
- •ЗТақырып 1 Туризмдегі кіру және шығу технологиясының түсінігі; субъектілері, маркетинг түсінігі және қазіргі жағдайы.
- •1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде
- •2. Туроперейтингтегі маркетингтің рөлі мен түсінігі.
- •Аутгоинг туризмнің түсінігі, ерекшеліктері және туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
- •2. Туризмдегі флайтер түсінігі және оның жұмысы
- •3. Аутгоинг-туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері
- •2. Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары
- •4. Туристік нарықты талдаудың әдістері мен белгілері
- •4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі
- •Шығу туризмді ұйымдастыру технологиясы
- •1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
- •2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
- •3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы
- •4. Туроператорлардың және шетел қонақүй кәсіпорындарының ынтымақтастық формасы
- •Туроператордың қонақүйлерді жалға алу жұмысының түсініг; комитмент шарты және элотмент шарты
- •3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.
- •3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.
- •1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер
- •2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар
- •3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері.
- •2.Халықаралық туризм георафиясы саласындағы әлемдік байланыс
- •3. Халықаралық туризмнің георафиясына «белсенді» жобаларды іске асыру инвестициялары
- •1. Туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері
- •2.Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру
- •3. Туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау
- •4. Туристік өнімдерді өндірудің экономикалық ерекшеліктері
- •2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •1. Туристерді тасымалдау түрлері
- •2. Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен сақтандыру
- •3. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері
- •3. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.
- •4. Шенген визасының типі мен спецификасы
- •Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы
3. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.
Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар
ҚР визалары шетелдіктерге паспорттарды немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да Қазақстан Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдар берген құжаттарды көрсеткен кезде, егер оның түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмейтін болса беріледі. Визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 6 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет.
Паспортта немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа құжаттарында ескертілмеген тазартулар мен түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және парақтары сөгілгендігі табылған жағдайда, осындай құжаттардың иелеріне ҚР визалары берілмейді. ҚР-ның шетелдегі мекемелері, ҚР ІІМ құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы себебі бойынша виза беруден бас тартқан жағдайда, міндетті түрде ҚР СІМ-ді хабардар етулері қажет.
Визаларды беру тәртібі
ҚР-дың шетелдердегі мекемелері осы Ережелерде қарастырылған негіздер болған жағдайда, шығу санатындағы визалардан басқа барлық санаттағы бастапқы визаларды береді.
Дипломаттық және қызметтік санаттарындағы бір мәртелік ҚР визаларын 2-ші қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беруге болады.
Іскерлік және жеке санаттарындағы бір мәртелік визаларын ҚР 2-ші қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беруге болады.
«Туристік» санатындағы бір және екі мәртелік ҚР визалары 2-қосымшада көрсетілген елдердің азаматтарына шақыру қағазынсыз және ҚР СІМ-нің визалық қолдауынсыз осы Ережелермен қарастырылған талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасы аумағында:
1) ҚР СІМ – ҚР-дың шығу визаларынан басқа, барлық санаттағы бастапқы визаларын;
2) ҚР ІІМ – емделуге – Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге тұрақты емделу қажет болған жағдайда және Қазақстанға емделуге келген тқлғалармен бірге жүретін шетелдіктерге, тұрақты тұруға– Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келіп, ҚР-да тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш берген шетелдіктерге ҚР-дың визаларын, сондай-ақ шығу визаларын береді.
Шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағаны кіруіне кедергі жасайтын негіздер болған жағдайда, соның ішінде визалық қолдауы бар болса, ҚР визалары берілмейді, сондай-ақ ресімделген ҚР визасы Қазақстан Республикасына кіруге негіз болып табылмайды. Визаларды беру, егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге ережелер белгіленбесе, мемлекеттік баж және консулдық алымдар сомалары төленгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
ҚР СІМ-нің визалық қолдауы бойынша берілген, бірақ пайдаланылмаған визаның орнына қайталама виза беруге ҚР СІМ-нің қосымша келісімі қажет. ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінің сұратуында визаны пайдаланбау себебі көрсетілуі тиіс.
Визаны ұзарту тәртібі
ҚР СІМ келесі санаттардағы визаларды:
1)Дипломаттық және қызметтік санаттардағы визаларды ҚР аумағына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ҚР-да тіркелген шетелдік дипломаттық өкілдктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен келген шетелдіктерге аталған ұйымдардың хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталары негізінде;
2)Инвесторлық санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеттінің хаты негізінде;
3)Іскерлік санаттағы визаларды - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге хаттары-өтініштерінің немесе вербальдық ноталарының негізінде ұзартып береді.
ҚР ІІМ келесі санаттағы визаларды ұзартады:
1) оқуға арналған санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 1 жылға дейінгі мерзімге немесе оқу тәжірибесі немесе тағылымдама өту үшін қажетті мерзімге, бірақ та бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;
2) емделуге арналған санаттағы визаны- Қазақстан Республикасында тіркелген медициналық мекеменің жазбаша өтініштері негізінде ұзартады. Визаның мерзімін ұзартылуы емделуге қажетті, бірақ 1 жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады;
3) жұмысқа арналған санаттағы визаны- бастапқы визаны ресімдеу үшін құжат тапсырған заңды тұлғаның жазбаша өтініші және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген мерзімге жүзеге асырылады.
4) тұрақты тұруға арналған визаны – шетелдіктің жеке жазбаша өтініші негізінде ұзартады. Визаның мерзімінің ұзартылуы 60 тәулікке дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
Іскерлік (Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, консулдық мекемелердіқ, халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктерге шетелдіктен басқа), жеке, туристік, миссионерлік, транзиттік санаттардағы визалардың мерзімі ұзартылмайды.
Емделуге арналған, тұрақты тұруға арналған санаттардағы визалардың мерзімі бір мәрте ғана ұзартылады.
Оқуға арналған, емделуге арналған, жұмысқа арналған санаттардағы визалардың мерзімін ұзарту ҚР ҰҚК-мен келісіледі.
Визаның мерзімін ұзарту үшін бұрын бастапқы визаны алу үшін шақыруды ресімдеген заңды және жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар ғана өтініш бере алады. Өзге заңды және жеке тұлғалардың өтініштері қаралмайды.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда өзге тәртіп белгіленбеген болса, виза ресімдегені, соның ішінде оның қолданыс мерзімін ұзарту және қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым және мемлекеттік баж алынады.
ҚР СІМ, ҚР-дың шетелдердегі мекемелері немесе ҚР ІІМ берген визадан қате табылса, сол санаты мен мәртелігі сақталып, қайталама виза консулдық алым немесе мемлекеттік баж салығы алынбай беріледі.
Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Ережелердегі тәртіптен өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережесі қолданылады.
Қазақстан Республикасына шет ел азаматтарын шақыру үшін ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріне ҚР СІМ визалық қолдауын жолдау тәртібі туралы ақпарат:
Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға ҚР СІМ визалық қолдауын ресімдеу үшін (виза беру туралы нұсқау) шақыратын ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне төмендегі құжаттарды тапсырады:
1. Белгіленген үлгідегі шақырту қағазы (№1 нысаны бойынша).
Ұйымдардың шақыру бланкілерінде СТН және БСН нұсқауы мiндеттi түрде болуы тиіс.
2.Төлем құжаты немесе консулдық алымдар (Мемлекеттік мекемелерден талап етілмейді) мен нақты шығыстарды төлегені туралы түбіртек.
3. ҚР СІМ КҚД-не өтініш білдірген мекемелер жылында бір рет өтпелі жылмен нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттардың (нотариалды куәландырылған жарғы, нотариалды куәландырылған ҚР Әділет министрлігінде тіркеу туралы куәлік, нотариалды куәландырылған статистикалық карта, нотариалды куәландырылған ҚР салық төлеушісінің куәлігі), сондай-ақ, соңғы үш ай ішінде салықтарды төлеу туралы анықтаманың түпнұсқасын тапсыруы қажет.
4. Құжат тапсырушыға мекеме атынан еркін түрде жазылған сенімхат (ҚР СІМ КҚД-ға құжаттарды тапсыру және визалық қолдау нөмірін алуға)
Шақырту қағазы фирмалық бланкта, мөр мен мекеме басшысының қолымен үш данада ҚР СІМ КҚД-ға тапсырылады, олардың екеуі ҚР СІМ КҚД-да қарастыруға қалдырылып, үшіншісі шақыртқан тарапқа ҚР СІМ КҚД-нің мөрімен қайтарылады. Шақырту қағаздарының факспен жіберілген нұсқалары қабылданбайды. КҚД келіп түскен өтініштерді 5 жұмыс күні ішінде қарайды және ҚР СІМ шетелдегі мекемелеріне виза беру туралы нұсқауды жолдағаннан кейін визалық қолдаудың нөмірін хабарлайды. Шақыратын ұйым аталған нөмір қойылған шақырту қағазын консулдық мекемеден виза алу үшін шет ел азаматына жіберуі тиіс.