Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу

Бұл туристтік оператордың және шетел қонақүйі жұмысының кеңінен таралған формасы. Оның танымалдылығы, алдымен қонақүйді жалға алуға қарағанда туроператордың шығындары мен тәуекелін аз талап ететінінде. Орындар блогын сатып алған кезде оператор бөлмелер санын таңдауға мүмкіндік алады, оларды сату тәуекелін жеке жұмыс тәжірибесіне, сату мүмкіндіктеріне, өзінің агенттік жүйесінің қызмет ету тиімділігіне негізделе отырып өз мойнына алады. Екіншіден, блоктарды бір уақытта бірнеше қонақүйлерден сатып алу туроператорға туристтік нарықтың әртүрлі сегменттеріне сүйене отырып өзінің турларының ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Орындар блогы- қонақүйдегі саны мен уақыты бойынша шектелген койко-орындардың жиынтығы, хотельер алдында сатылу бойынша материалдық жауапкершілікті туристтік оператор өз мойнына алады. Кез-келген блоктың мынадай сипаттамалары бар:

- нөмірлер саны және олардың санаты (қолдану құқығы операторға өтетін комнаталар тізімі мен олардың санаты);

- орындар блогының ұзақтығы (туроператормен сатып алынатын койко-орындардың басталу және аяқталу уақыты, оператордың өз атынан бөлмелерді сатуға құқығы бар мерзім);

- хотельермен ұсынылатын дисконт көлемі (хотельерден туоператорға өтетін бос нөмірлер бойынша тәуекелмен түсіндірілетін әр койко-күннен жеңілдік көлемі);

Сатылу шарттарына байланысты блоктар бірнеше түрлерге бөлінеді:

- қатаң бекітілген- туроператор нақты бөлмелерді сатып алады, олардың тізімі блокты сатып алу келісімінің қосымшасында көрсетіледі. Нәтижесінде оператор нөмірдің санаты мен сыйымдылығымен қатар, нөмір орналасқан қабат, нөмір терезелерінің қараған беті, нөмірдің ерекшелігі және т.б. туралы біле алады;

- еркін бекітілген- туроператор нөмірі көрсетілмеген нақты санаттағы немесе сыйымдылықтағы бөлмелерді сатып алады. Бұл дегеніміз, туроператордың клиенттері хотельердің ұсынысы бойынша әртүрлі нөмірлерде, әртүрлі қабаттарда орналасады, бірақ нөмірлердің санаты мен сыйымдылығы толық сәйкес келуі тиіс.

Туроператормен қабылдаған тәуекел дәрежесіне байланысты блоктарды қатаң және жұмсақ деп бөлігу болады:

- қонақүйдегі қатаң блок кезінде туроператордың блоктаудың барлық мерзімінде тапсырыс берілген және төлнеген блоктарды сатуға толық жауапты болады. Туристтік нарық конъюнкутарысың төмендеуінің салдары, туроператордың сатылым көлемдерін азаюына және бөлмелердің босап қалуына алып келсе, барлық шығындар туроператорға жүктеледі, ал оның келісім-шарт мерзімі біткенше блоктан бас тартуына айыппұл салынады;

- жұмсақ блок кезінде туроператордың нақты сату көлемі жоспарланған көлемнен төмен болып қалған жағдайда туроператор жоспарланған күннен белгілі бір уақыт бұрын (7-14 күн) жұмыс шартынан бас тарта алады. Блок көлемінің өзгерісі туралы хабар алған хотельер сол жерде нөмірлерді аз шығынмен немесе тиімдірек жұмыс жасайтын туроператорлар арқылы өз нөмірлерін сата алады.

Тапсырыс берілетін блоктың көлемі алдымен туроператормен бөлмелерді ары қарай сату бойынша жеке мүмкіндіктерін субъективті бағалауға, сонымен қатар айналымнан орындар блогын сатып алу үшін қорларды алу мүмкіндігіне байланысты, себебі туристтік индустрияның барлық кәспорындары туристтік маусым басталмас бұрын ақшалай қорларын «тоқтатып қойғысы келмейді».

Бөлмелер блогын сатып алудың комитмент-шарттары маусым алдында тапсырыс берілген нөмірлер санына толық немесе жартылай (50%) алдын-ала төлем жасаудан және туроператордың комитмент мерзімі біткенше тапсырыс берген блоктан бас тарта алмау мүмкіндігінен тұрады. Бөлмелерді тұтастай сату тәуекелі туроператорға жүктеледі, кез-келген нөмірдің бос тұрып қалуы хотельермен өтелмейді, ал оператормен төленген сома ешқандай формада (операторға ақшалай жәрдем түрінде де, комитмент формасын ұзарту кезінде де, сатылмаған нөмірлер құнын ендігі маусымға ауыстыру кезінде де) қайтарылмайды. Комитмент-шарттар хотельер үшін пайдалы, себебі оған өзінің бөлмелерін болашақ сатылуы үшін қолма-қол ақшаларды маусым басталмас бұрын алуға мүмкіндік береді, бұл оған қонақүйді орналасушылар келгенше дайындап қоюға қажет (жұмыскерлердің қажетті штатын алу, жөндеу жұмыстарын жүргізу, қажетті жабдық сатып алу) және нөмірлердің босап қалуының тәуекелін өзінен алып тастайды. Басқа жағынан, комитмент туроператорға омен хотельердің тәуекелін толық көлемде қабылдағаны үшін қонақүйдегі койко-күн құнына ірі дисконт алуға мүмкіндік береді.

Комитмент-шарт бойынша әрбір койко-орыннан алынатын дисонт көлемі бірқатар факторларға байланысты:

- блок орындарының ұзақтығы (қонақүйді жалға алған жағдайдағыдай егер оператор маусымнан кейінгі күндерде де блоктарды ұзақ мерзімді алатын болса, үлкен дисконтқа ие болады;

- қонақүйдің санаты, оператордың блогына кіретін нөмірлердің санаты, оның орналасқан қонақүйдің немесе курортты орынның танымалдылығы;

- комитмент шарты бойынша алған нөмірлердегі қосымша қызметтердің тізімі мен сапасы (тек қана орналасу және тамақтану, немесе қосымша- бассейнді, жағажайды және басқа да қонақүй инфрақұрылымын пайдалану);

- комитменттердің түрлері, төлеу мерзімдері. Курортты маусым басталмас бұрын тапсырыс беріліп қойған блокқа толық және жеделтетілген алдын-ала төлем жасауға мүмкіндігі бар операторлар максималды дисконт алады. Дисконттың көлемі оператордың хотельерден мерзімін ұзартуды талап еткен кезде қысқарады.

Осылайша, комитмент- қонақүйді тұтастай жалға алу үшін қаржылық және нарықтық мүмкіндіктері жеткіліксіз қонақүй мен туроператор арасындағы ынтымақтастығының тиімді формасы. Сонымен қатар, жалға алу төлемдерін төлеуге қабілеті бар ірі туроператорлардың өздері де, ұсынылатын турлардың ассортиментін кеңейту, нақты бағытта позицияларын күшейту және турларды туристтердің кең контингентіне бағыттау мақсатында комитменттерді курортты жердің бірнеше қонақүйінде алуды дұрыс көреді. Қонақүйді жалға алуға да, комитмент-шарттарға да қатысты орындар блогын сатып алуды тәжірибеге негізделіп жұмыстың екі түрі де хотельерлерге- маусымды қонақүйлер иелеріне тән екенін атап көрсетуге болады. Қонақүйдің толық орналасуының маусымға тікелей байланысты кезінде туроператорда қонақүйді жалға алған кезде жалға алу төлемінің мөлшеріне қол жеткізе алады, немесе орта жылдық бағаға негізделіп комитмент сатып ала алады. Қонақүй қызметінің туроператорлар үшін тиімді бағасы соңғысына маусым кезінде жоғары пайда алуға мүмкіндік береді, бұл оның нөмірлердің бос қалуымен байланысты шығындарды жабуға мүмкіндік береді және өзінің мойнына алған хотельер тәуекелі үшін жомартты сыйақы алады. Басқа жағынан алғанда, комитменттерді алу немесе барлық маусымдағы қонақүйлерді жалға алу (яғни толтырылуы маусымға байланысты емес қонақүйді алу, мысалы, қалалық және экскурсиялық қонақүйлер, санаториялар, іскер қонақүйлер), туроператорлар үшін тиімсіздеу болады, себебі бұл қонақүй кәсіпорындарындағы мекендеу бағалары жыл сайын өзгермейді, бұл операторлардың жоғары пайда алу мүмкіндігін төмендетеді.