Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер

Жүйелі рейстер- әуе линиясын пайдалануға берілген рұқсат негізінде жоспарланған және бекітілген кесте бойынша орындалатын ұшулар және қосымша рейстер. Жүйелі рейстердің келесі сипаттамалары бар:

- ұшудың күні мен уақытын бекіту;

- ұшудың қатаң бекітілген бағыты (ұшу пункті, белгіленуі, транзитті пунктер);

- ұшу лайнердің толықтығына қарамастан міндетті түрде іске асырылады;

- әуетасымалдаушымен бекітілген тарифтер, жеңілдіктер...

Ұшақтардың қозғалысының кестесі- әуекомпания немесе әуетұрақ жетекшісімен расталған әуекемелерінің әуежай бойынша қозғалысының күнделікті кестесі. Кестенің екі түрі бар- корпоративті (кестеге бір әуекомпаниясының әуерейстері жазылады), әуепортты (кестеге рейс жасайтын барлық әуекомпанияларының борттары жазылады).

Ұшақтардың қозғалысының классикалық кестесі екі бөліктен тұрады: нақты әуежайға ұшу және келу. Әуепортының атауын көрсеткеннен кейін бағанада қалаға ұшатын барлық жүйелі рейстердің ұшу деректемелері көрсетіледі. Кестеде көрсетілген ұшу деректемелеріне жатады: ұшатын апта күндерінің нөмірі (1-понедельник, 4- четверг), рейс нөмірі, әуе кемесінің түрі (АВЗ- Аэробус А-300., ТУ-154), тасымалдаушы-әуекомпанияның коды.

Жүйелі рейстермен жұмыс істейтін операторлардың функциялары брондаумен және әуебилеттерін офиста отырып сатумен шектеледі.

Оператормен әуебилеттерін өзі бетінше сатуды және оларды брондау іске асыру үшін туроператорды Халықаралық авиациялық көлік ұйымымен аккредиттеу керек. Аккредиттеуден өткен туроператор келесі талаптарға сәйкес келу керек:

- туристтік нарықта лицензия мен жұмыс тәртібінің болуы;

- офистің (жеке немесе жалған алынған) СЭС пен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі;

- әуекассирінің жабдықталған жұмыс орынының болуы (клиенттердің құжаттарға қолжеткізуін шектейтін тұрақ, өртенбейтін сейф, ұйымтехникасы, дабылды сигналды шақыру кнопкасы);

- персоналды аттестациалау (брондау жүйесін қолдану және әуебилеттерін толтыру бойынша оқыту курстары), сонымен қатар билет стиктерінің жоғалуы мен бұзылуына жауап беретін тұлғаны анықтау;

- оператордың әуекомпанияның электронды брондау қызметіне ай сайын төлем жасау керек.

Ары қарай, әуекомпаниямен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойғаннан кейін, оператор жауапты тұлғамен бірге нөмірленген фирмалық стиктердің нақты тапсырыс берген көлемін алады, оларды қатаң есептеп сейфтерде сақтайды; әуекомпанияның брондау бойынша электрондық қызметінде өз бетінше жұмыс жасайды; әуебилеттерін клиенттерге береді. Стикті жоғалтқан кезде (билеттің бос бланкісін) оператор әуекомпанияға айыппұл төлейді (көлемі келісім-шартта көрсетіледі), сондай-ақ әрбрі құртылған бланк үшін де айыппұлдар салынады (әдетте 1 АҚШ долларында). Жүйелі түрде (әуебилеттерінің сатылу көлеміне байланысты аптасына бір рет немесе одан да жиі) оператор әуекомпаниясына әуебилеттерін сатудан алынған ақша қорларын өткізеді, бірақ ол қорлардан жеке өзінің комиссиялық сыйақыларын ұстап қалады (көлемі сондай-ақ келісім-шартта көрсетіледі).