
- •ЗТақырып 1 Туризмдегі кіру және шығу технологиясының түсінігі; субъектілері, маркетинг түсінігі және қазіргі жағдайы.
- •1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде
- •2. Туроперейтингтегі маркетингтің рөлі мен түсінігі.
- •Аутгоинг туризмнің түсінігі, ерекшеліктері және туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
- •2. Туризмдегі флайтер түсінігі және оның жұмысы
- •3. Аутгоинг-туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері
- •2. Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары
- •4. Туристік нарықты талдаудың әдістері мен белгілері
- •4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі
- •Шығу туризмді ұйымдастыру технологиясы
- •1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
- •2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
- •3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы
- •4. Туроператорлардың және шетел қонақүй кәсіпорындарының ынтымақтастық формасы
- •Туроператордың қонақүйлерді жалға алу жұмысының түсініг; комитмент шарты және элотмент шарты
- •3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.
- •3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.
- •1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер
- •2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар
- •3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері.
- •2.Халықаралық туризм георафиясы саласындағы әлемдік байланыс
- •3. Халықаралық туризмнің георафиясына «белсенді» жобаларды іске асыру инвестициялары
- •1. Туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері
- •2.Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру
- •3. Туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау
- •4. Туристік өнімдерді өндірудің экономикалық ерекшеліктері
- •2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •1. Туристерді тасымалдау түрлері
- •2. Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен сақтандыру
- •3. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері
- •3. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.
- •4. Шенген визасының типі мен спецификасы
- •Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы
2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар
Ұшулары кестемен қатаң реттелген жүйелі және қосымша рейстерге қарағанда чартерлі әуелиниялары кестеден тыс тасымалдау түріне жатады, және олардың бірқатар сипаттамалары бар:
- чартерлі рейс біреудің тапсырысы бойынша орындалады, яғни әуекомпания ретінде чартерлі тасымалдаудың құнын толығымен төлеуге дайын және билеттерді сату бойынша тәуекелді толығымен өз мойнына алатын басқа бір жақ пайда болады;
- чартерлі әуерейстері рейске тапсырыс берушінің талаптары бойынша кез-келген күнге және уақытқа белгілене береді, алайда, көрсетілген әуепорттарының және әуекомпанияның әуекемелері қозғалысының қызметтерімен келісіледі;
- чартерлі рейсті дестинациялау тапсырыс берушімен белгіленеді, алайда әуепортының мүмкіндіктерін (әсіресе жаңа бағыттағы чартерлі рейстерге тапсырыс беру кезінде) қосымша келісуді талап етеді;
- әдетте чартерлі әуерейстерге билеттерді екі жаққа да алуға мүмкіндік бар (бірқатар елдерде, чартерлі әуе тасымалдарының ұлттық ережелеріне сәйкес бір бағытқа арналған чартерлі рейстерге әуебилеттерін сатуға тыйым салынады);
- чартерлі рейске әуебилеттерін тарату құқығына тек қана оған тапсырыс берушілер немесе оның өкілетті агенттері және тапсырыс берушінің өкілдері ие (сонымен қатар, ұшатын әуекомпанияларының билетті қызметтері де бола береді);
- чартерлі әуелинияларында бағаны қалыптастыру саясаты, жеңілдіктер ұсыну саясаты рейске тапсырыс берушінің қарамағында. Ол жеке коммерциялық қызығушылықтарына қарап тариф көлемдерін, жеңілдіктер көлемдері, әртүрлі санаттағы азаматтар үшін жеңілдік мөлшерлерін белгілейді;
- әлемнің бірқатар елдерінде, чартерлі әуетасымалдау ержелеріне сәйкес чартерлі әуерейстеріне азаматтығы жоқ шетел азаматтарына билеттерді сатуға тыйм салынады.
Чартерлі тасымалдаулардың арзандыңы (жүйелімен салыстырғанда) жолаушылар үшін бірқатар кері салдар туындатуы мүмкін, мысалы, бортта және әуетұрағының жергілікті қызметтерінде қызмет көрсетудің төмен сапасы, күні мен уақытын, кейде тіпті ұшуды ауыстырудың нақты мүмкіншілігі (егер тапсырыс беруші нөлдік рентабельділік үшін де бортты толтырмаса), чартерлі рейске қолданбаған әуебилеттерін ауыстыруға немесе ақшасын қайтарып алуға деген жолаушының шектеулі мүмкіндіктері (барлық туроператорлар сатып алынған әуебилеттерін ауыстырмайды және қайтармайды). Осы себептерге байланысты чартерлер тұрғындар арасында жаппай және танымал бағыттарда кеңінен таралған, VIP және жеке клиенттерді тасымалдауды жүйелі әуелинияларында іске асырған жөн.
Чартерлі тасымалдауға тапсырыс берушілер болып кез-келген физикалық немесе заңды тұлға табыла алады, және оларда чартердің ақысын уақытылы төлеу үшін қажетті қаржылық сомасы және әуебилеттерін тарату мен сатудың мүмкіндігі болу керек. Тәжірибеде чартерге тапсырыс берушілер болып табылады:
- турларды жаппай бағыттарға ұйымдастыратын және борттарды максималды толтыруды қамтамасыз етуге жеке мүмкіндіктері бар санаулы туристтік операторлар;
- туристтік операторлардың пулдары- яғни күштері чартерлі линияларды бірігіп сатып алуға және орындықтарды белсенді сатуға бағытталған уақытша ұйымдар. Пулға әдетте, яғни олардың борттарында максималды блоктары бар, не болмаса осы чартерлі бағдарламаға бастамашылық жасаған топтасқан туроператорлар қатысады. Чартердің бұндай үлгісі бойынша операторлар өзара борттағы орындықтар блогын орналастырады, ары қарай олардың қаржылық жауапкершілігі (уақытылы төлеу міндеттемесі және билеттерді өткізу кезіндегі тәуекелділік) осы блоктардың көлемімен шектеледі;
- әуеброкерлердің- туристтік чартерді туристтік операторларға ары-қарай көтерме бағамен қайта сату мақсатында әуе кемелерін фрахттаумен айналысатын әуетасымалы нарығына, не туристтік нарыққа тікелей қатынасы бар. Брокерлердің қызметіне үстеме төлеу қажеттілігіне қарамастан, көптеген операторлар солардың қызметіне жүгінеді, себебі соңғылары не әуекомпаниялармен келіссөздер жүргізе алмайды (географиялық алшақтық, тәжірибенің жоқтығы, оператордың беделінің төмендігі), не болмаса чартердің төлемдерін уақытылы өтей алмайды (әуеброкерлар оператордарға өткізілген орындықтар бойынша төлемдерді біртебірте төлеудің тиімді жүйесін ұсынады), не болмаса әуекомпания үшін тиімсіз орындар блогын сатып алмақшы (әдетте әуекомпаниялар чартерді тасымалдаулардың орындарына минималды блок қояды, оларды шағын туроператорлар төлей алмайды). Біздің елімізде әуеброкерлері туристтік және әуенарықтарындағы байланыстарымен қатар қаржылық құрылымдарының да қолдауына ие, себебі олар чартерлі бағдарламалардың төлемін алдын-ала төлеуге мүмкіндік береді (бұл әуекомпаниялардан қосымша дисконттарды талап етудің сылтауы болады), содан кейін жеке коммерциялық қызығушылықтары бойынша блоктарды туристтік нарықтың субъектілеріне олардың мүмкіндіктері мен талаптарын ескере отырып қайта сатады (мысалы, блоктарды шағын блоктарға бөлу саясаты, чартерлі бағдарламаларды бөлу, төлемдердің мерзімін ұзарту);
- әуекомпанияның өзі де клиенттерді тарту, қосымша пайда алу, жаңа бағыттар еңгізу мақсатында өзінің әуе кемелері бойынша (әсіресе, егер лайнерлердің ұшу толықтығы мүмкіндік берсе) чартерлі бағдарламаларды ұйымдастыра алады.