
- •ЗТақырып 1 Туризмдегі кіру және шығу технологиясының түсінігі; субъектілері, маркетинг түсінігі және қазіргі жағдайы.
- •1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде
- •2. Туроперейтингтегі маркетингтің рөлі мен түсінігі.
- •Аутгоинг туризмнің түсінігі, ерекшеліктері және туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
- •2. Туризмдегі флайтер түсінігі және оның жұмысы
- •3. Аутгоинг-туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері
- •2. Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары
- •4. Туристік нарықты талдаудың әдістері мен белгілері
- •4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі
- •Шығу туризмді ұйымдастыру технологиясы
- •1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
- •2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
- •3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы
- •4. Туроператорлардың және шетел қонақүй кәсіпорындарының ынтымақтастық формасы
- •Туроператордың қонақүйлерді жалға алу жұмысының түсініг; комитмент шарты және элотмент шарты
- •3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.
- •3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.
- •1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер
- •2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар
- •3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері.
- •2.Халықаралық туризм георафиясы саласындағы әлемдік байланыс
- •3. Халықаралық туризмнің георафиясына «белсенді» жобаларды іске асыру инвестициялары
- •1. Туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері
- •2.Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру
- •3. Туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау
- •4. Туристік өнімдерді өндірудің экономикалық ерекшеліктері
- •2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •1. Туристерді тасымалдау түрлері
- •2. Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен сақтандыру
- •3. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері
- •3. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.
- •4. Шенген визасының типі мен спецификасы
- •Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы
2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
Аутгоингті оператордың шетелді meet-компаниялармен жұмыс істеуінің негізгі артықшылықтары- оның экономикалық пайдасында. Мeet-компаниялар жұмыстың бұл саласында қызметтері қосымша төленетін жеткізушілер ретінде көрінгенімен, олардың жұмыс саласы жалғыз бір шетел операторымен шектелмеу керек. Мeet-компаниялар әртүрлі елдердің оншақты немесе жүзшақты операторларымен тиімді ынтымақтастық жасай алады, бұл оларға жергілікті қонақүйлердің толық бастылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты беделді meet-компаниялардың көптеген курортты қонақүйлерде жеке блоктары бар, олар жергілікті хотельерлермен белсенді ынтымақтасады (олар бір елдің азаматтары), бұл көбінесе оператормен делдал- meet-компаниялар арқылы алынатын қонақүйлер және көлік ұйымдары қызметтерінің арзандауына алып келеді.
Қонақүйлер және көлік ұйымдарымен байланысты аутгоингті-туроператордың meet-компаниялары арқылы жасаған жұмысы туроперейтинг болып табылмайды. Расында да қабылдайтын жақтың агенті ретінде көріне отырып, оператор толық жергілікті қызмет етуден тұратын (трансферлер, орналастыру, тамақтану, экскурсиялық қызмет көрсету) meet-компаниялардың қызметтер пакетін алады. Алайда, шетелдік meet-компаниялардың қызметтер пакеті туристтер үшін тиімсіз, себебі оларды алдымен демалу орнына дейін және керісінше жеткізуді ұйымдастыру қызықтырады. Сондықтан, meet-компаниялардың қызметтерін сатып алатын оператор қосымша жеткізушілермен (мысалы, әуекомпаниялармен) ынтымақтастық етеді, бұл кезде ол турпакетті тек қана тасымалдаумен емес, сондай-ақ сақтандырумен, визаны алудағы жәрдемдермен толықтырады, туроперейтинг болып саналатын әрекетінің турды қалыптастырушы сипатын дәлелдейді. Туроператор жұмысын meet-компаниялар қызметтері арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады:
- хотельерлердің ұсынысы, орындардың саны, қонақүйлердің суреттелуі және т.б. туралы ағымды ақпарат бір қайнар-көзден (meet-компаниялардан) шығады, бұл оператор менеджерінің жұмысын жеңілдетеді (шетел тілдерін білуді, оншақты қонақүйлердің және көлік ұйымдарының ұсынысына мониторинг жасауды қажет етпейді);
- meet-компаниялармен жұмыс істеудің турларды тікелей ұйымдастыруға қарағанда шығыны аз болады (ұзақ және жиі телефон келіссөздерін жасауға, іс-сапарларға және т.б. қажеттілік жоқ);
- оператормен сапалы ұсынылып төленген қызметтері үшін бір жауаптыны анықтау (бұл жағдайда meet-компаниялардың менеджері);
- экономикалық тиімділік- ірі шетел инкам-операторлардан «жергілікті қызмет ету» қызметтерін алу мүмкіншілігі, себебі олардың жергілікті қонақүйлер қатарында қатаң орындар блогы, хотельерлер қызметтеріне деген жеңілдіктер бар. Қонақүй қызметтерін сатып алу оларды meet-компаниялардан сатып алғанға қарағанда қымбатырақ болады;
- валюталарды халықаралық аудару процедураларын барынша жеңілдету және оңайлату. Турларды тікелей ұйымдастыру кезінде оператор туристтік қызметтерді көптеген шетелдік жеткізушілерімен есептесуі керек. Бұл есеп айырысулар оператордың валюталық шотының болуын ғана емес, сондай-ақ арнайы бухгалтерлік жазбалардың, қатаң есептіліктің, толық келісім базасының, шетелге валюта сомаларын аударуға деген қаржылық немесе салықтық органдарының рұқсатының болуын талап етеді. Жұмысты ұйымдастырудағы аталған қиыншылықтар оператордың meet-компаниялар арқылы жұмысын ұйымдастыру кезінде жойылып кетеді. Бұл жағдайда валюталық есеп айырысулар төлемдерді бір шетел алушысымен шектеледі, жақтардың ынтымақтастығы туралы бір ғана келісім-шарт қажет. Сонымен қатар, көптеген шетел meet-компаниялардың аутгоинг-оператор елінің территориясында өзінің өкілетті өкілдіктері болатынын ескеру қажет, бұл қорларды шетелге аударудан және туроператордың ұлттық валютасында қолма-қол есеп айырысудан бас тартуға мүмкіндік береді. Мысалы, Түркияда ресей туристтерін қабылдауға мамандандырылған бастаушы meet-компаниясының- «Trek-Travel» (түркі инкам-туроператор) Мәскеуде және Ресейдің кейбір аудандарында бұрыннан бері жеке өкілеттіліктері бар. Бұл түркі бағытында жұмыс істейтін ресей туроператорларына рубльді ішкі-ресейлік аударымдар немесе қолма-қол ақша арқылы өзінің туристтеріне қызмет көрсеткені үшін оңай есеп айырысуға мүмкіндік береді. Шетел турларын ұйымдастыру кезіндегі аутгоингті және инкамингті туроператорлар ынтымақтастығының кемшіліктеріне жеткізушілермен ұсынылатын қызметтердің қымбаттауын жатқызуға болады. Алайда, жоғарыда анықталғандай, ірі meet-компаниялар еш уақытта қонақүйлер мен көлік ұйымдарының жіберу бағасын жоғарылатуға дейін бармайды. Халықаралық шығу туризмін ұйымдастырудың делдалдық сұлбасының нақты проблемасы болып ірі meet-компаниялардың шағын аутгоингті компанияларға қатысты лоббилерін күшейтудің келешегі табылады. Ірі қабылдаушы компаниясы аутгоинг-операторымен бірігіп жұмыс істеуіне басқа альтернативалар ұсынып әрдайым минималды бағаларды бергендіктен, ол операторға әсер етудің нақты мүмкіндіктерін алады (әсіресе, егер ол шағын фирма болса). Ірі meet-компаниялардың бұндай лоббиінің мысалы ретінде маусым кезіндежергілікті қызмет көрсету құнының себепсіз қымбаттауын (ол туралы meet-компаниялар менеджерлері өздерінің оператор-серіктестерін ол туралы әрдайым ескертпейді), комиссиялық сыйақылардың төмендеуін, туроператормен тапсырыс берген қонақүйлер мен тасымалдаушылардың өзгеруін (туристтердің кетуінің соңғы күндері ғана операторға ескертіледі) және т.б. көрсетуге болады. Алайда, жұмыстағы бұл кемшіліктерді meet-компаниялар менеджерлерімен достық және серіктестік қатынастарды орнату арқылы алдын-алуға мүмкін болса, шетел нарықтарына ұлттық аутгоингті туроператорлардың қызығушылықтарына зиян келтіретін шетелдік туроператорлардың кіруі шығу туризмінің барлық отандық индустриясы үшін зиянды зардаптар әкелуі мүмкін. Шетел meet-компаниясының ресейлік өкілдігі ұсынылатын курортқа жеке чартерлі рейсті ұйымдастыру немесе толық туристтік пакетті сату арқылы ресей туроператорларының өзіне жергілікті қызмет көрсетуді сатудан бас тартуы мүмкін. Бұл ресейлік туроперейтингке нақты қауіп келтіреді, себебі көптеген отандық операторлардың бәсекелік күресті жүргізу үшін нарықтық та (олар meet-компаниялар сияқты шетел қонақүйлері мен тасымалдаушыларының жұмысына деген жеңілдіктерді ала алмайды), қаржылық та (басқа шетелдік инкам-операторлар отандық аутгоингті әріптестеріне қарағанда байырақ) мүмкіндіктері жоқ. Ал отандық нарықта шетелдік туроператорлардың үлесінің өсуі жүздеген отандық операторлардың, тасымалдаушылардың (себебі шетел компаниялары шетел әуекомпанияларының қызметтеріне жүгінеді), сақтандыру компанияларының жұмыссыз қалуына алып келеді
Алайда, келеңсіз салдардың нақты орындалуына қарамастан аутгоингті операторлардың делдалдар- meet-компаниялар арқылы жұмыс жасауының сұлбасы қазіргі ресейлік нарықта кеңінен таралған. Дәл осы жұмыс сұлбасына көптеген шағын немесе көпбейінді туроператорлар жүгінеді, себебі олар жаппай және танымал бағыттарда жұмыс атқарады. Турларды тікелей ұйымдастыру сұлбасы жеке бағыттарда жұмыс істейтін ірі туроператорларға ғана тән.