
- •ЗТақырып 1 Туризмдегі кіру және шығу технологиясының түсінігі; субъектілері, маркетинг түсінігі және қазіргі жағдайы.
- •1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде
- •2. Туроперейтингтегі маркетингтің рөлі мен түсінігі.
- •Аутгоинг туризмнің түсінігі, ерекшеліктері және туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
- •2. Туризмдегі флайтер түсінігі және оның жұмысы
- •3. Аутгоинг-туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері
- •2. Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары
- •4. Туристік нарықты талдаудың әдістері мен белгілері
- •4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі
- •Шығу туризмді ұйымдастыру технологиясы
- •1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
- •2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
- •3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы
- •4. Туроператорлардың және шетел қонақүй кәсіпорындарының ынтымақтастық формасы
- •Туроператордың қонақүйлерді жалға алу жұмысының түсініг; комитмент шарты және элотмент шарты
- •3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.
- •3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.
- •1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер
- •2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар
- •3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері.
- •2.Халықаралық туризм георафиясы саласындағы әлемдік байланыс
- •3. Халықаралық туризмнің георафиясына «белсенді» жобаларды іске асыру инвестициялары
- •1. Туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері
- •2.Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру
- •3. Туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау
- •4. Туристік өнімдерді өндірудің экономикалық ерекшеліктері
- •2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •1. Туристерді тасымалдау түрлері
- •2. Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен сақтандыру
- •3. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері
- •3. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.
- •4. Шенген визасының типі мен спецификасы
- •Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы
Туроператордың қонақүйлерді жалға алу жұмысының түсініг; комитмент шарты және элотмент шарты
Дәріс 9
1. Қонақүйді жалға алу
2. Қонақүйлермен туроператорлардың жұмыс істеу факторлары
Дәріс 10
3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
Әдебеттер тізімі;
Волков Ю.Ф. Введение в гостиничный и туристский бизнес: Учебное пособие. – Ростов на Дону. Феникс, 2004.-352с.
Воскресенский М.Г., Гончаров Л.И. Техническая эксплуатация основных фондов туристских учреждении. Уч. пособие.-М.: ЦРИБ, 1986.-122с.
Бургонова Г.Н., Каморджанова Н.А. Гостиничный и туристский бизнес.- Учебное пособие - М.: Финансы и статистика, 2000.-352с.
Браймер Р.А. Основы управления в индустрии гостеприимства. /Пер. с анг.-М.: Аспект Пресс, 1995.-360с.
Гостиничный и туристический бизнес. -Учебник /Под. ред. прроф. Чудновского А.Д.-М.: Экмос, 1998.-351с.
Гуляев В.Г. Организация туристской деятельности.-Уч. пособие.- М.: Нолидж, 1996.-53-74с.
Семенов В.С., Каминский И.М., Попова Н.А. Гостиничное хозяйство: Справочное пособие. -М.: Стройиздат, 1985.-320с.
1. Қонақүйді жалға алу
Қонақүйді жалға алу дамыған аутгоингтің белгісі болып табылады, себебі оператор осындай тәуекелді кәсіпорынға барған кезде қонақүйді жалға алу келісім-шартын рәсімдеуге қажетті ауқымды қаржылық ресурстарын игерумен қатар, жалға алу мерзімінде бөлмелерді тез және тиімді сату үшін нақты мүмкіндіктерді игеру керек.
Қонақүйді жалға алу дегеніміз- туроператормен төленген жалға алу сомасына (бірдестен немесе бірте-бірте) хотельердің қонақүй нөмірлерін қолданғаны үшін құқықтарын ауыстыру. Бұл келісімнің экономикалық мағынасы туроператормен өз атынан және бағаны қалыптастырудың жеке саясатына сәйкес қонақүй нөмірлерін қолдану құқығын алуда ғана емес, хотельердің коммерциялық әрекетіндегі тәуекелдерді (алдымен, бөлмелердің бос қалуымен байланысты )толық көлемде операторға ауыстыруы, бұл қонақүй иесінен әр бөлме бағасына қатаң дисконт қоюды талап етеді. Бұл жағдайда операторға қонақүйді жалға беру шартындағы сатылатын бөлмелердің құны қатысты маусымдағы қонақүй құнының жоспарланған бағасынан 40-60% төменірек болады. Осындай жеңілдіктерге қарамастан, қандай-да бір хотельердің оператордың қонақүй кәсіпорынын жалға алу туралы ұсынысын қабылдамауы сирек кездеседі, себебі бұндай келісім-шарт негізінде қонақүй кәсіпорынының иегері бөлмелердің бос қалу тәуекелінен босатылады, курортты маусым басталмас бұрын алдын-ала төлем алады, бұл төлемдер арқылы ол туристтерді қабылдау үшін қонақүй инфрақұрылымы мен персоналын максималды дайындап алады. Бір жағынан, туроператормен қабылданған үлкен тәуекелге қарамастан, ол омен жалға алынған қонақүйлерде тұрумен байланысты турларды өзінің туристтік нарығындағы минималды баға бойынша сатуға мүмкіндік алады, бұл жағдай оның осы бағыттағы ірі және ықпалды оператор ұстанымын күшейтіп алады.
2. Қонақүйлермен туроператорлардың жұмыс істеу факторларыҚонақүйді жалға алу кезінде хотельер қонақүйді басқаруды, тұрғындарға көрсетілген қызметтерді көрсетуді (нөмірлерді жинау, төсек орынды ауыстыру, қосымша қызмет көрсету бойынша барлық қонақүй инфрақұрылымының жұмысы) жалғастыруға, толыө көлемде коммуналды төлемдерді және салық салымдарын төлеуге міндетті. Күнделікті жұмыстардың ішіндегі жалғыз ерекшелік оның нөмірлерді брондау және тұрғындармен есеп айырысу процедурасына (тұрғындарға жалға алу бағасының құнына кірмейтін қосымша қызметтерге төлемнен басқа, мысалы, тренажер залы немесе бассейнді қолдану) толық араласпауы жатады, себебі қонақүйді жалға алудың бүкіл мерзімінде бұл жұмыстарды оператор атқарады. Жалға алу мерзіміндегі жалға алынған брондау қызметінің функцияларына туроператордан келу күні туралы, келушілердің саны мен жеке берілгендері туралы, олардың қонақүйге орналасу шарттары туралы (нөмірлер санаты, тамақтану жүйесі, орналасу үшін қажетті құжаттар тізімі) ақпарат алу жатады. Қонақүйдің басқа қызметтері (орналасу, қолдану, сервис, қауіпсіздік, тамақтану) әдеттегі тәртіппен жұмыс атқарады.
Хотельермен ұсынылатын жалға алу төлемінің көлемі бірқатар факторларға байланысты:
- қонақүйдің классы, орналасқан жері және танымалдылығы;
- жалға алынатын қонақүй нөмірлерінің санаты;
- жалға алынатын қонақүйдің нөмірлі қорының көлемі.
- жалға алу мерзімі. Неғұрлым жалға алу мерзімі ұзақ болса, соғұрлым маусымды және маусымсыз күндерді қамтиды, соғұрлым жалға алу төлемі азаяды. Жалға алу төлемінің ең төмендігісі тәулік бойы жалға алу, ең жоғарғысы- қонақүйді тек қана жоғары маусымдарда жалға алу болып табылады. Бұл туроператормен хотельерден қабылдайтын тәуекел дәрежесінің өзгеруімен байлансты. Бірінші жағдайда, ол максималды болады, осыдан дисконт өселі, екіншісінде, керісінше;
- хотельерге жалға алу төлемін төлеу шарттары. Коммерциялық құрылымның менеджері ретінде қонақүй иегері жалға алу төлемдерінің максималды көлемдерін алуға қызығушылық танытады, сондықтан, жалға алу төлемдерінің жеделтетілуін ынталандыру мақсатында қосымша жеңілдіктер жасауға болады. Осылайша, егер туроператор оған жалға алу төлемдерін бірдестен және туристтік маусымның алдында беретін болса, оның қосымша жеңілдіктер алуға деген мүмкіндіктері көп болады;
- қосымша қызметтердің келісілген саны мен сапасы. Қазіргі қонақүйлер өздерінің келушілеріне тек қана орналасу мен тамақтану қызметтерінен басқа қосымша қызметтердің нақты тізімін ұсынғандықтан, олардың қайсібірінің жалға алу төлеміне қосылуынан жалға алу құнының мөлшері байланысты;
- туроператормен ұсынылған орналасушылардың кіру кестесінің динамикалығы. Бұл кесте туроператормен жоспарланып, хотельерге жалға алу келісім-шартына қол қоятын кезде ұсынылады. Онда орналасушылардың кіруінің жоспарланып отырған ұзақтығы, алдағы маусымдағы қонақтардың кіруі мен шығу күндері көрсетіледі. Жоспарланып отырған кірулер неғұрлым ұзақ болса, соғұрлымжалға алынатын қонақүй қызметкерлерінің нөмірлерді дайындауға деген күштері аз жұмсалады. Бұл жағдайда, туроператордың хотельерден қосымша дисконт сұрауға мүмкіндігі бар;
- туроператордың қонақүй сервисін жетілдіруге қатысу дәрежесі. Көптеген туристтік операторлар қонақүйді жалға алу кезінде өз күштерімен туристтер үшін анимациялық бағдарламалар ұйымдастырады, асханада, мейрамханада, орналастыру және сервис қызметтерінде жұмыс жасайтын персоналды жалға алады. Бұл туроператорға тиімді, себебі ол қонақүйді неғұрлым жетілдірсе, соғұрлым туристтерге жайлылық көбірек ұсынады, және хотельерге де тиімдісі- ол туроператордың күшінің арқасында осындай іс-шараларды ұйымдастыру үшін қажетті шығындардан босайды. Қонақүйді жалға алғаннан кейін туроператор қонақүй нөмірлерін өзінің жеке агентті жүйесі бойынша іске асыруға кіріседі. Бұл сауда үш әдіспен құрылуы мүмкін:
1. Туроператордың нарығында омен ұсынылатын турпакеттердің құрамындағы нөмірлерді сату. Бұл оперейтинг үшін жалға алынған бөлмелерді өткізудің ең тиімді әдісі, себебі нөмірлерді сатудан пайда алумен қатар, турпакеттің құрамына кіретін басқа да қызметтерді (мысалы, әуетасымалы, трансфер, экскурсиялық қызмет көрсету, турларды визалық қолдау) сатудан қосымша табыс алуға мүмкіндік береді.
2. Туроператордың нарығында басқа операторлың турларына кіретін «жергілікті қызмет көрсету» деп аталып кеткен жалға алынған қонақүйдің қызметтерін ғана сату. Бұл жағдайда, бәсекелес туроператорлар өздерінің туристтеріне жеке әуеұшағын және басқа да туристтік қызметтерді ұсынады, туроператор-жалға алушының көмегіне тек қана курортта өздерінің туристтерін орналастыруды ұйымдастыру үшін ғана жүгінеді. Бұндай сатылымдар нәтижесінде жалға алушы оның қызметтер турпакетіне кіретін қосымша қызметтерден табыс алу мүмкіндігін жоғалтады, сондықтан, ол бұндай саудаға тек өзінің чартерлі рейсі немесе ондағы орындықтар блогы толық толған кезде ғана барады.
3. Қонақүйдің өзіндегі бөлмелерді сату. Бұл қонақүй нөмірлерін ең тиімді және ең тәуекелді сату әдісінің бірі. Туроператор бұл әдісті тек жалға алынған қонақүйді толық толтыру үшін жеке нарығындағы өз мүмкіндіктері жетіспей жатқан кезде ғана пайдаланады. Сол жерде бөлмелерді сатуды ұйымдастыру қонақүйді жалға алған туроператордың атынан сенімді тұлғаның қатысуымен ғана іске асырылады (хотельер немесе персонал жағынан алдауды болдырмас үшін), және бұл жағдай жалға алушы жағынан қосымша шығындарды талап етеді.