Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

3. Туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау

Туристік фирмадағы экономикалық жағдай бұл – туристік тауарлардың шын мәнісіндегі ұсынысы және оларға деген төлемақыға қабілетті сұраныс, тауарларды шын мәнісіндегі және потенциалды сатып алушылардың кірістері, туристік қызмет үшін қағазға алынатын қаржылардың қол жетімділігі мен мөлшерінің бар болуы, альтернативті қызметтердің және оларға деген бағаның қойылуы, туристік нарықтың инфрақұрылымының дамығандығы, бәсекелестік шарты.

Туристік фирмадағы әлеуметтік жағдайлар бұл - туристік қызметті және оларға деген даму жолдары туралы қоғамның көрінісі, туристік қызмет деген мемлекеттің қарым-қатынасы, ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптардың білім деңгейі.

Туристік фирмадағы құқықтық жағдайлар бұл – туристік қызметтің дамуы үшін көбірек қолайлы жағдайларды құратын және туристік қызмет қызметті реттейтін заңдар мен заң алдындағы актілер. Заңдардың ең маңыздысы туристік қызмет қызметтің құқықтық кепілдемесі туралы заңдар болып табылады. Оған қоса жекеменшікке деген құқықпен және келісім шарттағы міндеттемелерді орындауды айтуға болады.

Ф.Котлер бойынша туристік қызмет қызметтің мемлекеттік реттелу қажеттілігі, келесідей себептерден туындайды:

- Фирмаларды бір-бірінен қорғау қажеттілігі, өйткені бәсекелестік кәсіпкерлердің мүдделеріне тиген кезде олар оны бейтараптауға тырысады.

- Тұтынушының таза емес іскер практикадан қорғау қажеттілігі .

Қазақстанда кәсіпкерік үшін заңдар жүйесі енді ғана жиналуда, әлемнің жетекші елдері өз кезектерінде көптеген ондаған жылдарға құрылған осы сала үшін заңдарды иеленеді.

«Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкер» және «Менеджер» сөздері синонимдер болып табылмайды. Менеджер бұл – қандай да бір рационалды тәсілдерді басқаратын кәсіби маман. Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкер өз қызметінде, сонымен қатар басқару саласында ереже ретінде жеке жаңашылдықты енгізуді қолданады .

4. Туристік өнімдерді өндірудің экономикалық ерекшеліктері

Туристік қызметтің бәсекеге үнемі қабілетті болу үшін келесідей түрлерін бөліп шығарады:

- Өндіруші – қызметтің және басқа өнімнің ортаға шығуы;

- Коммерциялық - өндірушіден тұтынушыға жасалған өнімнің қозғалысы бойынша қызметтің ерекше түрі;

- Қаржылық – қызмет және өнімнің қайта өңделуі мақсатында қаржылық қаражаттарды пайдалану мен құру бойынша қызметтің ерекше түрі.

- Кеңес беру – қаржыны, маркетингті басқару. Өндірушілердің мүмкіншіліктерін бағалау, жалпы басқару бойынша көмек пен кеңес берумен байланысты қызмет.

Қызметтің алғашқы үш түрін қайта өндірудің сатысымен байланысты айырады және негізгі түрлерге жатқызады, өйткені қызметтің нәтижелері соңғы немесе өндіргіш тұтынуға дайын, қызмет немесе тауарлардың өндірісі болып табылады.

Қызметтің соңғы түрін (төртінші) туристік қызмет қызметің қөмекші түрлеріне жатқызады, өйткені бұл қызметің нәтижелері тәсілдер, әдістер, технологиялар мен жобалар болып табылады. Олардың қолданылуы қызмет сапасын жоғарлатады, бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатады немесе оларға деген өндірілуі мен жүзеге асырылуының шығысын төмендетеді.

Туристік қызметтің ерекшеліктерімен байланысты туристік ұйымның туристік қызмет қызметтері тек қана шартты түрде ғана белгілі бір түрге ғана жатқызылуы мүмкін .

Осылайша, туроператорлардың қызметі көп жағдайларда турөнімнің және оның бөлшектік өндірісімен тұтұнушыға көтерілуінің ұйымдастырушылық дайындығын құрайды. Сондықтанда туроператорлардың қызметін шартты түрде өндірістік туристік қызметке жатқызуға болды.

Турагенттер делдалдардың қызметін – турларды сатушылардың функциясын атқарады. Одан басқа, олар жеке қызмет және т.б. Бұл аралас қызмет түрі.

Контрагенттер – туристік қызметтерді орындаушылар, (қонақ үйлер, мейрамханалар, тасымалдаушылар, экскурсиялық бюро және т.б) олар қызметті, турөнімдерді тұтынушыларға көрсетеді, қызмет өндірісінде де белсенді түрде қатысады және осы негізде өндірістік кәсіпкерлерге жатқызылуы мүмкін.

Туристік ұйымдар ұйымдастырушылық дайындықты, қызметті сату мен орындауды қоса атқара алады. Бұл жағдайда фирма бір мезгілде кәсіперлік қызметтің бірнеше түрін атқара алады.

Кеңес берушілік туристік қызмет қызмет туризм саласында кеңінен қолданылады. Туристік қызметтің сапасы неғұрлым жоғары және қызмет көрсетушілердің құрамы күрделірек болса, соғұрлым туристік қызметтің жүзеге асырылуы мен құрылу процесіне маман кеңесшілердің саны көбірек болады. Осылай клубты демалыс келесідей қатысушыларды қолданады: промоутерлерді (жоба жасаушылар), сату бойынша мамандар, курорттарды басқарушылар, клубты демалыс орнын айырбастау бойынша мамандар және т.б.

Туристік фирма қызметіндегі идея бұл – экономикалық белсенділіктің кәсіпкермен шығарылған жаңа формасы, онда белгілі бір қызметтерде кәсіпкердің осы қызметтерді өндіру мүмкіндігімен және инновациядан қосымша табысты алуға деген нарықтың нақты қажеттіліктерімен немесе потенциалды қажеттіліктері қоса атқарылады .

Кәсіпкердің қызметі идеялардың банкісін құруды болжамдайды, олар қызмет өндірісінің немесе делдалдықтың қосымша немесе негізгі профилін құрай алар еді. Идеялардың жинақталуы ағымды сондай-ақ перспективті сипатта бола алады. Әрбір идея бойынша кәсіпкер шешім қабылдайды, яғни оның практика жүзінде жүзеге асырылуына ат салысуы керек немесе керек еместігін шешеді. Әрбір кәсіпкермен шешім қабылдау прцесі қолда бар альтернативтердің бір нұсқасының таңдалуын қамтамасыз ететін, жеке индивидуалды технологиясы бойынша жүргізіледі, бірақ жалпы этаптары мен олардың орындалуының жалғасымдылығы келесідей:

- Идеялардың алғашқы экспертті бағалануының кәсіпкердің өзімен жасалуы практикалық іске асырылудың нақтылығы.

- Практикалық позиция тұрғысынан идеялардың бағалануы үшін нарықтағы жағдайлары туралы ақпараттардың жиналуы.

- Туристік нарықта өндірістік болжамдалатын қызметтерге сұраныс және ұсыныс объектілерін анықтау мақсатымен туристік қызмет есептерді жүргізу; ұқсас қызметтердің жүзеге асырылуының мүмкін бағалары; өндіріс шығындары; қызмет өндірісінің тиімділігі және табыстың көлемі т.с.с.

Екінші эксперттік бағалау қызығушылық танытқан мамандармен жүзеге асырылады және идеяларды кәсіпкердің мүмкіндіктерімен орнату мақсатын иеленеді. Кәсіпкермен осы идеяны ұстана отырып, жұмысты жалғастыру шешімін қабылдау немесе оны қабылдамай басқа бір туристік қызмет идеяны ойластыруға көшу.

Қабылданған идеяның жүзеге асырылуы бірнеше этаптан тұрады:

- Бизнес-жоспар, оның мәні, жобаның жүзеге асырылуының нақты есептерімен тиянақты түрде баяндалуында болады. Бизнес жоспарда сондай-ақ кәсіпкердің ұйымдастырушылық формасы мен идеяның бастапқыда жүзеге асырылуы үшін қажетті қаржылық қаражаттардың қалыптасуының қайнар көзі көрсетіледі;

- Қағазға алынатын қаржы қаражаттары мен серіктестердің тартылуы;

Егер фирма жаңадан құрылған болса, жеке фирманың мемлекеттік тіркелуі. Бұл үшін келесідей құжаттар қажет:

- құрылтайшылардың құрамын анықтау және құрылтай құжаттар өңдеу;

- құрылтайшылар фирманың қызметі мен құрылуы туралы келісім шарт жасау;

- директор мен басқа да басшылардың тағайындалуы туралы фирма құрылтайшылардың №1 хаттамасының толтырылуы және фирма қаулысының бекітілуі ;

- банкте уақытша шот есептің ашылкы;

- фирманың орналасу жері бойынша бөліміндегі тіркеу поштасында фирманың тіркелуі және фирманың мемлекеттік реестерге қосылуы;

- фирманың адамдарымен өздерінің салымдарын банкке салу және онда тұрақты есеп шотының ашылуы;

- кәсіпорынның салық инспекциясы бар аудандарда тіркелуі;

- дөңгелек мөр мен бұрыштық штамптың әзірленуіне рұқсат алу;

- Фирманың тауардың өндірісіне ұйымдастырушылық техникалық дайындығы;

Туристiк фирма қызметі - жеке және заңды тұлғалардың туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметi;

1) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк базалар, қонақжайлар, демалыс үйлерi, пансионаттар және туристердiң тұруы мен оларға қызмет көрсету үшiн пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;

2) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристiк өнiмдi өткiзу жөнiндегi туристiк ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешенi;

3) тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;

туристiк ұйымдар - қызметiнiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып табылатын заңды тұлғалар;

Туристiк фирма қызметін көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттерiн қанағаттандыру үшiн берiлетiн қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулерi);

Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шартта оның қолданылуы үшiн заң шығарылуы талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi

1. Туристiк қызмет субъектiлерiне:

1) туристiк операторлар (туроператорлар);

2) туристiк агенттер (турагенттер);

3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;

4) туристер және олардың бiрлестiктерi;

5) экскурсанттар;

6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;

7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар жатады .

Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық аймақтар, көрiктi орындар, тарихи және әлеуметтiк-мәдени көрсету объектiлерi және саяхат кезiнде туристердiң қажеттерiн қанағаттандыра алатын өзге де объектiлер.

Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.

Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:

1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;

2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;

3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;

4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;

5) көлiк қызметiн көрсету;

6) ойын-сауық;

7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер .

Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртiбi, оларды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.

Туризмнiң ұйымдық нысандары мен түрлерi

1. Халықаралық және iшкi туризм туризмнiң ұйымдық нысандары болып танылады.

2. Халықаралық туризм:

1) келу туризмiн - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхатын;

2) шығу туризмiн - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.

3. Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты.

4. Туризмнiң түрлерi - әлеуметтiк, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни және басқа туризм.

Тақырып 11. Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасы мен мәні

Дәріс 19

1. Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасының түсінігі.

Дәріс 20

2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері.

Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  1. Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.

  2. Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.

  3. Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.

  4. Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36

  5. Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.

  6. Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.

  7. Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.

  8. Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.

  9. Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.1. Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасының түсінігі.

Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету – халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мәселесі. Туристер белгілі бір елдің туристік кешенінің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді тартады, өзіне ұнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық әсерінің көтерілуіне септігін тигізеді.

1. Әр түрлі категорияда көрсетілген сапаға талдау жасау оның мәнін түсіндіреді.

2. Туристік салада заттар шығарылады және қызметтер көрсетіледі, олар туристердің материалдық және рухани қажетін өтейді.

Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету – халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мәселесі. Туристер белгілі бір елдің туристік кешенінің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді тартады, өзіне ұнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық әсерінің көтерілуіне септігін тигізеді.

Әр түрлі категорияда көрсетілген сапаға талдау жасау оның мәнін түсіндіреді. Туристік салада заттар шығарылады және қызметтер көрсетіледі, олар туристердің материалдық және рухани қажетін өтейді. Табиғи-климаттық, мәдени-тарихи және материалдық байлықтарды туризмде өндіріс пен қажеттілікке қолдану арнайы ресурстарды тартумен байланысты. Соның арқасында емделгенде, ойын-сауықта, мәдени жағдайларда, іс қарым-қатынастарда өз қажеттерін өтейді. Мұндай процестерде адамның психологиялық көңіл-күйі көтеріліп, өсе түседі. Психологиялық факторлардан туристік сапа қызметтері құралып жақсарады дегенді аңғаруға болады. Солар арқылы туристерге сапалы қызмет көрсету деген түсінік кеңейіп толықтырыла түседі. Туризмде жоғары сапада қызмет көрсету халықтың саяхатта, туристік орталықтарда, ойын-сауық, әр түрлі мәдени орындарда болғанда шығынын өсіреді. Бұдан да жоғары сапада қызмет көрсету қалтасы қалың клиенттерді тартады, елімізге валютаның түсімін арттырады.

Туризмдегі сапалы қызмет екі түрлі игілікпен (тауарлар және қызмет) және екі түрлі қатынаспен (материалды және материалды емес) тығыз байланысты.

Сапалы туристік қызметтің өлшем белгісі бір немесе көп мағыналы болуы мүмкін. Сапалы туристік қызметтің өлшем белгісі мен көрсеткішін әр уақытта ажырата білген жөн. Туризмнің келешек даму бағыты мен жалпы сапалық сипаттамасы сол өлшем белгісімен байланысты (өлшем белгісі – баға беру мөлшері, сол белгілердің негізіне қарай бағаланады). Өз ретінде ол көрсеткіш жүйесі арқылы анықталуы мүмкін әр деңгейде, түрде басқаруға бейімделген. Бұл көрсеткіш, шынында да, бір туристік кешеннің атқаратын қызметінің сапасы анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш болуы керек.