
- •ЗТақырып 1 Туризмдегі кіру және шығу технологиясының түсінігі; субъектілері, маркетинг түсінігі және қазіргі жағдайы.
- •1. Туроператорлар шығу туризмі нарығының субъектілері ретінде
- •2. Туроперейтингтегі маркетингтің рөлі мен түсінігі.
- •Аутгоинг туризмнің түсінігі, ерекшеліктері және туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Аутгоингтің ерекшеліктері (шығу турларының қалыптасуы)
- •2. Туризмдегі флайтер түсінігі және оның жұмысы
- •3. Аутгоинг-туроператорлардың жұмыс істеу бейіні
- •1. Халықаралық туризм нарығының ерекшеліктері
- •2. Халықаралық туризмнің әлемдік және аймақтық нарықтары
- •4. Туристік нарықты талдаудың әдістері мен белгілері
- •4. Шығу туризмінің экономикалық тиімділігі
- •Шығу туризмді ұйымдастыру технологиясы
- •1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
- •2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
- •3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы
- •4. Туроператорлардың және шетел қонақүй кәсіпорындарының ынтымақтастық формасы
- •Туроператордың қонақүйлерді жалға алу жұмысының түсініг; комитмент шарты және элотмент шарты
- •3. Комитмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •4. Элотмент шарты бойынша орындар блогын сатып алу
- •2. Тасымалдаушының міндеттері мен құқықтары.
- •3. Әуебилеттерінің келесі бланкілері.
- •1. Халықаралық туризмдегі жүйелі рейстер
- •2. Шығу туризмін ұйымдастырудағы чартерлі тасымалдаулар
- •3. Чартерлі бағдарламалардың түрлері.
- •2.Халықаралық туризм георафиясы саласындағы әлемдік байланыс
- •3. Халықаралық туризмнің георафиясына «белсенді» жобаларды іске асыру инвестициялары
- •1. Туристік өнімдерді өндіру процесінің экономикалық ерекшеліктері
- •2.Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру
- •3. Туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау
- •4. Туристік өнімдерді өндірудің экономикалық ерекшеліктері
- •2. Орналастыру ортасының көрсеткіштері
- •1. Туристерді тасымалдау түрлері
- •2. Тасымалдаудағы қауіпсіздік пен сақтандыру
- •3. Туристерді тасымалдау ерекшеліктері
- •3. Туристерге визаны рәсімдеудегі турагенттің жұмысы.
- •4. Шенген визасының типі мен спецификасы
- •Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың тұжырымдамасы
Шығу туризмді ұйымдастыру технологиясы
Дәріс 7
1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
2. Meet-компания түсінігі мен жұмысы
Дәріс 8
3. Туроператорлар мен шетел meet-компаниялары ынтымақтастығының сұлбасы
4. Туроператорлардың және шетел қонақүй кәсіпорындарының ынтымақтастық формасы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Актуальные вопросы теории и практики туризма. / Под ред. С.Р. Ердавлетова. Алматы: "Қазақ университеті", 1999, Б. 40-47.
2. Ердавлетов С.Р. География туризма:история, теория, методы, практика, Алматы, 2000, Б. 14, Б.26.
3. Туристік қызмет туралы: Заң актілерінің жинағы, Алматы: ЮРИСТ, 2002, 42 б.
4. Квартальнов В.А. и др. Экономика туризма, М.: «Финансы и статистика», 2001, Б.132.
5. Николаенко Д. В. Рекреационная география: Учебное пособие, М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2001, Б. 288.
6. Костровицкий А. Системный подход к исследованию рекреации. // Рациональное использование природных рекреационных ресурсов, 1977
1. Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері
Аутгоингтің туристтік нарықтағы әрекет түрі ретіндегі ерекшеліктері келесі түрлермен сипатталады:
- ол шетел туристтік бағдарламаларды жасау және құрастырумен, оларды тәжірибеден өткізумен тікелей байланысты;
- ол оператордың туристтік қызметтерді отандық (әуекомпаниялар) және шетел (қонақүйлер, экскурсиялық бюролар, екінші тасымалдаушылар) жеткізушілерімен тікелей байланысын талап етеді;
- әр туристтік пакеттің кадрлық қамтамасыз етілуін қалыптастыру кезінде оператордың күш салуын міндетті түрде талап етеді;
- операторда агенттік жүйенің болуын ұсынады (лицензиялаудың ережелеріне сәйкес оператордың туристтік қызметтерді физикалық тұлғаларға беруге құқығы жоқ).
- оператордан турды ұйымдастыруға және туристтік қызметтерді сапалы орындауды бақылауға тікелей қатысуын талап етеді.
Оператордың шығу туризмін ұйымдастыру саласындағы жұмысының мазмұны омен таңдалған осы сапарды ұйымдастыру сұлбасына- презентативті немесе репрезентативті байланысты.
Турларды тікелей (преземтативті) ұйымдастыру дегеніміз- аутгоингті туроператордың туристтік қызметтерді барлық жеткізушілермен қарым- қатынасы: тасымалдаушылар, орналасу құралдары, экскурсиялық бюролар, тынығу ұйымдары және т.б. Турларды тікелей ұйымдастыру үшін қажетті:
- туроператор жұмыскерлерімен туристтік қызметтерді жеткізушілердің жұмыс ерекшеліктері туралы барлық ақпаратты жақсы игеруі;
- туроператор менеджментінің туристтік қызметтерді жеткізуші компаниялардың жетекшілерімен жеке байланыстары (тасымалдаушылар, хотельерлер, аниматорлар және т.б.);
- іскер келіссөздерді жүргізу үшін қажетті шетел тілін меңгеру;
- ақша қорларын шетелге заңды аудару мүмкіндіктерінің болуы (банктік аударымдар, қолма-қол ақшаларды шығару).
Аутгоинг-операторы жұмысын ұйымдастырудың осындай сұлбасының оңтайлы жақтары мыналар болып табылады:
- оператор мен хотельерлердің (туристтік маусымда номерлерді жаппай сатып алуға деген жеңілдіктері) және оператор мен тасымалдаушылардың (көлік құралының фрахты) өзара тиімді келісім-шарттарын жасау мүмкіншіліктері;
- туроператордың олармен сатылатын қызметтердің сапасына деген тікелей жауапкершілігі;
- шетел серіктестеріне делдалдық қызметтері үшін артық төлеуге деген қажеттіліктердің жоқтығы.
Алайда, аутгоингтегі жұмыс сұлбасын «тікелей» ұйымдастыру кезіндегі кейбір кері әсерлерді көрсетуге болады:
- туроператордан жұмыскерлердің көп штатын талап ететін ауқымды ақпараттық базаны (анимациялық және экскурсиялық фирмалардың, тасымалдаушылардың, операторлар ассортиментінің барлық құралдарын орналастыру) игеруге деген қажеттілік;
- курортты жерлерге іс-сапарлар жасауға деген қажеттілік (жергілікті кәсіпорындармен- туристтік қызметті жеткізушілермен ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасау мақсатында), оператордың шығындарын көбейтеді;
- ақша қорларын халықаралық аударуға деген қажеттілік (банктік жүйе бойынша валюталық ақша аударымдарын іске асыру үшін валюталық есептің болуы қажет, сонымен қатар, банк бойынша барлық ақша аударымдары бухгалтериямен тіркеледі, бұл салық салымдарының өсуіне және оператор пайдасының төмендеуіне алып келеді);
- шетел фирмалары персоналының- туристтік қызметтерді жеткізушілердің жұмысының ерекшелігін ескеруге деген қажеттілік (жұмыс кестесі, олардың ұлттық мейрамдары, сағаттық белдеулер, менталитет, жұмысқа деген қатынасы және т.б.);
- туроператордың туристтік қызметті жеткізушілерге деген қуынымы бойынша мүмкін болатын соттық процестердің пайда болуы кезіндегі оптимизмнің аз ғана үлесі (соттық тергеулер шетел мемлекетінің территориясында жүргізілгендіктен, оператордың сотқа қатысуы омен көптеген шығындардың жұмсауын қажет етеді – іс-сапарлар, адвокаттар, аудармашылар... соттық тергеу нәтижесінің толық анық еместігі кезінде);
- турларды ұйымдастыру кезінде жоғары шығындарды қажет етеді (халықаралық келіссөздер, құжат алмасу);
- оператормен блокты немесе қонақ үйді жалға алу ретінде сатып алған номерлері жергілікті жерде хотельермен сатылып кететініне кепіл жоқ. Шетел қонақүйлерінен сатып алынған нөмерлі қорының нақты жағдайына бақылау жасау мақсатында сапалы брондауға, қабылдауға, туристтерді орналастыру және шығарып салуға жауап беретін туроператордың тұрақты өкілеттігінің болуы шарт, бұл оператор шығындарының өсімін қажет етеді.
Шетелдік туристтік сапарларды жанамалап (репрезентативті) ұйымдастырудың, аты айтып тұрғандай, тікелей ұйымдастырудан айырмашылығы – ұйымдастыру кезінде отандық аутгоингті туроператорлар мен туристтік қызметтерді шетелдік жеткізушілері арасындағы қарым-қатынастарда қандай-да бір делдал, атап айтқанда meet-компаниялар пайда болады. Meet-компания- бұл аутгоинг-оператор елінен туристтерді қабылдауға мамандандырылған шетелдік инкамингті туроператор. Meet-компаниялар курорттарда немесе туристтік орталықтарда орналасқандықтан, немесе онда өзінің өкілеттіліктерімен жұмыс істейтіндіктен, ал оның жұмыскерлері- шетел мемлекетінің азаматтары болғандықтан, олардың персоналының ақпараттандырылу деңгейі (туристтік қызметті жеткізуші-кәсіпорын жұмысының ерекшелігіне қатысты, және олардың елде мекендеу жағдайларына қатысты- жергілікті дәстүрлер, тәртіп нормалары, заңдылықтар) агноингт-туроператоры жұмыскерлерімен салыстырғанда жоғарырақ. Сонымен қатар, meet-компаниялар қызметтері тек курорт қонақүйлерінде орналастыруды ғана емес, сонымен қатар әуежайдан ары-бері тасымалдауды ұйымдастырудан, экскурсиялық және мәдени бағдарламадан тұрады, яғни атап айтқанда «жергілікті қызмет көрсетудің» толық көлемі. Бұл туроператордың аутгоингті әрекетін барыншы жеңілдетеді (қазіргі кезде ол туристтерді демалыс орнына және керісінше жекізуді ұйымдастыруға ғана тән).