Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу

Туроператормен хотельердің өзара жұмысының бұл схемасы комитменттерді немесе қонақүйлерді жалға алу төлемдерін төлеуге мүмкіндігі жоқ, немесе алынған бөлмелердің рентабельді толықтығын қамтамасыз ете алмауымен байланысты жеке тәуекелін нақты біліп отырған операторлар үшін тән. Элотмент кезінде оператор орындардың жеке блогының көлемдері мен ұзақтығы туралы тапсырыс береді, алайда алдын-ала төлемейді, төлемдерді хотельерге туристтердің әрбір кіргенінің алдында ғана төлеп отырады. Элотмент шарты бойынша жұмыс істеуге туристтерге аз танымал, атақты емес қонақүйлер, немесе төмен маусым кезіндегі қонақүйлер келіседі. Элотмент кезінде жақтар жоспарланған блог туралы келіседі, хотельер оператордың нөмірлерін тұрақты резервке қояды, алайда резервтегі бөлмелердің ақшасын қонақүй туристтердің әрбір жаңадан келуінің алдында ғана алады (туристтердің кіру кестесі- жақтармен келісім-шартқа қол қойған кезде келісіледі). Бұл дегеніміз, келісілген мерзім біткеннен кейән (7-14 күн) туристтердің келуінің алдында, оператор хотельерге келушілер туралы ақпаратты жіберіп, және төлемнің қажетті сомасын береді. Қатаң блок кезінде элотмент үшін төлем көлемі тұрақты болады, келушілердің нақты санына байланысты емес (оператор өзінің бөлмелер блгы үшін төлем төлейді). Егер блок жұмсақ болса, оператор бос тұрған орындарға төлемесе де болады, керісінше туристтік нарық конъюнктурасы жақсарған кезде резервтелген нөмірлер санын нақты тұру мерзіміне дейін ұлғайтып алады.

Анықтама көрсетіп отырғандай, элотмент-шарттар бойынша жұмыс жасау (әсіресе жұмсақ блок кезінде) хотельер үшін тиімсіздеу (жоғары маусым кезіне атақты қонақүйлердің иегерлері элотментке келіспейді), себебі бөлмелердің тұрып қалу тәуекелін өз мойнына алады, осыдан әрбір койко-күн үшін дисконт көлемі комитментпен салыстырғанның өзінде қатты азаяды. Басқа жағынан, элотмент қонақүйді жалға алу немесе комитменттерді алу үшін нарықтық және қаржылық мүмкіндіктері жоқ шағын туроператорлардың қонақүйлермен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, және оларға аз болса да ақша табуға болады.

Элотмент бойынша төлем құны комитменттің шарттарына байланысты. Алайда бұл жерде туроператордың қандай блокқа- қатаң немесе жұмсақ па, тапсырыс беретін факті, олармен жоспарланып отырған кірулердің орташа ұзақтығы қандай болатыны әсер етеді.

Туроператорлардың қонақүйлермен жұмыс істеу тәжірибесінде комитмент- және элотмент шарттары бірін-бірін толтырады және бір-бірімен үйлеседі. Осылайша, туристтерді жеткізу бойынша жеке мүмкіндіктерін бағалай отыра, оператор, әдетте, жүйелі жөнелтулер көлемінен 20-30% комитмент алады, қалған көлемін элотменттермен толтырады. Бұл сатып алынатын қонақүй қызметтерінің қымбаттауына әкелсе де, туроператордың тәуекелін төмендетеді және маусым алдында ірі ақша сомаларының «тоқтап қалуын» қажет етпейді. Ары қарай турпакетке кіретін қонақүй қызметтерінің төлемін ол не толығымен өзіне қалдырады (егер турист комитмент-шарттарда алынған нөмірлерді тоқтаса), не турист келер алдында хотельерге аударады (егер мекендеуші элотмент шартында алынған нөмірлерде тұратын болса).

Тақырып 6

Туроператорлар мен әуекомпаниялар ынтымақтастығының формасы

Дәріс 11

1. Әуекомпаниялар ынтымақтастығының формасы.

2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.

Дәріс 12

3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.

Қолданылған әдебиеттер тізімі;

  1. Азар В.И. Экономика и организация туризма. - М., 2004г.

  2. Сыртқа саяхаттаушыларға. Анықтамашы. Алматы, 2006ж.

  3. Владение отдыхом: новая сила туризма. ВТР, 1997г.

  4. Ф.Котлер. Management of economic reserves. An arsenal, 1985, page 36

  5. Гуляев В. Туристические перевозки. – Алматы, 2004ж.

  6. Долматов Г. Правовые основы туристического бизнеса. - М., 2002г.

  7. Дубнина Т., Яворская А. Зарубежный опыт малых гостиниц. - М., 2002г.

  8. Конанев А. Туризмдегі маркетинг. - Актау, 2003ж.

  9. Исмаев Д. Основы стратегии и планирования конкурентоспособности в туризме. - Астана, 2004ж. 1. Әуекомпаниялар ынтымақтастығының формасы.

Бүгінгі таңда туроператорлар әуекомпаниялардың жетекші тапсырыс берушілері болып табылады, және әуетасымалдаулар турлардың ажырамас және тұтас құраушысы ретінде көрінеді. Алдымен әуетурлардың өсуі халықаралық туризм географиясының кеңеюімен дамыған, жер шарының әртүрлі бөліктерінде орналасқан курорттардың үлкен саны туристтік ағымның басты бағыттары болып табылады. Туристтерді сондай алыс жаққа жеткізу тек қана авиацияның күшімен мүмкін, себебі ол өзінің жолаушыларын теңіздер мен мухиттар, джунглиялар мен шөл далалар, таулар мен жазықтар арқылы оңай тасымалдайды. Сонымен қатар, қазіргі кездегі туризм тасымалдаушылардың жолаушылар мен жүктерді максималды жылдамдықпен тасымлдауды талап етеді, себебі саяхатшылардың алыс жергілікті сапарларды іске асыру үшін бос уақыттары жоқ.

Әуетурларын кеңінен таратудың тағы бір маңызды себебі (соның ішінде Ресей) 20 ғасырдың соңындағы әуетасымалдаулар құнының төмендеуінде (әуетасымалдау нарығындағы бәсекелестіктің өсуінің және чартерлі рейстерді қолданудың арқасында).

Осыда, халықаралық туроперейтингпен әуекомпаниялар бір-бірімен тығыз байланысты, ал олардың өзара қарым-қатынастарының сипатына әуетурлардың спасы мен қол жетерлігі ғана емес, сонымен қатар халықаралық туризмнің болашағы, турағымдардың бағыты байланысты.

Әуекомпаниялар- мемлекеттік, муниципалды немесе жеке коммерциялық кәсіпорындар, олардың қарамағында әуе кемесінің нақты паркі мен жүйелі және чартерлі әуетасымалдауларын іске асыруға қажетті рұқсат құжаттары бар.Әуекомпанияларды туристтік индустрияның супрақұрылымына жатқызуға болады, себебі олардың жұмысы туристтерге қызмет көрсетуге бағытталса да, нақты уақыт кезеңінде тұрғындардың туристтік белсенділігінің әсеріне қатты бағынады.

Әлемнің көптеген елдеріндегі әуе кодекстеріне сәйкес жолаушының құқықтары мен міндеттері былай анықталады:

- жолаушы ұшу алдындағы тіркеу орнына уақытылы келуі міндетті (әдетте ұшақтың ұшуынан 1-2 сағат бұрын). Бұл қажеттілік туралы әуекомпания жұмыскерлері өздерінің клиенттеріне алдын-ала билет сатып алу кезінде ескерту жасау керек. Әдетте туристтің әуежайдың ұшу залына келетін уақытын бекіту оның қандай рейспен ұшатынына (ішкі, немесе ұзақ, кедендік, шекаралық қадағалауды қажет ететін халықаралық, жүйелі немесе чартерлі) байланысты. Турист көрсетілген уақытта келмесе немесе кешігіп келсе, оның билеті жойылады және төленген билет құны не мүлдем қайтарылмайды (чартерлі әуелайнерлер), не жартылай қайтарылады (жүйелі әуелайнерлер).

- туристтің басқа жолаушыларға, олардың мүлкіне қауіп келтіретін, сондай-ақ заңдылықпен рұқсат етілмейтін және ірі габаритті, нәзік тез бұзылатын жүктерді, қару-жарақтарды (аң аулау және спорттықтан басқа), жарылыс заттары, қысылған газдарды, тез жанатын заттарды, улы заттарды, күйдіргіш және коррозиялық заттарды тасымалдауға құқығы жоқ;

- жолаушының тасымалдау алдында оның бағытын, ұшудың күні мен уақытын өзгертуге құқығы бар. Жолаушының тасымалдаудан еріксіз бас тартуы кезінде (рейстің бір сағатқа кешігіп қалуы немесе оның алып тастаумен, билетте көрсетілген күн мен уақыт бойынша әуе кемесінің салонынан орын тауып бере алмауымен, әуе кемесімен әуежайда тұрақтануының орындамауымен, әуе кемесінің басқа кластағы кемемен ауыстырылуымен, жолаушы мен оның жанұясының жағымсыз жай-күйімен байланысты) оған билеттің толық құны қайтарылады.

- жолаушы бекітілген жүк нормасын (эконом-кластағы жолаушылар үшін- 20 кг, бизнес клас үшін- 30 ег, бірінші класс үшін- 40 кг) тегін алып жүруге құқығы бар;

- ұшу кезінде жолаушының әуе кемесінің бортында байланыстың мобильді құралдарын, электронды ойындарды, радиоқабылдағыштарды, басқа да электронды құралдарды қолдануға құқығы жоқ, дыбыс аппараттары мен жүрек ынталандырушыларынан басқа;

- әуежай залында, әуе кемесінің бортында болған кезде жолаушы әуетұрағының арнайы қызметтерінің және әуекомпанияның қауіпсіздік қызметінің талаптарын орындауға міндетті.