Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері

Орналастыру ортасының көрсеткіштері:

-туристерді қонақ үйге, мотельге, кемпингке, жеке пәтерге тез арада орналастыру;

-ұйымдасқан туристерді қонақ үйге, кемпингке, міндетті түрде алдын ала бөлінген нөмірге жылдам орналастыру;

-орналастыру ортасында тыныштық сақтау;

-кең көлемде туристерге қосымша қызмет көрсету (ақшасыз немесе ақшамен).

Тамақтандыру сферасындағы қызметтің сапасының өлшемдерінің көрсеткіштері:

-берілген тағамдарды көркемдік жағынан көрсету дәрежесі, оның температурасы, дәмділік сапасы;

-кулинарлық азық-түліктің аралас түрлері;

-туристерге жылдам және сыпайы түрде қызмет көрсету;

-тапсырманы орындау жылдамдылығы;

-келушілердің тамақтануы кезіндегі көрсетілетін қызметтің мөлшері және барлық ережелерді қызмет көрсету кезінде сақтау;

-тамақтану залындағы тазалық пен жайлы жағдайды ұстап тұру дәрежесі;

-қоғамдық тамақтандыру мекемесіндегі мәдени тәртіптерді, міндетті фирмалық киімдерді және жеке гигиенаны сақтау дәрежесі;

-көрсетілген баға бойынша тағамдардың және ішімдік сусындардың құрамы мен салмағын сақтау.

Туристерге ұсынылатын азық-түлік және өнеркәсіп заттарын сататын сауда орнындағы қызметтің сапасының көрсеткіші:

1) клиенттерге құрметпен қарау, жылдам қызмет көрсету;

2) сапалы заттарды ғана сату;

3) гигиенаны сақтап, дүкендерді таза ұстау.

Экскурсиялық қызметтің сапасын анықтайтын көрсеткіштер. Мынадай жағдайларды ескеру керек:

1) экскурсия жүргізуші туристік топпен жұмыс істегенде нақтылық, көңіл қоюшылық, ескерушілік, сыпайылық көс\рсетуі тиіс;

2) экскурсия жүргізуші туристік іс-әрекеттің бөлімшелерінің жұмысшылары жағынан қызмет ережелерін бұзуға жол бермеуі керек;

3) экскурсия жүргізуші экскурсиялық іс-әрекет кезінде жүргізудің жаңа түрі мен әдістерін қолдана білу керек;

4) экскурсия жүргізуші туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жасап, ол қызметтер қабылданған стандарт пен нормативке сәйкес келуі керек;

5) экскурсия жүргізуші өзінің жұмыс уақытын туристердің түнеу мерзімімен, мәдени сабақтары және саяхатымен келісіп жасау керек, оларға қызмет жасаудан қашпау керек.

Туристік кешендегі, объектідегі (қонақ үй, мейрамхана, дүкен және т.б.) көрсетілетін қызметтің сапасы көбінесе материалдық-техникалық базасының жағдайына байланысты. Бірақ, тәжірибенің көрсетуі бойынша, бірдей материалдық-техникалық базада, ынталы және тәжірибелі қолбасшының арқасында еңбекшіл ұжым туристерге өте жоғары сапада қызмет көрсете алады. Көрсетілетін қызметтің сапасының әр жақты болуы және оны өлшеудің қиындығына қарай басқару органдары сапаны балл мен бағалауды ұсынады. Әрбір көрсеткіш және әрбір іс-әрекет бойынша сапаны бақылайтын комиссия балл санын анықтап, шешуі керек.

Тақырып 10 .

Туристік агенттік кәсіпорынын лицензиялау және сертификаттау

Дәріс 21

1. Туристік кәсіпорын түсініктемесі.

2. Кәсіпорынды есепке тұрғызу.

3. Мемлекеттік тіркеуді тәртіпке өткізу.

Дәріс 22

4. Туристік кәсіпорынды лицензиялау.

5. Туристік кәсіпорынды сертификаттау.

Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  1. Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.

  2. Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.

  3. Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.

  4. Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36

  5. Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.

  6. Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.

  7. Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.

  8. Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.

  9. Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.

. Туристік кәсіпорын түсініктемесі.

Туристік салада әр түрлі туристік мекемелер жұмыс істейді. Бірі тұтынушы клиентке бірыңғай тур қызмет көрсететін болса, ал басқалар үшін туризм – ол комерциялық іс-әрекетке бағытталғандардың бірі. Тек туризм есебіндегі мекемелер алғашқы (первичный) қызмет саласындағы туристік мекемелер деп аталады.

Ал тек туристік іс-әрекеттен ғана емес пайда табатын мекемелер екіншілік қызмет көрсету саласындағы мекемелер деп аталады. Сонымен алғашқы қызмет оның негізін құрайтын бірыңғай туризмге қызмет ететін мекеме, ал екіншісі тек туристік сұраныстың кейбір бөліктерін ғана қанағаттандырады, туризм олар үшін – көптеген осы қызметті тұтынушылардың бірі ғана және ол қызметті туристерден басқалар қолдана алады.

2001 жылдың 13 маусымында ҚР-сы «туристік әрекет жайында» Заңына сәйкес туристік әрекет туристік қызметті ұсыну бойынша физикалық және заңды тұлғалар әрекетін ұсынады. Олардың негізгі қызметіне тамақтандыру, спорт, сауықтыру, экскурсия, емдеумен айналысуға болатын мүмкіндікті жатқызамыз. Туристік кәсіпорынның негізгі мәселесі болып саяхатты, жорықтары, экскурсияларды ұйымдастыру және өткізіліп жатқан шараларға өзге азаматтардың максималды мөлшерін қалыптастыру, туристерге жоғарғы сапалы қызмет көрсете отырып шаралардың танымдық, сауықтыру, емдік тәрбиелік құндылықтарын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шаруашылық – қаржылық қызметпен адамдар қауіпсіздігіне ұсынылатын талаптарды қадағалау болып табылады. Кәсіпорынның мақсаты туризмнің таңдалған түрінен және ұсынылатын қызметіне байланысты анықталады.

2. Кәсіпорынды есепке тұрғызу.

Әрбір кәсіпорын шаруашылық, қаржылық қызметін іске асыра отырып, өзінің міндеттерін орындайды және оған еркіне қойылған құқықтарын қолданады. Заңды тұлға бола отырып ол банктік мекемеде өзінің есеп айырысу шоты, уставтық қоры, дербес балансы ұйым аты мен мөрі, туристік әрекетті жүргізуге лицензиясы болуы тиіс. Туристік агенттік заңды тұлға ретінде құрылады. Яғни серіктестік кооператив, акционерлік қоғам, компания формасында жеке мүлігі және мамандардан құрылатын жеке субьекті ретінде құрылады.

ҚР-да кең таралған түрі секріктестік болып табылады. Серіктестікке қатысушы, кез-келген уақытта өзінің мүлік үлесімен шыға алады және тек соттың шешімімен шығарып тасталынады. Туристік кәсіпорынды құрудың ресми бөлігі, барлық шаруашылық субьектісіне бірдей:

- құрушылар жиналысы;

- жетекші таңдау,

- құрушылық келісім

3. Мемлекеттік тіркеуді тәртіпке өткізу.

Уставты қордың 50 пайызын төлегеннен кейін және тіркеу жөнінде куәлікті алғаннан кейін келесі ведомстволарда кәсіпорынды есепке тұрғызу процедуралары жүргізіледі:

- салық инспекциясына;

- статистика органында;

- зейнетақы қорына;

- медициналық сақтандыру қорына;

- әлеуметтік сақтандыру қорына;

Мемлекеттік тіркеуден кейін кәсіпорын міндетті түрде бекітілген тәртіппен 10 күн ішінде өзінің орналасуы бойынша салық инспекциясына салық есебіне тұрады.

Шетел инвестицияларының қатысуынсыз кәсіпорын үшін салық инспекциясына есепке тұруы үшін келесідей құжаттарды ұсынуы қажет:

А) мемлекеттік реестрге қосылуы және есепке алған картаны (3 дана);

Б) тігілген және бекітілген тәртіппен куәландырылған, тіркелген құрушылық құжаттар көшірмесін және т.б. құжаттарды:

- қабылданған тәртіп бойынша куәландырылған тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

- устав көшірмесі (қабылданған тәртіппен куәландырылған);

- құрушылық келісім шарт көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- құрушылар жиналысының хаттама көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- антимонополиялық комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі;

- мүлікпен басқару бойынша комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі.

Шетел капиталының қатысуы бар кәсіпорындар сонымен бірге мына құжаттарды ұсынады:

- бірлесіп кәсіпорын құруға қатысушының әр қайсысы үшін құрушылық құжаттар көшірмесі;

- шетел инвесторы қызмет көрсететін банкпен берілген оның ақша төлеу қабілеттілік туралы құжаты;

- шетел инвесторының пайда болу мемлекетінің сауда реестрінен көшірмесі, оның орналасуы, азаматтығы немесе тұрғылықты жері.

Салық инспекциясы 5 күн мерзімінде:

- картаның дұрыс толтырылуын тексереді;

- ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын;

- есепке тұрғызуды орындайды;

- мемлекеттік реестрде нөмірді береді;

- есепке алу және мемлекеттік реестрге қосылуы жөнінде хабарламалық хатты береді;

- тіркелген картаның бір данасын береді;

- салық түрлері мен төлеу тәртібі жөнінде ескертпелер береді.

Осындай процедура есепке тұрғызуда құрушылық құжаттар көшірмесі, тіркеу куәлігінің куәландырылған көшірмесі, салық инспекциясына есепке тұруы картасы ұсынылады.

Устав негізінде статистика органына есепке тұру картасы толтырылады, бір экземплярды кәсіпорынға кезектегі тіркеу алымын төлегеннен кейін беріледі.

Басқа да есепке тұрғызу тәртіптері жоғарыдағыдай процедуралардан өтеді.

4. Туристік кәсіпорынды лицензиялау.

Туристік фирманы лицензиялау. Туристік фирманы мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ұйымдастырушылық кезеңнің келесі сатысы бекітілген қызмет құқығына лицензияны алу болып табылады. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңы шыққаннан кейін туристік әрекет лицензияланатын түріне кіретін болды. Қазіргі уақытта барлық турфирмалар «Туристік қызметті лицензиялау ережесі» 2001 жылғы 14 қыркүйектегі заң негізінде лицензияны алу керек.

Лицензия – лицензиялайтын органмен заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берген лицензиялау талаптары мен шарттарын міндетті қадағалауымен нақтылы түрін жүзеге асыруға арнайы рұқсат.

Жалпы лицензия белгілі бір мерзім ішінде туристік әрекетті жүзеге асыруға рұқсат беретін ресми құжат.

Лицензияланатын қызмет түрлеріне өз артынан азаматтардың құқытарына, заңды қызығушылықтарына, денсаулығына, мемлекет қауіпсіздігі мен қорғалуына, ҚР-ның мәдени мұрасына зиян келтіруі мүмкін қызметтер жатады.

Лицензиялайтын органның өкілеттілігіне мыналар жатады:

- лицензияны ұсыну;

- лицензияның барын растайтын құжаттарды қайта рәсімдеу;

- лицензия әрекетін тоқтату;

- лицензия әрекетін қалпына келтіру;

- лицензияны жою;

- лицензияның ресстрін жүргізу;

- лицензианттардың қызметтерінің лицензия талаптарына сәйкестігін қадағалау.

Лицензияның әрекет мерзімі – 5 жылдан аз емес және лицензианттың өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін. Мерзімін сзоу лицензия барын растайтын құжаттарды қайта рәсімдегендегідей жүзеге асырылады.

Лицензия мынадай туристтік қызмет түрлерінің әр қайсысына беріледі:

1) туроператорлық;

2) турагенттік;

3) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі;

Туроператорлық қызметті лицензиялау үшін келесідей құжаттар тізімі қажет:

1) бекітілген форма бойынша өтініш;

2) лицензиялық алымның төленгендігін дәлелдейтін құжат;

3) нотариалды куәлендірілген устав көшірмесі;

4) офис үшін жалға алынған немесе жекменшік мүліктің барын растайтын құжат;

5) жеке не бір ұйымнан жалға алынған болса материалды-техникалық базаның барын растайтын құжат;

6) жұмысшылардың білімі және стажы туралы құжаттың көшірмесімен жұмысшылардың тізімі;

7) туристтік қызмет көрсетуіне келісім шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі келісм шарт көшірмесі;

8) тілмашпен келісім шарт көшірмесі;

9) туримтке ескертпе мен туристтік жолдаманың көшірмесі, экскурсиялық қызметке лицензиясы бар турфирмамен келісім шарт көшірмесі немесе жоғары оқу орнын бітіргендігін растайтын және психикалық жай-күйі жайында медициналық анықтамалры бар гидтер, экскурсоводтардың тізімдері;

10) жарнамалық-ақпаратты материалы;

11) туристтік маршруттар реестрі, туристтерге қызмет көрсету бағдарламасы;

12) заңға сәйкес туристтік қызмет көрсетуге келісім шарттың нұсқасы;

13) келу және шығу елі жайында туристтер үшін ақпарат.

Турагенттік қызметке келесідей құжаттар тізімі керек:

• белгіленген нысан бойынша өтініш;

• лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;

• мыналардың: жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке куәліктің, жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің немесе патенттің нотариалды куәлендірілген көшірмелері;

• кеңсеге арналған меншікті немесе жалға алынған үй-жайы бар екендігін растайтын құжат;

• меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін растайтын құжат не туристтерді орналастыру орындарды, туристтік жарақтар, көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар ұйыммен қызметтер көрсетуге жасалған шарт;

• білімі және жұмыс өтілі туралы құжатардың көшірмесін қоса отырып, қызметкерлердің тізімі;

• туристтік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының көшірмесі;

• тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;

• туристтік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;

• жарнамалық-ақпараттық материалдар;

• «ҚР-дағы туристтік қызмет туралы» Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристтік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

• Туристтерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.

Ал, енді туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;

3) тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристтік бағыттармен жүріп өту тәжірибесін растайтын құжаттар;

4) әзірленген турситтік бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;

5) ленсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.

Туристтік қызметті (туроператорлық, турагенттік және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия – бас лицензия болып табылады.

Өтінуші лиценщия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап 7 ай ішінде ҚР-ның Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес көрсетілетін туристтік қызметтерге сертификат алуға мәндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.

Лицензияны облыстық атқарушы орган лицензиатқа заңды тұлғалар үшін – оның әділет органдарында тіркелген жері бойынша, жеке тұлғалар үшін – салық органдарында тіркелген жері бойынша береді.

Лицензия өтініш берушіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі. Лицензия 1 данадан беріледі, лицензия жоғалған жағдайда лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристтік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым төлейді.

Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол 1 ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар 10 күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.

Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәлендіріледі.

Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады егер:

1) туроператорлық, турагенттік қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық келісімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

2) лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;

3) лицензиялық алым енгізілмесе;

4) өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

5) өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған сот шешімі бар болса.

Анық емес және бұрмаланған мәліметтерді бергені үшін өтінуші ҚР-ның Заңына сәйкес жауапкершілік тартады.

Лицензиялайтын орган лицензияны беру не бас тарту шешімін өтініш түскеннен бастап 60 күн ішінде қабылдайды. Осы уақыт аралығында ол өтінушіге ескертпе хат қағазын жіберу қажет. Егер турагенттік, туроператорлық және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себептері көрсетілген жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Егер заңнамамен белгіленген мерзімде лицензия бермеген жағдайда немесе лицензия беруден бас тартудан немесе өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады. Лицензияны беруден бас тартуға өтінушімен жоспарланған немесе өндіріліп жатқан өнім (тауар, қызмет) көлемінің кеңдігі негіз бола алмайды.

Өтінушімен лицензия берілу үшін лицензиялық алымды төленгенін растайтын құжаттардың берілуінен бастап 3 күн ішінде лицензиялайтын орган лицензияны ұсынады. Лицензияны беру туралы шешімдегі құжатта мыналар көрсетілуі мүмкін:

- лицензияланып жатқан ұйым аты;

- заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы және аты, орналасуы, фамилия, аты және тегі, тұрғылықты жері;

- лицензияланып жатқан қызмет түрі;

- лицензияның әрекет ету мерзімі;

- салық төлеушінің иденфикациялық нөмірі;

- лицензия нөмірі;

- лицензияны беру туралы шешім қабылданған уақыт.

Лицензияны бас заңды және жеке тұлғаларға беруге тыйым салынған.

Лицензиялайтын орган мынаған құқылы:

- лицензия талаптары мен шарттарына сәйкестігіне байланысты лицензиаттың әрекетін тексеріп тұруға;

- тексеріс кезінде лицензиаттан түсіндірмені және құжаттарды сұрауға;

- тексеріс нәтижесі негізінде нақтылы бұзушылықты көрсете отырып, актілер (хаттамалар), құрастыруға;

- табылған бұзушылықтарды жою үшін шешім қабылдауға және оны жою үшін мерзімге белгілеуге;

- лицензиатқа ескертпе шығаруға.

Бұзушылықты жою үшін мерзімді көрсету қажет. Бұл уақыт 6 айдан аспауы қажет. Егерде белгіленген уақыт ішінде лицензиат бұзушылықтарды жоймаса, онда лицензиялайтын орган лицензияны тоқтату жөнінде лицензиялайтын органды жазбаша түрде хабардар етеді. Сонда лицензиялайтын орган барып, әрекеті тоқтатылған лицензияны қайта қалпына келтіреді және оны лицензиатқа 3 күн ішінде жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензия мерзімі ұзартылмайды. Лицензиялайтын органдар өздерінің реестрлерін жүргізеді.

Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтатады:

1) лицензияның қайтарылып алынуы;

2) азаматтық кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы.

Лицензияны қайтарып алу және оның күшін тоқтата тұру ҚР-ның заңнамалық келісімдерінде көзделген тәртіпте және негіздерде жүзеге асырылады. Оның күшін тоқтату туралы шешімге лицензиат сот тәртібімен шағымдануға құқығы бар. Егер тоқтата тұрудың себептері жойылған болса, онда лицензияның күші қалпына келеді. Лицензиар берілген лицензияның бірыңғай есебін жүргізеді. Осы ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырып, оның сақталуын тексеруді заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жүргізіп отырады.

5. Туристік кәсіпорынды сертификаттау.

Туристтік кәсіпорынды сертификаттау. Өнімді немесе қызметті сертификаттау – бұл бекітілген талаптарға олардың сәйкестігін растайтын әрекет.

Сертификаттау мына мақсаттармен өткізіледі:

- ҚР-ның бірыңғай тауар нарығында кәсіпорынның, ұйымның және мекемелер мен кәсіпкерлер қызметі үшін жағдай туғызу;

- тұтынушыны тауар мен қызмет өндірушілердің адалсыздығынан қорғау;

- өмір, денсаулық, кәсіпорын мен мүлікті қорғау үшін өнім мен қызметтің қауіпсіздігін бақылау;

- өндірушімен жазылған өнімнің сапасының көрсеткіштерінің расталуы.

Осыған байланысты нормативті құжаттарды азаматтар, сонымен қатар, туристтер денсаулығына патенциалды қауіпті тауар, жұмыс пен қызметті міндетті сертификаттауды қарастырады.

Осы облыс бойынша жұмыстарды стандарттау, метрология пен сертификаттау бойынша ҚР-ның комитетімен жүргізіледі.

Сертификаттау жүйесімен сәйкес сертификаттау органымен кәсіпорынға беріледі:

- сәйкестік сертификаты – бекітілген талаптарға берілген өнім немесе қызметтің сәйкестігін растайтын құжат;

- бекітілген тәртіппен тіркелген сәйкестік белгісі.

Сертификаттау міндетті және ерікті болады. Міндетті сертификаттау ҚР-ның заңнамалық актілерімен алдын қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Міндетті және ерікті сертификаттау бойынша жұмыстардың төлемі өтінушілермен әске асырылады, ал, қаражаттың өздері өнім, жұмыс, төлемі өтінушілермен іске асырылады.

Міндетті сертификаттау ережесін бұзылғандығына кінәлі заңды және физикалық тұлғалар әрекет етуші заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Міндетті сертификаттауға жататын және сәйкестік сертификаты жоқ өнімді немесе қызметті жарнамалауға тыйым салынады.

Сертификаттау туралы ақпарат және тауар қызмет техникалық құжаттарында болуы тиіс.

Міндетті немесе ерікті сертификаттау шеңберінде сертификаттаудың үш формасы (деңгейлері) бар:

- бірінші формасы – тауар немесе қызмет сатушының сатып алушыға жасалған өтініші («өз-өзін сертификаттау»);

- екінші формасы – сатып алушымен қызметтің қажетті талаптарға сәйкестігін растауы («екінші жақпен сертификаттау»);

- үшінші формасы – қызметтің бекітілген талаптарына сәйкестігін тәуелсіз органмен жасалған расталуы («үшінші жақпен сертификаттау»).

Туристтік қызметті сертификаттау «Туристтік қызметті сертификаттау ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Сертификаттау өзінің құрамында туристтік қызмет бойынша кем дегенде екі экспертті бар ұйыммен жүргізіледі.

Сертификаттау жүйесімен келесідей мәселелердің орындалуы қарастырылған:

- орындаушының шеберлігін бағалау (экскурсия, жорық үшін);

- қызметті ұсыну процесін бағалау (маршрут бойынша саяхаттау);

- туристтік кәсіпорындарды аттестациялау (қонақ үй, мотель, кемпинг және т.б.);

- туристтік кәсіпорын үшін сапа жүйесін сертификаттау.

Тақырып 12. Туристерді тасымалдауды ұйымдастырудығы турагенттің жұмысы

Дәріс 23

  1. Туристерді тасымалдау түрлері

  2. Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен сақтандыру

Дәріс 24

  1. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері.

Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  1. Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.

  2. Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.

  3. Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.

  4. Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36

  5. Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.

  6. Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.

  7. Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.

  8. Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.

  9. Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.