының оқуға рұқсаты туралы шешімінің 2 көшірмесі: германдық жоғары оқу орнынан/мамандандырылған жоғары оқу орнынан оқуға өтініш беруі туралы немесе неміс тілін базалық білуі туралы растаманың және ЖОО-да оқуға рұқсат алу құқығын беретін құжаттардың (алғашқы білімі туралы құжаттар) 2 көшірмесі
5. оқу орнын бітіргені туралы куәлікті, сондай-ақ еңбек қызметі туралы құжаттарды қоса алғанда, алғашқы білімінің болуы туралы құжаттардың 2 көшірмесі
6. қаржы қаражаттарының болуын растайтын құжаттардың 2 көшірмесі
7. соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтаманың 2 көшірмесі қажет болған жағдайда, туған кездегі тегі, және кейінгі тектері бойынша берілген)
8. Қазақстандағы тұрғылықты жерінен өзекті анықтамасының түпнұсқасы не түпнұсқасы болған жағдайда, үй кітапшасының көшірмесі
¬Өтініш беру кезінде Сіз шетелдік төлқұжаттың түпнұсқасын көрсетуіңіз керек. Куәлікті, құжаттарды және анықтаманы да түпнұсқада және нотариалды куәландырылған аудармасымен (тұрғылықты жерінен анықтама не үй кітапшасының көшірмесі бір данада, неміс тіліне аударылмай ұсынылады) ұсыну қажет. Куәліктерді, құжаттар мен анықтамаларды түпнұсқада және нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсыну қажет. Қажет болған жағдайда, азаматтық жағдайы туралы қазақстандық куәлік пен сот шешімін апостилдеу қажет.
Қарау мерзімі: 3-7 күн
Тақырып 14. Туризмдегі сақтандырудағы туристік агенттің жұмысыДәріс 27
Туризмдегі сақтандыру іс-құжаттары
Туристік сақтандырудың негізгі құжаттары
Дәріс 28
Туристерді медициналық сақтандыру
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.
Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.
Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.
Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36
Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.
Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.
Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.
Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.
Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.
1. Туризмдегі сақтандыру іс-құжаттары
Сақтандыру дегеніміз – бұл қандай да бір жағдайдың болған кезінде сақтандыру төлемдерінен құралған ақша қоры есебінен жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша қатынастары..
Сақтандыруға келесі өзіндік белгілері тән:
- материалдық зақым әкелетін қауіпті жағдайдың болуы;
- болған зақымның өтелуі арқылы жеке және заңды тұлғалардың объективті қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- сақтандыру төлемінің сақтандыру өтеуі ретінде қайтарылуы.
Сақтандырудың мәні жағымсыз жағдайлардың әсерінен болған зақымдар шығынын төлетіп алуда.Сақтандыру міндетті және ерікті түрде жүргізіледі.
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасында алдын ала келісім талап етілмейді. Бірақ әрбір қатысушыға міндеттілік принципі жүктеледі, яғни сақтанушы сақтандыру жарнасын төлеуге, ал сақтандырушы қарастырылған жағдайлар болған кезде сақтандыру шығынын төлеуге міндетті.
Ерікті түрде сақтандыру әркімнің жеке еріктілігімен жүзеге асады, яғни сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Жалпы шарттары мен оны жүргізу тәртібін анықтайтын ерікті сақтандыру Ережелерін сақтандыру заңдылықтарына сәйкес сақтандырушы өзі бекітеді. Осы орайда, сақтандырудың жалпы шарттары заңмен анықталса, ал оны жүргізудің нақты шарттары келісім-шартта келісіледі.
Сақтандыру келісім-шарты дегеніміз – бұл төтенше жағдайлар болған кездерде өзара құқықтары мен міндеттерін орындау шарттары көрсетілген сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы екіжақты келісім.
Сақтандыру келісім-шарты бойынша бір жақ (сақтандырушы) келісім-шартта көрсетілген жағдайлар туған кезде екінші жаққа (сақтанушыға) сақтандыру шығынын төлеп беруге міндетті.
Сақтандыру келісім-шарты келесі жағдайларда ісін тоқтатады:
- келісім-шарт мерзімінің бітуі;
- сақтандырушының сақтанушы алдында міндеттерін толығымен орындап аяқтауы;
- сақтанушының сақтандыру жарнасын төлемеуі;
- сақтанушының жойылуы немесе сақтандырушының қаза болуы;
- бекітілген заңдылықтар тәртібінде сақтандырушының жойылуы;
- сот шешімінің келісім-шартты жарамсыз деп табуы.
2. Туристік сақтандырудың негізгі құжаттары
Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқына лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 37 бабында (ары қарай Сақтандыру туралы заң) және Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 Қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымын құру құқына лицензия беру ережесі, сонымен қатар сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі мен сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқына лицензия беру Ережелерінде (ары қарай –
Ереже көрсетілген құжаттар ұсынылады:
1) өтініш(Ереженің 9 қосымшасындағы форма бойынша);
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточка мен салықтөлеуші куәлігінің нотариуспен заңдалған көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариуспен заңдалған көшірмесі;
4) жарғы капиталының толық төленгенін анықтайтын құжаттар;
5) Заңның 34 бабындағы талаптарға сәйкес сақтандыру брокерін басқарушы жұмысшылардың келісімі жөніндегі құжаттар;
6) сақтандыру және қайтасақтандыру келісім-шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін қарастыратын жұмыстың ішкі регламенті;
Сақтандыру брокерінің ішкі жұмыс регламентіне мыналар кіреді:
- сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шартын жасау боынша көрсетілетін делдалдық қызметті жүзеге асыратын жауапты тұлғалар тізімі;
- сақтандыруға сұраным түсу (қайта сақтандыру);
сақтандыру шарттарын алу;
сақтандыру келісім-шартын жасау;
күшіндегі сақтандыру өтеміне толықтырулар мен өзгертулер енгізудегі;
сақтандырудың келесі кезеңіне сақтандыру өтемін жаңарту;
сақтандыру шараларына қызмет көрсетудегі
сақтандыру брокері қызметкерлерінің әрекетін ашатын сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шартын жасаудағы делдалдық қызметті жүзеге асыру процедуралары.
7) клиенттерге қызмет көрсету құжаттамалары мен шарттарын жүргізу тәртібі;
Сақтандыру брокері клиенттерінің құжаттамалары мен шарттарын жүргізу тәртібіне мыналар кіреді:
- сақтандыру (қайта сақтандыру) келісім-шартын жасау кезіндегі құжаттарды қалыптастырудың тізімі мен дәйектілігі, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайындағы шағымдарды қарастыру, сонымен қатар сақтандыру (қайта сақтандыру) келісім-шарттарын жасауға байланысты өзге де құжаттар;
- клиенттің барлық қаржылық және жеке ақпаратының құпиялық режиміне қойылатын негізгі талаптар;
- құрамына мыналар кіретін қатаң есеп беру құжаттарын сақтау жүесімен қамтамасыз ету:
қатаң есеп беру бланктерін есепке алу жүйесінің болуы;
Қатаң есеп беру құжаттарын сақтау жүйесін ұйымдастыруға жауапты тұлға;
Сақтау орны (жеке орын, сөрелер, сейфтер, оларға кіру тәртібі);
- клиентті қамтамасыз ету тәртібі мен толықтығы:
Сақтандыру брокері, оның статусы туралы ақпарат;
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат;
Төлем және қауіптің мөлшері;
Қызмет пен клиент жеткізушісінің міндеттері.
8) лицензиялық жинақ төлемдерін анықтайтын төлем құжаттарының көшірмесі;
9) мемлекеттік тіркеу туралы құжат, Қазақстан Республикасының сақтандыру брокер-резидентінің жарғы капиталына, Қазақстан Республикасының құрылтайшысы-заңды тұлға-бейрезидентке қатысуына болатыны туралы сәйкес мемлекеттік уәкілетті органнның (қаржы ұйымдары үшін – қадағалау органы) жазбаша хабарламасы, немесе сәйкес мемлекеттік органның заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні турады хабарлама;
10) сәйкес мемлекеттегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының құрылтайшы жеке тұлғасы – бейрезидентінің бекітілген заңнамалық тәртіпте лицензия қайтарылған күннен бастап бір жылдан көп емес мерзім ішіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жетекші маманы ретіндегі қызметте, өзге қаржы ұйымының сақтандыру брокері қызметінде экономикалық және жемқорлық қылмыс пен заңбұзушылық бойынша сотталмағаны туралы, сақтандыру брокері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлі сатып алу, мәжбүрлі тарату туралы шешім қабылданғанын білдіретін құжат. Аталмыш талап лицензияны кері қайтарылған күннен бастап, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерінің мәжбүрлі тарату, мәжбүрлі акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап қолданылады.
Сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқына лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 37 бабында (ары қарай Сақтандыру туралы заң) және Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 122 Қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымын құру құқына лицензия беру ережесі, сонымен қатар сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі мен сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқына лицензия беру Ережелерінде ары қарай –
Ереже көрсетілген құжаттар ұсынылады:
1) өтініш Ереженің 9 қосымшасындағы форма бойынша);
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточка мен салықтөлеуші куәлігінің нотариуспен заңдалған көшірмесі;
3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариуспен заңдалған көшірмесі;
4) жарғы капиталының толық төленгенін анықтайтын құжаттар;
5) Заңның 34 бабындағы талаптарға сәйкес сақтандыру брокерін басқарушы жұмысшылардың келісімі жөніндегі құжаттар;
6) сақтандыру және қайтасақтандыру келісім-шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін қарастыратын жұмыстың ішкі регламенті;
Сақтандыру брокерінің ішкі жұмыс регламентіне мыналар кіреді:
- сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шартын жасау боынша көрсетілетін делдалдық қызметті жүзеге асыратын жауапты тұлғалар тізімі;
-сақтандыруға сұраным түсу (қайта сақтандыру);
сақтандыру шарттарын алу;
-сақтандыру келісім-шартын жасау;
-күшіндегі сақтандыру өтеміне толықтырулар мен өзгертулер енгізудегі;
-сақтандырудың келесі кезеңіне сақтандыру өтемін жаңарту;
сақтандыру шараларына қызмет көрсетудегі сақтандыру брокері қызметкерлерінің әрекетін ашатын сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шартын жасаудағы делдалдық қызметті жүзеге асыру процедуралары.
7) клиенттерге қызмет көрсету құжаттамалары мен шарттарын жүргізу тәртібі;
Сақтандыру брокері клиенттерінің құжаттамалары мен шарттарын жүргізу тәртібіне мыналар кіреді:
- сақтандыру (қайта сақтандыру) келісім-шартын жасау кезіндегі құжаттарды қалыптастырудың тізімі мен дәйектілігі, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, сақтандыру жағдайындағы шағымдарды қарастыру, сонымен қатар сақтандыру (қайта сақтандыру) келісім-шарттарын жасауға байланысты өзге де құжаттар;
- клиенттің барлық қаржылық және жеке ақпаратының құпиялық режиміне қойылатын негізгі талаптар;
- құрамына мыналар кіретін қатаң есеп беру құжаттарын сақтау жүесімен қамтамасыз ету:
қатаң есеп беру бланктерін есепке алу жүйесінің болуы;
қатаң есеп беру құжаттарын сақтау жүйесін ұйымдастыруға жауапты тұлға;
Сақтау орны (жеке орын, сөрелер, сейфтер, оларға кіру тәртібі);
- клиентті қамтамасыз ету тәртібі мен толықтығы:
Сақтандыру брокері, оның статусы туралы ақпарат;
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат;
Төлем және қауіптің мөлшері;
Қызмет пен клиент жеткізушісінің міндеттері.
8) лицензиялық жинақ төлемдерін анықтайтын төлем құжаттарының көшірмесі;
9) мемлекеттік тіркеу туралы құжат, Қазақстан Республикасының сақтандыру брокер-резидентінің жарғы капиталына, Қазақстан Республикасының құрылтайшысы-заңды тұлға-бейрезидентке қатысуына болатыны туралы сәйкес мемлекеттік уәкілетті органнның (қаржы ұйымдары үшін – қадағалау органы) жазбаша хабарламасы, немесе сәйкес мемлекеттік органның заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні турады хабарлама;
10) сәйкес мемлекеттегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының құрылтайшы жеке тұлғасы – бейрезидентінің бекітілген заңнамалық тәртіпте лицензия қайтарылған күннен бастап бір жылдан көп емес мерзім ішіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жетекші маманы ретіндегі қызметте, өзге қаржы ұйымының сақтандыру брокері қызметінде экономикалық және жемқорлық қылмыс пен заңбұзушылық бойынша сотталмағаны туралы, сақтандыру брокері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлі сатып алу, мәжбүрлі тарату туралы шешім қабылданғанын білдіретін құжат. Аталмыш талап лицензияны кері қайтарылған күннен бастап, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерінің мәжбүрлі тарату, мәжбүрлі акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күннен бастап қолданылады.
3. Туристерді медициналық сақтандыру
Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:
1.турист пен оның мүлкін сақтандыру;
2.туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;
3.шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;
4.шетелдік туристерді сақтандыру;
5.азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
6.автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
7.қауіпті жағдайларда туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.
Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:
1.автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
2.көліктік сапарларды сақтандыру.
Туристерді сақтандырудың басқа түрлері ерікті болып келеді. Турист мүлкін сақтандыру турситің мүлкіне зақым келуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті алады. Бұндай сақтандыру келісім-шартының әрекеті сақтанушының тұрақты тұратын жерінен шыққан кезінен басталып, оның қайтадан тұрақты жеріне келгенінде аяқталады. Бұл келісім-шарты бойынша туристің өзімен алған жеке мүліктері мен туристік мүліктер сақтандырылады. Жүк деп туристердің тіркелген және тіркелмеген зат-мүліктерін айтамыз. Сонымен қатар, туристің киіміндегі және үстіндегі заттары мен саяхат кезінде алынған заттары да сақтандыруға жатады.
Сақтандыру жауапкершілігі түрлеріне апаттар, жарылыстар, табиғаттың апатты құбылыстары, тонау, ұрлықтар және басқа да алдын ала жоспарланған қаскүнемдік әрекеттер т.б. жатады.
Туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыруға қаржылық қауіптер, туристердің, олардың туыстарының, үшінші адамдардың іздеулері жатады.
Қаржылық қауіптер қатарына кіретіндер:
1.коммерциялық қауіптер (төлемді өтемеу немесе кешіктіру, форс-мажорлық жағдайлармен шартты бұзуды мойындамау үшін контрагенттің айыптық санкциялары);
2.фирманың банкрот болуы;
3. кеден заңдарында, ақша реттеуде, төлқұжатты тексеру және кедендік құжаттамалардағы өзгерістер;
4.форс-мажорлық жағдайлардың болуы;
5.саяси қауіптер және т.б.
Шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру мыналарды қамтиды:
1. кенеттен туристердің ауырып қалуы мен жағымсыз жағдайлар кезінде оларға жедел дәрігерлік көмек көрсету;
2.туристі тиісті дәрігерлік бақылауға алатын, сапалы ем беретін жақын арадағы ауруханаға жеткізу;
3.тиісті дәрігерлік бақылауға алып тұрақты тұратын жеріне жеткізу;
4.ішкі дәрігерлік бақылау және туристің жанұясына хабарлау;
5.дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
6.дәрігер-маманның кеңестік қызметін қолдану (қажетті жағдайда);
7.ауырған не қаза болған туристі тұрақты тұратын еліне жеткізу үшін көлік шығындарын төлеу;
8.туристі репатриациялау;
9.шетелде азаматтық және қылмыстық істерді тергеу кезінде туристерге заңды көмек көрсету.
Сақтандыру келісім-шарты жасалғанда сақтандыру сомасы баратын елге сәйкес таңдалады және төлемін қайтарудағы ең төменгі көрсеткішке байланысты жіктеледі. Қазіргі уақытта туристік сақтандыру қызметінің 2 формасы бар: компенсациялы және сервисті.
Бірінші түрінде туристің еліне қайтып келген соң оның барлық дәрігерлік шығындары төленеді. Бірақ, бұл туристер үшін өте қолайсыз, яғни турист өзімен бірге айтарлықтай ақша сомасын алып жүруі керек.
Сервисті туристік сақтандыру сақтандыру компаниясымен келісім-шарт жасай отырып, көрсетілген диспетчерлік қызмет көрсету орындарына хабарлап сақтандыру полисінің номері мен фамилияны айтып көмек ала алады.
Азаматтық жауапкершілікті сақтандырумен жеке автокөліктері, мотоциклдері және басқа көлік түрлерімен сапар жасайтын туристер қолданады. Бұл сақтандыру түрі, сонымен бірге, сақтандыру объектісі сақтанушының үшінші адам алдында жауапкершілігі болған кезде қолданылады.
Міндетті жеке сақтандыру келесі жолаушыларға таралмайды:
1.халықаралық қатынастардағы барлық көлік түрлеріндегі;
2. қала айналасы қатынастарындағы теміржол, теңіз, ішкі су және автомобиль көліктеріндегі;
3.ішкі қала қатынастары мен өткелдердегі теңіз және ішкі су көліктеріндегі;
4.қала маршруттарындағы автомобиль көліктеріндегі.
Шетелдегі туристі қауіпті жағдайлардан сақтандыру, әдетте, келісім-шартта келісілген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асады, ал шығынын қайтарып алу төмендегідей:
1.3 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 50%;
2.2 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 75%;
3.қаза болу – сақтандыру сомасының 100%.
Сапар болмай қалса туристердің шығындарын сақтандыру келісім-шартында келісілген сақтандыру сомасы негізінде төленеді. Сапар келесі себептер бойынша болмай қалса, онда сақтандыру сомасы толық не жартылай төленеді:
1.туристің өзінің немесе оның жанұя мүшелерінің, жақын туыстарының бірінің қаза болуы немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы;
2.қоршаған ортаның немесе үшінші адамдар әрекеттерінен туристің мүлкінің зақымдалуы;
3.жоспарланған сапар болар кезінде турситің соттық талқылауларға қатысуы;
4.әскери міндетін орындауға шақырылу;
5. кіру визасын ала алмау;
6.келісім-шартта көрсетілген басқа да себептер.
Сақтандырудың өзіндік айрықша түрлеріне көліктің айтарлықтай уақытқа бөгелуі, сақтанушы адамның демалыс кезінде қолайсыз ауа райында болуы және тиісті туристік қызметті толық немесе мүлдем көрсетпеу жатады.
Тақырып 15