Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кру жане шыгу.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
789.5 Кб
Скачать

3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы

Жоғарыда айтылғандай, көптеген операторлар meet-компаниялар қызметін қолдануға жүгінеді. Жеке ынтымақтастық кезінде екі жақ та туроператордың нақты мүмкіндіктеріне, оның нарықтық және бәсекеоік стратегиясына, туроператор жұмысының бейініне негізделе отырып әртүрлі сұлбаларды таңдайды. Оператордың шетел серіктестерімен ынтымақтасығының барлық сұлбаларын 3 сатыға бөлуге болады: біреттік тапсырыстар бойынша жұмыс, квоттау жағдайындағы жұмыс және туристтік несие.

Бірреттік тапсырыстар- ұйымдастырылуы бойынша жеңіл және туроператор үшін тәуекелді өзара ынтымақтастық формасы, онда туристтік оператор турпакетке алдын-ала төлем жасап қойған нақты клиент үшін «жергілікті қызмет көрсетуді» ұйымдастыруға тапсырыс береді. Бұл жағдайда оператор клиенттің қызығушылық танытқан қонақүйіне натқы бір уақытқа орындардың болуына алдын-ала сұраныс жасауы тиіс. Мeet-компанияның тапсырыс берген турдың шарттарын растаған кезде оператор тапсырыста белгіленген мерзімде ақша қорларының барлық қажетті сомасын төлеуі тиіс (рубль немесе валютада), осыдан кейін meet-компания операторға ваучер береді (орналасу құжаты), ол туристтің растаушы жеке құжаттарымен бірге meet-компания қызметкерлерімен курорттың әуежайында ұсынылады.

Туроператордың қолында нарықтық мүмкіндіктер көп болған кезде, туристтердің нақты санын жөнелтуге сенімді кезде, ол meet-компаниямен квоталанған жұмыс формасына ауыса алады. Бұл квотаның мәні- meet-компания белгілі бір уақыт кезеңіне дейін (мысалы келесі туристтер тобының кіруінің алдында 3-5 күн бұрын) туроператордың клиенттері үшін әртүрлі санаттағы қонақүйлерде немесе нақты бір қонақүйлерде орындардың нақты санын брондап сақтап отырады. Ынтымақтастықтың бұндай сұлбасы кезінде оператор оған кепілді түрде «жергілікті қызмет көрсетудің» ұсынылатынына сенімді болады және курорттардың орналасу құралдарындағы орындар туралы ақпаратқа қосымша тапсырыс алу үшін уақыт пен күшін жұмсамаса да болады Туроператормен қонақүйлердегі бөлмелерді блоктап сатып алудан гөрі, meet-компаниялар ұсынысындағы квоталар алдын-ала төленбейді және олардың шарттары жеңілдетілген болады (мысалы, барлық квотадан немесе оның бір бөлігінен туристтердің келуінің алдында бірнеше күн бұрын айыппұл санкцияларсыз бас тарту мүмкіндігі). Квоталардың бірнеше түрі кездеседі:

- шақырылмаған және шақырылған (шақырылмаған квоталар олардан айыппұл санкцилярысыз бас тартудың мүмкін еместігін көрсетеді, meet-компаниялармен маусымды кезеңдерде де, танымал атақты қонақүйлерге де қатысты қолданылады);

- бірреттік және циклдық (бірреттік квота бір рет нақты жоспарланған кіріс кезінде қолданылады, циклдық квота әдетте ұзақ мерзімге таратылады);

- қатал және еркін бекітілген (қатаң бекітілген квоталар нақты қонақүйге қатысты қолданылады- мысалы ресейліктер арасында танымал Анталия қонақүйлеріне 20 орынды квота, еркі бекітілген квота нақты қонақүйлер санатына қатысты қолданылады- мысалы, Кемер санатындағы қонақүйлерге 20 орынды квота, 15 орын- Алания қонақүйлеріндегі квота. Соңғы жағдайда турист бағытталатын нақты қонақүйдің аталуы қосымша орындар саны бойынша анықталады). Туристтік несие- көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар туроператорлар мен meet-компаниялар арасындағы өзара ынтымақтастықтың кеңінен таралған формасы (екі жақ та бір-біріне сенімді). Туристтік несиенің мақсаты жақтар арасындағы есеп айырысулардың жеңілдеуі, және meet-компаниялар қызметтерінің құнына деген әртүрлі жеңілдіктер.

Туристтік нсиенің мәні- маусым басталмас бұрын (оператордың депозиті қалыптасады) шетел серіктестігінің шотына валюта қорларының нақты бөлігін аударуда (сома туроператордың жұмыс көлемін жоспарлау негізінде бекітіледі, он мыңнан миллион долларға дейін ауытқуы мүмкін). Жақтардың ары-қарай жұмысы осы туристтік несиені meet-компаниямен жабуы бойынша жүргізіледі (ол төленген сома есебінен оператормен ұсынылған туристтерге «жергілікті қызмет көрсетуді» ұйымдастырады). Ай сайын (өзара әрекет көлеміне байланысты одан да жиірек) жақтар орындалған жұмыс көлемінің актін жасайды, онда meet-компанияның операторға көрсеткен қызметінің сомасы және оператор депощитіндегі қалдық көлемі анықталады. Туроператормен «өтелмеген» депозиттегі қалдық (егер ол клиенттерді туристтік несиеден төмен сома бойынша жіберген болса) маусым біткеннен кейін не қайтарылады, не болмаса келесі маусымға автоматты түрде ауысады.

Туристтік несиені ұйымдастыру экономикалық тұрғыдан да тиімді. Себебі алдын ала төлеудің бұл түрі «несие» деп те аталады, ол ең «ыстық» кезде туроператормен алынған бұл соманың meet-компаниямен қолданғаны үшін төлемін төлегенін білдіреді. Бұл төлем оны туристтік несиемен қамтамасыз ететін туроператор үшін meet-компания қызметтеріне маңызды жеңілдіктер түрінде іске асырылады.

Осыдан, туристтік несие, туроператордың көптеген қаржылық салымдарын қажет етсе де, соңғысына шетел хотельерлері мен тасымалдаушылардың қызметтерін бәсекелі бағалар бойынша сатуға мүмкіндік береді, және жақтар арасындағы халықаралық есеп айырысуларды жеңілдетеді (ақша қорларының жазбасын және күрделі бухгалтерлік есеп айырысуды қажет етпейді).

Туристтік оператор мен meet-компания арасындағы қатынастар жақтардың өзара ынтымақтастығы туралы келісім-шарттарды рәсімдеу арқылы құжаттандырылады. Бұл келісім-шарттарда туроператордың (құқықтары мен міндеттері) және оның шетел серіктестігінің мәртебесі анықталады. Сонымен қатар meet-компания міндетті:

- толық және нақты бастапқы ақпарат беру (meet-компаниялардың ұсыныстар каталогы, бағалар мен тарифтер, қонақүйлердің суреттелуі, экскурсиялық бағдарламалар және т.б.);

- туроператорға өзара жұмыс шарттарының барлық мүмкін болатын өзгерістері туралы дер кезінде хабарлап отыру (бағаның, кіру кестесінің өзгеруі, арнайы ұсыныстарды жіберу);

- туроператорды қонақүйлердегі бос және күйіп бара жатқан орындар туралы дер кезінде ақпараттандыру;

- туроператордың тапсырыстарын жедел (келісім-шартта көрсетілген уақытта) түрде растау, соңғысына орналасу ваучерлерін жіберу;

- тапсырылған шарттарға сәйкес «жергілікті қызмет көрсетуді» ұйымдастыру;

- туроператорға қатысты актілерді жібере отырып, орындалған жұмысқа уақытылы салыстыру жүргізіп отыру;

- туристтік операторға келісім-шартта көрсетілген көлемде комиссиялық сыйақылар төлеу («жергілікті қызмет көрсету» құнынан 10%).

Туроператордың міндеттеріне жатады:

- келісім-шартта бекітілген форма бойынша (брондауға деген тапсырыс формасы) алдын-ала брондауды (келісім-шартта көрсетілген мерзімнен кешікпей, «күйіп бара жатқан» турларды сатудан басқа) іске асыру;

- meet-компанияға туристтер, келу рейсінің нөмірі және ұшу уақыты туралы ақпарат беру;

- туристтерге демалыс орындары, орналасу нюансы, қабылдау және шығарып салу туралы ақпарат беру;

- өзінің туристтеріне «жергілікті қызмет көрсеткені» үшін ақша қорларын дер кезінде аудару;

- айыппұл санкцияларын төлеу (квоттау сұлбасы бойынша жұмысы кезінде).

Туроператордың ынтымақтастығы туралы келісім-шартының маңызды пункті брондау және туроператормен «жергілікті қызмет көрсету» төлемдерін төлеп қойғаннан кейін туристтердің бас тартуы кезіндегі жақтардың мінез-құлқы. Әдетте, бұл жағдайда meet-компания операторымен төленген ақшалар айыппұлды алып тастағанда (келісім-шартпен белгіленген мерзімде бас тарту кезінде) оператордың депозитінде қалып қояды және болашақ клиент немесе топтардың есебінде қалады.