
- •ЗТақырып 1 Туризмдегі кіру және шығу технологиясының түсінігі; субъектілері, маркетинг түсінігі және қазіргі жағдайы.
- •1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде
- •2. Туроперейтингтегі маркетингтің рөлі мен түсінігі.
- •Аутгоинг туризмнің түсінігі, ерекшеліктері және туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
- •2. Туризмдегі флайтер түсінігі және оның жұмысы
- •3. Аутгоинг-туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері
- •2. Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары
- •4. Туристік нарықты талдаудың әдістері мен белгілері
- •4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі
- •Шығу туризмді ұйымдастыру технологиясы
- •1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
- •2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
- •3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы
- •4. Туроператорлардың және шетел қонақүй кәсіпорындарының ынтымақтастық формасы
- •Туроператордың қонақүйлерді жалға алу жұмысының түсініг; комитмент шарты және элотмент шарты
- •3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.
- •3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.
- •1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер
- •2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар
- •3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері.
- •2.Халықаралық туризм георафиясы саласындағы әлемдік байланыс
- •3. Халықаралық туризмнің георафиясына «белсенді» жобаларды іске асыру инвестициялары
- •1. Туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері
- •2.Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру
- •3. Туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау
- •4. Туристік өнімдерді өндірудің экономикалық ерекшеліктері
- •2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •1. Туристерді тасымалдау түрлері
- •2. Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен сақтандыру
- •3. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері
- •3. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.
- •4. Шенген визасының типі мен спецификасы
- •Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы
3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері.
Чартерлі бағдарламалардың түрлері:
1. Бірреттік бос тұрулар. Туристтерді бірреттік шығаруға және ары-қарай қайтаруға арналған чартерлер. Бұл жағдайда рейске тапсырыс беруші үшін туристтердің демалыста болған кезінде қабылдайтын әуежайда борттың бос тұрғанын төлегені, екі жаққа «бос» ұшуды (қайтадан ұшқан әуежайға дейін және керісінше демалушыларды қайтару үшін белгіленген әуежайға дейін), төлегенге қарағанда арзанырақ түседі. Чартерлі бағдарламалардың бұндай түрі қымбатырақ түседі, себебі бұған бос тұрған ұшақтың құны қосылады, оған деген шығындары чартерлі бағдарламаны жүйелі әуетасымалдауға негізделген ұшуларға қарағанда тиімсіздеу қылуы мүмкін. Бұндай чартерді максималды жоғары маусымды күндері (мысалы, жаңа жылдық мерекелер) дестинация бойынша ұшуларды ұйымдастыру кезінде қолдануға болады, бұл кезде турдың бағасының өсуі оның бәсекеге қабілеттілігі үшін оншалықты сезілмейді.
2. Шатл-чартерлер. Бірреттік чартерлі бағдарламаларға қарағанда, шатл-ұшулар чартерлі тізбекті құру кезінде қолданылады, яғни маусым бойы бір бағытқа кезеңді ұшуларды (әдетте бір аптаға немесе 10 күнге) ұйымдастыруда. Бұндай чартерлі бағдарламаларда борт дестинация әуежайында бос тұрып қалмайды, алдында келген туристтермен толып қайта ұшып кетеді. Алайда, бұл жағдайда тізбекке тапсырыс беруші екі бос жүрісті төлеуге міндетті. Тізбектің бірінші ұшуындағы дестинация әуежайынан және маусым аяқатлған соң дестинацияның әуежайына дейін. Шатл-бағдарламалар ауқымды қаржылық салымдарды талап еткеніне қарамастан (бір ұшу емес, тұтастай тізбек сатып алынады) массалық туроператорлар үшін тиімді және орындарды сатуға деген жауапкершіліктің тәуекелін көбейтеді. Өзінің чартерлі тізбекке қатысуы туралы ескерткен кезде оператор өзінің пайдасын ұзақ уақыт бойы бөлістіре алады (әдетте маусым бойы), орындықтардың маусымның басында және аяғында бос тұруларынан пайда болған шығындар орындықтарды маусымды күндері белсенді сатумен тез жабылады. Сондықтан чартерлі шатл-бағдарламаларына көптеген қатысушылар осындай баға саясатын қалыптастырады, тарифті бірте-бірте жоғарылатып, оның маусымды күндері жоғары дәрежеге дейін жеткізеді, содан соң бағаны минималды дәрежеге дейін түсіреді (мысалы, «Ростов-Анталия-Ростов» тарифі мамыр-маусым айналырында 180$ дан, шілде-тамыз айларында- 220$ дейін өзгереді).
3. Сплит-чартерлер- жолдың бір учаскесінде жолаушылар жүйелі әуелинияларымен, ал қалған учаскесінде-чартермен ұшатын тасымалдауды ұйымдастырудың бір түрі. Сплит-чартерлер әдетте тұрақты әуерейстердің жолаушылардың кез-келген бағытқа чартерлі немесе тұрақты линиялармен ұша алатын әуе торабына деген жалпы жүйесі жоқ әуежайдан ұшқан кезде қолданылады. Мысалы, сплит-чартер туристтердің Ростов-на-Донудан Тайландқа дейін ұшуын Бангкок пен Тай аралдарына дейін көптеген рейстер іске асырылып жататын Орталық Азия-Ташкен ірі әуе торабы арқылы ұйымдастырған кезде қолданылады. «Өзбек әуежолдарының» тайск бағытына дейінгі чартерлердің толықтығы, сондай-ақ Ташкенттік әуежайда ыңғайлы транзитті залдың болуы Мәскеуден, Самарадан және басқа да ресей мегаполистерінен тұрақты рейстермен келетін туристтердің ыңғайлы тұрақтануына мүмкіндік береді. Еуропалық туристтер мен туроператорлар арасында Дубай арқылы (БАЭ) Үнді аралдарына (Сейшел, Маврикий, Мальдивы) дейін тасымалдау кеңінен қолданылады. Дубайға жолаушылар еуропалық компаниялардың тұрақты әуелинияларымен ұшып келеді, ары қарай жергілікті тасымалдаушылардың чартерлі әуелинияларымен жетеді. Оператор сплит-чартерлерді жасап сату кезінде бағдарламаның нақты тікелей бағыттан географиялық ауытқу көлемін ескеру керек (мысалы, Ростовтан Бангкокқа қарай Ташкент арқылы ұшу осындай турды Мәскеу арқылы ұйымдастыруға қарағанда тиімдірек), рейстер арасындағы түйісу кезеңінің ұзақтығы, яғни жолаушының торапты әуежайдың транзитті залында өткізетін уақыты. Сонымен қатар, оператор туристтерге тек демалыс елінің ғана емес, сондай-ақ транзитті елдің де кедендік және шекаралық бақылау ережелері, транзитті жүкті рәсімдеу, жүру билеттерін рәсімдеу туралы ақпарат беру керек (егер тұрақты да чартерлі де әуетасымалдаулар бір тасымалдаушымен ұйымдастырылса, мысалы Ростов-Ташкент-Бангкок-Ташкент-Ростов «Өзбек әуежолдарымен» іске асырылса, Р үлгісіндегі бір билет жеткілікті, егер тасымалдаушылар әртүрлі болса, А үлгісіндегі екі билет қажет). Сплит чартерлерге негізделген турларды сату кезінде туристтік оператордың қолында әуекомпаниямен (тұрақты немесе чартерлі рейстерді ұйымдастырушы) немесе басқа операторлармен (мысалы, тұрақтау әуежайынан бағыт бойынша чартерлі бағдарламаны ұйымдастырушы) арасында комиссиялық сыйақыларды алу немесе әртүрлі жеңілдіктер алу және туристтік нарықтың талаптарына сәйкес келетін қолайлы баға саясатын қалыптастыру мақсатында рәсімделген келісім-шартты қарым-қатынастары болу керек.
4. Поличартерлі тасымалдау- оның анықтамасы сплит-чартерлерге ұқсас, алайда ерекшелігі тасымалдау кезінде пайдаланылатын түйісілген рейстердің екеуі де чартерлі болып табылады. Осыған байланысты, поличартерлі тасымалдауды ұйымдастыру екі туроператордың да- чартерлі бағдарламаға тапсырыс беруші әрекеттерін үйлестіруді талап етеді.
5. Транзит чартерлер- әртүрлі аумақтарда орналасқан бірнеше туроператорлармен (немесе бір туроператордың филиалдарымен) ұйымдастырылған чартерлі тасымалдау, яғни рейстің дестинациясына демалуға бағытталған туристтерді бортқа қабылдау мақсатымен оларды үшінші әуетұраққа кезекті отыруын ұйымдастыру. Осылайша туристтердің кезекпен екі әуежайға дейін қайта ұшуын ұйымдастырады. Әдетте транзит-чартерлер екі шағын қала арасындағы қатынастарда қолданылады, себебі олардың операторларында тікелей рейсті ұйымдастыруға жеке нарықтық мүмкіндіктері жоқ, сондықтан бірікке чартерлі бағдарламаға жүгінеді. Транзитті-чартерлі бағдарлама жедел және географиялық қолайлы болуы үшін оны ұйымдастыруға туристтердің әуежайымен тікелей қатынастағы әуелинияларынан минималды географиялық аутқулармен орналасқан қалаларды қолданады.
Турфирмалар мен әуекомпаниялардың ынтымақтастығының негізгі чартерлі бағдарламасы болып чартер келісім-шарты табылады. Оның иәні чартерлі тасымалдауды нақты кесте немесе бағыт бойынша орындауда.
Чартер келісім-шарты бойынша тасымалдаушының міндеттері:
- техникалық жағдайы, келісілген сыйымдылығы қажетті үлгіге сәйкес келетін ұшақты ұсыну;
- төлік құралын сақтандыру;
- чартерлі рейсті ұйымдастырумен байланысты рәсімдерді орындау (иммиграциялық, кедендік, шекаралық, карантин, жергілікті билік өкілдерінен ұшуға деген рұқсат алу);
- экипажды қажетт құрам мен сан бойынша жеткізу.
Тапсырыс берушінің міндеттері (әуе кемесін жалға алушының):
- жолаушыларды тіркеу орнына келісілген кестеге сәйкес белгілі-бір уақытта жеткізуді қамтамасыз ету;
- жолаушыларды тасымалдау ережелері бойынша қажетті ақпаратмен қамтамасыз ету;
- чартерлі бағдарламаның қажетті құнын келісілген уақытта төлеу.
Жақтардың келісім-шарт бойынша жауапкершіліктері.
Әуекомпания міндеттемелерден босатылады және жауапкершілік артпайды, егер басқа бір құбылыстардың әсерінен (метеожағдайлар, үкіметтің құқықтық актілері, көтерілістер, ағымды әуежайда отынмен қамтамасыз етпеу және қабылдаудан бас тарту) ұшу мүмкін емес болса. Осыған байланысты кеме басшысы құқылы:
- метеожағдайларға байланысты ұшу уақытын ауыстыруға немесе мүлдем ұшудан бас тартуға;
- мүмкін болатын коммерциялық толықтықты азайту;
- жоспарланбаған қонуларды жасау, ұшуды тоқтату.
Әуетасымалдаушы рейстің кешігуіне жауап береді. Әуекөлік кәсіпорыны кінәлі болған жағдайда ол тапсырыс берушіге айыппұл төлейді.
Тапсырыс беруші де рейстің кінәлі кешігуіне жауап береді, сондай-ақ әуетасымалдаушыға әуежайдың қосымша тоқтау уақытының шығындарын өтейді.
Егер тапсырыс беруші әуе-чартерден бас тартатын болса (лайнердің толық толмауы, басқа да турдың шарттарының өзгеруі) ол тасымалдаушыға нақты көлем бойынша айыппұл санкцияларын төлейді (бас тарту кезеңіне байланысты чартер құнының 5-10%).
Борттың дестинационды әуежайда тұрып қалуы кезінде, тапсырыс беруші әуекемесі экпиажының орналасуын, тамақтануы қамтамасыз ету керек.
Тапсырыс беруші ұшу уақыты 5 сағатқа дейін ауыстырылса, немесе келісім-шартқа сәйкес келмейтін әуе кемесі ұсынылса чартерлі бағдарламаның орындалуынан бас тарту кезінде жауапкершілікке тартылмайды.
Жақтардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктерімен қатар міндетті түрде көрсетіледі:
- әуе кемесінің түрі;
- кеменің максималды коммерциялық толықтығы (жолаушылар саны және жүктің салмағы);
- жөнелту және жету орыны (ұшу деректемелері);
- тасымалдың белгіленуі (шоп-тур, іскер чартер, курортты чартер).
Чартердің құны келесі факторларға байланысты:
- әуекемесінің түрі (қазіргі заманға сай, жаңартылған, алысқа ұша алатын және жылдам ұшатын, жолаушыларға өте жайлы кемелер әрине қымбатырақ тұрады);
- кеменің толықтығы- жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтерімділігі. Әуекемелері жолаушысыйымдылығы бойынша әртүрлі; үлкен коммерциялық толықтығы бар сыйымды лайнерлерді алу қымбатқа түседі.
- фрахталатын кеменің ұшу бағытының ұзақтығы;
- чартерлі тасымалдау түрі;
- ұшуды орындау күні (туристтік нарықтың маусымдылық факторы бағаланады. Оператордың чартерді жоғары маусымда алып отырғандықтан, ол орындықтардың бос қалуы бойынша аз тәуекелге ұшырайды да, әуетасымалдаушысы жағынан жоғары жеңілдіктер алмайды);
- ұшу күндері (жұма және сенбі күндері іске асырылатын чартерлі тасымалдаулар қымбатырақ болады, себебі бұл туристтер қайтқан кезде жұмысқа шығар алдында есін жиіп алуға мүмкіндік беретін қолайлы ұшу күндері, апта ортасында ұшатындардың чартерлі бағдарламаларының кұны төменірек);
- ұшу уақыты (таңғы және түскі сағаттарда ұйымдастырылатын чартерлі ұшулар қымбатырақ болады, себебі бұл туроператорларға қабылдайтын қонақүйлердің есепті сағаттарына қону уақытын ыңғайлы орналастыруға мүмкіндік береді, алайда, кешкі және түңгі уақытта ұшатын чартерлер арзанырақ болады);
- лайнер бортындағы төленген сағаттар (чартерлі әуебилетінің құнына ұшу мен жеңіл таңғы астың кіруімен қатар, тапсырыс беруші ұзақ уақыт ұшу кезінде лайнер бортындағы қосымша тамақтануды да, байланыс қызметтерін де және т.б. төлей алады);
- чартерлі тапсырыс көлемі- туроператормен бір уақытта тапсырыс беретін орындықтар саны (орындықтың орташа құны туроператор орындарындағы блок көлеміне, оператормен тапсырыс берілген чартерлі бағдарламалардың жиілігі мен санына байланысты);
- чартердің түрі, формасы және төлем түрі (чартерлі ұшудың ақысын алдын-ала немесе толық төлей алатын операторлар әуекомпания жағынан қосымша жеңілдіктерге ие болады.
Чартерлі келісім-шартты жасай рәсімі.
Әуетасымалдаушымен келіссөздер. Бұл сатыда оператор немесе олардың пулы чартерлі рейстің қажеттігін, рейс билеттерін тиімді сатудың дәлелдерін келтіреді, чартерлі тасымалдаудың негізгі ережелерін (әуекемесінің түрі, рейстің болжамды уақыты, бағыт, төлемі) қалыптастырады.
2. Әуекомпанияның мүмкіндіктерін анықтау. Тасымалдау жетекшісі, оператормен берілген талаптарды қайта қарап, жоспарланып отырған чартерлі тасымалдауды орындауға деген жеке дайындық дәрежесін қарастырады (әуекомпаниясының паркінде қажетті әуекемесі бар ма, осы кеменің тапсырыс берілген уақыт кезеңіне ұшу кестесі қандай, ұшу және қабылдау орыны, билік өкілдерінен ұшу құқығын алуға деген мүмкіндіктері).
3. Ұшу құжатын дайындау (әуетасымалдаушысы және әуежайының қызметтерімен бірігіп жасалады, ұшу кестелері қарастырылады- қону-ұшу коридоры қалыптастырылады, чартерлі жолаушыларды әуежай залдарында орналастыру және қондыруды іске асырудың мүмкіндіктері анықталады).
4. Тасымалдаушының мүмкіндіктері, әуежай басшылығының шешімдері және тапсырыс берушінің турға деген талаптары арасында ымыра пайда болса, чартерлі жақтар келісім-шартқа қол қояды.
5. Туроператормен орындықтарды іске асырудың баға саясатын жасау. Бұл сатыда тапсырыс беруші турифтің мөлшерін бекітеді (бір бағытқа, екі бағытқа), тарифтерді бортта қызмет көрсету класына байланысты саралап жіктейді (бизнес, эконом класстар), туристтік агенттіктер үшін комиссиялық сыйақылар көлемін анықтайды, азаматтардың жеңілдік санаттарын және оларға деген жеңілдік көлемдерін, жүкті тасымалдау құны мен ережелерін (әсіресе, чартерлі шоп-бағдарламаларды ұйымдастыру кезінде) бекітеді. Максималды бәсекелі бағаларды бекітуде оператордың мүмкіншіліктері жоғары, себебі ол- чартерге жалғыз тапсырыс беруші, борттағы орындықтардың ірі блогына алушы.
6. Ары қарай, тапсырыс беруші орындықтарды сатумен айналысады. Олардың сатылымы үш түр бойынша іске асырылады.
Тақырып 8
Халықаралық туризмнің географиясының ортақ негізгі ресурстары
Дәріс 15
1 Халықаралық туризім геогарфясының класификациясы
2.Халықаралық туризм георафиясы саласындағы әлемдік байланыс
Дәріс 16
3. Халықаралық туризмнің георафиясына «белсенді» жобаларды іске асыру инвестициялары
Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.
Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.
Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.
Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36
Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.
Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.
Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.
Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.
Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.1. Халықаралық туризім геогарфясының класификациясы
Қазіргі таңдағы дүниежүзілік туризмнің классификациясы ең бастысы туризімнің дамыту аспетісі ретінде қарастыруы керек. Ол үшін туристік индустрияны толық қанды дамыту керек. Ал әлемдік туризім жөнінде айтатын жәйт туритік шаруашылықты дамыту, туристік айналымды қадағалау керек, сонымен қатар туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Осындай проблемалармен қатар туристік индустрия мен байланысты саяси жүйеге байланысты болып табылады. Қазіргі таңдағы туризмнің индустриясындағы нақты классификациясы мен байланысты. Бұл бізге туризмнің басты бағытары мен оны дамыту керек тігін айтады. Туризм шаруашылығындағы басты мәселе ретінде оның диферециялды және интеграци ялды мәселе ретінде қарастыруға болады. Ең алдымен туризмдегі классификацияны дамытумен қатар оны кең ауқымында дамыту және толығымен экономикадағы ролін басқару керек. Туризмді классификациялауға әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады. Оған келер болсақ; оның басты мақсатын, мінездемелерін, саяхатау және турларының мерзімін, қандай транспортмен саяхатануын, жоғары дәрежелі қызымет көрсету аясы және тағы басқа бөліктерін айта аламыз деуге болады. Оның өзіндік факторларының болуында. Оның формалары мен класстарының әр түрлі болуында.Ол туризімнің дамуы мен әр елдердің әлемдік туризмді дамытуда әр түрлі бағытында болуында. Сол сияқты туризмнің түрлері мен бағытары әр түрлі болуынада байланысты. Осындай факторларына тоқтала кетсек:
Әр түрлі туризмнің бағытары мен айналысуы және сол жұмысы мен бос уақытын өткізуі.
Адмдардың жасы, денсаулығы, рухани жағы, тұрмыстық жағдайы т.б.
Табиғатың алуан түрлілгі мен туристік саяхатар мезгілі.
Транспорт жүйесі, байланыс жүйесі.
Осындай көптеген өзіндік ерекшеліктерін айтуға болады.Оның қызымет көрсету саясы, оның жағдайы, туризмнің дамыған немесе даму көрсеткіші, оның жеткен жетітіктерінің көрсеткіші. Сонымен қатар оның түрлілігі, жататын кластары және тағы басқа бөліктерін айтуға болады. Осының бәрі жалпы функционалдық және технологиялық көрсекіштерінен де байқауға болды. Туризмнің жалпы негізгі қазіргі таңдағы бағытары;
Емдік
Спортық - Емдік
Танымдық болып негізгі үш бағыты бар.
Осы мәселеге қарстыратын болсақ ол адамдардың денсаулығын, адамдардың еңбеке жарадылығын артыруы осы негізгі мәселе ретінде қарастылуда дүниежүзі бойынша. Емдік функциясына келер болсақ онда Санатори- Курортық зоналардыдамыту және оларды жеке аспкті ретінде қарстырылуда. Емдік туризмнің маңызы өте зор. Оған адамның психологиялық, физикалық бөліктерін жатқызуға болады.
Физикалық реттеу негізінде және оны адамның еңбеке жарамдылығын артыру болып табылады. Емдік - спортық туризмнің қазіргі кезде дамыту мәселеріне үлкен мән берген болатын. Осындай мәселелер адам денсаулығының артыруы мен еңбеке жарамдылығының артуына, адамдардың өмір сүру орта жасына жақсы әсер етуімен де байланыстырады. Осындай проблемаларды қарастыруымыздың арқасында біз елдегі әлеуметік, саяси, қоғамдық проблемаларды дамытып жетістіктерге жетуге болады. Қоғамдық – Экономиканың дамыту кеңіне де жағдай жасауға болады. Осындай мәселелермен де байланыстыруға болады. Туризм тек қана индустрия мен бизнестік түрі ған емес сонымен қатар ол қоғамдағы адамдардың еңбеке жарамдылығы мен өмір сүру жасында ұзартуға жағдай жасай алады. Әлемдік туризмнің жақсы жақтарында елдегі экономика мен саяси жағдайларына сыртқы және ішкі жағдайларына осындай жақтарымен де әсерін тигізеді деп айтуға болады. Туризмнің бірнеше жіктемелеріне бөлінеді. Осы жіктемелеріне тоқталатын болсақ ол туристердің потоктарына да байланысты, жоғарғы статусына, туризмнің ең басты екі класстары бар. Олар : біріншісі ішкі әлемдік, екіншісі әлемдік шетелдік тармақтары болып екігі бөлінеді. Ішкі туризм – сол мемлекеті болып азаматы туристік саяхатқа шығып өз мемлекетінің көрікті жерлерін аралау мен басқа шетелдерге шықпау болып табылады. Әлемдік шетелдік туризм болып – сол мемлекетің азаматы болып өзінің мемлекетінде, көрші және алыс шетелдерге де шыға алатын азаматар болып табылады. Шетелдік туризм - бұл шетелдерге бару мен бірнеше мемлекетерге де бару болып табылады. Алыс немесе жақын мемлекетерге бару болып туритік сапарға бару мен өзінің белгілі бір мақсатқа негізделуі болып табылады. Осындай белгілі бір мақсатпен іс сапар мен немесе сол елде мәдениетімен, белгілі танымал рындарын аралау болып табылады. Осындай белгілі бір тармақтарына байланысты туритік тармақтарға бөлуге болады. Осындай белгілерге байланысты әлемдік туристердің патоктарына байланысты болып бөлінеді деуге де болады. Бір туритің өзі шетелге шығатын және өз мелекетінде саяхатайтын болып классификациялануға да болады. Ол қай мемлекетердің аралығында көп саяхатауына байланысты болады. Ол туристің шетелге шығуы мен немесе өзінің мемлекетінде ғана саяхатауына байланысты болады. Осы бөлігі ең бірінші ол шетелге шығу туризмімен байланысты. Кейін турист өзінің еліне қайтып оралады деген сөз. 1993 жылы Канада астанасында ДТҰ конференциясында екі негізгі түсініктерді қарастырған болатын. Олар Әлемдік туризм және мемлекет ішіндегі туризм болып екі тармақа бөлген болатын. Жалпы айтқанда әлемдік туризм және туризм мемлект ішіндегі деп екі маңызды фактор деп түсіндіреді .
Әлемдік валюта, туритік ортақ тіл, мемлекет шекаралары және тағы басқа факторлардың әсер етуімен байланысты болуында. Осындай негізгі факторлардың 80-90 % туритік сапарлардың құрайды. Туризмнің классификацясы әр түрлі тармақтары бар; Аңшылық туризм, танымдық, спортық, экскурсиялық туризм, сауықтыру, емдік ол негізінен санатори- курортық зоналарға барып емделу туризмі, мәдени –тарихи ескерткіштерді танып білу, архиологиялық ескерткіштерді көру, балық аулау туризмін айтуға болады. Осы әр түрлі туризмнің тармақтарындағы балық аулау туризмі көптеген мемлектерде танымал болып келеді. Бұл туризмнің түрі АҚШ, Канада, Ресей, Франция мемлекетерінде таныиал болып кеуде. Аңшылық туризм Франция, белгия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Швеция, Италия мемлекетерінде танымал. Аңшылық туризм валюта айналымының негізгікөзі болып табылады. Туризмнің негізгі бөлігі болып ол маусымдық туризм болып бөлінеді. Осыған байланысты маусымдық туризмге ұсынысытан сұранысы туристердің арасында жоғары болса онда турлардың бағасын көтеріп пайданы көп табуға тур фирмалар мен тур агентіктер, тур операторлар бағасын көтеруі әбден мүмкін. Осыған байланысты туритер қалтасына байланысты туристік саяхатқа шығады .
Жалпы беріліп отырған туристік турлардың бағасына, қанша күнге баруына болатындығына барлығы да ескеріледі. Қазіргі қажылық Сауд Аравиясына Мекке және Мәдинаға пайғамбарымыз Мұхамед Ғ.С. туған жеріне қажылық сапарға туризмнің яғни діни туризмнің негізі болып отыр. Осындай туризмнің негізгі классификация тармақтары бар. Жалпы қорыта айтатын болсақ туризмнің классификациясы негізгі бөлігі ғылым мен практикасы мен байланысты болуында. Туризмнің әлемнің негізгі тармақтары ол туристік сапарлардың негізгі бағытары болып табылады. Туристік сапарлардың қосымша сұранысқа ие болуы мен басқада бөлігі туритік индустрияның алуан түрлерінің қалыптасуына әкеліп соқтырған болатын. Туристік қызымет көрсету, жоғарғы деңгейде болуы керек, және Тероризмен көресу қажет болып табылады .