Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

3. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері

Халықаралық тасымалдау – бұл тасымалдау кезіндегі транспорт түрінің кем дегенде екі ел территориясын кесіп өтуі. Халықаралық автотасымалдаудың қызметі – маршрут кесіп өтетін елдердің ұлттық заңдарын өз қарамағына алатын халықаралық нормативтік актілер негізінде жүзеге асады.

Халықаралық құқықтық құжаттарда келесі сұрақтар қарстырылады:

• инфрақұрылым;

• жолдағы қатынастар;

• автотранспорттарға қойылатын талаптар;

• экипаж қызметінің шарттары;

• салық;

• жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, шекара қызметі;

• жүктердің спецификалық категориясын тасымалдау.

Халықаралық автокөлікпен тасымалдау негізінде екі немесе одан да көп мемлекеттер арасында жасалған екі жақтық және көп жақтық келісімдер жатыр. Көпжақтық келісімдердің ішіндегі ең маңыздыларының бірі 1973 жылы Еуропаның экономикалық комиссиясының ішкі транспорт жөніндегі комитеті жасаған «Жолаушылар мен жүктерді халықарлық автокөлікпен тасымалдау келісімі туралы Конвенция» (КАПП) болып табылады. Бұл Конвенцияда «тасымалдаушы» , «жолаушы», «транспорт» сияқты негізгі түсініктерге анықтамалар берілген, халықаралық автотасымалдауға қатысты (жеке немесе топтық билеттер, жүк квитанциясы) транспорттық құжаттар көрсетілген, тасымалдау кезінде жолаушыға немесе оның жүгіне қандай да бір себеппен зиян тиетін болса, сол жағдайдағы тасымалдаушы міндеттері көрсетілген. «Жолаушылар мен жүктерді халықаралық автокөлікпен тасымалдау келісімі туралы Конвенцияға» (КАПП) сәйкес, жолаушының денсаулығына физикалық немесе психикалық зардап шегуіне байланысты жәбірленушіге 250 000 швейцариялық франк төленумен шектеледі. Бірақ та кез – келген өзара келісімге келген мемлекеттер бұл жағдайда бұдан да жоғары мөлшерде баға қоюы мүмкін. Жүктің жоғалуындағы немесе зақымдалуындағы тасымалдаушының жауапкершілігі келтірілген залалының көлеміне байланысты анықталады, бірақ бұл сомма – әрбір жүкке 500 швейцариялық франктан аспауы және әрбір жолаушыға соммасы 2000 швейцариялық франктан аспайтын мөлшер төленуі керек. Жолаушының жанындағы жүктің зақымдалуы кезінде тасымалдаушы жауапкершілігі үшін, әрбір жолаушыға 1000 швейцариялық франктан аспайтын мөлшердегі сомманы төлейді. Егер жүктің зақымдалуы жолаушының кесірінен немесе оның тәртібінің транспорттағы ережеге сәйкес келмеуінен болса, онда тасымалдаушы жауапкершіліктен толықтай немесе жартылай босатылады.

1997 жылдың қазанында «Жолаушылар мен жүктерді халықаралық автокөлікпен тасымалдау туралы Конвенцияны» (КАПП) ТМД мемлекеттерінің қатысушылары қабылдаған болатын. КМАПП-тың КАПП-пен салыстырғандағы ерекшелігі – онда сақтандыру сұрақтары, кедендік, шекаралық және санитарлық бақылау түрлерінің мәселелері қарастырылады. Осы барлық аспектілер халықаралық Конвенциямен, көп жақтық және екі жақтық үкіметтік келісімдермен, сонымен қатар осы құжаттарға қол қоятын елдің ішкі заңымен реттеліп отыруы керек. Аталған Конвенцияда жолаушылардың денсаулығына және жүгіне келтірілген заладарға тасымалдаушының жауапкершіліктері, сонымен қатар, шағымдар мен арыздардың ұсынылу мерзімі мен ретін қарастырады. Өтемақының соммасы сол елдің ұлттық заңына сәйкес екі жақтың содтарымен бекітіледі. «ТМД мемлекеттерінің қатысушыларының жолаушылар мен жүктерді автокөлік транспортымен халықаралық қатынастар арқылы тасымалдау ережесі» Конвенцияның бұл қосымшасы жүктер мен жолаушыларды автобуспен тұрақты және тұрақсыз қатынастар арқылы тасымалдау процессімен реттеледі.

Тұрақты тасымалдау былайша түсіндіріледі, бұл белгіленген маршрут бойынша нақты жиілікпен жүзеге асырылатын тасымалдау түрі, ал жолаушыларды мінгізу мен түсіру тек алдын – ала анықталған аялдамаларда ғана жүзеге асырылады. Тұрақты тасымалдаулар алдын –ала белгіленген кестемен және белгіленген тариф бойынша жүзеге асырылады.

Тұрақсыз тасымалдаулар – бұл жабық есіктер арқылы тасымалдау, бүкіл жол барысында бір топ жолаушыларды бір транспорт құралымен тасымалдайды. Егер транспорт құралы бос қайтатын болса, келген аялдамамен аяқталады. Маршрут аялдамалары тұрақты болмайды.

Автокөліктік транспорт құралдарымен жолаушыларды тасымалдауды либерализациялау мақсатында ЕО (Еуропалық Одақ) елдері 1982 жылы Дублинде «Автобуспен жолаушыларды халықаралық тасымалдау келісімі» (АСОР) қабылдаған болатын. Ақырында бұл келісім АСОР – ға қосылу үшін БҰҰ-ның Еуропаның Комиссиясының ішкі транспорт комитетімен бірге жасалды. Қазіргі уақытта тұрақсыз тасымалдау Батыс және Шығыс Еуропа елдері мен Түркияда кең таралған.

Тұрақты және тұрақсыз тасымалдау кезінде қайталану тасымалын бөліп көрсетуге болады. Қайталану тасымалы – жолаушылардың алдын – ала құрылған топтарын жүру пунктінен келу пунктіне дейін алып барып, қайта алып қайту. Бұл тасымалдаулар да жабық есіктермен жүзеге асырылады (яғни маршруттардағы автобусқа жолдан ешбір жолаушы кірмейді және шыға алмайды). Ереже бойынша, қайталану тасымалы кезінде автобус бірінші артқа артқа қайту рейсінде бос қайтады, оның мақсаты – жолаушылардың қалып қойған топтарын алып қайту.

Тұрақсыз және қайталану тасымалын жүзеге асыру кезінде транспорт құралының бортында жолаушы мен тасымалдаушының мөрмен расталған қолдары бар жолаушылар тізімі болуы керек. Егер автобус жолаушыларды отырғызғанға дейін бос келген болса, онда жолаушылардың тізімі олар автобусқа отырғаннан кейін толтырылады.

Халықаралық автокөлікпен тасымалдаудың тұрақты, тұрақсыз, қайталану тасымалдауларының құрамында болуы келісілген жақтың территориясынан өтуге немесе үшінші елмен транзит арқылы өтуге рұқсат алудың қажеттілігін анықтайды. Негізінен рұқсат алу тек тұрақты және қайталану тасымалын өткізу кезінде қажет болды. Ұйымдастырылған туристік топтарға қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыз тасымалдауды жүзеге асыру кезінде мұндай рұқсаттар көп жағдайда қажет емес. Рұқсаттық жүйе халықаралық автокөлікпен тасымалдаудың екі жақтық және көп жақтық келісімінің қорытындысы бойынша мемлекеттер арасында жүзеге асырылады.

Автокөлікпен тасымалдау қатынастары көбінесе екі жақтық келісімдер арқылы жүзеге асырылады. Осы келісімдерге сәйкес тұрақты тасымалдау ұйымы бойынша бір – біріне ұсыныстарды келісілген жақтар алдын – ала жібереді. Бұл ұсыныстардың құрамында тасымалдаушы фирманың аты, маршруттардың жүру жолы, қозғалыстың кестесі, тасымалдаушылардың жолаушыларды мінгізіп және түсіретін аялдама нүктелері, сонымен қатар, тасымалдауды тұрақты жүргізудің белгіленген уақыты жайлы мәліметтерді құрауы керек.

Келісілген жақтардың компитенттік органдары сол елдің территориясынан өтетін жолаушылардың тұрақты жүру жолдары жайлы жазбаша нұсқада рұқсаттама берілуі керек.

Тұрақсыз тасымалдау кезінде мына жағдайда рұқсаттаманың қажеті жоқ, егер дәл сол жолаушылар тобы сол бір құрамда дәл сол автобуспен бүкіл тасымалдау барысында тасымалданатын болса, сонымен қатар:

1) автобус тіркелген, екі жақтық келісілген мемлекеттің территориясында тасымалдау басталып және сол жерде аяқталады;

2) тасымалдау автобус тіркелген, екі жақтық келісілген мемлекеттің территориясынан басталады және басқа келісілген мемлекеттердің территориясында аяқталады,егер автобус бұл территориядан бос кететін болса немесе қайта туристік топты алып қайтатын болған жағдайда.

Егер бұзылған автобусты басқа автобуспен алмастырған жағдайда, тұрақсыз тасымалдау кезінде рұқсат қажет емес. Тұрақсыз тасымалдау кезінде жоғарыда аталып кеткендей автобустың жүргізушісінде екі жақтық келісілген компитенттік органдармен расталған арнайы нұсқада толтырылған жолаушылардың тізімі болуы қажет.

Автокөлікпен тасымалдау облысында инфрақұрылымды реттеуші халықаралық құжаттарға «Халықаралық магистральдар туралы Еуропалық Келісімі» (15.11.1975 жылдан бастап) және «Маңызды халықаралық біріктірілген тасымалдау жолдары және оған сәйкес обьектілер туралы Еуропалық Келісімі» (01.02.1991 жылдан бастап ) жатады. Бірінші құжатта «Е» жүйесінің халықаралық жоспарына анықтама, халықаралық жүйенің жол тізімі, халықаралық автокөліктік магистральдары сәйкес келетін шарттар келтірілген; ал екіншісінде халықаралық терминалдардың, халықаралық біріктірілген тасымалдауда маңызы бар шекаралық нүктелердің және т.б. теміржолдық – паромдық өткелдер мен порттардың тізімдері келтіріліп, теміржолдық платформаларда және т.б. тасымалдаулар үшін жүк таситын автокөлік құралдарының техникалық мінездемелері анықталады.

Жол қозғалысына арналған халықаралық құжаттардың ішіндегі ең маңыздылары « Жол қозғалысы туралы Конвенция» (08.11.1968 жылдан бастап) ; « Жол белгілері мен дағдылары туралы Конвенция» (08.11.1968 жылдан бастап); « Жол белгілері мен дабылдары туралы Конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімнің жол белгісі туралы Жарлығы» (01.03.1973 жылдан бастап ) болып табылады.

Осы нормативтік құжаттарда жол қозғалысының жалпыға бірдей жол ережелері ; автотранспорттық құралдар мен жүргізушілерге талаптары; бір жүйедегі жол белгілері мен дабылдарының расталғандығы ; халықаралық автокөліктік тасымалдауды жүзеге асыру кезіндегі жол белгілері мен басқа да бұйрықтардың ережелері бекітілген.

Транспорт құралдарының бес категориясы бекітілген (А,В,С,Д,Е ), транспортты игеруіне байланысты нақты нұсқадағы куәлік беріледі. Әрбір транспорт құралының тіркелген мемлекетінің айрықша белгісі және тіркеу құжаты болуы керек. Сонымен қатар, ішкі және сыртқы құрал – жабдықтарға талаптарды шығарумен, газдылық пен шудың деңгейі, сыртқы және ішкі құрал – жабдықтары, тежегіш пен басқа да автокөліктің техникалық және экологиялық мінездемесі жазылған құжат тізбектері бар. Бұл талаптардың өзгеріп тұратындығын есте ұстаған жөн, сондықтан, осы құжатқа қол қойған мемлекеттер өзгерістерді қадағалап, жаңа қабылданғанқұжатқа сәйкес автотранспорт құралдарына шаралар қолдануы керек.

Автотранспорттық құралдарда жұмыс істеу шартының облысында халықаралық « Халықаралық автокөлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын транспорттық құралдардың экипажына қатысты жұмыстың Еуропалық келісімі» (01.07.1970 жылдан бастап ) әрекет етеді. Бұл келісімде халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге, олардың жасына, квалификациясына, автокөлікті басқарудың күнделікті ұзақтығына, үзіліссіз жүргізудің максимальды ұзақтығына, сондай – ақ, маршруттағы жүргізушілердің еңбек режимі мен демалысының орындалуын бақылауға негізгі талаптар қойылады. Соңғы талаптарды орындау үшін, жолаушылар мен жүктерді халықаралық тасымалдаушы автотранспорттық құралдар бақылаушы құрылғы – тахографтармен жабдықталуы тиіс.

Т а х о г р а ф – жүрілген жолды, ондағы қозғалыс жылдамдығын, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін үздіксіз тіркеп отыратын бақылау құрылғысы болып табылады.

Сонымен қатар, автотасымалдау кезінде салық салу және кедендік режимнің аспектісіне қатысты құжаттардың реті бар. Бұл құжаттар «Туристерге кедендік жеңілдіктер туралы халықаралық Конвенцияны» (1959 жыл) және автотасымалдау жүзеге асырылатын елдердің территориясында сол елдің ішкі заңының әсерін есепке ала отырып жасалған.

Жоғарыда аталған барлық келісімдер мен конвенциялардың мазмұны шетелдік мемлекеттерге саяхатты тарату кезінде ескерілуі керек.

Автотасымалдауларды жүзеге асыратын беделді халықаралық ұйымдар мыналар болып табылады: Автокөлік транспортының халықаралық одағы, БҰҰ – ның Еуропалық Экономикалық комиссиясы, Транспорт Министрлерінің Еуропалық комиссиясы, ТМД қатысушылары мемлекеттерінің координациялық транспорттық жиналысы және т.б.

Аталған ұйымдардың барлығы дерлік, қауіпсіздік, кедендік формальділік , автокөліктік транспорттарды реттейтін ережелердің бірыңғайлылығы, автокөліктік транспорт облысындағы ұлттық және халықаралық талаптардың үйлесімділігі және басқа да осы қызмет ортасына қатысты мәселелерді шешу сұрақтарымен айналысады.

Халықаралық тасымалдаушылардың міндеті:

- компитентті органдар берген тасымалдауға рұқсаты болуы керек;

- тасымалданатын жолаушылардың тізімі болуы керек;

- жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін сақтауы керек;

- транспорттық құралдар тіркелген елдердің айырмашылық белгісі болуы керек.

Бұл ережелерді орындаудың бақылауын шекаралық пункттерде транспорттық инспекция органдары жүзеге асырады. Осы құжатта көрсетілген талаптарретін отандық тасымалдаушылар бұзған жағдайда, өтемақы төлеуден бастап, халықаралық тасымалдауға лицензияның әрекетін тоқтатуға дейін барады.

Қабылданған қаулыға сәйкес, 1998 жылдың қаңтарынан бастап, қайта шығарылған 20 орыннан асатын орны бар автобустар және толық салмағы 15 тоннадан асатын жүк таситын автотранспорттық құралдары тахографтармен жабдықталуы керек. Тахографтарды қолдану ережесін бұзғаны үшін, сондай-ақ, автотранспорт құралдарын басқарудағы уақыттың асып кеткендігі үшін, қызметтік тұлғалар мен жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл құжат халықаралық автокөліктік тасымалдауларды жүзеге асыратын транспорт құралдарының экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келісімге сәйкесқабылданған болатын.

Транспорттық жол апаттарының жиі болуына, кәсіби – жүргізушілердің шаршағандығынан болуына байланысты, Еуропалық транспорттық комиссияның шешімімен барлық туристік автобустарды арнайы бақылаушы құрылғылармен жарықтандыру талабы енгізілген болатын.

Қалааралық қалалық маршруттардың ірі біріктірілген жүйесінде автобустар көп адамдар санын тасымалдайды. Автобустар поездар мен ұшақтарға қарағанда адамдар тұратын пункттерге көбірек қызмет көрсетеді. Көптеген ірі мемлекеттерде автобустық тасымалдауларды ірі компаниялар жүзеге асырады. Бұл компаниялар мемлекет меншігінде және жеке меншікте. Мемлекет меншігіндегі компаниялар жергілікті ұлттық теміржолдармен бірлесіп жұмыс атқарады.

Жыл сайын автобус индустриясы саяхаттаушыларды ұзақ және қысқа дистанцияларда тасымалдап, миллиондаған табыс табады.

Автобустар басқа көлік түріне қарағанда, төмен бағасымен адамдарды еліктіреді. Қазіргі жаңа заманғы автобустарда ұзақ қашықтыққа сапар шегу өте ыңғайлы және мынадай ыңғайлы жағдайлар жасалған: Желдіткіш (кондиционер), демалу бөлмесі, әжетхана, сусындар. Көптеген автобустар биік, әрі ыңғайлы орындықтармен жабдықталған және өте үлкен терезелері жан – жақты жақсылап көру үшін арналған. Кино мен телебағдарламалар көру үшін теледидарлар да бар. Көптеген пассажирлердің назарын аудару үшін, автобус компаниялары турлар мен автобусты жалға беру қызметін ұсынады.

Ішкі қатынастар арқылы автокөлік транспорттармен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жолаушылық және жүктік тасымалдау шарттарын регламенттейтін бірнеше құжаттардың реті бар. Бұл жердегі негізгі нормативтік құжат « Автокөлік транспортының жарғысы» (08.01.1968 жылдан бастап) болып табылады. Бұл құжат елдегі дамып келе жатқан нарықтық қатынастарға сәйкес келмейді және кей жағдайларда заманауи ұлттық заңнамаға қайшы келеді. Автокөліктік тасымалдау облысындағы заманауи жағдайды ескере отырып, жақын уақытта жаңа нормативтік құжаттарды қабылдау ескеріліп отыр.

Ішкі автотранспорттарға қатысты маңызды құқықтық құжаттардың бірі «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» Заң болып табылады. Бұл заңның негізгі мақсаты: азаматтың өмірін, денсаулығын және мүлігін қорғау, транспорттық апаттардың алдын – алуды ескерту жолымен қоғам мемлекеттердің қызығушылығын арттыру болып табылады. Бұл үшін автотасымалдаумен қамтамасыз етумен байланысты ұйым қызметінің міндетті лицензиялануы заңмен ендірілген, нақтырақ айтсақ:

- жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды ұйымдастырушы автомекемелер;

- автотранспорт құралдарына жөндеу мен техникалық қызмет көрсету мекемелері;

- жүргізушілердің дайындығымен және олардың кәсіби деңгейін арттырумен айналысатынмекемелер;

- өндірістік құжаттарды (жүргізуші куәлігі, анықтама, бланкілер және т.б.), нөмірлік белгілерді жасаумен және автотранспорттық құралдарды сатумен және т.б. айналысатын мекемелер .

Тақырып 13. Туристерді визамен қаматмасыз ету

Дәріс 25

  1. Виза жайлы жалпы түсінік.

  2. Визалардың жалпы түрлері.

Дәріс 26

  1. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.

  2. Шенген визасының типі мен спецификас

Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  1. Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.

  2. Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.

  3. Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.

  4. Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36

  5. Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.

  6. Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.

  7. Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.

  8. Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.

  9. Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.

1. Виза жайлы жалпы түсінік.

Виза (лат. vіsus – қаралған) – адамның паспортына не өзге төлқұжатына қойылатын белгі. Ол құжат иесіне мемлекеттен кетуге не осы мемлекеттің шегіне келуге немесе оның аумағы арқылы өтуге рұқсат етілетіндігін айғақтайды. Ол белгілі бір мерзімге беріледі.

1. Жалпы ережелер

Осы Ережелер «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi» атты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кету тәртібінің 10-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасына кіретін, Қазақстан Республикасынан шығатын, Қазақстан Республикасында болатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін шетелдіктерге виза беру тәртібін белгілейді. Осы Ережелер қағидалары азаматтығы жоқ тұлғаларға да қатысты болып табылады.

Визаларды беруді:

1) шетелде – Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – ҚР шетелдердегі мекемелері);

2) Қазақстан Республикасының аумағында:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – ҚР СІМ);

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полициясы комитетінің көші-қон полициясы басқармасы және Астана, Алматы ќалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары (бұдан әрі – ҚР ІІМ) жүргізеді.

Визалардың ұзартылуын ҚР СІМ және ҚР ІІМ жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының визаларын (бұдан әрі – ҚР визалары) беруге төмендегі құжаттар негіз болып табылады:

1)Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттері дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың осы Ережелердің 1-ші қосымшасына сәйкес жазбаша өтініштері;

2)Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен және тұрақты тұруға келген, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге арналған ішкі істер органдарының рұқсаты;

3)Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасына шетелдіктерді шақыру үшін ҚР СІМ-не ұсынылған жазбаша өтініштері;

4)Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін уәкілетті органның (бұдан әрі – АӨҚО) Қазақстан Республикасының аумағына қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін келетін шетелдіктерге виза беруге байланысты қолдаухаты.

ҚР визалары бір мәртелік, екі мәртелік, үш мәртелік және көп мәртелік болуы мүмкін. Визаның қолдану мерзімінің шегінде бір мәртелік визалар шетелдікке Қазақстан Республикасына бір мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді, екі, үш және көп мәртелік визалар тиісінше шетелдікке Қазақстан Республикасына екі, үш және көп мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.

2. Визалардың жалпы түрлері.

Визалар санаттары бойынша төмендегідей бөлінеді:

1) дипломаттық

2) қызметтік

3) инвесторлық

4) іскерлік

5) жеке

6) туристік

7) миссионерлік

8) оқуға

9) емделуге

10) жұмысқа

11) тұрақты тұруға

12) шығу визасы

13) транзиттік

4. Дипломаттық виза

Дипломаттық визалар:

1)Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің дипломаттық агенттеріне және консулдық мекемелердің консулдық лауазымды тұлғаларына және олардың отбасыларының мүшелеріне;

2)Қазақстан Республикасына қызметтік сапармен жіберілетін, дипломаттық паспорттардың иелеріне;

3)Дипломаттық агенттің мәртебесіне теңестірілген халықаралық ұйымдардың паспорттарының иелеріне;

4)Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне;

5)Шетел мемлекеттерінің, үкіметтерінің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне;

6)Дипломаттық паспорттарының иелері - шет мемлекеттері парламентінің, үкіметінің мүшелеріне және олардың отбасының мүшелеріне, сонымен қатар дипломаттық паспорттардың иелері – шетел ресми делегациясының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

7)Курьерлік парағы бар болған жағдайда, дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық паспорттардың иелері – дипломаттық курьерлерге;

8)Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне;

9)Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттерінің құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

Дипломаттық визалар төмендегі тұлғаларға берілмейді:

1)дипломаттық паспорттарын көрсеткен, бірақ Қазақстан Республикасында дипломаттық сапасы танылмайтын тұлғаларға;

2) дипломаттық поштаны тасымалдаушы адамның дипломаттық паспорты жоқ болған жағдайда.

Дипломаттық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.

5. Қызметтік виза

Қызметтік визалар:

1)Дипломаттық агент мәртебесіне теңестірілмеген халықаралық ұйымдар паспорттарының иелеріне және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорт иелеріне;

2)Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілген қызметтік паспорт иелеріне;

3)Ресми шетел делегацияларының мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

4)Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер дипломаттық өкілдіктерінің әкімшілік - техникалық және қызмет көрсетуші персоналына, консулдық қызметшілерге, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің қызмет көрсетуші персоналына және олардың отбасы мүшелеріне;

5)дипломаттық поштаны тасымалдаушы дипломаттық курьерлерге, егер дипломаттық паспорты жоқ және курьерлік парағы болған жағдайда;

6)Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Парламентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты және есепті органдардың, Қазақстан Республикасының орталық атқару органдарының шақыруымен келетін тұлғаларға;

7)Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілетін шет мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;

8)Қазақстан Республикасында тіркелген шетел дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген тұлғаларға;

9)Қазақстан Республикасында тіркелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.

Қызметтік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.

6. Инвесторлық визалар

Инвесторлық визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буындарының басшылары мен өкілдеріне, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың отбасының мүшелеріне беріледі.

Бір мәртелік инвесторлық визалар шетелдіктерге ҚР СІМ басшылығының нұсқауы бойынша, не болмаса ҚР шетелдегі мекемелері басшыларының келісімі бойынша шетелдік заңды тұлғалардың немесе Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің қолдаухаты болған жағдайда, оларға Қазақстан Республикасының аумағына кіруге шектеу жоқтыєы алдын ала тексеріліп, шақыру қағазсыз, өтініш білдірілген күні беріледі, кейін виза берілген фактісі ҚР СІМ-ге хабардар етіледі.

АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттары бойынша АӨҚО қатысушыларына 30 тәулік мерзімге дейін бір мәртелік инвесторлық визаларды өтініш жасаған күні беруге болады.

Көп мәртелік инвесторлық визалар АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаты және ҚР СІМ, ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК-мен келісілген паспорттық деректері бар АӨҚО-ға қатысушылардың (дилерлер, брокерлер және эмитенттер) тізімдері негізінде, АӨҚО қатысушыларына, АӨҚО әкімшілігі жанындағы халықаралық кеңес мүшелеріне, сонымен қатар олардың отбасының мүшелеріне беріледі. АӨҚО қызметін реттейтін уәкілетті органның қолдаухаттарының ұлттық қауіпсіздік органдарында келісілуі 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады. Көп мәртелік инвесторлық визалар беру барысында ҚР СІМ - нің келісімі талап етіледі.

Инвесторлық визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және шығуға беріледі.

7. Іскерлік виза

Іскерлік визалары Қазақстан Республикасына келесі іскерлік мақсаттармен келетін шетелдіктерге:

1) іссапар;

2) келіссөздер жүргізу, келісім-шарттар жасасу, консультациялық және аудиторлық қызметтер көрсету;

3) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;

4) мектеп оқушылары, студенттер және жастар арасындағы алмасу бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқудан басқа;

5) халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру;

6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААЎ) куәлігі жоқ кезекті және чартерлік рейстер ұшақтарының экипаждары мүшелеріне, сондай-ақ поез бригадаларына және кемелер экипаждарының мүшелеріне;

7) гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге;

8) жоғарғы оғу орындарында қысқа мерзімді дәріс оқу, сабақ жүргізу;

9) жабдықтарды жинақтау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

10) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына беріледі.

Іскерлік санаттағы визаларды беруге төмендегілер негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы;

2) 2 қосымшада көрсетілген елдер азаматтарының ҚР шетелдердегі мекемелеріне білдірген жазбаша өтініші, сондай-ақ ұлты қазақ шетелдіктер (ұлтын растайтын құжаттары болған жағдайда) шақыру қағазсыз және ҚР СІМ - нің нұсқауысыз.

Іскерлік визалар бір, екі, үш және көп мјрте келуге және шығуға беріледі.

8. Жеке виза

Жеке визалар Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келетін шетелдіктерге төмендегі құжаттардың біреуінің негізінде беріледі:

1) ҚР ІІМ берген шақыру қағазы;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесуге келетін шетел азаматтары үшін ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды ұл (қыз) етіп асырап алғысы келетін және асырап алуға кандидат ретінде консулдық есепте тұрған шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БҒМ), Қазақстан Республикасы облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларының шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

5) Қазақстан Республикасына туыстары мен жақындарын жерлеуге немесе олардың ауыр науқастанулары себебімен келетін шетелдіктердің растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініштері;

6) Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары қоса берілген (ұлттық паспорттағы Қазақстан Республикасында тұрєандығы туралы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаты, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтамасы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы анықтамасы) шетелдіктердің жазбаша өтініштері;

7) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттарды немесе тұруға ықтиярхатты алуға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болған жағдайда) жазбаша өтініштері;

8) 2 қосымшасында көрсетілген елдер азаматтарының жазбаша өтініштері;

9) шетел азаматтары болып табылатын жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР СІМ-мен келісілген жазбаша өтініштері.

Жеке визалар бір, екі және үш мәрте келуге және шығуға беріледі.

9. Туристік виза

Туристік виза Қазақстан Республикасына турист ретінде келетін шетелдіктерге беріледі. Туристік виза туроператорлық, турагенттік қызметті жүзеге асыру, туризм инструкторы қызметін көрсету құқығына лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік мекемесінің шетелдікті қабылдауын растауы және ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда беріледі.

2-ші Қосымшасында көрсетілген елдердің азаматтарына және ұлты қазақ шетелдіктерге (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жазбаша өтініштері немесе шетел туристік мекемелерінің өтініштері негізінде бір және екі мәртелік туристік визалар беріледі.

10. Миссионерлік виза

Миссионерлік виза Қазақстан Республикасына діни-ағартушылық қызмет атқаруға келетін шетелдіктерге беріледі. Миссионерлік визалар Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген діни қоғамның діни қоғамдармен байланыс жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шақыруы негізінде беріледі.

Миссионерлік визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.

11. Оқуға арналған виза

Оқуға арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініші негізінде ресімделген, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және орта оқу орындарына түсу үшін немесе осы оқу орындарында оқу үшін келген;

2) Ќазақстан Республикасына іс-тәжірибеден, тағылымдамадан өту үшін – Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген шет мемлекеттердің заңды тұлғаларының, дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, ҚР-да тіркелген халықаралық ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде келген;

3) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген оқу орындарының немесе ҚР БҒМ-нің жазбаша өтініштері негізінде – Қазақстан Республикасына уақытша келіп, оқу орындарына түскен ұлты қазақ (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) шетелдіктерге беріледі.

Оқуға санатындағы визалар бір, екі және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.

12. Емделуге арналған виза

Емделуге арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген медициналық мекемелердің немесе ҚР денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДМ) жазбаша өтініштері негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделу, медициналық тексерілу және консультациялар үшін келетін шетелдіктерге;

2) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге тұрақты емделу қажет болған жағдайда – жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде, медициналық мекемелер берген осы емделудің қажеттігін растайтын құжаттары болған жағдайда;

3) Қазақстанға емделуге келген тұлғалармен бірге жүретін шетелдіктерге – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің немесе ҚР ДМ-нің жазбаша өтініштері негізінде беріледі.

Емделуге арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге беріледі.

13. Жұмысқа арналған виза

Жұмысқа арналған визалар:

1) Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктерге – ҚР СІМ-нің визалық қолдауы негізінде, шетелдік жұмыс көшін тартуға рұқсаты мен ҚР-да тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініші болған жағдайда;

2) Қазақстан Республикасына жұмысқа келетін шетелдіктерге олардан Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істеуге арналған рұқсаттарды алу талап етілмейтін жағдайда – Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері негізінде;

3) Қазақстанға жұмысқа бара жатқан тұлғалардың асырауындағы жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне, визадағы «жұмысқа құқығы жоқ» деген жазуды көрсете отырып – Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері, аталған тұлғалармен туысқандығын растайтын құжаттары, сондай-ақ Қазақстанға жұмысқа бара жатқан тұлғалардың жұмысқа арналған визасының көшірмесі негізінде беріледі.

Жұмысқа арналған визалар бір, екі, үш және көп мәрте келуге және кетуге беріледі.

14. Тұрақты тұруға арналған виза

1) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін шетелдіктерге – ҚР ҰҚК және уәкілетті органдармен келісілген ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, жеке жазбаша өтініштері негізінде;

2) Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келіп, ҚР-да тұрақты тұруға қалдыру туралы өтініш берген шетелдіктерге – 2 қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарының және ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жеке жазбаша өтініштері негізінде;

3) Қазақстан Республикасында саяси баспана немесе босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатпен өтініш білдірген шетелдіктерге беріледі.

Тұрақты тұруға арналған визалар бір және екі мәрте келуге және кетуге беріледі.

15. Шығу визасы

1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге – ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде;

2) Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда – шет мемлекеттердің дипломаттық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің жазбаша өтініштері және тұрақты тұратын мемлекетке қайту туралы куәлігі негізінде;

3) заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда – шетелдікті шығару туралы соттың шешімі негізінде беріледі. Осы санаттағы визалар тек кетуге ғана беріледі.

16. Транзиттік виза

Транзиттік визалар өшінші елге кіруге құқық беретін жол жүру құжаттары, ресімделген визасы немесе өзге де жарамды құжаттары бар, визасыз Қазақстан Республикасы аумағында транзитке құқығы жоқ шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтулері үшін беріледі. Қазақстан Республикасы аумағынан шектес мемлекетке жеке автокөлігімен өтетін шетелдіктерге жоғарыдағы көрсетілген құжаттар, жүргізуші куәлігі және автокөлікке тиісті құжаттары болған жағдайда беріледі.

Транзиттік визалар бір, екі және үш мәрте келуге және кетуге береді.

17. ҚР визаларын алмастыратын құжаттар

ҚР визаларын алмастыратын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің қызметкерлеріне, шетелдік консулдық мекемелердің жұмысшыларына, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген тіркеу куәліктері;

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге ҚР ІІМ берген тұруға ықтиярхат;

3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі;

4) Паспортында немесе ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге руқсат беретін басқа да құжаттарында шығарып жіберу туралы мөртабан болған жағдайда шетелдікті шығару жөніндегі соттың қаулысы болып табылады.

18. Визалардың болу мақсатына сәйкестігі

Визаларды беру негіздемесі шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мақсаттарымен сәйкес келуге тиіс.

19. Визалардың қолданыс мерзімі

Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда, сондай-ақ заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда берілетін шығу визасын қоспағанда барлық санаттағы бір, екі, үш мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына бір мәртелік дипломаттық, қызметтік, іскерлік, жеке туристік визалар 30 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

Шетелдіктің «жеке» санатындағы визасы бойынша ҚР аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 90 тәуліктен аспауы керек.

2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына екі мәртелік туристік визалар 60 тәулік мерзімге дейін беріледі.

Туристік санатындағы бір, екі, үш мәртелік визалар ҚР аумағында бір жыл ішінде әр келген сайын 30 тәуліктен аспайтын мерзімге келу құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

«Тұрақты тұруға арналған» бір және екі мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

Бір, екі және үш мәртелік «транзиттік» санатындағы визалар әр жолы 5 тәулік ішінде бір бағытта транзитпен өту жағдайында 90 тәулікке дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасында болу құқығымен беріледі.

«Дипломаттық», «қызметтік», «инвесторлық», «іскерлік» санатындағы көп мәртелік визалар 3 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Халықаралық өзаралық қағидасы ескеріліп, аталған санаттағы визаларды ұзағырақ мерзімге беруге де болады.

Қазақстан Республикасына іссапармен келетін және болуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдаєы № 836 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі» бойынша реттелетін тұлғаларды қоспағанда, шетелдіктің «іскерлік» санатындағы көп мәртелік визасы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 120 тәуліктен аспауы қажет.

«Миссионерлік» санатындағы көп мәртелік визалар 180 тәулік дейінгі мерзімге беріледі.

«Оқуға арналған» санатындағы көп мәртелік визалар 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

«Жұмысқа арналған» санатындағы көп мәртелік визалар шетелдік жұмыс күшін тарту рұқсатында көрсетілген, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Шығу визалары:

1)Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге – 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі;

2)Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған шетелдіктерге – 30 тәулікке дейінгі, бірақ тұрақты тұратын мемлекетке қайтару туралы куәлігінде көрсетілген мерзімнен аспайтын мерзімге;

3)Заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған шетелдіктерге – шығу үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге немесе Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы соттың қаулысында көрсетілген мерзімге беріледі.

20. Топтық визалар

Топтық визалар шетел азаматтары топтарының Қазақстан Республикасына ұйымдасып кiрулерi, Қазақстан Республикасынан шығулары немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитi кезiнде, мақсатқа сай және орынды немесе жеке визаларды ресiмдеу үшiн қиындықтар болғанда ресiмделедi.

Мұндай визаларды беру үшiн барлық топ мүшелерiнiң Қазақстан Республикасына кiруi және Қазақстан Республикасынан шығуы кезiнде шекарадағы бақылау-өткiзу пунктiне бiр уақытта келуi және өтуi, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүрiп-тұруы мен қандай да бiр пункте топ құрамында болуы мiндетті шарттар болып табылады. Топтық визаларды ҚР СІМ, ҚР-дың шетелдегi мекемелерi, егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзге тәртiп көзделмесе, құзырлы органдармен келiсiлген ҚР СІМ-нiң визалық қолдауы бойынша бередi.