Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.

Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары:

- тасымалдаушы ұшақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың талаптарын орындау мақсатында, жолаушы үшін және оның қарамағындағылар үшін қауіп төндіретін жолаушылардың өзін нашар сезіну кезінде, жолаушының мас кезінде, борттағы жолаушылар мен экипаждың өмірі мен ұшу қауіпсіздігіне тікелеу қауіп төндіретін жолаушы әрекеттерінің құруы кезінде жолаушылар мен оның жүктерін тасымалдаудан бас тартуға құқылы;

- тасымалдаушы кез-келген уақытта ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушының әуе кемесінің салонындағы орнын құны бойынша сәйкес келетін орынға ауыстыруға құқығы бар;

- тасымалдаушы сондай-ақ, жолаушының тұлғалығы құжатталмаған болса, егер омен ұсынған билетте түзетулер болса, егер омен алынған билет заңсыз алынған болса оны тасымалдаудан бас тартуға құқылы;

- тасымалдаушының дұрыстап қапталмаған жүкті тасымалдаудан бас тартуға, жолаушының оқл сөмкесі мен жүгін оның көзінше тексеруге құқығы бар;

- ұшу кезінде тасымалдаушы жолаушыға оның тәртібі ұшуға, өмірге, денсаулыққа, басқа жолаушылардың мүлкіне және әуекомпания мүлкіне қауіп келтіретін болса қатысты барлық мүмкін әрекеттерді (күш көрсетуге дейін) жасауға құқылы;

- тасымалдаушы кестеге сәйкес белгіленген орынға жолаушыны және оның жүгін тасымалдауға міндетті, тек жолаушылар мен олардың жүгіне зиян келтірумен тікелей байланысты қауіпті жағдайлар туындап қалмаса;

- тасымалдаушы және оның құрылымы төтенше жағдайдың пайда болуына жол бермеу үшін барлық мүмкін болатын іс-шараларды қабылдағаннан кейін де жолаушыларға жарақаттар, физикалық зақымдар немесе өлім келетін болса жауапкершілікке тартылмайды;

- тасымалдаушы тіркелмеген жүктің сақталуы үшін жауапкершілікке тартылмайды;

- тасымалдаушы форс-мажорлы жағдайлардан туындаған рейстің кестесінің өзгеруіне немесе рейсті алып тастауына жауапты болмайды.

3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.

Жолаушының да, тасымалдаушының да құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының расталуы, сонымен қатар олар арасындағы келісімді қатынастарды растайтын құжат ретінде әуебилеті табылады.

Әуебилеттерінің келесі бланкілері бар:

- жол бойында қайта отырусыз ұшуды рәсімдеу үшін бір ұшу купоны бар (А үлгісі) жүкті квитания мен жолаушылар билеті төрт купонды кітапшадан тұрады, бір-бірінен түсі бойынша ажыратылады, және келесі тізбек бойынша орналасқан: бақылаушы купон (жасыл), агенттік купон (қызғылт), ұшу купоны (ақшыл), жолаушылар купоны (ақ);

- жол бойында қайта отыруды рәсімдеу үшін қажетті екі ұшу купоны бар (Р үлгісі) жолаушылар билеті мен жүкті квитанция бес купоны бар кітапшадан тұрады, А үлгісіндегідей тізбек бойынша орналасқан, бірақ бір ұшу купоны 2 қосылған (ақшыл).

Бақылау купоны- қаржылық және құқықтық сұрақтарды шешетін тасымалдау құжатының негізгі купоны. Бұл түпнұсқа. Кез-келген даулы сұрақтарды қарастыру кезінде дәл осылар алдымен қаралады.

Агенттің купоны кассирдің есебіне қосымша болып табылады және агенттікте сақталады. Оның негізінде агенттіктің бухгалтерлік есебі құрылады.

1,2 ұшу купондары бағыттың әрбір учаскесінде тасымалдауды рәсімдеу үшін қолданылады. Жеке купон тасымалдаушыны әрбір ауыстыру кезінде және сапардың әрбір учаскесінде рейсті ауыстыру немесе қызмет көрсету класын ауыстыру кезінде қажет боладыү Ұшу купондары жолаушыдан тіркеу кезінде алынып, тасымалдаушыға бағытталады.

Жолаушылар купоны жолаушыда сапардың соңына дейін қала береді.

Жолаушымен тіркеуге берілген билетте қатысты бағыт учаскесіндегі ұшу купоны болмаса жарамсыз болып табылады. Тек ұшақтар алынып тасталған немесе ұшақтар әуежайға белгілі-бір жағдайларға байланысты қонған кезде, жолаушылар жөнелтуді күтіп, қайта тіркеуден өткен кездерде ғана тексерілмейді.

Әуебилеттерінің үлгісі қатысты мемлекеттік органмен және елде жұмыс істейтін барлың әуекомпаниялар үшін жалпы қолданылады.

Шартты түрде билетті үш бөлікке бөлуге болады: рейсті, тарифті, қосымша мәліметтер блогы.

Рейсті блокқа жолаушының аты-жөні, тегі, төлқұжат нөмірі, ұшу бағыты (бастан аяқ пункттер, транзитті пункттер), тасымалдаушы компанияның екісимволды коды (мысалы, D9- «Аэрофлот-Дон», АА- «American Airlines»), рейстің нөмірі және қызмет көрсету классы («б»- бизнес, «э»-эконом класс), кесте бойынша ұшу уақыты (міндетті түрде «25ФЕВ2003» үлгісі бойынша), кесте бойынша жергілікті ұшу уақыты («15-03» және «02-35» үлгісі бойынша), орыны және салоны, негізгі тариф коды, жүктерді тегін тасымалдау нормасы, турдың коды жазылады.

Трифті блокқа тарифті есептеу (негізгі тариф және комиссиондық жинақтар, қорытынды сома), төлем валютасындағы эквивалент (халықаралық жолдарға АҚШ доллары бойынша, немесе евро), төлем түрі («НАЛ»- қолма-қол, «ГШ№123 21.03.03»), жеңілдіктерді ұсыну негізі және төлемдер («ГСС»- Совет Үкіметінің Ері) кіреді.

Қосымша мәліметтер блогында ұшу қаласы және кодтау жүйесіндегі белгіленуі («РОВ-МСК-РОВ»-Ростов-Москва-Ростов), қосымша билеттер нөмірі, құжат нөмірі, билетті беру күні, әуекомпанияның ақпараты, кассірдің мөрінің орыны көрсетіледі.

Тақырып 7

Аутгоингтегі жүйелі тасымалдаулар

Дәріс 13

1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер

2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар

Дәріс 14

3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері:Қолданылған әдебиеттер тізімі;

Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.

  1. Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.

  2. Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.

  3. Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36

  4. Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.

  5. Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.

  6. Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.

  7. Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.

  8. Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж.